жұмыс орындарын ұйымдастыру
70. Кәсіпорындардың (цехтардың) өндірістік ғимараттарында қарастырылады: 1) басқару қалқандарына қызмет көрсету аумағы бойынша ені 2,0 м кем емес алаңшалар (тұрақты жұмыс орындары болғанда); 2) жабдықтарға үнемі қызмет көрсету үшін ені 1,0 м кем емес алаңшалар және жабдықтарға кезеңдеп қызмет көрсету үшін ені 0,8 м кем емес алаңшалар; жабдыққа барлық жағынан қызмет көрсету қажет болған жағдайда оның айналасындағы алаңшаның ені сәйкес 1,0 м және 0,8 м болуы керек;
3) осы бөлмеде жөндеуге жататын жабдықты құрастыру мен бөлшектеу үшін құрастырылатын және бөлшектенетін жабдықты орналастыруға, оны жөндеуді өткізуге және қажетті материалдарды, аспаптар мен құрал-саймандарды жұмыс өту жерлерін, негізгі және қосалқы шығулар мен баспалдақ алаңшаларын алмай орналастыруға көлемі жететін алаңшалар.
71. Жұмыс орындары 12.2.061-81 МСТ «Өндірістік жабдықтар. Жұмыс орындарына жалпы қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.
72. Жүк көтергіш механизмдері (әрі қарай-ЖКМ) қызмет көрсетететін машиналар мен аппараттар ЖКМ ілгегінің жақындау аймағында орналасады, осы аймақта тасымалданатын тетіктер мен жабдықты орнататын алаңшалар қарастырылады.
6-тарау. Өндірістік жабдық
73. Өндірістік жабдықтар 12.2.003-91 МСТ «Өндірістік жабдық. Жалпы қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады. Жабдықты пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте іске асырылады.
74. Өндірістік жабдықтар құрылымының материалдары барлық берілген және пайдалану шарттарында қарастырылған жұмыс режімдерінде адам ағзасына қауіпті және зиянды әсерін тигізбеуі керек, сондай-ақ өрт және жарылу қауіпі бар жағдайларды болғызбауын қамтамасыз етеді.
75. Өндірістік жабдықтың зақым келтіру қауіпі бар қозғалғыш бөліктері қоршалуы керек немесе жұмыс істеуші оған тию мүмкіндігі болмайтындай орналасады.
76. Механикалық бұзылымдары қауіп туғызатын өндірістік жабдықтың бөліктері (соның ішінде құбыржолдар, алдын алу клапаны, күш кәбілдері) қоршаулармен қорғалуы керек немесе олардың мүмкін зақымдалуын болдырмайтындай орналасады.
77. Құрылғы және электрқондырғыларды пайдалану электр қондырғыларды құру Ережесі (әрі қарай - ЭҚЕ); техникалық пайдалану Ережесі (әрі қарай - ТПЕ) және техникалық қауіпсіздік Ережесі (әрі қарай - ТҚЕ) сәйкес жүргізіледі.
78. Технологиялық жабдықтың автоматтандырылған немесе механикаландырылған басқаруы болуы керек, сондай-ақ ол апатсыз және қауіпсіз жұмысты, технологиялық процесті бақылау мен реттеуді қамтамасыз етеді.
79. Пайдаланудағы жабдықты МСТ 12.4.012-83 (стандарттар жөнінде КСРО Мемлекеттік комитеті, еңгізу күні 01.01.84) «Діріл. Жұмыс орындағы дірілді бақылау және өлшеу тәсілдеріне» сәйкес дыбыс қысымының деңгейі мен жұмыс орындарының дірілін анықтау мақсатында жылына бір реттен кем емес тексереді.
80. Агрессивті сұйықтарды ауыстырып құятын тығыздамалы сорғылардың таттануға қарсы материалдардан жасалған тығыздамаларды жабатын қорғаныш қаптамасы болады.
81. Жұмыс орындарында құрал-саймандар мен құрылғылар осыған арналған орындарда немесе арнайы құрал-саймандық шкафтарда сақталады.
82. Механикаландырылған құралдар мен құрылғыларды қолдану барысында даярлаушы - зауыттың пайдалану құжаттамасында көрсетілген талаптар сақталады.
Ауа, газ, сұйықтық құбыржолдарының құралдары мен қосу аталған заттарды беруді ажырату жағдайында жүргізіледі.
Құбыржолдардың жалғастықтары мен құралдарында жеңдерді бекіту олардың жұлынуын болдырмайтын арнайы қысқыштармен (қамыттармен) жүргізіледі. Жеңдерді бекітуге сымдар мен қолдан жасалған қысқыштарды қолдануға тыйым салынады.
83. Қысымдағы газды, ауаны, сұйықтықтарды, бөкпелі бу мен сусымалы материалдарды жіберуге қолданылатын жеңдер 18698-79 МСТ «Техникалық жағдайлар. Тоқымалық каркаспен рязінкелік қысымды жеңдер» талаптарына сәйкес болады.
84. Механизмдердің үйкелетін бөліктерін майлау жүйесі герметикалық болады. Машиналар мен механизмдерді қолмен майлау толық тоқтағанда немесе жүріп тұрғанда осы операцияны орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар болған кезде рұқсат етіледі.
85. Жұмыс орындарындағы аппараттардың, жабдықтың, құбыржолдар мен қоршаулардың қызған беттік қабаттарының температурасы 60°С-ден аспайды.
86. Едәуір сәулелік және конвекциялық жылы көздерінің жанында аталған температураны ұстау техникалық себептер бойынша мүмкін емес болса, жұмыс істеушілерді мүмкін қызудан қорғау шаралары (экрандау, ауа - су себезгілеу және тағы басқа) қолданады.
87. Өндірістік ғимараттардағы тұрақты жұмыс орындары мен өндірістік аймақтарда және кәсіпорын аумағындағы технологиялық процестерді іске асыру барысындағы шу және жабдық жұмысы (электр қозғалтқыштар, желдеткіштер, машиналар және тағы басқа) тудырған діріл 12.1.003-83 МСТ «Шу. Жалпы қауіпсіздік талаптарына», 12.1.012-90 МСТ «Діріл қауіпсіздігі. Жалпы талаптарына» сәйкес болады.
Қол машиналары үшін діріл деңгейі 17770-86 МСТ «Қол машиналар. Діріл мінездемеге талаптардың» белгілеген нормалардан аспайды.
88. Қауіптілігі жоғары орындарда, сондай-ақ қауіптілігі жоғары жабдықтар мен механизмдердің жанында ескерту плакаттары ілінеді, қауіпсіздік белгілері орнатылады немесе дыбыстық (жарықтық) дабылдау жасалынады.
Ескерту плакаттары кезеңдеп жаңартылып, ал дабылдау тексеріліп отырылады.
89. Өндірістік жабдықтарды басқару органдары 12.4.040-78 МСТ «Өндірістік жабдықтарды басқару органдарының символдарының» талаптарына сәйкес болады.
Жұмыстарды отырып орындау жағдайындағы жұмыс орындарына эргономикалық талаптар 12.2.032-78 МСТ «Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар системасы. Отырып жұмыс істегендегі жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптар», тұру жағдайында - 12.2.033-78 МСТ «Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар системасы. Тұрып жұмыс істегендегі жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптарына» сәйкес болады.
90. Бірге орындала алмайтын операцияларға қызмет көрсетуді басқару механизмдері олардың бір уақытта қосылуын болдырмайтындай блокталады. Басқару иінтіректері мен қолсаптары олардың өздігінен немесе кездейсоқ қосылуын болдырмайтындай бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |