7. Неліктен жарық жұлдыз ұран бізге?
Пікірдің танымдағы рөлі.
Пікірдің тіл формасы сөйлем болады. Бұл екеуі мазмұн мен форма сияқты
байланысшы болғанымен, екеуі тең емес. Пікір мен сөйлемнің тең еместігі
бірнеше жағдайлардан байқалады. Біріншіден, қандай да болса пікір сөйлем
бола алмайды. Пікір тек хабарлы сөйлеммен баяндалады, сұраулы жəне
қозғаушы сөйлемдер пікір бола алмайды, өйткені оларда пікірдің ең басты
белгісі жоқ — құбылыстар арасындағы байланысты терістеуші не қозғаушы
сөйлем жоқ.
Əр түрлі тілдер бар болуы пікір мен сөйлемнің тура келмейтініне дəлел
беріп отыр, өйткені бір пікірді əр түрлі тіл формасында беруге болады.
Əрбір пікір қашанда грамматикалық сөйлем арқылы айтылады. Сөйлеп
дегетлаз—пікірдін материалдық қабығы. Пікір де, ұғым сияқты, тек тілдік
материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана
туып, өмір сүре алады. Тілдік материалдан аулақ, жалан пікір болмайды.
Тіпті біз пікірді ойша, құраған күнде де, бəрі бір пікір сөздер, терминдер жəне
сөйлемдер арқылы құралады.
Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз бірлікте, өйткені пікір мен сөйлемнің
мазмұны біреу-ақ. Бірак пікір бөліктері мен сөйлем мүшелері толық сəйкес
келе бермеуі де мүмкін.
Кейде сөйлем бір-ақ сөзден тұрады (мысалы, жақсыз сөйлемдер: Жарық.
Тыныш. Аяз.), бірақ мұнда да белгілі бір пікір бейнеленген.
Пікір мен грамматикалық сөйлемнің арасындағы тағы бір айырмашылық
сол, түрлі тілдерде сөйлемдердің грамматикалық құрылысы түрліше
болады.
|