Басшылық қабілетке биполярлық (екі қарама-қайшылық) екі жақты баға беру тәсілі адамдардың бойындағы жағымды немесе жағымсыз қасиеттерін көре білу қабілетіне, шешім жасаудағы кесімділік пен ол жайлы ұстанымды пікірге негізделеді. Егер сыналушы тұлға жағымсыз адамдарды өмірдегіден гөрі жақсы- рақ қабылдай білсе, яғни шын мәнінде адамдарды бағалауда нақты шешім қабылдай алмаса, онда оларда көшбасшылық қа- сиеттердің белгілері жоқ екендігіне негізделеді.
Сыналушы адамнан таныстарының арасынан екі адамды ойша таңдап алу сұралады: бірі – бірлесіп жұмыс істеуге лайық жағымды тұлға, екіншісі – бірлесіп жұмыс істеп, ортақ тіл та- бысуға қиын адам. Аталған адамдардың аты-жөнін жазып, оның сол жағына жағымды қасиеттерін, оң жағына жағымсыз қасиет- терін сауалнаманың ішіне енгізу керек.
Бірінен кейін бірін он қасиетті қарастырып сыналушы тұлға оларды әр адамға қарастырып талдайды. Сол жағына аталған қасиет жақын адамға, оң жағына ондай қасиеттен алыс адамға баға береді. Оның үстіне, бағаны толық баған (шкала) бойын- ша қойып шығу қажет: 5 – егер алынған қасиет жоғары даму деңгейіне ие болса; 4 – егер алынған қасиет жақсы дамыған болса; 3 – егер алынған қасиет анықталмаған болса; 2 – егер алынған қасиет нашар дамыған болса және кері мағынада ай- қындалса; 1 – егер алынған қасиет үнемі жағымсыз сипатта ай- қындалса.
Бағаларды қойып шыққаннан кейін сыналушы тұлға лайық адамға қатысты ұпайлардың санын шығарады және одан бөлек екінші адамға қатысты берілген бағаларды санайды. Содан кейін алғашқы сомадан екінші соманы алып тастап, сауалнаманың ішінде көшбасшылық көрсеткішін анықтайды.
Соңында толтырылған сауалнаманы қарастыра отырып, берілген бағалар мен көшбасшылық көрсеткішін талдау қажет. Көрсеткіш жоғары болған сайын, сыналушы тұлғаның бойында көшбасшылық қасиеттерінің болу мүмкіндігі жоғары бола түспек. Сонымен қатар берілген бағалар сыналушы тұлғаның бойында қандай қасиеттің дамығандығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл адам өзіне тән қасиеттерді басқа адамдардың бойына қатыстыратындығымен және өзінде жоқ қасиеттерді жоққа шы- ғарумен түсіндіріледі. Егер көшбасшы сынаққа алынған адам- дарды топтық талқыға салуды ұйымдастырса, онда биполярлық баға беру тәсілінің объективтілігі артады.
Белгілі бір берілген тақырыпқа шығарма жазудың көмегі арқылы да көшбасшылыққа баға беруге болады. Сыналушы тұлғаларға бір қағаздың бетіне төмендегі сұрақтарға қысқаша жауап беру тапсырмасы беріледі: «Адамдардың үстінен басшы- лық жасай аласыз ба?», «Ұжымның арасында сыйласымдылық
пен беделге ие бола аласыз ба?», «Қиын сәттерде бәрінен озып шығуға қабілетіңіз жете ме? Егер келіссеңіз, өз өміріңізден мысал келтіріңіз».
Сонымен жауап беру негізінде жазылған шығарма талқыға салынып, сыналушы өзін басшы ретінде қалай есептейтініне қорытынды жасалады.
Биполярлық баға беру сауалнамасы
Белсенді
Еңбекқор
Шешімді
Салмақты
Ұстанымы мығым
Талап қоюшы
Жауапты
Мақсат көздеуші
Адал
Мықты
|
Үміткерге берілген баға
|
Белсенділігі төмен
Жалқау
Бос кеуде
Шыдамсыз
Ұстанымы тұрақсыз
Өзіне талап қоймайтын
7.
Жауапкершіліксіз
Мақсатқа ұмтылмайтын
Арамза
Әлсіз
|
Барынша лайықты
|
Төмен
дәрежеде лайықты
|
(тегі)
|
(тегі)
|
Барынша лайықты үміткерлерге берілген ұпайлар саны
|
Төмен дәрежеде лайықты
үміткерге берілген ұпайлар саны
|
Психологиялық сынақтың қарастырылған тәсілдері бағы- нышты тұлғаның жеке қасиеттеріне баға беру үшін қарапайым, үнемді және ыңғайлы. Өкінішке қарай, бұл тәсілдер жүйеге түсірілмеген, нақты сандық көрініске ие емес, сондықтан да бел- гілі бір дәрежеде субъективті. Бұл көшбасшыдан әр тәсілдің мәнін терең түсінуді және шығармашылық тұрғыда оны дұрыс қолдануды, өз бетінше баға беру мен алынған мәліметтерге тал- дау жасауды талап етеді.
Подоляк Я.В. Личность и коллектив: психология военного управления.
– М., 1989. – С. 173-174.
Достарыңызбен бөлісу: |