Пму ұС 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі



Дата29.06.2016
өлшемі333.96 Kb.
#165028

Әдістемелік нұсқау





Нысан

ПМУ ҰС 7.18.2/05





Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы


050607-Биология мамандығы студенттеріне арналған

Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРдЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРы


Павлодар



Әдістемелік нұсқаудың бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС 7.18.1/05



«БЕКІТЕМІН»

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің деканы

_______________ Қ.Қ. Ахметов

“____”_____________200_ж.



Құрастырушы: аға оқытушы Нұрғожин Р.Ж. _________



Биология және экология кафедрасы




Зертханалық сабақтардың әдістемелік нұсқаулары




Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша

050607 Биология мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған


Кафедра мәжілісінде ұсынылды «___» _______200_ж. , № __ хаттамасы

Кафедра меңгерушісі _____________ Ж.М. Исимбеков
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
“___” ______ 200_ж., № ___ хаттамасы


ОӘК төрайымы ______________ Ұ.Д. Бүркітбаева

1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


ТАҚЫРЫБЫ: ҚОЗҒЫШ ТКАНЬДЕРДІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Жануарлардың барлык. ұлпалары тітіркендіргіштерге белгілі бір әрекетпен жауап береді. Тітіркендіруден кейін ұлпаларда ерекше белсенділік байқалып, олардыц өздеріие ғана тән қызметтер атқарылады (мысалы, нерв талшықтарында импульстер пайда болады, бездер сөл бөледі, ет жиырылады). Әр турлі әсердін салдарынан тек ұлпаның өзіне ғана тән әрекетпен бейнеленетін күрделі физиологиялық процесті қозу деп атайды. Нерв және ет ұлпаларынын, қасиеттерін зерттеуге арналған тәжірибелердің көпшілігі бақаның артқы аяқтарынан дайьшдалған нерв - ет препаратымен жүргізіледі. Негізінен бұл препарат организмнен жекеленген шонданай нерві мен балтыр етінің жалғасынан тұрады Препараттың тіршілік қасиеттерін сақтау үшін оньң суық қанды жануарларға арналған Рингер ерітіндісімеи ылғалдап отыру керек.



Жұмыстың мақсат:. Ет тадшықтарының физиологиялық қасиеттерін зерттеу, нерв-ет перпаратын дайыпдау әдісін меңгеру.

Қеректі заттар жен құралдар:, Бақа, хирургиялық кұралдар, штатив, миограф, электрқуаттандырғыш, ки­мограф, физиологиялық ерітінді.

НЕРВ-ЕТ ПРЕПАРАТЫН ДАЙЫНДАУ

Шонданай нерві мен балтыр етінен тұратын препа­рат дайындау үшін бақамың жұлынын бұзып, қимылсыздандырады. Содан соң бақаның артқы аяқтарынан денесін темен салбырата кетереді. Осы кезде жамбас сүйегі жақсы байқалып, дене тік бұрыш жасай иіледі (1-сурет). Қайшымен шондандай төмпегінен 1 см алшағырақ жерден омыртқаны қиып жібереді де (1), бақанын, бауыр жағындағы терісін және онымен коса ішінде орналасқан мүшелерді қырқып тастайды. Сол колға пинцет алып, онымен бақаның сан жағында кал­ған омыртқаларды қыса ұстайды да, дәке қиындысы арқылы оң қолмен терінің ұшынан тартып, оны бақаның аяғынан сыпырып алады (2). Енді пинцетпен омыртқаны артқы аяқтары тік бұрыш жасай салбырайтындай етіп қыса ұстайды да, кұйымшақ сүйегінің ұшыи қайшымен қырқып алады (3). Препаратты арнаулы тактайдың үстіне арқа жағын темен карата салады да, пинцет пен қайшыны пайдалана отырып, ішкі мүшелердің қалдықтарын сылып тастайды. Осыдан кейін омыртқаның оң және сол жағынан үш тармақпен басталатын шонданай нерві анық көрінеді.



Препараттағы омыртқаны, бақанын, бөксесін қайшымен ортасынан қақ айырып (4), артқы аяқтарды ажыратады. Бір аяқты Рингер ерітіндісімен дымқылданған дәкеге орап тастайды да, екінші аяқпен әрі ка­рай жұмысты жалғастырады (5). Пинцетпен омыртқа жарқыншағынан қыса көтеріп, шонданай нервін қоршаған тканьдерден кішкене қайшы көмегімен жамбас - ортан жілік буынына дейін ажыратады. Препараттын, сырт жағын жоғары қаратып көтерсе - жарты жарғақты, екі және үш басты еттер көрінеді. Екі басты ет пен жарғақты еттердің арасындағы фасцияны арнаулы ілгекпен көтеріп, тізе буынына дейін қоршаған тканьдер­ден ажыратады. Ортан жіліктен барлық еттерді сылып тастап, оның басыи жамбастан бөледі. Енді нерв - ет препараты дайын, оны Рингер ерітіндісі құйылған шыны ыдысқа салып қояды.
МИОГРАФИЯ. БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ

ЖЕКЕШЕ ЖӘНЕ ТЕТАНУС (СІРЕСПЕ) ЖИЫРЫЛУЛАРЫН ЖАЗУ

Жүмыстың барысы: Дайындалған нерв -ет препаратып миографқа бекітеді. а) Еттің дара жиырылуын бақылау үшін - кимографты тез айналатын жылдамдыққа қойып, шонданай нервін секундына 5-6 рет жиілікпен тітіркендіреді. Тісті тетанусты бақыдау үшін бұлшық етті секундына 15—20 рет жиілікпен тітіркендіреді, ал тегіс тетанус алу үшін бұлшық етті секундына 25 реттен көп жиілікпен тітіркендіру керек.

Алынған қисық сызықтарға (36-сурет) талдау жасап, миограмманың бейнесін түсіріп алады. Тітіркендіру жиілігіне байланысты еттің жиырылу сипатының өзгеру себебін анықтайды.



Бақылау сұрақтары

  1. Ет талшықтарының құрылысы мен физіюлогиялық қасиеттері.

  2. Бұлшық еттердің жиырылуының түрлері.

  3. Бұлшық еттің жекеше жиырылуынын, кезеңдері.

  4. Тетанус дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

  5. Бұлшык еттердің жиырылуын қамтамасыз ететін химиялык процестер.

  6. Бұлшық еттердің жиырылуы мен босаңсуының механизмі.

  7. Бұлшық еттің қажуы.

2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы
Жүйке жүйесі ағзада өте күрделі роль атқарады. Ол қоршаған орта мен ағза арасындағы қарым-қатыныасты реттеп отырады. Орталық жүйке жүйесінің ең басты қызметі рефлекс түрінде атқарылады. Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркенулерге беретін күрделі жауабы. Әрбір рефлекстің өзіне тәне рефлекторлық доғасы болады.

Рефлекторлық доға дегеніміз тітіркеністің (импульстің) жүретін жолы.



Жұмыстың мақсат: Рефлекторлық доғаға талдау жасап, рефлекс уақытын анықтау. Жұлын рефлекстерін зерттеу және олардың рецептивтік алаңдарын анықтау.

Қеректі заттар жен құралдар, Бақа, щтатив, инелер, 0,1%, 0,5%, 1,0%-ті Н2О4, стақандар, фильтр, қағазы, метроном, қайшы.

Жұлын рефлекстерін зерттеу, олардың рецептивтік алаңдарын анықтау.

Жұмыстың барысы:Миы алынып тасталған бақаны инемен штативке іледі.

3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


ҚАН МЕН ЛИМФАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Қан дегеніміз организмнің сұйық ткані. Қан, лимфа және ұлпа сұйығы организмнің ішкі ортасын қүрайды. Бүл орта күрамының физикалық және биологиялық қасиеттері динамикалық тұрақтылығымен (гомеостаз) белгілі. Қан екі бөліктен құралады: біріншісі — қан сұйықтығы — плазма, екіншісі — қанның клеткалық элемент-тері: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. Қан плазмасында 8—10% белок (альбуминдер, глобулиндер, фибриноген), қалдық азот (0,02—0,03%), глюкоза 40— 60 мг), майлар (0,15%), минералды элементтер (0,9% кездеседі, оның 0,6%-іп ас тұзы құрайды), гормондар, витаминдер, ферменттер және антиденелер болады.

Қан тасымалдау, қорғаныш, жылуды реттеу, корре-лятивтік және басқа қызмет атқарады.

Жұмыстың мақсаты. Ерітінділер дайьшдау әдісін мецгёру, олардың химиялық құрамып зерттеу және изотониялық, гипотониялық, гипертониялық ерітінділердің эритроциттерге тигізетін әсерін зерттеу.

Керекті заттар мен қуралдар. Микроскоп, пипеткалар, төсеніш және жапқыш шынылар, өлшегіш цилиндр, таразы, әр түрлі салмақты гирьлер, шыны стакандар, фибринсізденген қан, дистильденген су және NaCl, СаС12, КCl, NaHC03

Жұмыстың барысы:

1. Физиологиялық (изотониялық) ерітінді дайындау:

Дистильденген су (Н20) — 100 мл;
NaCl — 900 мг.

2. Жылы қанды малға арналған Рингер ерітіндісін дайындау:

Н20 — 100 мл;

NaCl — 900 мг;

СаС12 — 20 мг;

KC1 — 20 мг;

NaHC03 — 20 мг.

3. Гипотониялық ерітінді дайындау:

Н20 — 100 мл;

NaCl — 300 мг.

4. Гипертониялық ерітінді дайындау:

Н20 — 100 мл;

NaCl — 5 г.
Төсеніш шыныға бір тамшы қан тамызып, оны жап-қыш шынымен жабады да, микроскопией қарайды. Эритроциттердің мөлшеріне көңіл аудару керек. Жапкыш шынының -шетін көтеріп, бір тамшы гипотониялық ерітінді тамызған соң, микроскоптың үлкен ұлғайтқы-шымен тамшыны қайта қарайды. Эритроциттер ісінеді де, жарыла бастайды. Тәжірибені гипертониялық және изотониялық ерітінділермен қайталайды.

Тәжірибе нәтижелерін салыстырып қорытынды жасау керек.


ҚАННЫҢ ФИЗИҚАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Қанда сүйық ортаға тән көптеген физикалық және химиялық қасиеттер бар. Физикалық қасиеттерге тұтқырлық, тығыздық, беттік керіліс, химиялық касиеттерге — қанның әрекетшіл ортасы (рН), буферлік қасиет-тері, т. с. с. жатады.



Жүмыстың мақсаты. Қанның физикалық және хи-миялық қасиеттерімен танысу және оларды анықтау әдістерін меңгеру.
Бақылау сұрақтары

  1. Қан және оның құрамы.

  2. Қан плазмасының химиялық құрамы. Қан сарысуы деген не?

  3. Канның осмостық және онкостық қысымы дегеніміз не?

  4. Изо-, гипо- және гипертониялық ерітінділер дегеніміз не?

  5. Қаннын, осмостық қысымының деңгейі қалай реттеледі?



ҚАННЫҢ, ПЛАЗМАНЫҢ ЖӘНЕ ҚАН САРЫСУЫНЫҢ ТҰТҚЫРЛЫҒЫН АНЫҚТАУ

Қаниың тұтқырлығы оның құрамындағы бір-бірімен жалғасқан белоктар, тұздар, қан клеткалары және бас­ка заттарға байланысты. Қанның тұтқырлығы қан та-мырларындағы қанның ағу жылдамдығына эсер етеді. Қанның, плазманыц жоне қан сарысуының түтқырлы-ғын судың түтқырлығымен салыстыра отырып анық-тайды.



Қеректі заттар мен құралдар. Қан алатын мал, қан алуға арналғап инелер, тұтқырлық өлшегіш, оксалатты немесе цитратты қан, дистильденген су, плазма, кап са­рысуы, спирт, эфир, 5%-ті йод ерітіндісі, мақта.

Жүмыстың барысы. Тұтқырлық өлшеуіш аспаптын. біріпші капиллярына алдын ала шүмегін ашып, «О» де-ген белгіге дейіп дистильденгеп суды сорып алады да, шүмекті жабады. Екінші капиллярға (сол жақтағы) ре-зецке тутігі арқылы пөлге дейіп сағат шынысыпан цит­ратты кан сорып алынады. Содап кейін шүмекті ашып, капиллярлардағы ауаны сорады, оларда ваккум иайда болып, сүйыктар төмен қарай жылжиды. Қанның дең-гейі «І»-ге жеткен кезде, ауа соруды тоқтатады. Осы кезде су капиллярдың қанша бөлігін өткенін белгілеп, сол бойынша қанныц түтқырлыгын анықтайды. Соңынан капиллярларды жуып кептіреді де, жоғарыдағы тәртіп-пен плазма меп қанның сарысуыпың түтқырлығын аиықтайды.
ҚАН ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ

Қеректі заттар мен құралдар. Қан алатын мал, қан алуға арналған инелер, 5%-ті натрий цитратының ері-тіндісі немесе гепарин, бензол, хлороформ, тығыздығы 1,050—1,060 CuS04 ерітіндісі, 100 миллилитрлік цилиндр-лер, пипетка, спирт, эфир, мақта.

Жүмыстың барысы. Қанның, плазманың және қан сарысуыныд тығыздықтарын түрлі әдістермен анықтау-ға болады.

1. Косяков әдісі бойынша қан тығыздығын анықтау үшін негізгі CuS04 ерітіндісін даярлау керек. Бұл үшін, 340 г химиялық таза CuS04 5H20 1,6 л дистильденген суда ерітіп, оның жалпы көлемін өлшем колбасында 2 л-ге жеткізеді. Дайын болған ерітіндіге ареометр са-лып, оның тығыздығы 1,10-ға тең болғанша су қосады. Осы ерітіндіден тығыздықтары 1,050-ден 1,060-қа дейін жететін түрлі тығыздықты ерітінділер дайындалады. Тығыздығы 1,050-ге тең CuS04 ерітіндісін дайындау үшін 100 мл цилиидрге 49 мл негізгі ерітінді құйып, оған 51 мл дистильденген су қосады. Осы ретпен басқа ерітінділер дайындалады (негізгі ерітіндіні 1 мл көбей-тіп', оған дистильденген суды 1 мл аз қосады). Оларды дайындау үшін 100 мл-ге цилиндрлердің 11-і қажет.

Тығыздықтары әр түрлі CuS04 ерітінділеріне бір там-шыдан цитратты қанды қосады. Тамшы ерітінділердің бірініц ортасында біраз уақыт тоқтайтын болса, онда қанның тығыздығы осы ерітіндінің тығыздығымен бір-дей болғаны. Егер тамшы тоқтаусыз тез ыдыс тубіне батса, онда бұл қанның тығыздығы ерітіндіден жоғары, ал егер тамшы ерітіпді бетінде қалса онда — темен бол­таны.

2. Тығыздықты ареометрдің көмегімен анықтау ушін 2 бөлігі хлороформнан, 5,5 бөлігі бензолдан тұратын коспа дайындайды. Қоспаның тығыздығы шамамеи 1,05—1,055-ке тең болуы керек. 100 мл-лік шыны ци-линдрге 70—80 мл қоспа құйып, пипеткамен бір тамшы қан тамызады да, оның қозғалысын бақылайды. Егер тамшы батып кетсе, онда хлороформ, ал батпаеа — бен­зол қосады. Мұны тамшы қоспаның ортасында тұрғанға дейін жасайды. Содан кейін қоспаның тығыздығыи арео­метрией апықтайды.


ҚАН САРЫСУЫНЫҢ БУФЕРЛІК КАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

Ұлпа құрамындағы қышқылдық және сілтілік эле-менттердін, өзгергіштіктеріне қарамастан, мал организ-міндегі әрекетшіл орта (рН) тұрақты болады. Канға тон әлсіз сілтілік реакция көптеген механизм мен бу-ферлік жүйелер арқылы реттеліп отырады.



Керекті заттар мен щүралдар. Қан сарысуы, бюрет-калар, стакандар, кез және елшем пипеткалары, ионо-метр, 0,1 н. НСІ ерітіндісі, 0,1 н. NaOH ерітіндісі, инди-каторлар—0,1%-ті метилоранж, 1%-ті фенолфталеин, дистильденген су, мақта, дәке.

Жүмыстың барысы:

  1. Сілтілік буферді екі параллель улгіде анықтайды. Біріиші стақанға (бакылау үлгісі) 10 мл дистильденген су, екіншісіне—10 мл дистильденген су және 1 мл тек-серілетіп қан сарысуын құяды. Эр үлгіге 2 тамшыдан метилоранж индикаторын қосып, оларды 0,1 н. НСІ ері-тіндісімен ақшыл-қызыл туе пайда болғанға дейім титр-лейді. Титрлеуге кеткен ерітінді мөлшеріп анықтап (қан сарысуы мен суға), оларды салыстырады.

  2. Қышқылдық буферді анықтауда да бақылау (са-лыстыру) үлгісін пайдаланады. Бұл үшін бірінші ста-қаига 10 мл дистильденген су (салыстыру), екішніге — 10 мл дистильденген су және 1 мл қан сарысуын (тәжі-рибе) құяды. Әрбір стақанға 2 тамшыдан фенолфталеин индикаторын қосып, оларды 0,1 н. NaOH ерітіндісімеп кызыл түс пайда болғанға дейін титрлейді. Екі үлгіні титрлеуге кеткен ерітінді мөлшерлерін жеке-жеке апық-тап, салыстырады.

  3. Ионометрдің көмегімен қан сарысуының рН-ыи анықтау. Аспаптын, жұмыс істеу принципі электр тізбе-гіндегі электродтарда қозғағыш күштердін, өзгеруіне негізделген. Қан сарысуы рН-ының керсеткіші аспаптың магнит электрлік жүйесіне тіркеледі. Шыны стакандағы кан сарысуына ионометрдіц электродтарын батырады. Бұл кезде аспап тілі ауытқып, шкаладағы рН-тың мөл-шеріи көрсетеді.

Бақылау сұрақтары

  1. Қанның физикалық қайиеттері.

  2. Буферлік жуйе дегеніміз не, оныд мақызы қандай?

  3. Ацидоз және оның түрлері.

  4. Алкалоз және оның түрлері.



Жануарлар қанының сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшеріне шаққандағы ақуыздардың мөлшері (%)


Жануар түрі

Альбуминдер

Глобулиндер

α

β

γ

Жылқы

32,4

17,0

23,0

27,6

Ірі қара мал

40-48

12-20

16-21

20-30

Қой

39-43

18-22

35-30

10-15

Шошқа

39-49

15-24

10-18

15-30


Қан плазмасының минералды құрамы


Плазманың 1000г

Үй қояны

Шошқа

Жылқы

Сиыр

Ит

Мысық

Су

925,60

917,61

902,05

943,64

923,98

926,93

Натрий

3,292

3,150

3,286

3,195

3,159

3,289

Калий

0,215

0,224

0,218

0,212

0,188

0,217

Кальций

0,085

0,087

0,079

0,085

0,081

0,079

Магний

0,025

0,025

0,027

0,027

0,024

0,026

Хлор

3,883

3,627

3,726

3,690

4,023

4,170

Бейорганикалық фосфат

0,085

0,070

0,095

0,113

0,106

0,094

Қан құрамындағы гемоглобин


Жануар түрі

Сали бойынша (%)

Ауытқу

Қанның 100 мл (%) гемоглобинның

саны

Жылқы

80

50-110

13,6

ІҚМ

65

56-74

11,0

Қой

68

54-80

11,6

Шошқа

60

51-69

10,6

Ешкі

63

45-81

10,7

Ит

80

65-95

13,7

Мысық

65

47-83

11,0

Үй қояны

69

51-87

11,7

4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ. ТЫНЫС АЛУ ЫРҒАҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ЖҮЙКЕЛІК АППАРАТ.
Тыныс алу дегеніміз организмнің оттегін пайдала-нып, көмір қышқыл газын шығаруы. Сүт қоректі жан-уарларда тыныс алу процесі арнайы мүшелер (танау, көмекей, кеңірдек, бронх тарамдары және өкпе) арқы-лы жүреді.

Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда тыныс алу процесі мына төмендегідей сатыға бөлінеді:



  1. сыртқы орта мен өкпе альвеолары арасындағы газдардың алмасуы — сыртқы тыныс;

  2. өкпе альвеолары мен қанның арасындағы газ ал-масу, немесе газдардың өкпедегі диффузиясы;

  3. қанның газдарды тасымалдауы;

  4. қан мен клеткалар арасындағы газдардың алма­суы — ішкі тыныс;

  5. клеткалардың оттегін пайдаланып, көмір қыш-қыл газын бөлуі.

Тыныс алу — дем алу (инспирация) мен дем шығару (экспирация) процестерінен құралған. Дем алу мен дем шығару процестері арнайы инспираторлық (сыртқы қа-бырға аралық, қабырға көтергіш, дорсальді тісті инс­пиратор (дем алғыш), сатылы қабырға үсті еттері, диа­фрагма) және экспираторлық (ішкі қабырға аралық, дорсальді тісті экспиратор (дем шығарғыш), тура және қиғаш құрсақ еттері, диафрагма) еттердің қызметінің арқасында жүреді. Ал өкпе мен ұлпаларда газ алмасу процесі газдардың үлес қысымының айырмасына бай-ланысты; газ қысымы көп жақтан қысымы аз жаққа өтеді.

Жұмыстың мақсаты. Тыныс алу механизміндегі диа-фрагманыц ролін көрсету, пневмография әдісімен та-нысу және тыныс алу процесінде жыбырлағыш эпите-лидің атқаратын ролімен танысу. Өкпенің тіршілік кө-лемін анықтау әдісімен танысу, тыныс алудың гуморал-дық жолмен реттелуін бақылау.

Қеректі заттар мен құралдар. Дондерс схем асы, пневмограф, төсеніш шыны, үгітілген графит, бақа, спирометр, мақта, спирт.

Жүмыстың барысы:

1. Тыныс алу механизмі (Дондерс схемасын көрсету).

2. Жыбырлағыш эпителийдегі құбылысты бақылау.
Жүлыны бұзылын қимылсыздандырылған бақаның

құрсақ қуысын ашып өңеші мен ас қарынын бөліп ала-ды. Өцеш пен қарынды ұзына бойына қақ жарып аша-ды да, тығынды пластинканың үстіне инелердің көме-гімен жая ашады. Өңештің кілегей қабағының жоғарғы жағына графит не көмір үнтағын сеуіп, олардың козға-лысын бақылайды. (Қозғалысты бақылау оңай болу үшін өңештің жанына миллиметрлік қағаз кояды), Өңешті жоғарғы жақтыц кілегей қабағымен ауыстырып тәжірибені қайталайды. Байқалған қүбылысты түсін-діріңіз.

3. Спирометрдің көмегімен өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау. Өкпенің тіршілік сыйьшдылығын
анықтау үшін спирометрді жұмысқа дайындау керек. Аппараттың арнаулы түтікшесін спирттелген мақтамен
сүрткеннен кейін, тексерілетін студент танауын арнаулы қысқышпен қысып қояды да, барынша терең дем
алып, барлық демін спирометр түтікшесі арқылы шығарады. Спирометрдің ішкі цилиндрінің көтерілу деңгейіне қарап аппараттың арнаулы белгілері бойынша өкпенің тіршілік сыйымдылығьш анықтайды. Орта көрсеткішті шығару үшін тәжірибені үш рет қайталайды.

Тыныс ауасының мөлшерін анықтау үшін калыпты жағдайда дем алып, демді спирометрге шығарады. Бүл тәжірибені де үш рет қайталап орташа көрсеткішті

анықтайды.

Қосымша (үстеме) ауа мөлшерін анықтау үшін спи-рометрдің ішкі целиндрінің тығынын ашып, оны жоғары көтереді де, спирометр цилиндрін атмосфералық ауамен толтырады. Студент танауын қысқышпен қысып қойып, қалыпты жағдайдағыдай дем алады да, түтікшені ау-зына алып, дем алуды спирометр арқылы жалғастыра-ды. Спирометрдің алғашқы көрсеткіші мен дем алған-нан кейінгі көрсеткіштерінін айырмасы қосымша ауа-ның мөлшерін көрсетеді.

Қордағы ауаның мөлшерін анықтау үшін тексеріле-тін студент танауын қысып, қалыпты жағдайдағыдай дем шығарады да, түтікшені аузына алып, қалған де-мін барлық мүмкіндігінше спирометрге шығарады. Спирометр көрсеткіші арқылы деммен шықкан ауаның мөлшерін анықтайды.

Жоғарыда баяндалып өткен кейінгі үш тәжірибенің көрсеткіштерін қосып, оны алғашқы анықтаған өкпенін, тіршілік сыйымдылығымен салыстырады. Егер керсет-кіштер айырмашылығы 10%-тен көп болса зерттеуді қайталайды.


ТЫНЫС АЛУ ХИМИЗМІ

Қанда негізінен азот, оттегі, көмір қышқыл газы кездеседі. Азоттын, мөлшері артерия қанында да, вена қанында да, бір деңгейде сақталады, ол организмдегі алмасу процесіне қатыспайды. Оттегі артерия қанын-да--18 колем процент, ал вена қанында—12 келем процент болады. Дененің қалыпты температурасы жағ-дайында альвеола ауасында оттегінің үлес қысымы с. б. 107 мм тең болса, 100 г қан 0,31 мл оттегі газын ері-те алады. Демек, организмге қажетті оттегі газының тек қана^ 0,3 проценті қан арқылы физиологиялық ері-тінді күйінде тасымалданып, негізгі бөлігі эритроциттердің құрамындағы гемоглобинмен химиялық қосылыс түрінде тасымалданады.

Көмір қышқыл газы оттегімен салыстырғанда жақ-сырақ ериді, сондықтан онын. организмдегі жалпы мөл-шерінің 2,7% ерітінді түрінде тасымалдаиып, ал негізгі бөлігі — ерімейтін химиялық байланыстар түрінде та­сымалданады.

Атмосфералық ауаның құрамындағы барлық газдар организмде газ алмасу процесіне қатыспайды. Мұның себебі, организм клеткаларыньщ өзіне керекті газдарды таңдап алуында және газ алмасу процесінің физика заңдылықтарына сәйкес жүруінде. Организмде газ ал­масу газдардыц үлес (парциальды) қысымының айыр-масына сәйкес жүреді: газдар үлес қысымы жоғары жақтан үлес қысымы төмен жаққа ауысады.



Керекті заттар мен қүралдар. Кипп аппараты, НСІ-ерітіндісі, бор, ерітілген парафин, мақта, спирт, пинцет, қайшы, бақа, жіп, пипетка.

Жұмыстың мақсаты. Қипп аппаратында газдардың өкпе ұлпаларынан үлес қысымының айырмасына сәйкес өтуін бақылау.

Жүмыстың барысы. Бақаньщ көкірек қуысын ашқан-нан соң, дыбыс (тыныс) санлауы арқылы пипеткамен өкпеге ауа үрлейді де, оньщ кеңірдекпен жалғасқан же-рінен жіппен қысып байлап өкпені кесіп алады. Ауамен толы жекеленген өкпені шыны банкаға салып онын. қақ-пағын тығыздап жабады да, ауа шықпайтындай етіп парафинмен бітейді. Банканы арнаулы түтікше арқылы алдын ала түз қышқылы қүйылып, мрамор (немесе бор) салынған Кипп аппаратымен жалғастырады. Аппаратта бөлінген көмір қышқыл газы банкаға жиналып, онын үлес қысымы көбейеді. Сол себепті көмір қышқыл газы банкадағы ауадан альвеолдарға өтеді де, өкпе керіліп, кей жағдайда жарылып та кетеді.

ТЫНЫС АЛҒАН ЖӘНЕ ДЕММЕН ШЫҚҚАН АУАДАҒЫ КӨМІР ҚЫШҚЫЛ ГАЗЫН АНЫҚТАУ

Тыныс ауасында 20,95% оттегі, 0,003% көмір қыш-кыл газы, 79,02% азот және инертті газдар болады. Ор-ганизмдегі газ алмасудың салдарынан деммен шыққан ауа қүрамында оттегінің мелшері төмендеп (17%), кө-мір қышқыл газының концентрациясы жоғарлайды (4%) да, азот пен инертті газдардың мелшері өзгермей-ді. Ауа қүрамындағы көмір қышқыл газды оны сіңіріп, ерімейтін тұзға айналдыратын барит суының (Ва(ОН)2) жәрдемімен анықтауға болады.



Жұмыстың мақсаты. Сапалы реакцияны пайдала-нып, деммен шыққан ауа құрамында көмір қышқыл газдың өскенін дәлелдеу.

Керекті заттар мен құралдар. Мюллер аспабы (23-сурет), майда лабораториялық жануарларға арналған қондырғы (24-сурет), барит суы, спирт, мақта, бақа, ақ тышқан.

Жүмыстың барысы. Мюллер аспабы аузы тығынмен жабылған екі пробиркадан тұрады. Әр пробиркаға ты-ғын арқылы екі шыны түтік жіберілген: оның бірі кис­ка, екіншісі пробирка түбіне дейін жетіп тұрады. Про-биркалардағы бір қысқа және бір ұзын түтік резеңке түтікшемелермен үштармақ арқылы арнаулы мундуш-тукпен жалғасқан. Пробиркаларға үзын түтікшелер батып түратындай етіп барит суын құяды. Мундуштук арқылы тыныс алып, дем шығарғанда, ауа бір пробир­ка арқылы сорылып, екінші пробирка арқылы шығып отырады. Барит суының ылайлану дәрежесіне қарап көмір қышқыл газдың мелшері көп ауаны аныктайды.

Осы мақсатта тәжірибені лабораториялық жануар-ларға да жүргізуге болады. Ол үшін 24-суретте көрсе-тілген қондырғының төменгі бөлігіне барит суын құйып, жоғарғы бөлігіне зерттелетін жануарды отырғызады. Организмнен бөлінген көмір қышқыл газын барит суы сіңіреді де, ерімейтін тұздың пайда болуы нәтижесінде ол ылайланады.



Бақылау сұрақтары

  1. Тыныс алу дегеніміз не? Тыныс алу фазалары мен сатылары.

  2. Тьушс жолдарынық физиологиялық мақызы.

  3. Өкпенін, тіршілік және жалпы сыйымдылығы.

  4. Дем алған, деммен шыққан және альвеольдық ауанық құрамы.

  5. Өкпе мен ұлпалардағы газ алмасу.


ТЫНЫС АЛУ ПРОЦЕСІНЕ НЕРВ ЖҮЙЕСІ МЕН ГУМОРАЛЬДЫ

ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Тыныс алу процесі организмнің физологиялық кү-йіне, сыртқы орта жағдайларына қарай өзгеріп отыра-ды. Тыныс алу органдары қызметі мен организм мұқ-таждығы арасындағы сәйкестік нервті-гуморальды рет-теу механизмі арқылы қалыптасады. Тыныс реттеуде кезеген нерв маңызды роль атқарады. Тыныс алып, өк-пе керілген кезде, кезеген нерв ұштары тітіркенеді де, қозу толқыны тыныс орталығьша бағытталады. Орта-лықтын. әрекетімен тыныс алу еттері босап, дем шыға-рылады. Дем шыққан кезде өкпедегі қысымның төмен-деуі жайлы импульстер тағы да кезегеп нерв арқылы сопақша мидағы тыныс орталығыпа бағытталады. Осы-ның нәтижесінде тыныс алу еттерінің тонусы жоғары-лап, көкірек қуысы кеңейеді де, тыныс алу процесі бас-талады. Осылай тыныс алу процесі өздігінен реттеліп отырады.

Тыныс алу жиілігі, тыныстың тереңдігі әртүрлі ре-цепторлардың тітіркенуінің нәтижесінде рефлекторлы түрде өзгеріп отырады. Мысалы, тыныс жолдарын әр-түрлі иісті заттармен тітіркендіргенде рефлекторлы түрде тыныс тоқтап, ауа тамырлары тарылады. Бүл өз-герістер кездейсоқ әсерлердің сезімтал нерв ұштарын тітіркендіруінің нәтижесінде пайда болған тітіркеніс-тердің нерв орталығына бағытталып, оның тыныс алу процесін тежеуі салдарынан туындайды. Рефлекстер-дің бұл тобына тыныс жолдарына сұйык немесе қатты заттардың түсуіне байланысты туындайтын жөтелу, түшкіру рефлекстері де жатады.

Жүмыстың мақсаты. Әртүрлі механикалық және химиялық тітіркендіргіштердің тыныстық рефлекстердің туындауына әсерін бақылау, кезеген нервтің тыныс-ты реттеудегі маңызын зерттеу.

Керекті жабдықтар мен құралдар. Қоян, пневмограф кимограф, хирургиялық аспаптар, операция жасайтын тақтай, электростимулятор, пипетка, мүсәтір спирті (аммиактың 10%-тік ертіндісі), гексиналдың 5%-тік ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, мақта, тампон.



Жұмыстың барысы. Тыныс қозғалыстарының реф-лекторлы өзгеруін бақылау. Малдың (қоянның) тыныс алу қозғалыстарын пневмограф көмегімен жаза отырып, оның танауына мүсәтір спиртімен ылғалданған мақта-ны тосады. Дем шығару сатысында тыныстын. 15—20 секундқа тоқтап қалатынын бакылайды. Тәжірибені бірнеше рет қайталайды. Осыдан кейін қоянның мұрын қуысына 2%-тік новакаин ерітіндісінің 5—10 тамшысын тамызады да, бірнеше минуттан соң мүсәтір спиртімен тәжірибені қайталайды. Енді коянның тынысы тоқта-майды. Оның себебі новакайнның әсерінен тітіркеністі тыныс жолдарынан тыныс орталығына жеткізетін иістік, үшкүл, жоғары көмекейлік және тіл-жұтқыншақ нерв-терінің сезімталдығы жойылады.

Тынысты реттеуде кезеген нервтің рөлін зерттеу. Қоянға тірі массасының әрбір килограмына 3 мг 5%-тік гексенал ерітіндісін қүйып, наркоз береді, де, кезеген нервті жалаңаштап, қиып жібереді. Осыдан кейін ты­ныс сиреп, тереңдейді жәнеде тыныс алу сатысында аялдап отырады. Бүл тыныс орталығына альвеолдар-дың керілгені жайлы импульстердің жеткізілмеуі сал-дарынан туындайтын қүбылыс. Нервтің орталыққа ба-ратын ұшын электр тогымен тітіркендіргенде тыныс дем шығару сатысында тоқтайды. Бұл тыныс орталығы-ның өкпе альвсолдары керілген кезде жіберетін импуль-стерінің салдарынан туындайтын жағдай.

Нервтің шеткі — өкпеге баратын ұшын тітіркендірген-де тыныс ырғағы езгермейді, себебі кезеген нерв құра-мында тыныс еттерінің қызметін өзгертетін талшықтар болмайды. Бірақ бұл кезде жүрек жүмысы сирейді.

Тәжірибе нәтижелерін және оның схемасын дәптерге жазып алу керек.



Бакылау сұрактары

  1. Тыныс орталығының функционалдық сипатын баяндаңыз.

  2. Кезеген нервтің тыныс алу процесін реттеудегі мақызы қан-дай?

  3. Жануарларда қандай тыныстық рефлекстер болады?

  4. Көмір қышқыл газы тынысты реттеуде қандай роль аткарады?

5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Организмде заттар мен энергияның алмасуы
Орғанизмнің тіршілік әрекетінің негізінде торша-ларда жүретін тотығу — тотықсыздану процесі жатады. Бұл процесс кезінде сыртқы ортадан тускен оттегі пай-даланылып, көмір қышқыл ғазы тузіледі де, ол сыртқа бөлінеді. Аталған газдардьвд алмасу деңгейі зат алма­су процесіпің қарқынын көрсетеді. Демек, бөлінген кө-мір қышқыл газының мөлшері зат алмасу лроцесінің қарқынының көрсеткіші болып табылады.

Жұмыстың мақсаты. Зат алмасу қарқыныньщ муше-нің қызмет — әрекетіне байланысты езгеретінін көрсету.

Керекті заттар мең қүралдар, Арнаулы қондырғы, бака, хирургиялық аспаптар, барит суы.

Жұмыстың барысы. Тәжірибе жургізу үшін 33-су-ретте көрсетілген арнаулы қондырғыны дайындау керек. Бұл қондырғының негізгі бөлігі сыйымдылығы 200— 250 мл, аузы резеңке тығынмен жабылатьш шыны бан­ка. Тығындағы арнаулы екі тесік арқылы индукциялық аппаратпен (6) жалғасқан екі сым өткізіледі. Осы сымдардың ашық уштарын электрод ретінде пайдаланады. Тығын арқылы иілген екі шыны тутік те өткізіледі. Оның біреуі ұзын больш, банканыя тубіне дейін жетуі керек те, екінші қысқасы — тығынның астында аяқталады. Тығындалған қос шыны сауыт (1,2) П—тәрізді шыны түтікшелер арқылы банкадағы ұзын тутікпен жалғасады. Дәл осьшдай кос сауыт (3,4) банканың қысқа, түтікшесімен байланысады. 4— пробиркадан шыққан ту-тікті су ағынымен жасайтын сорапқа (5) жалғастыра-ды. Банкаға өтетін ауаны көмір қышқыл газдан тазар-ту ушін 1—сауытқа күйдіргіш натрий ерітіндісін кұяды. 2— сауытқа — барит суын кұйып, банкаға өткен ауа құрамында көмір қышқыл газының болмауын ба-кылап отырады. Банкадан сорылған ауа 3 және 4— сауыттардағы барит суы арқылы өтеді.

Жоғарыда көрсетілген принциппен қондырғыны жи-нағаннан кейін, 2, 3, 4—сауыттарға 100 мл барит суын, ал 1—сауытқа дәл сол мөлшерде 40% күйдіргіш нат­рий ерітіндісін құяды.

Осыдан кейін үш-төрт бақаның артқы аяқтарынан нерв — ет препаратын дайындап, оларды үлкен банкаға нервтері электродтармен жанасып жататындай етіп орналастырады. Банкаға сырттаи тығын арқылы ауа кірмеуі керек.

Су ағысты сорапты іске қосқаннан кейін 1 және 2— сауыт арқылы көмір қышқыл газынан тазарған ауа препарат орналасқан банкаға түседі де, одан белінген көмір қышқыл газын ілестіре 3 және 4—сауыт арқылы өтеді. Тәжірибе үстінде канша уақытта 3, 4—сауыттар-дағы барит суының ылайланған уакытын анықтайды.

Тәжірибені 2, 3, 4— сауыттардағы барит суын езгер-тіп, нерв — ет препараттарын индукциялық токпен ті-тіркендіре отырып жалғастырады да, тағы да 3, 4—сауыттардағы барит суының ылайлану уақытын анықтайды. Тыныштық және әрекет жағдайларында 3— сауыт-тағы барит суының ылайлану, уақытын салыстырып, қорытынды жасайды.



Бұлшық ет бөлген көмір қышқыл газды анықтауга арналған қондырғы.


Бақылау сурақтары

  1. Зат алмасу процесініқ мәні мен маңызы. Зат алмасу процесін зерттеу әдістері.

  2. Зат алмасу түрлері.

  3. Зат алмасу процесінің қарқынына эсер ететін себепкер шарт-тар (факторлар).

  4. Тьшыс коэффициенті дегеніміз не, оны анықтаудың қандай маңызы бар?

  5. Көмірсулардың, майлардық, белоктардын, калориялық құндылығы.


Жанама калоримметрия әдісімен организмде энергия алмасуын анықтау
Жануарлардың тіршілік әрекеті кезінде азық кұрамындағы органикалық заттардың химиялық энергиясы жылу энергиясына айналады. Оның мөлшерін организм белгілі бір уакыт ішінде бөлген көмір қышқыл газ бен осы уақыт ішінде ол сіңірген оттегінің мөлшері арқылы анықтайды. Оның себебі 1 л оттегі сіңіргенде, немесе 1 л көмір қышқыл газын бөлгенде организмде белгілі мелшерде жылу түзіледі, оны осы газдардың калория-лык коэффициенті деп атайды. Сондықтан организм бөлген энергия мөлшерін газдардың калориялық коэф­фициенті мен тыныс коэффициента ескере отырып есептеп шығаруға болады.

Жұмыстың мақсаты. Тыныс коэффициента анықтау принципімен танысып, энергияны есептеу әдісін меңгеру.

Қеректі заттар мен құралдар. Малдар, газ сағаты, тыныстық қапқырлар, Дуглас қабы, Холден аппараты.

Жұмыс барысы. Тыныс коэффициента деп белгілі бір уақыт ішінде денеден бөлінген көмір қышқыл газының организм сіңірген оттегіне көлем катынасын айтады. Егер организмде зат алмасу кезінде көмірсулар пайда-ланылса, тыныс коэффициенті 1-ге тең болады. Оны мына формуламен бейнелеуге болады:

С6Н1206 + 602 = 6С02+6Н20

Демек, углеводтар алмасуы кезінде көмірқышқыл газының бір молекуласы түзілу үшін оттегінің бір мо-лекуласы қажет. Авагадро — Жерар заңына сәйкес бір-қалыпты температура мен қысым жағдайында сан жағынан тепе-тең молекулалар бірдей көлемге ие болады. Осыдан углеводтардың алмасуы кезіндегі тыныс коэффициентін мына теңдеумен есептейді:

6С02:602=1

Майлар үшін тыныс коэффициента мына формула­мен есептейді:

C57H110O6 + 81,502 = 57CO2+55H2O

57 СО2:81,5 02 = 0,7

Майдың бір молекуласы тотығу үшін оттегінің 81,5 молекуласы қажет, ал майдыц бір грамм — молекула­сы тотығу үшін 81,5X22,4=1825,6 л оттегі жұмсалады (22,4—бір литрдегі бір грамм — молекуланыц көлемі). Майдыц грамм — молекуласы 890 г тең, сондықтан от-тегінің 1 л 890:1825,6=0,487 г майды тотықтырады. 1 г май тотыққан жағдайда 38,945 кДж немесе 9,3 ккал/1 ккал = 4,1876 кДж; 1 кДж = 0,2388 кал), ал 0,487 г май — 18,551 кДж энергия бөледі.

Қалыпты жағдайда тыныс коэффициенті 0,7—1 ара-лығында болады. Тыныс коэффициенті 0,7 болғанда ор­ганизмде май тотығады да, 1л оттегінің калориялық коэффициент! 18,551 кДж, ал тыныс коэффициент! 1-ге тең болса — ол 21,135 кДж тең болады.

Тыныс коэффициента анықтау мысалы: ат 1 мин 1,5 л оттегін жүтып 1.275 л көмірқышқыл газын белее, онда тыныс коэффициент!—1,275:1,5 = 0,58-ке тең.

Организмнің энергия шығынын анықтау үшін төмен-дегі кесте байынша белгілі бір тыныс коэффициентіне сәйкес келетін 1 л оттегінің немесе кемір қышқыл газ-дыц калориялық коэффициента табады.

1 л оттегі мен көмір қышқыл газдың калориялық коэффициенті тыныс коэффициентінің деңгейіне қарай өзгеріп отырады. Ол организмде тотығатын заттардың табиғатына байланысты.

Организмнің энергия шығынын анықтау үшін алды-мен тыныс коэффициент!!! есептеп шығарады. Содан соң жоғарыдағы кесте бойынша осы тЫныс коэффициентіне сәйкес 1 л оттегі немесе көмір қышқыл газдың кало-риялық коэффициента! табады. Осыдан кейін органи-змнің энергия шығынын анықтау үшін 1 минут ішінде сіңірілген иемесе бөлінген оттегі не көмір қышқыл газ мелшерін газдардыц калориялық коэффициентінің мә-ніне бөледі.

Мысал: тыныс коэффициент! 0,85 жағдайда ат 1 мин 1,5 л оттегі сіңірді дейік. Онда энергия шығыны 20,364x1,5 = 30,546 лДж болғаны. Осы санды 60-қа, 24-ке көбейтіп, малдыц бір сағаттағы және бір тәулік-тегі энергия шығынын есептеп шығаруға болады.

Е с к е р т у: бұл жұмысты орындауға қажет құрал-дар мен аспаптар болмаған жағдайда, мұғалім өз еркі-мен есеп шарттарын дайындап, студенттерге жеке тап-сырма ұйымдастыруға болады.

Бақылау сурақтары



  1. Зат алмасу процесініқ мәні мен маңызы.

  2. Зат алмасу процесін зерттеу әдістері.

  3. Зат алмасу түрлері.

  4. Зат алмасу процесінің қарқынына эсер ететін себепкер шарт-тар (факторлар).

  5. ОрганизмнііН, энергия алмасуын зерттеу әдістері.

  6. Тьшыс коэффициенті дегеніміз не, оны анықтаудың қандай маңызы бар?

  7. Көмірсулардың, майлардық, белоктардын, калориялық құнды-лы-ғы.

6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Асқорыту физиологиясы
Жұмыстың мақсаты. Ac қорыту органдарының қызметін зерттеу әдістерін меңгеріп, жинақталған деректерді талдауға машықтану, пилокорпин мен басқа да симпатотроптық заттардың сілекей бөлу процесіне әсерін зерттеу.

Керекті құралдар мен заттар, аспаптар. Әр түрлі мал, фонендоскоп немесе стетоскоп, плессиметр, пер­куссия балғашығы, секундомер дәке, мақта, спирт, сабын, сүлгі, орамал.

Жұмыстың барысы. 1. Әр түлік малдың азықты қабылдау, су ішу ерекшеліктерін зерттеу. Малды азықтандыру, суару үстінде оның басының қимылдарын бақылап, қабылданған азық үлесін шайнауға жұмсалған уақытты анықтау керек. Азықтын, физикалық күйінің, азық түрінің шайнау мерзіміне әсерін зерттеу қажет. Мал азық жентегін жүтқан кезде оның басынын, жағ-дайына, қимылдарына, көмекей мен жүтқыншақ ма-ңындағы еттердің қозғалыстарына көңіл аударып, бай-қалған құбылыстарды дәптерге жазып қою керек.

  1. Қүйіс кайыру механизмін бақылау. Күйіс малының (ірі қара, қой, ешкі) күйістеу кезінде басының, мой-ныньщ жағдайын, кекірек қуысы мен қүрсағының қи-мылдарын бакылап, әрбір күйістікті, күйсеу ұзақтығын аньщтау керек. Әрбір күйістікте үнтақтауға малдың қанша күйсеу қимылдарын жасайтынын санап, бұл көр-сеткіштің түлік түріне қабылданған азық түріне, мал-дың физиологиялық күйіне байланысты анықтайды. Тәжірибе үстінде бір күйістеу кезінде канша шайнау қимылдары болғанын тіркеп отырады. Күйістеу кезінде малдын, бір минутта және күйістеу кезеңінде қанша күйсеу (шайнау) қимылдарын атқарғанын анықтайды. Малдың күйсеу мерзімінің, кекіру жиілігінің, күйістеу мерзімінін, ұзақтығының қабылданған азык сипатына, малдың жасына, физиологиялық күйіне байланысын анықтайды.

  2. Мес қарын қимылдарын зерттеу. Қарынның жұ-мысын сол жақ аш бүйірді тыңдау арқылы анықтайды, ол үшін малдың бүйірін ақ жабындымен жауып, сол қолды малдың арқасына кояды да, аш бүйірді сол құлакпен тыңдайды. Естілген дыбыстың күшіне, жиілігіне көңіл бөледі. Дәл осындай тәсілмен малдың оң бүйірінен ішек кимылдарын тыңдап, зерттейді.

Бақылау сұрақтары

  1. Әр түлік малдың азық қабылдау ерекшеліктерін баяндаңыз.

  2. Күйістеу кезеңі дегеніміз не, оның қандай маңызы бар?

  3. Күйіс қайыру қалай атқарылады?

  4. Малдың күйістеу мерзіміне, күйсеу ұзақтығына қандай факторлар әсер етеді?


КҮЙІС МАЛДАРЫ ҚАРЫНЫНДАҒЫ АЗЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ

Күйіс малдарының қарыны төрт белімнен құралған; мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар. Осы аталған бөлімдердің тек ұлтабарында ғана сел бөлінеді, сондықтан оны шын қарын деп атайды. Ал қарын-ның басқа бөлімдерінде сел түзілмейді де, ас қорыту микроорганизмдердің әсерімен жүріп, әр түрлі ыдырау өнімдері (ұшпалы май қышқылдары, аммиак, амин қышқылдары т. т.) пайда болады.



Жұмыстың мақсаты. Студенттерді күйіс малдарыньщ қарынындағы ас қорытылу ерекшеліктерімен таныстыру. Мес қарындағы ас қорыту процесінде микроорганизмдердің ролін көрсету.

Керекті заттар мен қүралдар. Фистулалы қой, мес қарын жыны, Эйнгорн аппараты, микроскоп, термостат, төсеніш және жапқыш шынылар.

Жұмыстың барысы:

1. Мес қарында газдардың пайда болатындығын дәлелдеу.

Фистула аркылы қарын жьшын алып, оны терт қа-бат дәке арқылы сүзеді де, бөлінген сұйықтың 10 мл Эйнгорн аппаратына құяды. Аппараттың бітеу жағын-дағы ауаны шығарады да, 38—40°С жылылықта тер-мостатқа 1 сағ. қояды. Көрсетілген уақыт еткеннен ке-йін аппараттың бітеу жағында жиналған газ мелшерін (см3) анықтайды. Пайда болған газ мөлшері мес қа-рындағы микроорганизмдердіқ белсенділігін көрсетеді.

7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Бүйректер және баска да сыртқа шығару ағзаларыныц қызметі
Бөлу дегеніміз бүйрек, тері бездері, өкпе, қарын және ішек қызметтерінің арқасында организмнен зат алмасу өнімдерінің шығуы. Организмнен су, көміртек тотықтары, белок алмасуының ақырғы өнімдері (мо­чевина, аллантоин, зәр қышқылы, креатинин және т. б.), май және углеводтардың толық тотықпаған өнімдері (сүт, бета-оксимай, ацетон және т. б.), анорганикалық қосылыстар (хлоридтер, фосфаттар, нитраттар, бикорбонаттар және т. б.), организмге кездейсоқ түскен әр түрлі зиянды заттар үздіксіз бөлініп отырады.

Бөліп шығару процестерінде негізгі рольді бүйрек атқарады. Бүйректегі күрделі сүзілу, қайта сіңіру, кейбір заттардың түр өзгерістері және секреция процестерінің арқасында организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы - гомеостаз, сақталады. Бүйректің күрделі қызметі нәтижесінде зәр пайда болады. Зәрдің мөлшері мен құрамы әр түрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.


ЗӘР БӨЛІНУІНІҢ РЕТТЕЛУІН ЗЕРТТЕУ

Жұмыстың мақсаты, Питуитриннің зәр бөліну про­цессе тигізетін әсерін бақылау.

Питуитрин — гипофиздің (ми асты безі) артқы бөлігінен алынатын препарат, оны дені сау малға еккенде зәр бөліну процесі тежеледі.



Керекті заттар мен құралдар. Қоян, ит, бака, станок, зәр жинайтын воронка, өлшем цилиндрі мен пробиркалар, физиологиялық ерітінді, дистильденген су, стерильденген 1,010 және 20 мл шприцтер, иньекциялық инелер, питуитрин ерітіндісі.

Жұмыстық барысы. Салмақтары өлшенген екі қоянды (бақаны) үлкен шыны воронкаларға жеке-жеке отырғызады. Воронкаларды штативке көтеріп бекітіп, төменгі жағына өлшем цилиндрін қояды. Қояндардың құрсак қуысына шприцпен 20 мл-ден дистильденген су жібереді (бақаларға - 2 мл-ден) де, коянның біреуіне тірі салмағаның әрбір килограмына шаққанда 0,02 бірлік мөлшерде питуитрин егеді. 50—60 минуттан кейін екі қояннан (бақадан) бөлінген зәрдің мөлшерін анық-тап, салыстырады. Питуитрин егілген қояннан зәр екі есе көп бөлінеді.

Бақылау сұрақтары



  1. Бөлу процестеріне қандай мүшелер қатынасады, олардың физиологиялық маңыздары.

  1. Бүйректің атқаратын қызметі кандай?

  2. Нефронның құрылысы.

  3. Бүйректегі қан айналу ерекшеліктері.

  4. Алғашқы зәрдің пайда болу механизмі, оның құрамы.

  5. Ақырғы зәрдін, түзілуі, оның құрамы және тәуліктік мөлшері.

  6. Бүйрек қызметінің нервтік және гуморальды жолмен реттелуі.

  7. Зәр шығару механизмі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет