Пму ұс н 18. 4/17 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Дата17.06.2016
өлшемі291.51 Kb.
#142609

ПМУ ҰС Н 7.18.4/17

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы

Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша

5В060900-География мамандығының студенттері үшін

зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

Павлодар

Пән бағдарламасын ПМУ ҰС Н 7.18.4/17

бекіту парағы

БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_____________Н. Э. Пфейфер

«____»_______________20 ж.

Құрастырушы: аға-оқытушы Ш.К. Какежанова __________

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша

5В060900-География мамандығының студенттері үшін

География және туризм кафедрасы
«__» ______________20 ж., хаттама №__ кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі _____________ Д. Д. Есімова «___»___________20__ ж.

Химиялық технологиялар мен жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды «__» ______________20 ж., хаттама №__

ОӘК төрағасы ____________Ю. М. Каниболоцкая «___»___________20__ ж.
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________Жұманқұлова Е. Н. «___»________20__ ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«____»______________20__ж., хаттама №____

ПМУ ҰС Н 7.18.4/17

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы

Қазақстан географиясы пәні бойынша

5В060900-География мамандығының студенттері үшін

зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

Павлодар

Пән бағдарламасын ПМУ ҰС Н 7.18.4/17

бекіту парағы

БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_____________Н. Э. Пфейфер

«____»_______________20 ж.

Құрастырушы: аға-оқытушы Ш.К. Какежанова __________

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
Қазақстан географиясы пәні бойынша

5В060900-География мамандығының студенттері үшін

География және туризм кафедрасы
«__» ______________20 ж., хаттама №__ кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі _____________ Д. Д. Есімова «___»___________20__ ж.

Химиялық технологиялар мен жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды «__» ______________20 ж., хаттама №__

ОӘК төрағасы ____________Ю. М. Каниболоцкая «___»___________20__ ж.
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________Жұманқұлова Е. Н. «___»________20__ ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«____»______________20__ж., хаттама №____

Андатпа
«Әдістемелік нұқсаулар» Қазақстан географиясы пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Әдістемелік нұсқаулардың негізгі мақсаты студенттерге еліміздің географиялық номеклатурасын тануыды; кескін картасымен жұмыс істеу білуді; ландшафттардың биіктік белдеулерінің құрылымын анықтай білуді; таулы аймақтардың орографиялық және гидрогафиялық жобасын жасауды; ландшафттар түзілуіндегі физикалық-географиялық факторларды айқындауды; әр түрлі аймақтардың табиғат ерекшеліктеріне әдеби және картографиялық материалдар арқылы ол аудандардың физикалық-географиялық сипаттамасын жасауды; географияда математикалық есептеулер жасауды; кешенді физикалық-географиялық кескіндер жасауды; климаттың кейбір көрсеткіштерін анықтауды; әр түрлі тәсілдермен бірнеше географиялық көрсеткіштерді картаға түсіруді жүргізе білуді үйрету болып табылады.

Әдістемелік нұсқауларда 12 тақырып қарастырылып, әрбір тақырыптың басында тапсырмалардың орындалу жолдары көрсетілген. Сонымен қатар ғылыми білімдерін толықтырып қана қоймай, алған білімдерін тәжірибелік мақсатта қолдануға бағытталған.

Әдістелемік нұсқаулар студенттерге, жас мамандарға, университет оқытушыларына және ізденушілерге де қолдануға арналған.

Андатпа
«Әдістемелік нұқсаулар» Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Әдістемелік нұсқаулардың негізгі мақсаты студенттерге еліміздің географиялық номеклатурасын тануыды; кескін картасымен жұмыс істеу білуді; ландшафттардың биіктік белдеулерінің құрылымын анықтай білуді; таулы аймақтардың орографиялық және гидрогафиялық жобасын жасауды; ландшафттар түзілуіндегі физикалық-географиялық факторларды айқындауды; әр түрлі аймақтардың табиғат ерекшеліктеріне әдеби және картографиялық материалдар арқылы ол аудандардың физикалық-географиялық сипаттамасын жасауды; географияда математикалық есептеулер жасауды; кешенді физикалық-географиялық кескіндер жасауды; климаттың кейбір көрсеткіштерін анықтауды; әр түрлі тәсілдермен бірнеше географиялық көрсеткіштерді картаға түсіруді жүргізе білуді үйрету болып табылады.

Әдістемелік нұсқауларда 12 тақырып қарастырылып, әрбір тақырыптың басында тапсырмалардың орындалу жолдары көрсетілген. Сонымен қатар ғылыми білімдерін толықтырып қана қоймай, алған білімдерін тәжірибелік мақсатта қолдануға бағытталған.

Әдістелемік нұсқаулар студенттерге, жас мамандарға, университет оқытушыларына және ізденушілерге де қолдануға арналған.

Арнайы зертханалық аудиторияларда зертханалық жұмыстарды жүргізу барысында сақталатын қауіпсіздік техника ережелері
1 Жұмыс істеу барысында сақталатын қауіпсіздік техникасы:

  • зертханаларда оқытушы немесе лаборант болмағанда, оқытушының рұқсатынсыз белгіленбеген уақытта жұмыс істеуге болмайды;

  • адамның өмірі мен денсаулығына төнген қауіпі, денсаулықтың нашарлауы, ауыр науқастың пайда болуы жөнінде оқытушыны міндетте түрде хабардар ету;

  • құрал-жабдықтар мен аспаптардың жұмысқа жарамдылығын алдын ала анықтау;

  • құрал-жабдықтар мен аспаптардың жұмысқа жарамсыздығы анықталған жағдайда міндетті оқытушыға ескерту және оны жөндегеннен кейін ғана пайдалану;

  • жұмыс орнындағы жарық түсуін қамтамасыз ету;

  • бөлмеде міндетті тазалық сақталуы тиіс, үнемі таза ауа болу керек, жануарлардың (аквариум, құстың торы) орны да таза болғаны міндетті;

  • санитариялық нормалар сақталып, жұмыс істеу және демалу тәртібі орындалу керек;

  • кафедраның әрбір қызметкері өрт сөндіру құралдарының және өртке қарсы су құбырының орналасу орнын білуге міндетті;

  • аудиториялардағы басты кіре берістің алдындағы орнын және қызметкерлерді эвакуациялау жолдарын жабуға болмайды;

  • әрбір қызметкер апатты жағдайлар немесе өрт жағдайында жәрдем эвакуациялау жоспарын білуге тиісті. Эвакуция сызбалары әрбір қабатта ілінеді;

  • аудиторияларда күрт жанатын, күрт жарылатын заттарды, жаңғыш сұйықтықтарды ұстауға болмайды, электр құралдарды, электр аспаптарды қосып қалдыруға болмайды; электр-жылыту аспартарын өртті қадағалау органдарымен келісілмеген жерде пайдалануға болмайды; жұмысқа жарамсыз розеткаларды, жарықтау және қосу қорапшаларын пайдалануға тыйым салынады;

  • аспаптарды, механизмдер мен аппаратаруны қауіпсіз ретімен өшіру қажет, ал егер құралдар үздіксіз жұмыс істейтін болса, оларды басқа кезектегі қызметкерлерге тапсыру міндетті;

  • жұмыс орнын таза күйінде қалдыру;

  • жеке басының гигиенасы мен өндірістік санитария қағидаларын сақтау шарт;

  • жиһазға зақым тиген жағдайда міндетті оқытушыға немесе лаборантқа баяндау тиісті.

2 Денсаулығына зақым тигенде, уланған жағдайда немесе күрт науқастанған жағдайда медициналық көмек көрсету әрекеті:

  • қажетті жағдайда өртке қарсы қызметінің 01 нөміріне және жедел жәрдем қызметінің 03 нөміріне телефон соғу міндетті;

  • электр тогы тигенде токтың әсерін рубильникті өшіріп, сымды балтамен шауып, сымды зардап шеккенге тимегендей таяқпен алыстатып, немесе токқа тиген адамды киімінен ұстап сүйретіп тоқтауға болады;

  • электр тогының әсерін тоқтатқаннан кейін зардап шеккен адамның тынысы болмаса, жүректің соғуы сезілмесе, міндетті жасанды тыныс алу және жүрекке массаж жасау керек;

  • күйгенде көрсетілетін көмек: киімнің жануын тоқтату (адамның үстіне пальто, көрпе жабу, немесе жалынды сумен өшіру), теріге жабысқан бөлшектерін абайлап қиып, жанған киімді шешу, күйген жерлерін зарарсыздандырылған бинт немесе мақтамен, таза орамалмен жабу;

  • қан тоқтату көмегі: жарақаттан жоғарырақ жерін жгутпен (белбеу, жіп т.б.) байлап қанды тоқтауға болады. Жгутты киімнің үстіне байлайды немесе жгуттың астына мата салады. Жарақатқа зарарсыздандырылған бинт байланады. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды. Егер 2 сағат уақыт ішінде жарақаттанған адамды медициналық пунктерге жеткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, жгутты 10-15 минутке босату керек. Егер барлық әрекеттер дұрыс жасалынса, адамның қолындағы тырнақтардың түсі қызғылт болып қала береді.

Дәрі-дәрмектер жинағы кафедрада немесе оқу корпусының вахтасында міндетті түрде болу керек.

Тақырып № 2. Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары

Зертханалық жұмыс №1

Мақсаты – Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайымен және Қазақстан табиғатын зерттеген зерттеушілер еңбегімен танысу.

Жалпы теориялық ережелер.

Қазақстан аймағының геологиялық және тектоникалық құрлысы. Негізгі пайдалы қазбалардың геоқұрылымдық ерекшеліктері. Пайдалы қазбалар қоры және олардың таралу заңдылықтары. Қазақстан табиғатының зерттелуі.

ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • Атлас Касахской СССР;

  • Кескін карта;

  • Градустық тор.

ЗЖ орындау реті мен әдістемесі

  1. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанды зерттеген атақты орыс географтары мен саяхатшыларын атаңдар. Олардың экспедицияларының маршруттарын кескін картаға түсіріңдер.

  2. Атластарды пайдаланып, Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайына жазбаша сипаттама беру:

А) картадан Қазақстан территориясының Еуразия материгі шегіндегі, ТМД территориясындағы географиялық орналасуын анықтау;

Ә) градустық торды пайдаланып Қазақстан территориясының батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығын өлшеу;

Б) территориясының негізгі бөлігінің қандай шеткі меридиан және паралельдер аралығында орналасқанын анықтау;

В) республика территориясы қандай сағаттық белдеулер аралығында жатқанын анықтау;

Г) Еуразияның топырақ, геоботаникалық және табиғат зоналарының карталары бойынша республика территориясының қандай табиғат зоналарында орналасқанын анықтау.

3. Кескін картаға республика территориясымен шектесетін көрші жатқан мемлекеттердің атын жазып, шекараларын түсіру. Осы шектесетін елдердің шекараларының ішіндегі Қазақстан шекарасының үлесін анықтап, дөңгелек диаграмма құрастыру.

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.

ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, Қазақстан аумағын XIX ғасырдың екінші жартысында зерттеген атақты орыс географтары мен саяхатшыларын атаңдар. Осы зерттеушілер мен саяхатшылардың экспедицияларының маршруттарын кескін картаға түсіру.

Дүние жүзінің физикалық және саяси картасы, Еуразияның топырақ, геоботаникалық және табиғат зоналарының карталарын, атластарды беттестіру және талдау нәтижесінде дәптерге Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайына жазбаша сипаттама беру.

Физикалық және саяси-әкімшілік карта бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын оқып-зерттеу. Кескін картаға республика территориясымен шектесетін мемлекеттердің атын жазып, шекараларын түсіру. Осы шектесетін елдердің шекараларының ішіндегі Қазақстан шекарасының үлесін анықтап, дөңгелек диаграмма құрастыру.

ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

Әр түрлі карталарды салыстыру және талдау негізінде Қазақстанның географиялық орналасуына сипаттама беру.

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 4-6, [2] – C. 5-10

Бақылау сұрақтары:

  1. «Физикалық-географиялық орналасуы», «табиғи жағдай», «табиғи ресурстар» ұғымдарына анықтама беру.

  2. Қазақстан Республикасының физикалық- географиялық орналасуының ерекшелігі неде? Аймақтың табиғатына олар қалай әсер етеді?

  3. Қазақстанның қандай республика және экономикалық аудандармен ең ұзын және ең қысқа шекарасы өтеді?

  4. Қазақстанның табиғатын зерттеген танымал зерттеушілерді атаңдар.

Тақырып № 3. Жер бедері типтері. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері. Геоморфологиялық аудандастыру

Зертханалық жұмыс №2

Мақсаты – Студенттерді Қазақстанда кездесетін жер бедер типтері мен оларды түсуші үрдістермен және геоморфологиялық аудандастырумен таныстыру.

Жалпы теориялық ережелер.

Жер бедері типтері. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері. Геоморфологиялық аудандастыру

ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • Атлас Касахской СССР;

  • Кескін карта;

  • Геоморфологиялық аудандастыру картасы.

ЗЖ орындау реті мен әдістемесі

  1. Төмендегі жоспар бойынша геологиялық картаға қысқаша сипаттама құрастыру: Тау жыныстарының ең ірі таралу облыстарына, яғни архей, протерозой, палеозой; мезозой және кайнозой, сонымен бірге вулканогендік (интрузивтік және эффузивтік) тау жыныстардың таралуына мысал келтіру. Картамен жұмыс жасау нәтижесінде кестені толтыру.

Жыныстардың

жасы

Индексі

Түсі

Таралу облыстары

1. кайнозой жасындағы

2. мезозой жасындағы

3. палеозой жасындағы

  1. Кескін картаға пайдалы қазбалардың кен орындарын түсіру және олардың республика шаруашылығын дамытудағы маңызын атаңдар.

  2. Қазақстанның геоморфологиялық аудандастыру картасымен танысып, кескін картаға салу.

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.

ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау үшін студент келесі түсініктерді толық меңгеруі қажет: геоқұрылым, платформа (ежелгі, жас), фундамент, шөгінді қабат, қалқан, тақта, синеклиза, антеклиза, геосинклиналь зонасы, антиклиналь, синклиналь, антиклинорий, моноклиналь, синклинорий, қатпарлы, жақпарлы таулар, жаңарған және жасарған таулар, неотектоникалық қозғалыстар, қатпарлы құрылымдар жасы (каледон, герцин), пенеплен, морфоқұрылым, морфоскульптура. Атластарды және оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, геологиялық картаға сипаттама берген кезде картаны құрастыру принциптерін ескеру (тау жыныстары жасының шартты белгілерін, түспен және индекспен белгіленуін жатқа білу).

Кескін картаға шартты белгілермен Қазақстан аумағындағы пайдалы қазбалардың кен орындарын түсіру және олардың республика шаруашылығын дамытудағы маңызын атап көрсету.

ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

  1. Кескін картаға негізгі тектоникалық құрылымдарды түсіріп, жанартаулардың таралу аймақтары және олардың пайдалы қазбалардың вулканизм процестеріне байланысты пайда болған орындарын түсіру.

  2. Полиметалдық пайдалы қазбалар орынын кескін картаға түсіру.

  3. Каледондық, герциндік және альпілік орогенез кезеңдерінде шөгінді түзілу процестеріне байланысты пайда болған пайдалы қазбалар орындарын кескін картаға түсіру.

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 8-14, [3] – C. 6-13

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан территориясында тау түзілудің қандай геологиялық кезеңдері өтті?

  2. Қазақстандағы тау жүйелерінің геологиялық құрылысының ерекшеліктері неде?

  3. Қазақстан Республикасында жер бедерінің қандай негізгі түрлері таралған?

  4. Қазақстанның жазықты жерлерінде кездесетін жер бедерінің кешенді түрлерін атаңдар?

  5. Қазақстанның таулы жерлерінде кездесетін жер бедерінің кешенді түрлерін атаңдар.

  6. Қазақстанның пайдалы қазбаларының түрлері, олардың ерекшеліктері мен пайдаланылуы.

Тақырып № 4. Қазақстанның ішкі сулары. Климат.

Зертханалық жұмыс №3

Мақсаты – Студенттерге Қазақстанның ішкі сулары мен климат түсуші факторлар туралы мәлімет беру.

Жалпы теориялық ережелер.

Қазақстанның өзендері, көлдері. Каспий теңізі және оның экологиясы. Арал теңізі. Балхаш көлі. Қазақстанның тау мұздықтары. Ауа-райы қысымы мен климат түзуші факторлар. Фронттар. Жел. Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы. Жыл мезгілдері. Рекреациялық аудандар.

ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • Атлас Касахской СССР;

  • Кескін карта;

  • Геоморфологиялық аудандастыру картасы.

ЗЖ орындау реті мен әдістемесі

Тапсырмалар:

  1. Қазақстанның кескін картасына негізгі өзен алаптарының шекараларын түсіріп, ірі өзендер мен маңызды көлдерді белгілеу.

  2. Атластарды пайдаланып, «Ағынның негізгі облыстары және өзендердің қоректенуінің негізгі түрлері» бойынша кесте құрастыру.

Негізгі алаптары

Өзендер және олардың салалары

Өзендердің қоректенуі

  1. Кескін картаға қаңтар және шілде айларындағы изотермасы мен жауын-шашынның ең көп және ең аз түсетін аудандарын түсіріңдер.

  2. Қазақстандағы әр маусым бойынша ауа-райының түрлеріне сипаттама беру.

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.

ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Тақырыпты меңгеру үшін келесі ұғымдарды білу қажет: су жинау алабының ауданы, ағын алабы, өзендердің қоректену режимі, жылдық ағын, өзен торының жиілігі, мұздықтардың морфологиялық типтері; ауа массаларының типтері, күннің жиынтық радиациясы, радиациялық баланс, ылғалдану коэффициенті, температура инверсиясы. Тапсырманы орындау барысында Қазақстан аумағында температураның және жауын-шашынның біркелкі таралмауының себебін түсіндіріңдер.

Қазақстан Республикасының кескін картасына ағын алаптарының шекарасын түсті қаламмен, ал ішкі ағын территориясын жіңішке сызықтармен түсіру.

Атластарды пайдалана отырып, негізгі алаптар бойынша басты өзендер мен олардың салаларының қоректенуін көрсете отырып, кестені толтыру.

Тақырыпты толық меңгеруі үшін студент келесі ұғымдар мен түсініктерді білуі қажет: Оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, Қазақстандағы әр маусым бойынша ауа-райының түрлеріне жазбаша сипаттама беру.

Тапсырманы орындау барысында Қазақстан аумағында температураның және жауын-шашынның біркелкі таралмауының себебін түсіндіріңдер.

Оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, Қазақстандағы әр маусым бойынша ауа-райының түрлеріне жазбаша сипаттама беру.

ЗЖ дайындалуға арналған тапсырма:

1. Мұздық су ағысының жалпы су ағымындағы орыны мен абляция деңгейін есептеу:

а. Іле Алатауындағы Талғар өзені;

б. Жоңғар Алатауындағы Сарқан өзені;

в. Алтайдың Қазақстан бөлігіндегі Бұқтырма өзені.

2. Өзен ағымының жыл ішіндегі таралуы ерекшелігін анықтау:

а. Негізінен қармен қоректенетін өзендер – Жайық, Сарысу, Нұра;

б. Қарлы-мұздықты қоректі өзендер – Сырдария, Іле.

3. Қазақстан территориясның әртүрлі ландшафтық зоналарында орналасқан ірі өзендер алабының су баланысын Қазақ ССР-інің Атласы бойынша есепте.

4. Қазақстан территориясындағы табиғат зоналарының маусымдық ерекшеліктері бойынша климаттық көрсеткіштерге диаграмма салу.

5. Кескін картаға Қазақстан территориясы бойынша күн радиациясының, температураның және ылғалдылықтың таралу ерекшеліктерін көрсету.

6. Қазақстан территориясын агроклиматтық көрсеткіштері бойынша аудандастыру.

7. Табиғи зоналардың орналасуындағы климаттың ролі.

8. Климаттық қима.

9. Жер бедерінің климат көрсеткіштеріне әсері.

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 14-17, [3] – C. 15-18

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанның территориясында жер асты суларының негізгі неше түрі бар?

  2. Қазақстандағы қазіргі кездегі мұз басудың даму тенденциялары қандай? Оларды қалай түсіндіруге болады?

  3. Қазақстан территориясы бойынша өзен торларының жиілігі мен ағын коэффициентінің өзгеруі неге байланысты?

  4. Қазақстандағы көл қазаншұңқырлары шығу тегіне байланысты қалай ажыратылады?

  5. Қазақстанның территориясындағы климат пен ауа-райының үрдістерін анықтайтын негізгі факторларды атаңдар.

  6. Қазақстанның климаттық жағдайлары қандай ерекшеліктермен ажыратылады және оларды қалай түсіндіруге болады?

  7. Қазақстанның территориясында табиғи жағдайларды қалыптастырудағы басты фактор ретіндегі климаттық жағдайлардың алатын орны.

  8. Қазақстандағы биік таулы облыстардың климатының айырмашылығы неде?

  9. Қазақстанда кездесетін қауіпті атмосфералық құбылыстарды атап, мысал келтіріңдер.

Тақырып № 5. Өсімдіктер типтері және олардың құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері. Жануарлар әлемінің құрылуының зоналық және аймақтық ерекшеліктері.

Зертханалық жұмыс № 4

Мақсаты – Қазақстан территориясында өсетін өсімдік түрлері мен мекендейтін жануарлар әлемімен таныстыру.

Жалпы теориялық ережелер.

Мәдени өсімдіктер. Қайта шыққан ормандар. Жабайы өсетін пайдалы және дәрілік өсімдіктер. Өсімдік жамылғысының ластануы және оларды қорғау жолдары. Шөлейттену проблемалары.

ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • Атлас Касахской СССР;

  • Кескін карта.

ЗЖ орындау реті мен әдістемесі

  1. Атласты қолдана отырып, берілген маршрут бойынша ботаникалық-географиялық қима құрастыру: Астана-Алматы; Семей-Алматы; Орал-Қызылорда (таңдау бойынша).

  2. Қазақстан фаунасының эндемикті түрлерінің тізімін жасау.

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.

ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Тақырыпты толық меңгеруі үшін студент келесі ұғымдар мен түсініктерді білуі қажет: флора, өсімдіктер, фитоценоз, фауна, жануарлар әлемі, зооценоз, эндемик, реликт.

Физикалық карта, топырақ және геоботаникалық карталарды пайдалана отырып, берілген маршрут бойынша ботаникалық-географиялық қима құрастыру: Астана-Алматы; Семей-Алматы; Орал-Қызылорда (таңдау бойынша).

Оқу-әдістемелік әдебиеттерді қолдана отырып, дәптерге Қазақстан фаунасының эндемикті түрлерінің тізімін жасау.

ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

1. Ботаникалық-географиялық аудандастырудың негізгі бірліктерін сараптау.

2. Ботаникалық-географиялық аудандастырудың таксономиялық бірліктерін анықтау.

3.Астана-Алматы, Семей-Алматы, Орал-Қызылорда бағыттары бойынша ботаникалық-географиялық қима жасау.

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 23-30, [2] – C. 17-20

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан территориясында өсімдік жамылғысының қандай түрлері кездеседі? Өсімдік қоғамдастығы қандай топырақтарда таралған?

  2. Қазақстандағы өсімдіктер сипаты жануарлар әлемінің таралуына қалай әсер етеді?

Тақырып № 6. Топырақ жамылғысының табиғи ортаның құрылымындағы ролі. Жер ресурстары. Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері.

Зертханалық жұмыс № 5

Мақсаты – Қазақстан территориясында таралған негізгі топырақ түрлерімен таныстыру.

Жалпы теориялық ережелер.

Топырақтың зерттелу тарихы. Өсімдік жамылғысының климатқа байланыстылығы. Топырақтың зоналдық және подзоналық таралу ерекшеліктері бойынша ауылшаруашылығы өндірісінің мамандану ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беру.

ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • Атлас Касахской СССР;

  • Кескін карта.

ЗЖ орындау реті мен әдістемесі

  1. Кескін картаға Қазақстанның топырақ түрлерін түсіру, оған талдау жасай отырып, төмендегі «Қазақстанның топырақтары» кестесін дәптерге толтыру.

Топырақтың атауы

Түзілуінің негізгі себептері

Таралу облысы

Қандай табиғат зонасына тән

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.

ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Тақырыпты толық меңгеруі үшін студент келесі ұғымдар мен түсініктерді білуі қажет: топырақ түзуші үрдістер, топырақтың генетикалық типтері, топырақ құнарлығы, табиғат зоналары.

Атластарды пайдалана отырып, кескін картаға Қазақстан Республикасында таралған топырақтың түрлерін түсіру. Осы карта негізінде талдау жасай отырып, нәтижесін «Қазақстанның топырақтары» кестесіне жазу.

ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

  1. Кескін картаға ауылшаруашылығының негізгі өнімдерінің ареалын көрсетіңдер, олар – бидай, қант қызылшасы, күріш, мақта, табак, жүгері және т.б.

  2. Қазақстанның жазық бөлігінің егістік жерлерінің топырақ сапасын бағалау (бонитировка) шкаласын жасаудың негізгі принциптерін көрсетіңіздер.

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 23-30, [2] – C. 17-20

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанның табиғат зоналарының таралуына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Қазақстанның топырақ географиясының негізгі белгілері қандай? Топырақ жамылғысының құрылымындағы сортаңды топырақтардың аумағының көбеюі неге байланысты?

Тақырып № 7. Табиғи зоналар.

Зертханалық жұмыс № 6

Мақсаты – Қазақстан территориясындағы табиғат зоналарының ерекшеліктерімен таныстыру.

Жалпы теориялық ережелер.

Биіктік ландшафт зонасының басты айырмашылықтары. Табиғи аудандастыру негіздері. Негізгі табиғат зоналарына жалпы сипаттама беру. Орманды дала зонасы, оның кейбір ерекшеліктері. Дала зонасы, оның шаруашылықта қолданылуы. Құрғақ дала зонасы. Шөлейт зонасы. Шөл зонасы, және олардың экологиялық проблемалары.

ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • Атлас Касахской СССР;

  • Кескін карта.

ЗЖ орындау реті мен әдістемесі

  1. Кескін картаға Қазақстанның негізгі табиғат зоналарын түсіріп, оған жалпы сипаттама жасау.

  2. Қазақстанның әрбір табиғат зоналарына салыстырмалы сипаттама беру.Табиғат зоналарының шығыстан-батысқа және солтүстіктен-оңтүстікке таралуының.

  3. Қазақстан территориясындағы ерекшеліктерін анықтау.

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.

ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Тақырыпты толық меңгеруі үшін студент келесі ұғымдар мен түсініктерді білуі қажет: табиғат зоналары, орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары.

Атластарды пайдалана отырып, кескін картаға Қазақстан Республикасында таралған табиғат зоналарын түсіру.

ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

  1. Кескін картаға Қазақстанның негізгі табиғат зоналарын түсіріп, оған жалпы сипаттама жасау.

  2. Қазақстанның әрбір табиғат зоналарына салыстырмалы сипаттама беру.Табиғат зоналарының шығыстан-батысқа және солтүстіктен-оңтүстікке таралуының.

  3. Қазақстан территориясындағы ерекшеліктерін анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 23-30, [2] – C. 17-20

Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғат зоналардың өзгеру ерекшеліктерін атап өт?

  2. Орманды дала және дала зоналарында кездесетін өсімдік және жануар түрлерін ата?

  3. Қазақстанда шөлейттену процесінің негізгі мәселелерін атап шық?

Тақырып № 8. Физикалық-географиялық жіктелу және антропогендік факторлардың табиғи кешендерге әсері.

Зертханалық жұмыс № 7

Мақсаты – Студенттерді Қазақстан территориясындағы физикалық-географиялық аудандармен таныстыру.

Жалпы теориялық ережелер.

Қазақстанның физикалық-географиялық жіктелуі. Антропогендік факторлардың табиғи кешендерге әсері.

ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • Атлас Касахской СССР;

  • Кескін карта.

ЗЖ орындау реті мен әдістемесі

  1. Кескін картаға Қазақстан территориясындағы физикалық-географиялық аудандастырудың сызбасын түсіру.

  1. Әртүрлі табиғат зоналарындағы жазық және таулы территориялардың физикалық - географиялық провинцияларына салыстырмалы сипаттама құрастыру (таңдау бойынша).

  2. Экологиялық жағдайы қауіпті табиғат кешеніне кешендік физикалық-географиялық баға беру

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.

ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Карта және оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, кескін картаға Қазақстан аумағындағы физикалық-географиялық аудандастырудың сызбасын түсіру.

Тапсырманы орындау үшін республика территориясындағы таңдау бойынша әртүрлі табиғат зоналарындағы жазық және таулы территориялардың физикалық - географиялық провинцияларына салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама құрастырып, дәптерге жазу.

Оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, республика территориясындағы экологиялық жағдайы қауіпті табиғат кешеніне кешендік физикалық-географиялық баға беру.

ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

  1. Меридианалдық бағыт бойынша физикалық-географиялық қима жасау.

  2. Қимада негізгі табиғат компоненттерінің ара салмағын анықтап, олардың бір-бірімен байланысын анықтау және осы тұрғыдан негізгі табиғи зоналарды бөлу.

  3. Салынған қимаға түсініктеме жазу, онда географиялық ортаның түзелуінің негізгі факторларын анықтап, оның құрылымдық ерекшеліктерін Қазақстан территориясында кездесетін табиғат зоналары мен биіктік белдеулер түзілуіндегі орынын анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 23-30, [2] – C. 17-20

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанды физикалық-географиялық аудандастырудағы басты таксонометриялық бірліктер қандай?

  2. Кешенді физикалық-географиялық аудандастырудың ерекшелігі неде?

  3. Қазақстан территориясындағы физикалық-географиялық елдер мен облыстарды атап, оларды картадан көрсетіңдер.

Тақырып № 9. Физикалық-географиялық елдер мен провинциялардың сипаттамасы. Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі. Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы.

Каспий маңы –Тұран физикалық-географиялық елі.

Зертханалық жұмыс № 8

Мақсаты – Студенттерді Қазақстан территориясындағы Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі, Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы, Каспий маңы –Тұран физикалық-географиялық еліндегі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.

Жалпы теориялық ережелер.

Әр физикалық - географиялық аудандар мен провинцияларға толық физикалық-географиялық сипаттама беріп, ерекшеліктерін анықтау (Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі. Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы. Каспий маңы –Тұран физикалық-географиялық елі).

ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • Атлас Касахской СССР;

  • Кескін карта.

ЗЖ орындау реті мен әдістемесі

Әр физикалық - географиялық аудандар мен провинцияларға толық физикалық-географиялық сипаттама беріп, ерекшеліктерін анықтау (Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі. Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы. Каспий маңы –Тұран физикалық-географиялық елі)

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.

ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Тапсырманы орындау үшін республика территориясындағы Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі; Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы; Каспий маңы –Тұран физикалық-географиялық еліне салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама құрастырып, дәптерге жазу.

ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

  1. Кескін картадан тақырыпта көрсетілген физикалық-географиялық елдердің физикалық-географиялық провинцияларын, округтерін түсіру.

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 23-30, [2] – C. 17-20

Бақылау сұрақтары:

        1. Қазақстандағы Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі; Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы; Каспий маңы –Тұран физикалық-географиялық елдерінің картада орналасуын көрсет?

        2. Жоғарыда аталған елдердің ерекшеліктерін атап өт?

Тақырып № 10, 11 ,12 Физикалық-географиялық провинциялар: Өзен-Орал-Ембі, Төменгі Торғай, Жезқазған-Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік-Аралмаңы, Бетпақ-Дала, Тө менгі Шу, Балқаш маңы-Іле-Алакөл, Маңғыстау-Үстірт, Сырдария маңы. Оңтүстік-Сібір таулары. Орал физикалық-географиялық елі. Жоңғар-Саур-Тарбағатай физикалық-географиялық елі. Ортаазия физикалық-географиялық елі.

Зертханалық жұмыс № 8

Мақсаты – Студенттерді Қазақстан территориясындағы Өзен-Орал-Ембі, Төменгі Торғай, Жезқазған-Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік-Аралмаңы, Бетпақ-Дала, Тө менгі Шу, Балқаш маңы-Іле-Алакөл, Маңғыстау-Үстірт, Сырдария маңы; Оңтүстік-Сібір таулары. Орал физикалық-географиялық елі; Жоңғар-Саур-Тарбағатай физикалық-географиялық елі; Ортаазия физикалық-географиялық еліндегі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.

Жалпы теориялық ережелер.

    1. Биік таулы аймақтар экологиясы.

    2. Орта таулы аймақтар экологиясы.

    3. Аласа таулы аймақтар экологиясы.

ЗЖ техникалық жабдықталуы:

  • Атлас Касахской СССР;

  • Кескін карта.

ЗЖ орындау реті мен әдістемесі

Әр физикалық - географиялық аудандар мен провинцияларға толық физикалық-географиялық сипаттама беріп, ерекшеліктерін анықтау (Өзен-Орал-Ембі, Төменгі Торғай, Жезқазған-Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік-Аралмаңы, Бетпақ-Дала, Тө менгі Шу, Балқаш маңы-Іле-Алакөл, Маңғыстау-Үстірт, Сырдария маңы; Оңтүстік-Сібір таулары. Орал физикалық-географиялық елі; Жоңғар-Саур-Тарбағатай физикалық-географиялық елі; Ортаазия физикалық-географиялық елі)

ЗЖ нәтижелерін өңдеу әдістемесі

Зертханалық жұмыстың нәтижелері бірыңғай формаға келтіріліп, әдеби дереккөздердің көмегімен нақтылаулар мен толықтырулар жасалынып, жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар шығарылады.

ЗЖ есепхатын рәсімдеу талаптары мен қорғау әдістемесі

Тапсырманы орындау үшін республика территориясындағы (Өзен-Орал-Ембі, Төменгі Торғай, Жезқазған-Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік-Аралмаңы, Бетпақ-Дала, Тө менгі Шу, Балқаш маңы-Іле-Алакөл, Маңғыстау-Үстірт, Сырдария маңы; Оңтүстік-Сібір таулары. Орал физикалық-географиялық елі; Жоңғар-Саур-Тарбағатай физикалық-географиялық елі; Ортаазия физикалық-географиялық еліне салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама құрастырып, дәптерге жазу.

ЗЖ дайындалуға арналған тапсырмалар:

1. Кескін картадан тақырыпта көрсетілген физикалық-географиялық елдердің физикалық-географиялық провинцияларын, округтерін түсіру.

Ұсынылатын әдебиет: [1] – C. 23-30, [2] – C. 17-20

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстандағы (Өзен-Орал-Ембі, Төменгі Торғай, Жезқазған-Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік-Аралмаңы, Бетпақ-Дала, Тө менгі Шу, Балқаш маңы-Іле-Алакөл, Маңғыстау-Үстірт, Сырдария маңы; Оңтүстік-Сібір таулары. Орал физикалық-географиялық елі; Жоңғар-Саур-Тарбағатай физикалық-географиялық елі; Ортаазия физикалық-географиялық елдерінің картада орналасуын көрсет?

  2. Жоғарыда аталған елдердің ерекшеліктерін атап өт?

Әдебиет

Негізгі

  1. С.Ә. Әбілмәжінова Жалпы жертану. Алматы 2012 ж.

  2. Құсайнов С.А. Жалпы геоморфология: оқулық, Алматы: Дәуір, 2012. -365 б.

  3. Достай Ж.Д. Жалпы гидрология. Алматы: Қарасай, 2011. – 278 б.

Қосымша

  1. Е. Н. Вилесов, А. А. Науменко, Л. К. Веселова, Б. Ж. Аубекерова. Физическая география Казахстана:учебное пособие. Қазақ ун-тi 2009

  2. Савцова Т.М. Общее землеведение. Москва: Академия, 2011 г.

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет