Қорытындыларды талдау: барлық сөйлемдер сәйкес бағандарға орналастырылады, содан кейін әр сөйлемге жекеше сапасы жағынан талдау жасалады. Егер сөйлемде жағымды қатынас анық байқалса, онда ол сөйлем «+1» деп бағаланады. Егер қарсы қатынас көрініс берсе, онда ол сөйлемге «–1» деген баға беріледі. Егер сөйлем бейтарапты қатынаста болса, онда ол «0» ұпайымен өлшенеді. Алынған нәтижелер бланк бетіне белгіленеді, ал бағыт қарқыны мен жеке тұлғаның қатынасы екі түрде көрініс табады.
Әдістемені өңдеу кілті
Реті
|
Сөйлемнің топтары
|
Сөйлем реті
|
1
|
Әкеге деген қатынас
|
1
|
16
|
31
|
46
|
2
|
Өзіне деген қатынас
|
2
|
17
|
32
|
47
|
3
|
Жүзеге аспаған
мүмкіндіктер
|
3
|
18
|
33
|
48
|
4
|
Бағынышты тұлғаларға
деген қатынас
|
4
|
19
|
34
|
49
|
5
|
Болашаққа деген
көзқарас
|
5
|
20
|
35
|
50
|
6
|
Жоғарыда тұрған
тұлғаларға деген қатынас
|
6
|
21
|
36
|
51
|
7
|
Қорқыныштар мен
күдіктер
|
7
|
22
|
37
|
52
|
8
|
Дос-жаранға деген
қатынас
|
8
|
23
|
38
|
53
|
9
|
Өзінің өткеніне деген
қатынас
|
9
|
24
|
39
|
54
|
10
|
Қарсы жынысты тұлғаға
деген қатынас
|
10
|
25
|
40
|
55
|
11
|
Жыныстық қарым-
қатынастар
|
11
|
26
|
41
|
56
|
12
|
Отбасына деген қатынас
|
12
|
27
|
42
|
57
|
13
|
Әріптестерге деген
қатынас
|
13
|
28
|
43
|
58
|
14
|
Анаға деген қатынас
|
14
|
29
|
44
|
59
|
15
|
Кінә сезімі
|
15
|
30
|
45
|
60
|
Мұндай сандық баға сарапталушының қатынастағы сәйкес- сіздік жүйесін жеңілдетеді. Бірақ, әрине, толтырылған сөйлем- дердің сапалы түрде сарапталуы аса маңызды.
Райгородский Д.Я. Практическая психодиагностика.
Методики и тесты: учебное пособие. – Самара, 1998. – С. 117-121. Прикладная социальная психология / Под редакцией А.Н. Сухова и
А.А. Деркача. – М., 1998. – С. 552-226.
Коммуникативтік және ұйымдастырушылық (КҰБ-2) бейімділіктер деңгейін анықтау
Бұл әдістеме тұлғаның коммуникативтікжәне ұйымдасты- рушылық бейімділіктер деңгейін анықтауға (адамдармен нақ- ты және жылдам іскерлік және жолдастық байланысын орна- туын; қалыпты байланысты кеңейтуін; өз ойын жүзеге асыруға ұмтылу; адамдармен тез қарым-қатынасқа түсе алуын; топтық іс-шараларға қатысуын; адамдарға әсер ету біліктілігін) арнал- ған.
Әдістеме 40 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа «Иә» немесе
«Жоқ» деп жауап беру керек. Орындауға 10-15 минут уақыт беріледі. Сонымен қатар коммуникативтік және ұйымдастыру- шылық бейімділік деңгейі бөлек анықталады.
Сізде әртүрлі адамдарды жете танып білу мен танысу мақсатында талпыныс бар ма?
Сізге қоғамдық жұмыспен айналысқан ұнай ма?
Сізді жолдастарыңыздың себебінен болған реніш көп мазасыздандыра ма?
Сыни жағдайлардан туындаған кедергілер бағыт-бағдар жасауыңызға қиындық туғыза ма?
Сізде қарым-қатынаста жиі араласатын достар көп пе?
Сіздің қабылдаған шешімдеріңізге әрқашан да достарыңыз келісе ме?
Сізге адамдармен уақыт өткізгеніңізге қарағанда, кітап оқыған немесе басқа бір жұмыспен айналысқан ұнай ма?
Егер сіздің ойлаған ойыңыздан қайшылықты жағдай туса, өз ойыңыздан тез өзгересіз бе?
Өзіңізден үлкен адамдармен байланыс орнату Сіз үшін жеңіл ме?
Сізге достарыңызбен бірге әртүрлі ойындар немесе қы- зықты ойын-сауықтар ұйымдастырған ұнай ма?
Жаңа ұжымға кіру Сіз үшін қиындыққа түсе ме?
Сіз көбінесе бүгін бітіру керек жұмысты басқа күндерге қалдырып отырасыз ба?
Сіз үшін таныс емес адамдармен байланыс орнатып және олармен араласу қиынға соқпайды ма?
Сіздің жолдастарыңыз Сіздің ойыңызға сәйкес пікір ай- тып отырса, одан әрі әрекет жасауға талпынасыз ба?
Сіз үшін жаңа ұжымға сіңісіп кету қиын ба?
Сізге достарыңыз орындаймын деп уәде беріп, бірақ оны орындамаса, оларға деген дау-дамай тумай ма?
Сіз сәті келіп тұрғанда бейтаныс бір адамдармен таны- суға немесе сөйлесуге талпынасыз ба?
Сіз көбінесе маңызды шешім шығарарда өз пікіріңізге сүйенесіз бе?
Кейде айналадағы адамдардан жалығып, жалғыз болғы- ңыз келетін уақыт бола ма?
Өзіңізге таныс емес жерге бейімделуде қиналатыныңыз рас па?
Сізге әрқашан адамдардың ортасында болған ұнай ма?
Бастаған ісіңізді аяқтамасаңыз қиналасыз ба?
Бейтаныс адамдармен танысу үшін, сізде қиындықтар туа
ма?
Жолдастарыңызбен қарым-қатынас барысында жиі шар-
шайсыз ба?
Ұжымдық ойындарға қатысқанды Сіз ұнатасыз ба?
Көп жағдайда достарың қызықтыратын сұрақтардың шешіміне өз ықпалыңызды білдіресіз бе?
Таныс емес адамдардың арасында Сізде сенімсіздік туы- ндайтыны рас па?
Сіз әрқашан шындығыңызды дәлелдеуге сирек талпына- сыз ба?
Сіз бейтаныс топқа кіргенде ерекше әсер қалдыру қиын- дыққа соқпай ма?
Мектептің (өндірістің) қоғамдық жұмыстарына араласа- сыз ба?
Сіз өз таныстарыңыздың шеңберін шектеуге талпынасыз
ба?
Егер, Сіздің қабылдаған пікіріңізді немесе шешіміңізді
жолдастарыңыз қабылдамаса, Сіз өзіңіздің пікіріңізді немесе шешімдеріңізді қорғауға тырысасыз ба?
Басқа ұжымға түскен кезіңізде өзіңізді еркін сезіне ала- сыз ба?
Жолдастарыңыз үшін шын ниетпен әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға кірісесіз бе?
Егер үлкен топты адамдардың алдында сөйлейтін кезде Сіз өзіңізге жеткілікті сенімді және жайбарақаттықты сезінбей- тініңіз рас па?
Сіз іскерлік және басқа кездесулерге жиі кешігіп жүресіз бе?
Сізде көп дос бар екені рас па?
Сіз жолдастарыңыздың ерекше назарында жиі боласыз ба?
Бейтаныс адамдармен араласуда өзіңізді жайсыз сезінесіз бе?
Жолдастарыңыздың арасында өз-өзіңізге сенімсіз бола- тыныңыз рас па?
«КҰБ-2» әдістемесінің мәліметтерін өңдеу кілті
Коммуникативтік
|
(+)
|
ия – 1, 59, 13, 17, 21, 25, 29,
|
бейімділігі
|
(– )
|
33, 37
жоқ – 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27,
31, 35, 39
|
Ұйымдастырушылық
|
(+)
|
ия – 1, 6, 10, 14, 18, 22, 26,
|
бейімділігігі
|
(– )
|
30, 34, 38
жоқ – 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28,
32, 36, 40
|
Рабочая книга практического психолога: пособие для специалистов, рабо- тающих с персоналом / Под ред. А.А. Бодалева, А.А. Деркача, Л.Г. Лаптева.
М.: Изд-во Института Психотерапии, 2003. – 640 с. илл. С. 345-347.
Достарыңызбен бөлісу: |