Егер сіз 16-23 балл жинасаңыз – онда нашар әңгімелесу- шісіз. Сізге көп оқып, көп жұмыс істеп, келіссөздер жүргізуді үйрену керек.
Егер 9-15 балл жинасаңыз – онда сізге біраз кемшіліктер тән. Сіз айтылған пікірлерге сын көзбен қарайсыз, сізге жақсы әңгімешіге тән біраз қасиеттер жетіспейді; асығыс пікір түюден аулақ болыңыз; әңгіменің қалай айтылғанына емес, мазмұнына көбірек көңіл бөліңіз; айтылған нәрсенің астарында не сыр жат- қанын білуге тырысыңыз; әңгіме кезінде көбірек икемділік көр- сетіңіз, әріптесіңізбен санасуға үйреніңіз.
Егер сіз 3-8 балл жинасаңыз – онда жақсы әңгімешісіз, бірақ кейде әріптесіңізді толық түсінгіңіз келмейді екен. Сыпайы түр- де оның айтқанын қайталап, ойын толық және анық түсіндіруіне мүмкіндік берсеңіз, өз ойлау екпініңізді оның сөйлеу екпініне бейімдесеңіз, бір-біріңізді жақсы ұғынуларыңыз мүмкін, әңгіме қорытындысы жағымды әрі тиімді болып шығады.
Егер сіз 0-2 балл жинасаңыз – онда тамаша әріптессіз. Сіз тыңдай аласыз, сіздің іскерлік және бейресми стиліңіз айнала- ңызға үлгі бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |