Плавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет5/6
Дата28.06.2016
өлшемі203 Kb.
#163728
1   2   3   4   5   6

5-параграф. Қоршаулар

134. Еденнен 2,5 м қоса есептеген биіктікте орналасқан немесе жұмыс алаңшаларынан тиіп қалуға мүмкін жерде орналасқан жабдықтың барлық ашық қозғалатын бөліктері қоршалады, олардың қызметтік мақсаттары қоршауға рұқсат бермейтіндерінен басқа. Қоршау бүтін немесе ұяларының 20 x 20 мм торкөзді мөлшеріміне орындалады.

135. Машиналардың атқарушы органдары адамдарға қауіп төндірген жағдайда қоршала алмаса, машинаның іске қосылуы туралы ескертетін, тоқтату және энергия көзінен ажырату үшін құралдар қарастырылады.

136. Жабдық ішінде орналаспаған контржүк жоғарыда айтылғандай қоршалуы керек немесе адамдардың қауіпті аймаққа қатынау мүмкіндігін болдырмайтын жабық бағытталушы қондырғыларға (құдықтар, құбырлар, шахталар) орналасады.

137. Тісті, белбеулі және тізбелік берілістер олардың орналасу биіктігі мен айналу жылдамдығына қарамастан бүтін қоршаулары болады. Қоршаулар алынбалы-салынбалы, мықты және таттану мен механикалық әсерлерге төзімді болады.

Плавикалық пештердің айналуының тісті берілістерінің ортақ қоршауы болады. Қоршау тиісті берілістерге қызмет көрсетуді қиындатпайды.

138. Қиын қатынаулы жерлерде орналасқан агрегаттардың қозғалатын бөлшектерін құлыптанатын құрылғысы бар ортақ қоршаумен қоршауға рұқсат беріледі, қоршау оларға қызмет көрсетуді қиындатпайды.

139. Қозғалатын жабдыққа қатынауға жол бермейтін алынбалы қоршау, сондай-ақ қоршауларда орнатылатын есіктер оның қоршаудың тек қорғаныш күйіндегі жұмысын қамтамасыз ететін жабдықтың іске қосатын құрылғысымен автоматты блоктауы болады.

140. Қоршау аталған жабдықтың құрамды элементі болуы керек және жобаға сәйкес болады. Бұзылған қоршауы бар немесе қоршауы жоқ жабдық пен механизмде жұмыс істеуге тыйым салынады.

141. Қоршауларды, қозғалатын бөлшектерді жұмыс барысында жөндеу, тазалау және бекітуге тыйым салынады.

142. Жабдықты жөндеу үшін қоршауды алуға тек механизм толық тоқтағанда рұқсат беріледі. Механизмдерді жөндеуден кейін іске қосу, қарау және тазалауға қоршауды орнына қойғаннан және оның барлық бөліктерін бекіткеннен кейін рұқсат беріледі.


6-параграф. Алаңшалар мен баспалдақтар

143. Еден (жер) деңгейінен екі метрден және одан биікте орналасқан бекітпе, реттеуші және басқа арматураға, сондай-ақ жылыту және желдету құрылғыларына қызмет көрсету үшін тұрақты алаңшалар мен оларға баспалдақтар орнатылады.

Егер жобамен арматураны қашықтықтан басқару қарастырылса, тұрақты алаңшаларды орнату талап етілмейді. Бұл жағдайда арматураны қарау және жөндеу үшін телескопиялық мұнарамен жабдықталған жылжымалы алаңшалар, аспалы бесіктер, арнайы машиналар қарастырылады.

144. Еден деңгейінен 0,6 м және одан биікте орналасқан өтпелі көпіршелер, баспалдақтар ұстанғыштарының биіктігі 1 м, төменгі биіктігінің жалпылай ернеуі 15 см кем емес қоршаулары болады.

Өндірістік ғимараттағы шұңқыршалар, зумпфтар, қақпақтар , құдықтар, дренажды арықтар, аражабындағы қуыстар, егер олар жұмыс жағдайы бойынша ашық болса, жоғарыда көрсетілген қоршауы болуы керек немесе қақпақпен жабылады немесе барлық үстіңгі қабаты бойынша мықты төселгішпен еден бетімен бірбеткей жабылады.

145. Баспалдақтар мен алаңшаларды орналастыру 23120 - 78 МСТ «Марштық баспалдақтар, алаңшалар мен болат қоршаулар. Техникалық шарттың» талаптарына сәйкес болады.

Қызмет көрсетуші және өту алаңшаларының, сондай-ақ көпіршелер мен баспалдақ жабындарының құрылымы жүрген кезде тайғанақтауға жол берілмейді.

146. Ғимараттан тыс орналасқан қызмет көрсетуші және өту алаңшалары, көпіршелер мен баспалдақтар қыста мұздан тазартылып, көктайғақта құм немесе ұсақ қож төгіледі.

147. Шұңқыршалар мен құдықтарға қатынау үшін биіктік бойынша бір-бірінен 0,3 м қашықтықта орналасқан тік баспалдақтар мен қапсырмалар жасауға жол беріледі.

148. Сұйыққойма шатырының шетінде ыдысқа апаратын баспалдақтың әр жағынан 1,8 м-ден кем емес қашықтықта биіктігі 1,0 м-ден кем емес ұстанғыштар жасалады. Шатырдың қоршалған алаңында сұйықтық деңгейін өлшеуге арналған қақпақ, өлшеу құрылғысы және арматура орналасады. Егер арматура, сондай-ақ тыныс алу және қорғау клапандары шатырдың басқа учаскелерінде орналасса, оларға қоршаулары бар алаңшалар апаруы керек. Ыдыстың тікелей шатырына тұруға тыйым салынады.

149. Жабдыққа қызмет көрсетуші алаңшалар, баспалдақтар, өту көпіршелері түзу күйде ұсталынып және уақытында жөнделеді.


7-параграф. Флюоритті концентраттар үшін пештер

150. Жұмыс аймағының ауасына газ бен шаңды бөлуі мүмкін фторгипсті пешке тиеу және шығару тораптары жергілікті желдетумен жабдықталады.

151. Пештің жұмыс және қарау терезелері, сондай-ақ басқа тесіктер есікшелермен (қақпақтармен) тығыз жабылып және жылу ұстайтын материалдармен жасалады.

152. Пешке материалдарды әперіп тұратын құрылғы құрылымы үзіліссіз дәл мөлшер немесе кезеңдік автоматты реттеу әперісін қамтамасыз етеді.

153. Фторгипсті шанаптан шығару механикаландырылады.

154. Шығарылған материалды тасымалдау шаң мен газдың бөлінуіне жол бермейтін арнайы автомобиль көлігімен жүргізіледі.

155. Басқару жүйесі пештің жұмысын қол, сондай-ақ автоматтандырылған режімде қамтамасыз етеді.

Көрсеткіштері бойынша пештің жұмысын автоматты немесе қолмен басқару жүретін бақылау - өлшеу аспаптары бөлек бөлмеде орналасқан ортақ басқару пультіне шығарылады.

156. Плавикалық пештердің басқару жүйесінде пештің апаттық тоқтау жағдайындағы дозаторлар мен пештен газды тасымалдау жүйесінің блоктауы қарастырылады.

157. Пештен газды сорып алу үшін резервтік жүйе қарастырылады.

157. Пешті, тиеу және шығару тораптарын, газ жолдары мен шаң аулау құрылғыларын қарау, сондай-ақ оларды жөндеу барысында жарықтандыру үшін 12 В кернеуі бар, жылжымалы шамдарды қосу үшін розеткалары бар электр желісі болады.

159. Пешті іске қосу, пайдалану және тоқтату технологиялық регламентте көрсетіледі.




8-параграф. Пневматикалық және дірілдік көлік

160. Пневматикалық және дірілдік көліктің қабылдау және түсіру құрылғылары герметикалық және шаң аулағыш құрылғымен жабдықталады.

161. Шаңданатын материалдарды тасымалдау жүйесіне кіретін барлық құбыржолдар мен элементтер герметикалы болып жасалады.

162. Пайдалануға енгізу алдында пневмокөліктің жұмыс қысымында тығыздығы тексеріледі.

163. Шаңды шаң отырғызғыш құрылғылардан тасымалдау пневмокөлікпен жүргізіледі. Шаңды шаң отырғызғыш құрылғылардан шығару шаңды соғып шығару мен таралу мүмкіндігіне жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет