Пісіру туралы жалпы мәліметтер Пісіру процесінің физикалық мәні


Пісіру жалғастары мен жіктері



бет12/17
Дата18.05.2022
өлшемі341.5 Kb.
#456890
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Пісіру ісінің нег. оқулық 1

4. Пісіру жалғастары мен жіктері
4.1 Пісіру жалғастарының түрлері
Пісіру жалғастары - ол пісірумен орындалған ажырамайтын жалғас. Пісіру құрылғыларында жалғастардың келесі түрлері қолданылады: түйіс, бұрыштық, таврлы, айқасқан жалғастар.
Түйіс жалғас - бүйір жақ беттерімен бір-біріне түйісіп орналасқан пісірілген екі элементтің жалғасы. Түйіс жалғастың келесі артықшылықтары бар: жүктеменің бір элементтен екінші элементке бірқалыпты бөлінуі, ең аз металл шығыны, пісіру сапасын бақылау ыңғайлылығы.
Түйіс жалғастар ең көп таралған жалғастар болып саналады, өйткені пісіргенде ең аз кернеу қалыптастырады, жүктемелердің барлық түрлерінде жоғары беріктігі және тиімділігімен ерекшеленеді.
Түйіс жалғастарда негізгі және қосынды металдың (электродтардың) шығыны ең төмендеуі.
Түйіс жалғастарда жиектерді пісіруге ұқыпты дайындау және пісіруге құрастырғанда дәл үйлестіру қажет.
Түйіс жалғастар жаймалы(табақты) құрылғыларда, швеллер, қоставр, құбырларды түйістіргенде пайдаланылады. Түйіс жалғастардың сапасын сенімдірек тәсілдермен бақылауға болады.
Бұрыштық жалғас – бұрышпен орналасқан екі элемент қырларының түйіскен жерінен пісірілген жалғас. Бұрыштық жалғастар қораб тәріздес құрылғыларда: сұйыққойма, ыдыстар сыйымдылықтарда пайдаланылады.
Таврлы жалғастар – бір элементтің қырлы беті бұрышпен жанасып, екінші элементтің бүйір бетіне пісірілген жалғас.
Таврлы жалғастар арқалық, бағанашық, фермалардың қаңқасын пісіргенде пайдаланылады. Бұрыштық және таврлы жалғастар құрылғының қатаңдығын жоғарылатын, деформациясын азайтады.
Айқасқан жалғас – пісірілетін екі элемент параллель орналасқан және бір-бірімен біршама айқастырылған жалғас. Айқасу шамасы жұқа элементінің бес қалыңдығынан немесе элементтер қалыңдығы екі еселенген қосындысынан кем болмауы керек.
Айқасқан жалғастарды жаймалы құрылғыларды, ферма, бағанашықтарды пісіргенде пайдаланады. Мұндай жалғастарда түйіс жалғастарға қарағанда бұйымға металл көбірек шығындалады.
Айқасқан жалғастар жиектерді дайындауды қажет етпейді. Олар түйіс жалғастармен салыстырғанда айнымалы және динамикалық жүктемелерде нашар істейді.
Бұрыштық, таврлы және айқасқан жалғастар орындау қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бұл жалғастардың кемшілігі пісіру сапасын бақылау күрделілігі.
Пісіру жалғастарының типтері.
Әртүрлі металдар мен қорытпалардан жасалатын құрылғыларды әртүрлі әдістермен пісіру үшін пісіру жалғастарының типтері арнайы мемлекеттік стандарттарда бекітіледі. Бұл стандарттар жалғас типінің құрылғылық элементтерін бекітеді:

Құрылыс - жинастыру өндірісінде құрылғылар мен ғимараттарды пісіру үшін МЕСТ 5264-80, МЕСТ 11534-75, МЕСТ 16037-80 мемлекеттік стандарттарында қарастырылған Жалғастардың типтері жиірек қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет