Пікір жазғандар


Тұлғаралық қатынас тәсіліне баға беру



бет146/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Тұлғаралық қатынас тәсіліне баға беру

Тұлғааралық қатынас тәсілі адамның қызмет орнында және бос уақытында айналадағылармен қарым-қатынас жасауының қалыпты тәсілдерін бейнелейді. Баға беру үшін сыналушыдан қойылған сұрақтарға жасалған нақты жауаптардың ұпайлар са- нын белгілеу сұралады.



  1. Әріптестермен қарым-қатынас белсенділігі:

*мен өзара қатынасқа араласпаймын десе де болады – 1;

*мен қажеттілігіме қарай ғана қатынас жасаймын – 2;

*басқаларға қарағанда, мен қатынас жасауда аса белсенділік танытпаймын – 3;

*басқалар сияқты, мен де жақсы қатынас жасаймын – 4;



*әріптестеріме қарағанда, мен жақсырақ қатынас жасаймын – 5;

  1. Ұжымдағы қатынас жасаудың қалыпты ортасы:

*ұжымда ешкіммен араласпаймын – 1;

*лауазымды тұлғалармен ғана араласамын – 2;

*достарыммен ғана араласамын – 3;

*бірнеше топпен араласамын – 2;



*барынша көп адаммен белсенді түрде қатынас жасаймын – 5.

  1. Қатынас жасауға деген қажеттілік:

*өзгелермен қатынас жасауға деген ешбір қажеттілікті се- зінбеймін – 1;

*біреумен қарым-қатынас жасауды сирек қалаймын – 2;

*кейбір әріптестеріммен жақын араласуды қалар едім – 3;

*бір топ адамдармен жақын араласуды қалар едім – 4;

*ұжыммен қатынас жасауға деген үлкен қажеттілікті сезі- немін – 5.


  1. Ұжымдағы қарым-қатынастың сипаттамасы:

*бірін-бірі кінәлау, даулы жағдайлар – 1;

*бір-біріне жау көзбен қарау, тұрпайылылық, балағаттау – 2;

*ешбір қатыссыз, жайлылық, сирек жағдайда балағаттау – 3;

*өзара көмек көрсету, адамгершілік, қатынас – 4;

*достық, ұжымдық әріптестік, ортақ істегі келісімділік, бір- лік – 5.

Сауалдамадан алынған мәліметтер әр сыналушы тұл- ғаның шынайы өмірдегі қарым-қатынас жасауымен салыс- тырылады. Тұлғааралық қатынастардың сипаттамасын зерт- тей келе, зерттеушінің қосымша сұрақ қоюына болады, оларға жауап бере отырып, сыналушы тұлға бес топқа бө- лініп көрсетілген барынша жеке қатынастарды жанап өте- ді:


  1. Түрлі кіші топтар туындататын өте қиын жағдай. Басшы шарасыз, ол еріксіз озық болып бас көтерген басшыларға тәуел- ді. Даулы жағдайлар жиі туындайтын.

  2. Саналы түрдегі қиын жағдай. Тұрпайылылық, балағат, мысқыл, кекету. Басшы басқа тәсілдермен тәртіп орнатуға ты- рысады.

  3. Жоғары тұрған қатынастарға бейтараптық пен бір-біріне деген ешбір қажетсіздік жатады. Кейбір кезде өзара тұрпайы- лылық пен балағаттық жайттар бас көтереді. Күмән туып, бір- бірін жақтырмау білінеді. Көмек көрсету – сирек құбылыс, аяу сезімі аз дәрежеде.

  4. Жылылық пен көмек көрсетуге тырысу. Тұрпайылылық – сирек құбылыс. Басшы өзара сыйласымдылық пен адамгерші- лікті қол жеткен тәсілдермен қалыптастырады.

  5. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда, жақсы жағ- дай. Достық пен бірлік. Толық түсінушілік. Басшының жоғары беделі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет