ІІ тарау
БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
Басқару іс-әрекетінің негізгі қызметтері
Жетекшінің ұйымдастыру жүйесіндегі жеке іс-әрекеті негізгі орын алатындықтан, оны зерттеу басқару іс-әрекетінің басты мәселесі болып табылады. Бұл іс-әрекетті психологиялық зерттеудің қиындықтарын, іс-әрекет мәселесін жалпы ұйым- дастырушылықтан бөліп көрсетуді ескеру қажет. Олар төмен- дегілерден көрінеді:
Жетекші іс-әрекеті ұйым қызметінің барлық жақтарымен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар басқару іс-әрекетінің мәселесі басқарудың барысында ерекше сала ретінде қарас- тырылуға тиіс. Басқару іс-әрекетінің психологиясын қарасты- руда басқару теориясынан байқалатын кең ауқымды оң және теріс нәтижелері болады.
Басқару іс-әрекеті тұтастай пәндер кешенінде зерттелді, бұл кезде оның психологиядан тыс жақтары: ұйымдастырушы- лық, әлеуметтік, экономикалық, т.б. басым болды.
Басқару іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан психологиялық зерттеу өте қиын, өйткені бұл жерде психикалық нақтылық сияқты айқын емес сала зерттеу тақырыбы болып табылады. Сондықтан басқару іс-әрекетінің ішкі мазмұнына қарағанда, оның сыртқы байқалымдары көбірек зерттелген. Бұл іс-әрекетті танудың негізгі принципі оның ішкі және сыртқы мазмұнын талдауды сабақтастыру болып табылады.
Іс-әрекет ұғым ретінде жалпы ғылыми категорияға ие. Ол көптеген ғылымдарда қарастырылады. Жалпы түрде ол қо- ғамдық қатынастардың жеке формасы ретінде анықталып, тұлғаны еңбектің қоғамдық бөлінуі құрылымына қосылу тәсілін сипаттайды. Іс-әрекетті қарастыратын әрбір ғылым,
бұл жалпы философиялық анықтаманы өзінше нақтылайды. Бұл ғылымдарда алынатын білімді біріктіру қажеттілігі іс- әрекетті зерттеуде кешенді принцип ретінде көрсетіледі. Іс-әрекетті кешенді зерттеуде психология жетекші рөл атқа- рады.
Іс-әрекет – бұл субъектінің қоғамдық мәнді құндылықтарды жасауға байланысты болмысқа және саналы қойылған мақсат- тарға жетуге бағытталған қоғамдық тәжірибені игеруге қатысты белсенді қатынасының формасы.
Субъектінің еңбек белсенділігін және осы белсенділікті жүзеге асыратын тұлға қасиеттерін реттейтін және бағыттайтын психологиялық компоненттер іс-әрекетті психологиялық зерт- теудің тақырыбы болып табылады. Іс-әрекеттің негізгі психо- логиялық қасиеттері: белсенділік, саналылық, мақсатты бағыт- талу, оның құрылымының жүйелілігі, ал мотивация – іс-әрекет негізі. Сондай-ақ іс-әрекеттің ішкі және сыртқы сипаттамалары бар. Сыртқы сипаттамасы – бұл еңбек объектісі мен субъектісі, іс-әрекеттің тақырыбы, құралдары мен жағдайлары туралы ұғым. Еңбек тақырыбы – жұмыс үдерісінде объект басқаратын заттардың, үдерістер мен құбылыстардың сабақтасуы. Еңбек құралдары – адамның еңбек заттарына әсер ету мүмкіндігін күшейтетін жабдық. Еңбек жағдайлары – бұл іс-әрекеттің пси- хологиялық, әлеуметтік және санитарлық-гигиеналық сипатта- маларының жүйесі. Іс-әрекеттің ішкі сипаттамасы оның пси- хикалық реттелу механизмдерін, құрылысын, мазмұнын және жүзеге асыру құралдарын сипаттайды [35].
Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері: мақсат, мотив, ақпарат көздері, жоспар, шешімдер қабылдау, психоло- гиялық процестер, бақылау мен түзету механизмдері, т.б. Іс- әрекет дегеніміз – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған еркін және арнайы белсенділікті білдіретін іс-әрекет құрылысының негізгі бірлігі. Операциялар – іс-әрекетті орындау тәсілдері болып табылатын, автоматтандырылған әрекеттер. Іс-әрекет- тің негізгі компоненттері әрекеттің инварианттық құрылымы ұғымымен белгіленеді. Ол іс-әрекеттің түрлері мен формала- рының айырмашылықтарына, оны жүзеге асыру шарттарына байланысты өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан іс-әрекет
түрлерінің психологиядағы жіктелуі көп: еңбектің заттық және мазмұн ерекшелігі (зерделік және дене күші), зат ерекшелігі, жалпы сипаттары т.б. бойынша.
Тағы да бір іргелі жіктеме бар, оған сәйкес іс-әрекеттің бар- лық түрлері мен типтері негізгі: жеке және бірлескен кате- горияға бөлінеді. Жеке іс-әрекет қашанда қандай да бір бірлікке қосылады, сондықтан оларды тек шартты түрде ғана ажыратуға болады, бірақ олардың арасында едәуір айырмашылық бар. Іс- әрекет психологиясы екі негізгі тараудан: жеке және бірлескен іс-әрекет психологиясынан тұрады. Біріншісі екіншісіне қара- ғанда әлдеқайда терең зерттелген.
Психологиялық тұрғыдан басқару іс-әрекеті жеке және бірлескен іс-әрекеттердің синтезі ретінде айтылады, сондықтан ұйым қызметінің түпкілікті нәтижелерімен тікелей емес, орта- лықтандырылған байланысымен сипатталады. Басқару іс-әре- кетінде тікелей атқарушы қызмет неғұрлым аз болса, оның тиімділігі соғырлым жоғары болады.
Басқару іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі оның тақырыбы, яғни әсер ету объектісі – адамдар-субъектілер болып табыла- тындығында.
Еңбек субъектісі мен объектісі өзінің ұйымдастырылу күр- делілігі бойынша ұқсас, яғни психологиялық ерекшеліктері бойынша сәйкес болып табылады. Жетекші бір мезгілде арала- рында белгілі бір әлеуметтік-психологиялық қатынастар бар көптеген субъектімен байланыста болады. Олар сондай-ақ же- текшінің іс-әрекет тақырыбына кіреді және оған қосымша ерекшелік береді.
Басқару іс-әрекеті өзінің үдерісі бойынша да ерекше.
Басқару іс-әрекеті мазмұны бойынша басқарудың әмбебап қызметтерінің (жоспарлау, болжау, мотивация, т.б.) жүзеге асуы.
Басқару іс-әрекетінің мақсаты – ұйымдық жүйенің нәтижелі қызмет істеуін қамтамасыз ету.
Басқару іс-әрекетінің шарттары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы шарттар – бұл уақытша шектеулер, ақпарат- тық айқынсыздық, түпкілікті нәтижеге деген жоғары жауап- кершілік, ресурстардың жеткіліксіздігі, сәтсіз жағдайлар-
дың туындауы. Ішкі шарттар – бір мезгілде әртүрлі іс-әре- кеттерді орындау және көптеген мәселелерді шешу қажеттілігі, нормативті нұсқаулардың қайшылығы, жетекшінің тиімділігін бағалау белгілерінің тұжырымдалмауы, көбінесе олардың бол- мауы, т.б.
Жетекшінің ұйымдастырушылық мәртебесі қос мәнді: ол бір мезгілде ұйымның мүшесі ретінде және одан жоғары болуы мүмкін. Егер жетекші тек басшы ғана емес, сондай-ақ нақты көшбасшы болса, онда ұйымның іс-әрекеті әлдеқайда тиімді болады. Бұл оны ұйымдастырудың иерархиялық және колле- гиялық принципінің тағы да бір белгісі.
Басқару іс-әрекетінде, сондай-ақ жетекшінің ұйымдастыру- шылық мәртебесімен шартталған сипаттамалары көрсетіледі. Олар «жетекшінің жеке ерекшелігі» ұғымымен белгіленеді және төмендегілерден тұрады:
− жетекші – ұйымдағы екі қызметі бар жалғыз адам. Мыса- лы, кәсіпорын директоры оның мүшесі болып табылады және бір мезгілде басқарудың әлдеқайда жоғарғы қатардағы органы – директордың кеңесіне кіреді;
− жетекшіге ұйымның жекелеген қандай да бір бөлігінің жұмысына емес, оның тұтастай қызмет етуіне жауапкершілік жүктелген;
− жетекші тұтастай ұйымға, оның кез келген мүшесіне қа- рағанда, едәуір үлкен ықпал ете алатын мүмкіндігі бар.
Басқару іс-әрекетінің белгілері мен сипаттамаларының жиынтығы оның кәсіби іс-әрекетінің басқа түрлерінен айырма- шылықта болатын психологиялық ерекшеліктердің белгілі бір симптомдық кешенін түзеді. Ол әртүрлі айқындылықпен кө- рінеді. Бұл айырмашылықтар жетекшінің иерархиялық мәртебе- сін анықтайды – ол неғұрлым жоғары болған сайын атап көр- сетілген белгілер соғұрлым айқынырақ және керісінше болады. Басқару континуум ұғымы, бір жағынан, шағын топтарды бас- қарудың төменгі деңгейін, екінші жағынан, кәсіпорындар мен фирмаларды басқарудың жоғарғы деңгейлерін түзеді. Мұнда іс- әрекет мазмұны оның негізгі белгілерінің айқындалу дәрежесі бойынша басқару қызметтерінің негізгі үш категориясы атап көрсетіледі: төменгі, орта және жоғары буын жетекшілері.
«Төменгі буын» жетекшілері («кіші басшылар») қызметкер- лерді тікелей басқарады. Олар – шеберлер, бөлім меңгерушілері.
«Кіші бастықтар» жұмысын бақылайтын орта буын жетек- шілерінің типі әлдеқайда көп және алуан түрлі. Оны екі шағын топқа бөледі: орта буынның жоғары және төмен деңгейлері. Бұл
жоғары оқу орнындағы декан, фирма филиалының директоры. Жоғарғы буын жетекшілері ірі өндірістік және мемлекеттік ұйымдарды басқарады. Бұл деңгей өкілдері ұйым бейнесіне тұтастай өз тұлғасының таңбасын қалдырады.
Негізгі басқару қызметтерінің жүйесін анықтау басқару теориясының ең маңызды әрі күрделі мәселесі болып табылады. Басқару іс-әрекетінің функционалдық табиғаты туралы ереже жалпы танымал болып табылады, дегенмен жетекші қызметте- рінің тұтастай жүйесі жоқ. Оны құруда төмендегі қиындықтар кездеседі:
Басқару қызметтерінің оларды жүйелендіруге қиындық келтіретіні – санының көптігі мен алуан түрлілігі.
Олардың жинағы нақты айқындалмаған. Бір жағдайларда
«әкімшілік мектепте» анықталып болған әлдеқайда маңызды қызметтер, екіншілерінде басқа да алуан түрлі қызметтер (пси- хотерапиялық, арбитраждық) атап көрсетіледі.
Қызметтер қорытылуының әртүрлі дәрежесі. Бұл жалпы тізімде алдын ала әртүрлі деңгейдегі қызметтердің қатар тұ- руына соқтырады, ол шатасу туғызады.
Қызметтердің өзара байланысы мен өзара кірігуі олардың айқындалуын қиындатады.
Жетекші іс-әрекетінде базалық қызметтер (алғашқы) және олардың туындылары (екінші) болады. Бұл, мысалы, ұйымдас- тырушы қызметі. Ол өз бойында басқа бірқатарын: яғни жос- парлау, шешім қабылдау, бақылау, мотивацияны интеграциялайды.
Қызметтердің бағытталуы бойынша айырмашылығы. Бұл кез келген ұйымдастыру жүйесінің әлеуметтік-техникалық си- паты және онда әртүрлі сапалы компоненттердің, адамдар мен технологиялардың болуы.
Қызметтер жүйесі жетекшінің «басқару континуумын- дағы» нақты іс-әрекеті мен қызметтік жағдайының мазмұнына тәуелді болады.
Егер басқару қызметтері жүйесінің негізіне бірнеше белгілер қоятын болса, онда қиындықтарды жеңуге болады. Бұл белгілер жетекші іс-әрекетінің мазмұнымен анықталады және «басқару еңбегінің негізгі өлшеулері» ұғымымен сипатталады (мұндағы
«өлшеу» ұғымы Г. Юкл қолданған тәсілдегі оның мәнімен сәй- кес емес).
Басқару қызметтері төрт санатты топ бойынша жіктеледі: Бірінші топ – әрекеттік-әкімшілік қызметтер.
Екінші топ – кадрлық қызметтер.
Үшінші топ – өндірістік-технологиялық қызметтер.
Төртінші топ – туындылық (синтетикалық) қызметтер (ин- теграциялық, стратегиялық, өкілеттілік, кеңестік, т.б.).
Бұл қызметтердің әрқайсысы жүзеге асырудың екі: жетекші- нің оларды жүзеге асыру жөніндегі жеке және жалпы ұйымдас- тырушылық (басқарылатын ұйымның өзге де құрылымдарын қосу) жоспарынан тұрады.
Әр қызметті басқару оның жеке және жалпы ұйымдас- тырушылық жақтарын өзіне қосуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |