Пікір жазғандар



бет24/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Мотивациялық қызмет

Ұйымның тиімді іс-әрекеті, сондай-ақ жеке өнімі қызметкер- лердің мотивациялану дәрежесіне тәуелді болады, сондықтан атқарушыларды мотивациялау – қызметкерлердің мотивация- лануын жасап іске асыру мен жетілдіру жетекшінің маңызды қызметі болып табылады.

Мотивация қызметінің мазмұнын ашу тұтастай алғанда еңбек іс-әрекетінің мотивациялану мәселесімен байланысқан, бұл осы мәселенің кеңдігі мен кешенділігіне байланысты оның шешілу қиындығын туғызады.

Басқару іс-әрекетінің төмендегідей өзіндік аспектілері бар:



  1. атқарушылық іс-әрекеттің мотивациялану сипаттамасы;

  2. жетекші іс-әрекетінің өзіндік мотивация сипаттамасы (басқарудың мотивациялануы);

  3. мотивация қызметінің өзіндік құрылымы мен мазмұнын басқару іс-әрекетінің негізгі компоненттерінің бірі ретінде си- паттау.

Басқару тәжірибесінде бұл аспектілер тығыз байланысқан.

Еңбек іс-әрекетінің мотивация теориясындағы жалпы ережелердің бірі – мотивация қажеттілігі бірлескен іс-әрекет кезіндегі еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылатындығы. Оның әрбір мүшесі үшін, ол өзі жеке қызметкер ретінде атқар- ған міндетіне байланысты алатын жетістіктері нақты мотива- циялануы болып шығады. Мотивация жүйесінің екі принципі бар:



  1. тек материалдық жағдайға емес, қызметкерге тиесілі барлық қажеттіліктердің типтері мен түрлерінің барлығына бағдарлануы;

  2. әрбір атқарушының қорытынды нәтижеге нақты үлесін баламалы бағалау және осы үлеске сай ынталандыруды қам- тамасыз ету.

Екінші принцип ұйымдастыру құралдарын қолдануға, ал біріншісі тұлға мотивациясының құрылымы туралы психоло- гиялық түсініктерге тұрақтанады. Сондықтан мотивация барлық басқару қызметінің ішінде «психологиялық» ретінде қарас- тырылады. Бұл – басқарудың практикалық психологиясы. Мотивация қызметінің мәні – жоғарыда көрсетілген екі прин- ципті қанағаттандыратын жүйе жасау. Тұлғаның мотивация әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін материал- дық мотивация мен ынталандыруды дараландыру қате болып табылады. Бұл әлеуетті тиімді пайдалану үшін жетекші оның қандай факторлардың негізгі категорияларынан тұратынын білуге тиіс. Мотивация жалпыпсихологиялық тұрғыда – іс-

әрекетке саналы түрдегі ішкі ұмтылысы. «Мотивация саласы» ұғымымен тұлға белсенділігінің барлық ынталану көздері бі- рігіп, оған келесі компоненттер кіреді: тұлғаның қажеттіліктері, мүдделері, ұмтылыстары, сенімдері, ынталандырулары, идеал- дары, сондай-ақ мінез-құлықтың әлеуметтік рөлдері, норма- лары, ережелері, стереотиптері, өмірлік құндылықтары мен мақсаттары, тұтастай алғандағы дүниетанымдық бағдарлануы.



Бұл жіктеме негізгі болғанымен, жалғыз емес. Қажеттіліктер басқа негіздер бойынша да сипатталады: туа біткен және қа- былданған, бірінші және екінші, нәтижелі және процессуалды, т.б. қажеттіліктердің типтерінің алуан түрлілігі солардың не- гізінде қалыптасатын мотивация күрделілігін анықтайды, демек мотивация саласына қажеттіліктің әртүрлі санаттарын «қоса» отырып, әсер етуге болады. Психологияда мінез-құлық пен іс- әрекеттің жартылай мотивациялық ұғымы бар. Әртүрлі моти- вациялар арасында оң (позитивті) және теріс (негативті) сипат- тағы қатынастар қалыптасуы мүмкін, сондықтан олардың атқа- рушыға ықпал ету әсерінен келісіп алу қажеттігі туындайды.
Атқарушы іс-әрекеттің мотивация тұжырымдамасы
Мотивация теориясының ережелері басқару тәжірибесінде менеджмент эволюциясының барлық кезеңінде әртүрлі жүзеге асырылды. Қызметкердің мотивация табиғатын жалпы тұжы- рымдауға деген үш негізгі тәсіл атап көрсетіледі: Х теориясы, Y теориясы және Z теориясы (Д. Мак Грегор, О. Шелдон, В. Оучи).

Х теориясы келесі ережелерге негізделеді: жұмыс адамдар үшін мотивация болып есептелмейді – оған туа біткен жақтыр- маушылық әсеріне байланысты; адамдарды жұмысқа жазалау мен қорқыту арқылы мәжбүрлеу қажет; «орташа адам» жауап- кершіліктен қашқақтайды және оларға біреу басшылық жаса- ғанды қалайды; адамдар, негізінен, экономикалық қажеттілік- термен мотивацияланады; адамдар бастапқы кезде бәсең, сон- дықтан оларды мотивациялау, жұмысқа мәжбүрлеу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет