49. Басқару жүйесінің қай сипаттамалары көбінесе меншік нысандарымен анықталады?
Басқару масштабы.
Басқару объектісінің шегі.
Басқару жүйесінің құрылымы.
Басқарудағы шығын.
Барлық сипаттамалар жиынтығы жекеменшік формасымен анықталады.
50. Меншіктің нысандары мен сипаты қалайшы басқарудың ерекшеліктері мен мазмұнын анықтайды?
Меншік түрі басқаруға әсер етпейді, ол тек өндірістің қыз- мет етуінің сыртқы экономикалық жағдайын ғана анықтайды.
Меншік түрі басқарудың әлеуметтік-экономикалық жағ- дайын анықтайды және олар арқылы басқару ұйымының қалып- тасуына әсер етеді.
Меншік түрі еңбек белсенділігін анықтайды және басқару процесінде еңбекті ынталандыруға әсер етеді.
Меншік түрі басқару мақсатын өзгертеді және сонымен басқарудың барлық жүйесін түбірімен өзгертеді.
Меншік сипаты және нысаны басқарудың мазмұнын және ерекшеліктерін өзгертеді.
Мәтіндік бақылау тапсырмасының кілті
Сұрақтар №№
|
Дұрыс жауаптар
№№
|
Сұрақтар
№№
|
Дұрыс жауаптар
№№
|
1
|
4
|
26
|
2
|
2
|
4
|
27
|
5
|
3
|
2
|
28
|
2
|
4
|
5
|
29
|
2
|
5
|
1
|
30
|
5
|
6
|
1
|
31
|
1
|
7
|
2
|
32
|
1
|
8
|
4
|
33
|
5
|
9
|
4
|
34
|
5
|
10
|
5
|
35
|
4
|
11
|
3
|
36
|
2
|
12
|
1
|
37
|
1
|
13
|
1
|
38
|
1
|
14
|
1
|
39
|
1
|
15
|
3
|
40
|
1
|
16
|
2
|
41
|
2
|
17
|
2
|
42
|
4
|
18
|
3
|
43
|
3
|
19
|
4
|
44
|
2
|
20
|
1
|
45
|
4
|
21
|
4
|
46
|
5
|
22
|
1
|
47
|
4
|
23
|
1
|
48
|
4
|
24
|
5
|
49
|
5
|
25
|
3
|
50
|
5
|
Тест на определение управленческой компетентности (Авторский тест И.А. Аглуллина). – Психология и педагогика: учебное пособие / Под редак- цией А.А. Бодалева, В.И. Жукова, Л.Г. Лаптева, В.А. Сластенина. – М.: Изд-во Института Психотерапии, 2002. – С. 538-547.
Құнды бағдарлар анықтамасы
Құнды бағдарлар жүйесі тұлға бағыттылығының мазмұнды- лық жағын анықтайды және айнала қоршаған ортаға және өзіне деген қатынастың негізін, дүниетаным негізі мен өмірлік бел- сенділік себебінің ұйытқысын, өмірлік ұстаным мен «өмір философиясының» негізін құрайды.
М. Рокичтің құнды бағдарларды өлшеу әдістемесі бүгінгі таңда кеңінен таралған болып табылады. Ол құндылықтардың тікелей сатылай тізіміне негізделген. М. Рокич құндылықтардың екі түрін бөліп көрсетеді:
терминалдық – қандай да бір жеке өмір сүрудің түпкі мақсатының оған талпынуға тұратындығына сену;
инструменталдық (құрал) – қандай да бір әрекет бейне- сінің немесе жеке тұлға қасиетінің кез келген жағдайда тиімді болып табылатындығына сену.
Бұлайша бөліп қарастыру дәстүрлі түрдегі құндылық-мақсат және құндылықтар-амалдар деп бөлуге сәйкес келеді.
Сарапталушыға құндылықтардың әліпби тәртібінде қағаз беттеріндегі немесе кітапшалардағы (әрқайсысында 18-ден) екі тізімі ұсынылады. Тізімде сынақталушы әр құндылыққа дәре- желік рет қояды, ал кітапшаларды мағынасына қарай тәртіппен орналастырады. Аталғандардың соңғы нұсқасы нақтырақ нә- тиже береді. Алғашында терминалдық құндылықтарды, соңынан инструменталдық құндылықтарды жинау ұсынылады.
Нұсқау: қазір сіздерге құндылықтары белгіленген 18 кітап- шадан тұратын жинақ ұсынылатын болады. Сіздердің міндет- теріңіз – оларды өз өмірлеріңізде басшылыққа алатын ұстаным- дар ретінде өздеріңізге тиісті тәртіп (ранг) бойынша орналас- тыру.
Әр құндылық жеке кітапшаларда сипатталған. Кітапшалар- ды меңгеріңіз, ішінен өзіңізге аса маңыздысын таңдап алып, оны бірінші орынға қойыңыз. Содан кейін мәні жағынан екінші орында тұрған құндылықты таңдаңыз да, біріншінің соңынан орналастырыңыз. Осылайша, кітапшалардың барлығын тиісінше қойып шығыңыз. Маңыздылығы жағынан соңғы тұрған құнды- лық 18-орынға ие болады.
Тапсырманы асықпай, ойланып орындаңыз. Егер тапсырма- ны орындау барысында пікіріңізді өзгерте қалсаңыз, онда кітап- шалардың орнын ауыстыру арқылы жауаптарыңызды түзете ала- сыз. Жасаған соңғы нәтижеңіз шынайылықты бейнелеуі қажет.
Ынталандырмалы материал
А тізімі (терминалдық құндылықтар):
*белсенді шығармашылық өмір (эмоционалды тұрғыдан то- лыққанды өмір);
*өмірлік даналық (өмірлік тәжірибемен қалыптасатын ақыл- дың толығуы мен кемелді ой);
* денсаулық (физикалық және психологиялық);
*қызықты жұмыс;
*табиғат пен өнер әдемілігі (табиғат пен өнердегі тамашаны сезіну);
*махаббат (сүйікті адаммен рухани және физикалық жақын- дық);
*материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілген өмір (материал- дық қиындықтардың жоқтығы);
*сенімді әрі жақсы достардың болуы;
*қоғамдық мойындау (айнала қоршаған адамдардың, ұжым мүшелерінің, жұмыс бабындағы әріптес жолдастардың сыйлас- тығы);
*таным (білімді, дүниетанымды, жалпы мәдениетті, ақыл, па- расатты кеңейту мүмкіндігі);
*өнімді өмір (өз мүмкіндіктерін, күшін және қабілеттерін ба- рынша толық пайдалану);
*даму (өзін дамыту, рухани және физикалық тұрғыдан үнемі жетілу);
*ойын-сауық (жағымды әрі ерікті түрде уақыт өткізу, мін- деттемелердің болмауы);
*еркіндік (пікір қалыптастыру мен қадам жасаудағы тәуел- сіздік);
*бақытты отбасылық өмір;
*басқалардың бақыты (басқа адамдардың, бүкіл халықтың, жалпы адамзаттың ауқаттылығы, дамуы мен жетілуі);
*шығармашылық (шығармашылық қызметтің мүмкіндігі);
*өзіне деген сенімділік (ішкі үйлесімдік, ішкі қайшылықтар мен күмәндардан арылу, оларға тәуелді болмау);
Б тізімі (инструменталдық (құрал) құндылықтар):
*ұқыптылық (тазалыққа құмарлық), заттарды тәртіпте сақ- тай білу, істегі тәртіптілік;
*тәрбиелілік (жақсы мәнерлер);
*жоғары талаптар (өмірге деген жоғары талаптар мен жо- ғары тартымдылық);
*өмір сүйгіштік (әзіл-сықақ сезімі);
*орындаушылық (тәртіптілік, жауапкершілік);
*тәуелсіздік (өз бетінше, шешімді түрде әрекет ету қабілеті);
*өзінің және басқалардың бойындағы кемістіктерге келіспеу;
*білімділік (білім тереңдігі, жалпы жоғары мәдениеті);
*жауаптылық (аманат сезімі, айтқан сөзде тұра білу);
*рационализм (ақыл-парасатпен ойлай білу, дұрыс әрі тез шешімдерді қабылдай білу):
*өзін-өзі бақылау (төзімділік, өзіндік тәртіптілік);
*өз ұстанымы мен көзқарасын дәлелдей білудегі батылдық;
*қатаң еркіндік (өз айтқанынан қайтпау, қиындықтарға мойымау);
*төзімділік (басқалардың көзқарастары мен пікірлеріне деген басқалардың жасаған қателіктері мен білместіктерін кешіре білу);
*дүниетаным кеңдігі (басқаның көзқарасын түсіне білу, басқаның талғамы мен дәстүрін, әдеттерін сыйлай білу);
*адалдық (шынайылық, пәктік);
*істегі нәтижелік (еңбекқорлық, жұмыстағы өнімділік);
*сезімталдық (жанашырлық).
Әдістеменің құндылығы болып табылатындар: зерттеуді жүргізу мен шыққан қорытындыларды сараптаудағы әмбебап- тық, ыңғайлылық және тиімділік, икемділік – ынталандырмалы материалдармен (құндылықтар тізімі) қатар нұсқауларды да түрлендіру мүмкіндігі. Әлеуметтік қалаудың әсері мен жал- ғандық мүмкіндігі оның нақты кемшілігі болып табылады. Сон- дықтан аталған жағдайда диагностика жасау тәсілі, еркін түрде
тестілеу сипаты мен психолог пен сыналушының арасындағы байланыстың болуы маңызды рөл атқарады. Бұл әдістемені таңдау мен сараптау мақсатында қолдану ұсынылмайды.
Аталған кемшіліктердің орнын толтыру мен құндылық бағдарлар жүйесіне тереңірек ену үшін қосымша диагнос- тикалық ақпарат беретін және одан гөрі негізделген қорытын- дылар шығаруға мүмкіндік жасайтын нұсқауды өзгертуге бо- лады. Сөйтіп, негізгі бөлімнен кейін сыналушыдан төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, кітапшаларды ретімен тізіп қою сұралады:
«Аталған құндылықтар сіздің өміріңізде қандай тәртіпте және қандай дәрежеде (пайызбен) жүзеге асырылды?»
«Егер сіз өзіңіз армандаған тұлғаға айналып кетсеңіз, аталған құндылықтарды қалай орналастырар едіңіз?»
«Сіздің ойыңызша, барлық жағынан толық жетілген адам бұл тапсырманы қалай орындар еді?»
«Адамдардың көпшілігі, сіздің ойыңызша, бұны қалай жасар еді?»
«5 немесе 10 жыл бұрын өзіңіз қалай жасар едіңіз?»
«5 немесе 10 жылдан кейін өзіңіз қалай жасар едіңіз?»
«Сізге жақын адамдар бұл кітапшаларды қалай орналасты- рар еді?»
Құндылықтардың сатылық құрылысын талдай келе, түрлі негіздер бойынша қысқа блокта сыналатын олардың топтасуына зейін аудару қажет. Мысалы, сондай негізде, «нақты» және
«дерексіз», кәсіби тұрғыда өзін жетілдіру, жеке өмір құндылық- тары және т.б. бөлінеді.
Инструменталдық құндылықтар этикалық құндылықтарға, қарым-қатынас құндылықтарына, іс құндылығына, жеке және конформистік (өзіне ыңғайлы жағдайды қалайтын) құндылық- тарға, альтуристік (өзін ұмытып, басқаға берілу) құндылықтарға, өзіне деген сенімділік құндылығына және басқаларды қабылдау құндылығына, т.б. топтасуы мүмкін.
Бұл құнды бағдарлар жүйесінің субьектілік құрылысының барлық мүмкіндіктері емес. Жеке заңдылықты ұстап қалуға тырысу қажет. Егерде ешбір заңдылықты айқындап шығаруға қол жетпесе, онда сыналушының бойынан құндылық жүйесінің
қалыптаспағандығын болжауға болады, тіпті тапсырмаларға жауап беруде шынайылықтың болмағандығы деп қарастыру керек. Бұл әдістемені жеке жүргізген дұрыс, дегенмен топ бойынша тестілеуге де болады.
Райгородский Д.Я. Практическая психодиагностика.
Методики и тесты: учебное пособие. – Самара, 1998. – С. 637-641. Ценностные ориентации Казахстанской молодёжи.
Адаптирована Баймухамбетовой Р.С.
Центр психологии и развития личности «Рух».
Достарыңызбен бөлісу: |