Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы


қайтару және әрі қарай жіберу шарттары



бет3/4
Дата11.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#127777
1   2   3   4

қайтару және әрі қарай жіберу шарттары

 

113. Табыс етілмеген почта жөнелтімдері, почтамен ақша аударымдары жіберуші көрсеткен кері мекенжай бойынша мынадай жағдайларда кері қайтарылады:



1) жіберушінің арызы бойынша;

2) алушы почта жөнелтімін, почтамен ақша аударымын алудан бас тартқан жағдайда;

3) сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін;

4) адресаттың болмауы немесе қайтыс болған жағдайда;

5) пайдаланушының мекенжайын оқуға мүмкіндік болмаған жағдайда (жуылып кеткен, жыртылған және т.б), адресаты болмағанда немесе дұрыс көрсетілмегенде;

6) абонементтік жәшікті пайдаланушы адресат көрсетілмегенде немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда;

7) почта операторын өз міндеттемесін орындау мүмкіндігінен айыратын басқа да жағдайларда.

114. Жіберуші мекенжайының өзгергені, почта жөнелтімін қайта жіберу немесе әрі қарай жіберу, алмағандығы, уақытында алмағаны туралы арыз берген кезде осы Қағидалардың 89-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі және жібергені туралы түбіртек, ал почта жөнелтімі тізім бойынша қабылданған болса, осы тізім беріледі. Мұндай арызға ұсынған құжаттың мәліметі жазылады.

115. Тіркелетін почта жөнелтімдерін қайтару және жаңа мекенжайы бойынша жіберу (әрі қарай жіберу) үшін жөнелтушінің өтінішінде арнайы көрсетілген жағдайда жөнелтушіден не адресаттан қайтару немесе әрі қарай жіберу тарифтеріне сәйкес төлемақы алынады.

Адресаттың мекенжайын оқуға мүмкін болмаған (жуылып кеткен, үзілген) себептен қайтарылған почта жөнелтімдеріне төлем алынбайды.

116. Төленбеген почтамен ақша аударымы заңды тұлғаларға есеп шотына ақша аудару жолымен қайтарылады, жеке тұлғаларға - жөнелтушіге қолына немесе есеп шотына (өтініш бойынша) төленеді, бұл аударымдар үшін төленген ақысы қайтарылмайды.

117. Почта жөнелтімдерін таратылмағандар санатына беру мынадай жағдайларда беріледі:

1) адресат пен жөнелтушінің қажетті мекенжайлық деректерінің дәл еместігі немесе болмауы;

2) адресат пен жөнелтушінің алудан бас тартуы;

3) қайтарылып келген почта жөнелтімінің белгіленген сақтау мерзімінің бітуі және пайдаланушының оны алуға келмеуі.

Почта жөнелтімдері таратылмағандар санына тек оларды тапсырудың барлық мүмкіндіктері қарастырылып, тапсырылмау себебі мұқият тексерілген соң ғана беріледі.

118. Почта жәшігінен алынған мекенжайсыз немесе мекенжайы толық емес, түсініксіз, мекенжайы қысқартылған жай хаттар, почта карточкалары және бандерольдер, мекенжайы жоқ (бүлінген) тиісті жеріне жіберуге немесе жіберушісіне қайтаруға болмайтын почта жөнелтімдері, сондай-ақ алудан бас тартқандығы себебімен адресаттарға табыс етілмеген үстеме төлемақылы почта жөнелтімдері таратылмағандар ретінде уақытша сақталуға тапсырылады.



Почта жәшіктерінен хат-хабарлармен бірге алынған құжаттар (жеке куәліктер, паспорттар, әскери билеттер және басқалар) тиісті ұйымдарға беріледі.

Күнтізбелік жыл бойында талап етілмеген ақша аударымдары почта операторында сақталады және арыздары негізінде жіберушіге немесе адресатқа уақытында алмау себептерін зерттегеннен кейін төленеді. Бір жылдан соң талап етілмеген жағдайда ақша аударымдары почта операторының бюджетіне аударылады, олар бойынша өндірістік құжаттама ағымдық мұрағатта үш жыл бойы сақталады.

119. Таратылмаған жөнелтімдер уақытша сақтауға келіп түсуіне қарай, бірақ кем дегенде тоқсанына бір рет, пайдаланушылар мекенжайын немесе оларды адресатына немесе жіберушісіне жеткізіп беруге қажетті басқа да мәліметтер алу мақсатымен ашып көруге жатады.



Таратылмаған почта жөнелтімдерін ашу үшін почта байланысы мекемесінің бастығы (оның орынбасары) почта операторының өндірістік объектінің почта қызметкерлерінен, жергілікті атқарушы үкімет органының, ішкі істер органының өкілдерінен тұратын комиссия құрады.

Егер алдын ала тексеру нәтижесінде таратылмаған почта жөнелтімі адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін заттардан немесе бұйымдардан тұратындығы анықталатын болса, онда почта жөнелтімі бөлініп алынады және ашылмастан құзыретті органдармен жойылады. Ондай жөнелтімдерді жою қажетті сақтық шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Аталған комиссия почта жөнелтімін ашу, бөліп алу немесе ашпастан жою туралы акті жасайды.

Егер таратылмаған почта жөнелтімін ашу нәтижесінде пайдаланушылар мекенжайы анықталған болса, онда ол актінің бір көшірмесімен бірге қапқа салынып, адресатқа қайта жіберіледі немесе жіберушісіне қайтарылады, осындай тәртіппен де табылған ақшалай сомалар жолданады (жіберу үшін ақысы ұсталып).

Анықталған мекенжай бойынша почта жөнелтімдерін қайтару немесе жіберу пайдаланушыдан төлемақы алу арқылы орындалады, төлемақы мөлшері қайтару (қайта жіберу) күнгі қолданыстағы тарифімен анықталады.

120. Табыс етілмеген халықаралық посылкалар сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін бұрын оларды жіберген халықаралық почта жөнелтімдерін өңдеу үшін белгіленген өндірістік объектіге (халықаралық почта алмасу орындарына), сол жерлерде осы Қағидалардың 119-тармағында көрсетілген тәртіппен өңдеулері үшін қайта жіберіледі.

 

 

11. Почта жөнелтімдерін кідірту, қарау және алу тәртібі



 

121. Почта жөнелтімдерін кідірту (қамау) қажетті жағдайларда Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасына сәйкес тергеушінің прокурор санкциясы алынған почта-телеграфтық жөнелтімдерді қамау туралы қаулысы арқылы жүзеге асырылады. Қаулы почта операторының өндірістік объектісінің басшысына жолданады.

122. Кідіртілген почта жөнелтімін қарау, алу және олардың көшірмесін алу куәгерлердің қатысуымен және тиісті хаттама жасаумен жүргізіледі. Хаттаманың бір данасы почта операторының өндірістік объектісінде қалады.

123. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен алынған (тәркіленген) почта жөнелтімдері және почтамен ақша аударымдары үшін почта операторы жіберуші алдындағы жауапкершіліктен босатылады.

124. Почта операторы посылкаларды олардың ішіне жіберуге тыйым салынған заттардың салынғандығы туралы негізді болжам (органолептикалық көрсеткіштермен) пайда болған жағдайда оны тапқан жерде ұстап қала алады. Ондай почта жөнелтімдерін уақытша сақтау қоғамдық қауіпсіздігін, жөнелтімдердің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етумен почта операторының өндірістік объектісінде жүзеге асырылады, бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады.

125. Почта желісі бойынша жіберуге тыйым салынған заттардың почта жөнелтімдерінде анықталғаны және ондай жөнелтімдердің ұсталғаны туралы почта операторы дереу ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдарына, қажет жағдайда - денсаулық сақтау органдарына хабарлайды.

Аталған органдардың қызметкерлері почта операторының өндірістік объекті басшысының қатысуымен тыйым салынған заттар мен бұйымдарды алуды жүзеге асырады және ол туралы тиісті акті жасалып, оның бір данасы жөнелтім жіберушісіне жіберіледі.

126. Почта жөнелтімінде табылған улы жәндіктер мен өсімдіктер түріне қарай Қазақстан Республикасының ветеринарлық немесе фитосанитарлық бақылау органдарына беріледі.

127. Почта жөнелтімінде табылған Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы жіберушісіне қайтарылады немесе адресатқа почтамен ақша аударымы түрінде жіберіледі, соңғы жағдайда табылған сомадан ақша аударымының белгіленген тарифі бойынша тиесілі төлемақы алынады.

Почта жөнелтімінен алынған шетел валютасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына конвертация күніндегі нарықтық бағам бойынша конверттеледі, одан кейін жіберушісіне қайтарылады немесе адресатқа почтамен ақша аударымы түрінде жіберіледі, соңғы жағдайда конверттелген сомадан ақша аударымының белгіленген тарифі бойынша тиесілі төлемақы алынады.

128. Почта байланысы желісімен жіберуге тыйым салынған заттардың алынғаны туралы почта операторы он күнтізбелік күн мерзім ішінде почта жөнелтімін жөнелтушіге, егер аталған заттарды табу фактісі бойынша құқық қорғау органы өзгеше шешім қабылдамаса, жазбаша түрде хабарлайды.

129. Халықаралық почта жөнелтімдерінде почта желілері бойынша жіберуге тыйым салынған заттар табылған жағдайда почта операторы дереу Қазақстан Республикасының кедендік органдарын хабардар етеді.

 

 



12. Пайдаланушылардың өтініш пен шағымдарын қарау тәртібі

 

130. Почта жөнелтімдері немесе почтамен ақша аударымдары бойынша арыздар (өтініштер) жөнелтім берілген күнінің ертеңінен бастап алты күнтізбелік ай ішінде, жеделдетілген және курьерлік почта жөнелтімдері бойынша төрт күнтізбелік ай ішінде қабылданады.



Арыз (өтініш) почта жөнелтімін немесе почтамен ақша аударымын, жеделдетілген және курьерлік почта жөнелтімін қабылдаған орнында почта операторына қабылдау кезінде берілген түбіртекті, топтамалы жөнелтімдер болғанда - тізімді көрсете отырып беріледі. Почта жөнелтімінің толық дәйекті деректері болған жағдайда (нөмірі немесе штрих-коды, беру күні және орны, жіберу мекенжайы, жіберуші мен адресаттың аты) жеткізілу орны бойынша да өтінуге жол беріледі.

Арыз (өтініш) жазбаша түрде беріледі, почта операторы тарапынан міндетті түрде белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады және Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында қарастырылған мерзімдерде қаралады.

Почта жөнелтімдерін уақытында жеткізбеу (табыс етпеу) туралы арыз (өтініш) почта жөнелтімдерінің жіберу және алу күндерін растап көрсететін почта штемпелінің бедері бар буманы ұсынғанда қабылданады.

131. Почта жөнелтімдері мен почтамен ақша аударымын іздестіру және почта жөнелтімдерінің жоғалғанына, жетпегеніне, ауыстырылғанына немесе бұзылғанына байланысты шығын орнын толтыру және таратылмаған почта жөнелтімдерінде табылған ақшалар мен құнды қағаздарды, басқа заттарды қайтару туралы шағым (арыз), почта жөнелтімдері мен почтамен ақша аударымы тапсырылған кезінде берілген түбіртек немесе тізімдеме көшірмесін көрсеткенде қабылданады.

132. Түбіртек пен тізім көшірмесі, ал халықаралық жөнелтім болғанда кедендік декларацияның көшірмесі де қоса берілетін шағымда (арызда) мыналар көрсетіледі:

1) почта жөнелтімінің немесе почтамен ақша аударымының түрі;

2) түбіртек бойынша нөмірі;

3) қабылданған күні мен орны;

4) жеткізілетін жері;

5) жарияланған құндылығы;

6) адресаттың мекенжайы мен толық атауы.

Посылкаларды, тікелей контейнерді немесе құндылығы жарияланған бандерольді алмағаны туралы шағымда (арызда) орам түрі, жіберілген заттардың егжей-тегжейлі тізбесі мен құны көрсетіледі.

Почта операторы арызды алғаннан кейін арыз иесіне почта түбіртегін, тізім және декларация көшірмесін қайтарып береді.

Егер шағым (арыз) беруші жеке адамның өзі емес, оның сенімді өкілі болса, онда арызға белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат тіркеледі.

133. Тіркелетін почта жөнелтімдерін іздестіру туралы шағым (арыз) олардың жеткізілуінің бақылау мерзімі аяқталғаннан кейін қаралады, ал ішкі почта жөнелтімдері жөнінде - кейінгі хабарламаны жібергеннен және алғаннан кейін қаралады.

134. Алғандығы туралы хабарламамен жіберілген ішкі және халықаралық почта жөнелтімдерін іздестіру тегін жүргізіледі.

Алғандығы туралы хабарламасыз жолданған тіркелетін почта жөнелтіміне іздеу салу үшін белгіленген тарифке сәйкес төлемақы алынады.

 

 



13. Почта желілері бойынша жіберуге тыйым салынған және шектелген заттар мен бұйымдардың тізілімі

 

Ішкі почта жөнелтімдерінде жіберуге тыйым салынған заттар мен бұйымдар

 

135. Ішкі почта жөнелтімдерінде мына заттар мен бұйымдарды жіберуге тыйым салынады:

1) әскери қолға ұстайтын атқыш, азаматтық және қызметтік қару, оқ-дәрілер, қосалқы және жинақтаушы бөлшектер, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыс дабылдарын беруге арналған қару, электрлік қару, электр соққыш құрылғылар мен ұшқын шашқыштар, қылыш жүзді суық қару, кистендер, кастеттер, сурикендер, бумерангтер және өзге спорттық құралдардан басқа ұрып соғуға, лақтыруға, сұғып кесуге бейімделген заттар, екі түрлі қолданатын арнайы техникалық құралдар және олардың бөлшектері;

2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар;

3) ядролық материалдар, радиоактивтік, күшті әсер етуші, күйдіргіш, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, қопару құралдары, пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар және басқа қауіпті заттар;

4) улар, улы жәндіктер, заттар, өсімдіктер мен тұқымдар;

5) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы мен шетел валюталары;

6) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылықты, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспасөз басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио-, және бейне материалдар;

7) тез бұзылатын тағам өнімдері;

8) өзінің сипаты немесе буып-түйілуі жағынан почта қызметкерлеріне қауіп төндіретін, басқа почта жөнелтімдер мен почта жабдықтарын былғайтын немесе бүлдіретін заттар.

136. Аса ерекшелік ретінде мыналарды қабылдауға және жіберуге жол беріледі:



1) посылкалар арқылы - азаматтық және қызметтік қарудың бұзылған бөлшектерін, оларды сатуға лицензиясы бар дүкендердің жасап шығарған зауыттарға немесе азаматтық және қызметтік қаруды жөндеу құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар атына жібергенде, сондай-ақ аталған зауыттардың, заңды және жеке тұлғалардың тиісті дүкендер атына жіберген кездерінде.

Аталған заттарды салу жөнелтуші тиісті лицензияны көрсеткенде ғана жүзеге асырылады;

2) құндылығы жарияланған хаттар мен посылкалар арқылы - Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес банкнот, металл ақша мен құндылықтарды инкассациялау және жіберу құқығы бар заңды тұлғалар жіберетін банкнот, металл ақша мен құндылықтар;

3) барлық басқа жөнелтушілерге құндылығы жарияланған хаттарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі филиалының мекенжайына ескірген және күдікті ақша бірліктерін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес жіберуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, посылкалармен нумизматикалық металл ақшалар мен коллекцияларды жіберуге рұқсат етіледі.

137. Құндылығы жарияланған ішкі бандерольдерде, хаттарда және посылкаларда тізімдемеден басқа конвертпен немесе онынсыз жолданған хаттар, алмасып отырғандар тұлғалары жіберуші мен адресаттан өзге тұлғалар болатын құжаттар мен жазбаша хат-хабарларды жіберуге тыйым салынады. Посылкаларда мерзімді баспасөз басылымдарын жіберуге тыйым салынады.



Ішкі почта жөнелтімдерінің барлық түрлерінде Қазақстан Республикасының басқа почта операторымен қабылданып ресімделген почта жөнелтімдерінің барлық түрлерін салып жіберуге тыйым салынады.

 

 



Халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуге тыйым салынған заттар мен бұйымдар

 

138. Халықаралық почта жөнелтімдерінде мына заттар мен бұйымдарды жіберуге тыйым салынады:



1) әскери қолға ұстайтын атқыш, азаматтық және қызметтік қару, оқ-дәрілер, қосалқы және жинақтаушы бөлшектер, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыс дабылдарын беруге арналған қару, электрлік қару, электр соққыш құрылғылар мен ұшқын шашқыштар, қылыш жүзді суық қару, кистендер, кастеттер, сурикендер, бумерангтер және өзге спорттық құралдардан басқа ұрып соғуға, лақтыруға, сұғып кесуге бейімделген заттар, екі түрлі қолданылатын арнайы техникалық құралдар, олардың бөлшектері;

2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар;

3) ядролық материалдар, радиоактивтік, күшті әсер етуші, күйдіргіш, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, қопару және пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар және басқа да қауіпті заттар;

4) улар, улы жәндіктер, улы заттар, улы өсімдіктер мен тұқымдар;

5) нумизматикалық мақсатпен жіберілетін ақша белгілерінен басқа Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы мен шетел валюталары, сондай-ақ күшін жойған құнды қағаздар;

6) маралдардың, ақбөкендердің, теңбіл бұғылардың мүйіздері мен тұяқтары және де теңбіл бұғының терісі (Қазақстан Республикасынан сыртқа шығарған кезде), Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген аңдар мен өсімдіктер дериваттары;

7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылықты, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспасөз басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио-, және бейнематериалдар;

8) бал арасы, сүліктер мен жібек құрттары, ресми танылған мекемелер арасында зерттеуге арналып алмасылатын паразиттер мен зиянды жәндіктерді құртушыларды алмағанда, олардан басқа тірі аңдар;

9) өзінің сипаты немесе буып-түйілуі жағынан почта қызметкерлеріне қауіп төндіретін, басқа почта жөнелтімдер мен почта жабдықтарын былғайтын немесе бүлдіретін заттар;

10) тез бұзылатын тағам өнімдері;

11) металл ақшалар, банк билеттері, кредит билеттері немесе алушыға арналған қандай да бір құндылықтар, жол чектері, қымбат металдар мен тастар және солардан жасалған бұйымдар;

12) жеткізілетін елде енгізуге немесе айналымға түсуіне тыйым салынған бұйымдар.

139. Кедендік одақ елдері шегінде келесі бұйымдар мен заттарды жіберуге тыйым салынады:



1) Кедендік одақ аумағына (аумағынан) олардың енгізілуіне, шығаруына, транзитіне шектеу немесе тыйым салынған қарудың кез келген түрлері және олардың оқ-дәрілері, сондай-ақ олардың құраушы бөлшектері, оқ-дәрілері;

2) жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, жару құралдары;

3) шартты түрдегі патогенді және патогенді организмдер, биологиялық материалдар, жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғыштары;

4) тез бұзылғыш тауарлар;

5) алкогольді өнімдер мен этил спирті, сыра;

6) темекі бұйымдарының кез келген түрлері және шылымдық қоспалар;

7) кез келген түрдегі және күйдегі өсімдіктер, өсімдіктердің тұқымдары;

8) зергерлік бұйымдардан басқа кез келген түрдегі және күйдегі бағасы құнды тастар мен табиғи алмастар;

9) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары;

10) озонды бұзғыш заттар;

11) қауіпті қалдықтар;

12) есірткі құралдары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар.

140. Халықаралық құндылығы жарияланған бандерольдерде, ұсақ пакеттерде, хаттарда және посылкаларда тізімдемеден басқа конвертпен немесе онынсыз жолданған хаттар, алмасып отырған тұлғалары жіберуші мен адресаттан өзге тұлғалар болатын документтер мен жазбаша хат-хабарларды жіберуге тыйым салынады. Одан басқа, ұсақ пакеттер мен посылкаларда мерзімді баспасөз басылымдарын жіберуге тыйым салынады.



Халықаралық почта жөнелтімдерінің барлық түрлерінде Қазақстан Республикасының басқа почта операторымен қабылданып ресімделген почта жөнелтімдерінің барлық түрлерін салып жіберуге тыйым салынады.

 

 



Ішкі және халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуге шектелген заттар

 

141. Ішкі және халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуге келесі белгілі шарттар болған жағдайда қабылданатын бұйымдар мен заттар тізбесіне жататындар:

1) мәдениет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтар (Қазақстан Республикасынан сыртқа шығарған кезде) - мәдениет саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

2) өсімдіктер, тегі өсімдік өнімдері, сондай-ақ жануарлар, тегі жануар өнімдері - ауылшаруашылық саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

3) радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті қондырғылар (Қазақстан Республикасына енгізілген кезде) - байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

4) Қазақстан Республикасы аумағында тіркелмеген дәрілік құралдар (Қазақстан Республикасына енгізілген кезде) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша;

5) халықаралық почталық қатынасында жіберілетін өлгендердің мәйіті салынған урналар - мына құжаттармен:

өлімі туралы дәрігерлік куәлік және егер сойылған болса, медициналық мекеме берген хаттаманың көшірмесі және дипломатиялық өкілдікпен немесе консулдық мекеменің мөрімен, ал егер олар болмаса Қазақстан Республикасында осы елдің мүддесін қорғайтын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекеменің мөрімен куәландырылған немесе азаматтық ауқат актілерін жазу мемлекеттік органдары беретін өзге құжаттар;

дипломатиялық өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасында осы елдің мүддесін қорғайтын мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері урнада бөгде заттар жоқтығы туралы жасаған анықтамасымен;

6) мемлекеттік наградалар (орден, медаль, белгі, атаулы заттар) - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жіберуге тек жіберушінің меншік құқығын растайтын марапаттау, құндылығы жарияланған халықаралық почта жөнелтімдерінде осындай тауарды жіберу туралы құжаттары бойынша;

7) бейне, фото, дыбыс жазбаларымен жіберілген электронды ақпарат тасығыштары (дискеттер, компакт-дискілер, қатты дискілер және флэш тасығыштар) - оларды жазғанда пайдаланылған электронды есептегіш машина (бұдан әрі - ЭЕМ) мен операциялық жүйе типтері туралы мәліметтер бар болса. Тасығышта жазба болмаған жағдайда да пайдаланылған ЭЕМ мен операциялық жүйе типтері көрсетіледі немесе заводтың паспорты қоса беріледі.

142. Кедендік одақ елдері шегінде келесі салынымдарды жіберу шектеледі:



1) Кедендік одақтың кедендік аумағына енгізілуі және Кедендік одақтың кедендік аумағынан шығарылуы шектелген шифрлеу (криптографиялық) құралдар;

2) Кедендік одақтың кедендік аумағына енгізілуі шектелген азаматтық белгілеудегі радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар, оның ішінде өзге тауарлармен қоса құрастырылған немесе құрамына кіретіндер;

3) кедендік шекарадан өткізгенде шығаруға шектелген минералогия және палеонтология бойынша топтамалар мен топтамалық заттар;

4) кедендік шекарадан өткізгенде шығаруға шектелген 1973 жылғы 3 наурыздағы Жоғалу қаупінде тұрған жабайы фауна мен флораның түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның құзыретіне кіретін жабайы фауна мен флораның түрлері;

5) кедендік шекарадан өткізгенде шығаруға шектелген Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей федерациясының Қызыл кітаптарына енгізілген, кедендік шекарадан өткізгенде шығаруға шектелген сирек кездесетін және жоғалу қаупінде тұрған жабайы аңдар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлері, олардың бөлшектері және (немесе) дериваттары;

6) кедендік шекарадан өткізгенде шығаруға шектелген ұлттық мұрағат қорларының құжаттары мен мұрағаттық құжаттардың түпнұсқалары.

143. Жаңа піскен жеміс-жидектердің қатты сорттары салынған посылкалар тиеудің кепілді нормасы шегінде ұшақтардың тікелей рейсімен жіберуді ескере отырып қабылданады, ал теміржол көлігімен мұндай посылкалар жеті тәулікте жететін шарт болғанда қабылданады, егер ол мерзімнен асатын болса салынғанның болжанарлық бүлінуін жөнелтуші өзіне алады.



 

 

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айырылып жазасын өтеуші адамдардың мекенжайына жөнелтуге тыйым салынған бұйымдар мен заттар



 

144. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айырылып жазасын өтеуші адамдар мекенжайына жібергенде ішкі почта жөнелтімдерде келесі бұйымдар мен заттардың салынымына жол берілмейді:

1) атқыш және суық қарулардың барлық түрлері, оқ-дәрілер;

2) жарылғыш, уландырғыш және өрт қауіпті заттарды;

3) оптикалық құралдар;

4) ақша, құнды заттар, құнды қағаздар;

5) пиротехникалық заттар, сіріңкелер;

6) жылы өңдеуді талап ететін тамақтар (кофе мен шай, құрғақ сүт, тез дайын болатын қайнау мен пісіруді қажет етпейтін тамақ концентраттарынан басқа), сондай-ақ ашытқылар, қант;

7) алкогольдік сусындардың барлық түрлері, сыра;

5) әтір, одеколон және спирттік негіздегі өзге де заттар;

6) есірткі құралдары, психотроптық заттар, уытқұмарлық және күшті әсер ететін есеңгіртетін заттар, олардың аналогтары және медициналық көрсетулерсіз дәрілік заттар, медициналық тағайындаудағы заттар;

7) жазу машинкасы, көбейткіш аппараттар, компьютерлік құрал-жабдықтар және басқа да кеңсе техникасы;

8) пышақ, басқа да өткір, кескіш және сұққыш заттар;

9) балталар, балғалар және басқа саймандар;

10) ойын карталары;

11) конституциялық құрылымды зорлықпен өзгертулерді, Қазақстан Республикасының біртұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тектік артықшылықты, қатыгездік, зорлық және порнография насихаттауды немесе үгіттеуді мазмұндаған баспа басылымдары, көркем өнер материалдары, кино-, фото-, аудио- және бейнематериалдар;

12) фотоаппараттар, фотоматериалдар, химикаттар, бейне- және кинокамералар;

13) электр тұрмыстық құралдар (электр сақалалғыштар, электр шәйнектер, зауытта шығарылған тұрмыстық электр қайнатқыштардан басқа);

14) құжаттар (соттың үкімдері мен анықтаулары, ақша, заттар, құндылықтарды сақтау үшін берілген түбіртектерден басқа);

15) топографикалық карталар, компастар, топография, күрес, қызметтік иттерді баптау, қарудың құрылымы бойынша әдебиеттер;

16) әскери және басқа да нысандық киім, оның бөлшектері;

17) ашық түсті сыртқы киім, бас киім және аяқ киім (кебіс, жылы және жұқа ішкі киім, бірыңғай қара, қара-көкшіл немесе қара-қоңыр түсті футболкалар, жемпірлер, свитерлер, спорттық костюмдер және спорттық аяқ киімдерден басқа);

18) рациялар, мобильдік телефондар және өзге де мобильдік байланыс құрылғылары, олардың зарядты құрылғыларын қоса, құрамдық бөлшектері, сим-карталары, электрондық ақпарат тасымалдағыштардың барлық түрі;

19) өзге де тасуға, тасымалдауға және сақтауға әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген заттар мен құралдарға.

 

 



14. Почта қызметтерін көрсетуге байланысты өзге ережелер

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет