Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы


Почта байланысы қызметтерін төлеу тәртібі



бет4/4
Дата11.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#127777
1   2   3   4

Почта байланысы қызметтерін төлеу тәртібі

 

145. Почта жөнелтімін және почтамен ақша аударымын жіберу үшін төлем оларды қабылдау кезінде алынады, өзгеше жағдайлар тек почта операторымен және қызметті пайдаланушы арасында жасалған шартпен белгіленеді.

146. Почта байланысының қызметтері Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қолма-қол ақша немесе есеп айырысу арқылы төленеді. Мемлекеттік почта төлемі белгілері жазбаша хат-хабарды жібергенде, оның ішінде шетелге жолдағанда, ақысы төленгенін көрсетеді.

147. Құндылығы жарияланған жөнелтім үшін почта байланысы қызметінің төлеміне салмағына қарай алатын төлем және құндылығын жариялау үшін төлем кіреді.

Құндылығы жарияланған халықаралық посылкалар төлеміне салмағына қарай жіберу ақысы, құндылығын жариялау үшін және экспедициялық ақы кіреді.

148. Почта операторы почта байланысы қызметінің төлемақы көлемін, сондай-ақ почта жөнелтімдерін жіберуде қолданылған (әуе немесе жерүсті жолымен) әдіске байланысты белгілейді (уәкілетті органмен бекітілетін баршаға қолжетімді қызметтердің тарифтерінен басқа).

149. Қолданыстағы тарифтерге сәйкес осал, қомақты, ірі габаритті посылкаларды, сондай-ақ «Абайлаңыз» белгісі бар посылкаларды жіберу үшін қосымша ақы алынады.

150. Жеке тұлғалардан қабылданған төленбеген немесе толық төленбеген ішкі жай хаттар, почта карточкалары және бандерольдер тиісті пунктіне жеткізіле алады, бірақ ондай жөнелтімдер адресаттарына үстеме төлем тарифіне сәйкес почталық төлем төленгеннен кейін беріледі. Мұндай жөнелтім қайтарылған жағдайда төлем жіберушіден өндіріледі.



Заңды тұлғалар жіберетін төленбеген немесе толық төленбеген жөнелтімдер маркаларды өшіру арқылы өңдеудің бірінші кезеңінде жіберушілеріне қайтарылады.

151. Үстеме төлем төленетін жөнелтімдердің адресаттары жоқ болғанда немесе адресат оларды алудан бас тартқан кезде почта жөнелтімдері таратылмаған хат-хабарлар қатарына өткізіледі.

152. Заңды және жеке тұлғалар почта жәшігіне салған, төленбеген немесе толық төленбеген халықаралық хаттар, карточкалар және бандерольдер толық төленуі үшін маркалары өшірілместен жіберушілеріне қайтарылады.

153. Ұлттық почта операторы халықаралық хат-хабарлар төлемі ретінде купон сатқан шетел почта әкімшілігі мөртабанының бедері басылған халықаралық жауап купонын қабылдай алады.

154. Ұлттық почта операторы құны ДПО актілерімен белгіленетін халықаралық жауап купондарын сатады.

155. Халықаралық жауап купондарын Ұлттық почта операторының әрбір өндірістік объектілерінде әуе көлігімен жіберілетін, салмағы 20 граммға дейін бір жай халықаралық хатты төлеу тарифінің есебінен почта маркаларына алмастырылады.

 

 

Мемлекеттік почта төлемі белгілері



 

156. Ұлттық почта операторы жіберуге қабылдаған жазба хат-хабарлардың төленгендігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік почта төлемі белгілерімен расталады. Почта төлемі белгілерінің почта байланысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен түрі мен көлеміне сәйкес шығарылуын, сондай-ақ оларды сатуды Ұлттық почта операторы жүзеге асырады.

157. Мемлекеттік почта төлемі белгілері ретінде почта жөнелтімдеріне желімделетін немесе баспа әдісімен почта конверттері мен почта карточкаларына басылатын почта маркалары мен стандартты және көркемсуретті сериялардағы блоктар, сондай-ақ франкирлеу машинасы клишесінің бедері және де почта байланысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен почта байланысы қызметтеріне төлем жасалғанын растайтын басқа да белгілер қолданылады.

Мемлекеттік почта төлемі белгілерінде мемлекеттің атауы («Қазақстан» және латын транслитерациясымен «Kazakhstan»), сондай-ақ суреттің, тақырыптың атауы мемлекеттік тілде белгіленеді, төлем сомасы (номиналы) араб цифрларымен немесе латын әрпімен басылады, шығарылған жылы (немесе тіркеу нөмірі) көрсетіледі.

158. Сатылған мемлекеттік почта төлемі белгілері кері қайтарылып алынбайды және айырбасталмайды.

159. Маркаланған конверттерден және карточкалардан қиылып алынған және өшірілмеген почта маркаларын Қазақстан Республикасы аумағында хаттар, бандерольдер және почта карточкаларын жіберу үшін пайдалануға болады. Басқа қиылып алынған почта төлемінің белгілері (мысалы каталогтардан немесе жарнамалық басылымдардан, оның ішінде басқа ел маркалары) почта жөнелтімдерін жіберу үшін төлем ретінде қабылданбайды.

 

 



Франкирлеу машиналары

 

160. Ішкі және халықаралық жай және тапсырысты почта жөнелтімдері франкирлеу машинасының бедерін қою арқылы төленуі мүмкін.

161. Франкирлеу машинасын Ұлттық почта операторының қызметін пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғалар Ұлттық почта операторында тіркеп оны пайдалануға шарт жасасу арқылы пайдалана алады.

162. Франкирлеу машинасы клишесінің бедері қызыл түсті болып, оның құрамында:



1) Ұлттық почта операторының ішкі нормативтік актілерінде көрсетілген тиісті жазулары бар почта маркасының шартты белгісі;

2) почта мөртабанының бедері;

3) жөнелтушінің мекенжайы болуы тиіс.

163. Почта жөнелтімдеріне франкирлеу машинасы клишесінің бедерін басу мүмкін болмаған жағдайда ондай бедер жолақ қағазға басылып почта жөнелтіміне жапсырылады.

164. Франкирлеу машинасының пайдалану мерзімі аяқталған жағдайда, басқа заңды тұлғаға берілгенде (сатылғанда) машина клишесі Ұлттық почта операторының тиісті бөлімшесіне жойюы үшін акті бойынша берілуі тиіс.

 

 



Өзге ережелер

 

165. Келесі Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары жөнелтімдерді «Үкіметтік»-«Правительственное» разрядымен жібере алады:



1) Қазақстан Республикасының Президенті;

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы және орынбасары;

4) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы және орынбасары;

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;

6) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы;

7) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және орынбасары;

8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы және орынбасары;

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы;

10) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы;

11) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

12) Қазақстан Республикасы Бас прокуроры және орынбасары;

13) Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші органдардың басшылары;

14) Қазақстан Республикасының Министрлері, орталық атқарушы органдардың ведомство басшылары;

15) Қазақстан Республикасы Агенттіктерінің төрағалары;

16) Қазақстан Республикасы Парламенті Комитеттерінің төрағалары;

17) Астана және Алматы қалаларының, Қазақстан Республикасы облыстарының әкімдері.

«Үкіметтік»-«Правительственное» разрядындағы почта жөнелтімдері бірінші кезекте өңделеді және жеткізіледі.

166. Адресатқа тапсырысты хат пен бандеролді, құндылығы жарияланған почта жөнелтімдері, жеделдетілген және курьерлік почта жөнелтімдері, почтамен ақша аударымы табысталмаған кезде жөнелтуші түбіртекті тіркей отыра өз тілегін жазбаша түрде беріп, қосымша төлем төлеу арқылы:



1) өзінің почта жөнелтімін және почтамен ақша аударымын қайтаруға;

2) почта жөнелтімін, почтамен ақша аударымын басқа тұлғаға және басқа мекенжай бойынша беруге немесе оны сол алушыға, бірақ басқа мекенжай бойынша жеткізуге өкім жасауға;

3) почта жөнелтімінің, почтамен ақша аударымының сақталу мерзімін баратын жеріндегі почта операторының өндірістік объектісіне түскен күннен бастап алпыс күнтізбелік күнге дейін ұзартуға;

4) жөнелтімді қайтарудан бас тартуы туралы өкім жасай алады.

167. Халықаралық почта жөнелтімінің жіберушісі почта операторы арқылы өзі жіберген почта жөнелтімінің қайтарылуы немесе мекенжайын өзгерту туралы өкім жасай алады.



Жіберуші халықаралық посылка алушысына тапсырылмаған жағдайда не істеу керектігі туралы оны жіберген кезде өкім жасай алады, бұл туралы ілеспе бланктің алдыңғы бетіне белгі соғылады.

168. Қабылданған жай хаттар мен бандерольдер тиесілі жеріне жіберілмеген сәтке дейін жазбаша өтініші бойынша жөнелтушіге қайтарылып беріле алады, бұл ретте қайтарғаны үшін ақы алынбайды және мемлекеттік почта төлемі белгілерімен төленген сома қайтарылмайды.



Қабылдап алған өндірістік объектіден әлі жіберілмеген тіркелетін почта жөнелтімдерін жөнелтуші жазбаша өтінішімен кері алуына болады, мұндайда ол почта операторына түбіртектің түпнұсқасын қайтарып береді (топтамалы почта жөнелтімдер қабылданса - тізімін де).

Мұндай жағдайда жөнелтушіге төлеген сомасы, тек мемлекеттік почта төлемінің белгілері мен қосымша көрсетілген қызмет ақысынан басқа, қайтарылып беріледі.

169. Адресат қосымша төлем арқылы мынадай жазбаша өкім жасай алады:



1) өндірістік объектіде өз атына келген почта жөнелтімін, почтамен ақша аударымын түскен күннен бастап алпыс күнтізбелік күн сақтау туралы;

2) өз атына келген почта жөнелтімін, почтамен ақша аударымын басқа мекенжайға жеткізу немесе жіберу жөнінде;

3) өз атына «Талап еткенге дейін» келген почта жөнелтімін, почтамен ақша аударымын үйге жеткізіп беру туралы (үйге жеткізу қолданылатын болса);

4) жеткізілмеген жөнелтімдерді қайтарудан бас тартуы туралы.

 

Почта байланысы қызметтерін



көрсету қағидаларына

1-қосымша

 

 



Ішкі почта жөнелтімдері үшін өлшемдер мен шекті салмақтар

 


 

Жөнелтім түрлері

Шекті салмағы, кг

Буып-түйілген көлемі

1

2

3

4

1.

Почта

карточкасы

-

105х148 мм

2.

Хат

2

110х220мм; 114х162 мм;

162х229мм; 229х324 мм;

250х353 мм.

3.

Бандероль

 

Ең жоғарғы өлшемдері:

үш өлшемнің (ұзындығы, ені, биіктігі) бірінің ең үлкен шамасы - 35 см.

Үш өлшемнің қосындысы 65 см-ден аспауы тиіс. Орама тәрізді оралған бандероль үшін - ұзындығы 70 см, диаметрі 15 см.

Ішіне салынғандарын (карталар, кестелер және т.б.) бүктеуге болмайтын, ұзындығы 150 см-ге дейінгі бандерольдер.

Ең төменгі өлшемдері: (қалыңдығы кез келген аз мөлшерде болғанда) бір өлшемі - 10 см, басқа өлшемі - 5 см-ден кем емес, ал орама түрінде оралған болса, ұзындығы - 10 см, диаметрі - 5 см.

Мына бандерольдерден басқа:

2

а) тұқым салынған

1

б) бір кітап салынған

3

в) зағиптар үшін шығыңқы әріптері бар қағаздар мен кітаптар салынған

5 шекті салмақтан 100 гр-ға дейін асуына жол беріледі

4.

Посылка

14

Ең жоғарғы көлемі 80х80х50 см.

Ең төменгі өлшемі (бал аралары салынғаннан басқалары үшін) бір

өлшемі - 10 см, қалған өлшемдерінің әрқайсысы 5 см-ден кем емес. Әуе кемесімен тасымалданатын бал арасы салынған посылкалардың бір жағының ұзындығы 30 см-ден кем болмауы тиіс.

5.

Тікелей контейнерлер

500

 

6.

Жеделдетілген және курьерлік почта хаты (пакеті)

2

165х220мм; 229х324 мм;

280х350мм; 315х415 мм;

395х475 мм.

7.

Жеделдетілген және курьерлік почта посылкасы

14

Ең үлкен көлемі:

өлшемдерінің бірінің ұзындығы 150 см-ден, ұзындықтарының қосындысы және ұзындығынан басқа бағыттағы шеңберінің ең үлкен ұзындығы 300 см-ден аспауы тиіс.

Ең төменгі көлемі: хаттармен бірдей.

 

Стандартты хаттардың өлшемдері мен салмағы: 114х162х5 мм,110х220х5 мм, 162х229 мм және салмағы 20 гр-ға дейін.

Ұсақ посылкалардың салмағы: 3 кг-ға дейінгі және ең ұзын жағы 35 см-ден аспайтын, ал үш өлшемінің қосындысы 65 см-ден аспайтын посылкалар.

Ауыр салмақты посылкалар: салмағы 10 кг-нан асатын.

Ірі габаритті посылкалар: посылкалардың бір жағы 80х80х50 см-ден артық. Ең жоғары көлемі: 230х180х110 см.

Ірі габаритті және ауыр салмақты посылкаларды қабылдау оларды почта операторының тек қана белгіленген өндірістік объектілері арқылы тапсыру және алу шартымен жүргізіледі.

 

 



Почта байланысы қызметтерін

көрсету қағидаларына

2-қосымша

 

 



Халықаралық почта жөнелтімдері үшін өлшемдер мен

шекті салмақтар

 




Жөнелтім түрлері

Шекті салмағы, кг

Буып-түйілген көлемі

1

2

3

4

1.

Почта карточкасы

-

Ең төменгі өлшемдері:

90х140 мм

Ең жоғарғы өлшемдері:

120х235 мм

2.

Хат

2

Ең төменгі өлшемдері:

90х140 мм

Ең жоғарғы өлшемдері:

120х235 мм

3.

Бандероль Зағиптарға арналған басылымдар (секограммалар) салынған

5

7

Ең жоғарғы көлемі: үш өлшемнің (ұзындығы, ені, биіктігі) қосындысы 90 см-ден аспауы тиіс; ең үлкен өлшемі 60 см. Рулон үшін ұзындығы мен екі еселенген диаметрінің қосындысы - 104 см-ден аспайды.

Ең ұзын өлшемі - 90 см.

Ең төменгі өлшем: 14х9 см, рулон үшін ұзындығы мен екі еселенген диаметрінің қосындысы - 17 см.

Ең ұзын өлшемі - 10 см-ден аспайды.

4.

Ұсақ пакеттер

2

Ең жоғарғы көлемі: үш өлшемнің (ұзындығы, ені, биіктігі) қосындысы - 90 см-ден аспауы тиіс; ең үлкен өлшемі 60 см. Рулон үшін ұзындығы мен екі еселенген диаметрінің қосындысы - 104 см-ден аспайды.

Ең ұзын өлшемі - 90 см.

Ең төменгі өлшем: 14х9 см, рулон үшін ұзындығы мен екі еселенген диаметрінің қосындысы - 17 см.

Ең ұзын өлшемі - 10 см-ден аспайды.

5.

Бір мекенжайға және бір адресатқа арналған баспа басылымдары салынған ««М» қабы

20

 

6.

Посылка

20

Ең жоғарғы көлемі: кез келген өлшемі - 105 см-ден аспайды.

Ұзындығы мен ең үлкен шеңберінің қосындысы - 200 см-ден аспайды.

Ең төменгі көлемі: хаттармен бірдей.

7.

Жеделдетілген почта хаты (пакеті)

2

165х220 мм;

229х324 мм;

280х350 мм;

315х415 мм;

395х475 мм.

8.

Жеделдетілген почта посылкасы

20

Ең үлкен көлемі:

өлшемдерінің бірінің ұзындығы 150 см-ден, ұзындықтарының қосындысы және ұзындығынан басқа бағыттағы шеңберінің ең үлкен ұзындығы 300 см-ден аспауы тиіс. Ең төменгі көлемі - хаттармен бірдей.

 

9. Топтастырылған «Консигнация» жөнелтімдері

31,5

Ең үлкен көлемі:

өлшемдерінің бірінің ұзындығы 150 см-ден, ұзындықтарының қосындысы және ұзындығынан басқа бағыттағы шеңберінің ең үлкен ұзындығы 300 см-ден аспауы тиіс. Ең төменгі көлемі - хаттармен бірдей.

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2012 жылғы 16 қаңтардағы

72 қаулысымен



бекітілген

 

 



Почта жөнелтімдерінде почта мөртабанын қолдану

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Почта женелтімдерінде почта мөртабанын қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, Дүниежузілік почта одағының Қазақстан Республикасымен ратификацияланған актілеріне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы почта операторларымен почта жөнелтімдерінде почта мөртабанын қолдану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) өшіру - почта жөнелтімі қабылданғанын растайтын мемлекеттік почта төлемі белгілеріне почта мөртабанының бедерін басып шығару;

2) почта мөртабанының күні мен уақыты - почта мөртабанының ауыстырылып орнатылатын ағымдағы күнтізбелік күн мен уақыттың белгілеуі.

 

 



2. Почта мертабанын қолдану тәртібі

 

3. Почта мөртабаны оның бедерін басу жолымен почта жөнелтімін өңдеудің ағымдағы күнтізбелік күні мен уақытын белгілеу мақсатында төмендегі жағдайларда қолданылады:



1) жазбаша хат-хабарларды қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында почта айналымында жүрген мемлекеттік почта төлемі белгілерін өшіру үшін, сондай-ақ өңделетін почта жөнелтімдеріне;

2) почта жөнелтімдерін қабылдауда пайдаланушыға. берілген түбіртекті растау үшін;

3) почта операторының өндірістік құжаттарын ресімдеу үшін.

Почта мөртабанының бедерлері клиенттің сұрауы бойынша әртүрлі филателиялық және басқа материалдарға (хатқалталар, ашық хаттар, маркалар), почта женелтімдеріндегі жіберілетін салымдардың барлық түрлеріне және почта операторының өндірістік құжаттары болып табылмайтын құжаттарға қойылмайды.

4. Мемлекеттік почта төлемі белгілері почта мөртабанының бедерімен қайтадан екінші рет қолданылмайтындай етіп өшіріледі. Портреттері бар почта төлемі белгілерін өшіру кезінде почта мөртабанының бедері бет бейнені ластамауы керек. Төлемге жарамсыз почта төлемі белгілері (айналымнан алынған, басқа мемлекеттердің почта төлемі белгілері) почта мөртабанымен өшірілмейді.

5. Почта жәшіктерінен жәшіктегі көрсетілген алу уақытына дейін жиналып алынған жай хаттарға басылған почта мөртабанының күні нақты күнтізбелік күнге сәйкес келуі тиіс.

Почта жәшігіне осы жәшікте көрсетілген алу уақытынан кейін түсірілген жай хаттарға басылған почта мөртабанының күні келесі алынудың күнтізбелік күніне сәйкес келуі тиіс.

6. Қызмет пайдаланушысына берілген түбіртектегі почта мөртабанының күні почта жөнелтімінің нақты қабылданған күнтізбелік күніне сәйкес келуі тиіс. Жіберушінің сұрауы бойынша да, ағымдық операциялық күннің жабылуы себебі бойынша да өзге күндерді қоюға жол берілмейді.

7. Почта мөртабанындағы барлық жазбалар (өндірістік объектілердің атаулары) мемлекеттік тілде орындалады.

Халықаралық почта алмастыру орындары мен пункттері үшін почта мөртабанындағы жазбалар латын әріптерімен орындалады.

Егер жұмыс талаптары бойынша қажет болса, өндірістік объектілер почта мөртабандарының қажетті санын қолдана алады, бұл жағдайда оларға қосымша әріптік литер ойып жазылады.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық почта операторының барлық өндірістік объектілерінде почта жөнелтімдеріне мөр соғу кезінде және өндірістік құжаттарда қара (көк) түсті, ал почта вагондарында - қызыл түсті мөртабандық бояу қолданылады.

9. Қазақстан Республикасы Ұлттық почта операторының почта мөртабанының күні мен уақыты үшін «ККААЖЖСС», форматы пайдаланылады, мұндағы:

КК - күнтізбелік күннің саны;

АА-айы;

ЖЖ - жылы;

СС - сағаты (белдеулік уақыт бойынша ағымдағы сағаттың басталуынан).

Қазақстан Республикасы Ұлттық почта операторының өңдейтін почта трафигі көлемі елеулі емес өндірістік объектілерінде (почта желісінің торапты емес пунктілерінде) почта мөртабанында ағымдық уақыттың белгісі болмауы да мүмкін.

10. Почта операторының өндірістік объектілерінде почта мөртабандарының жұмыс орындарына берілуі туралы күнделікті есеп, сондай-ақ орнатылған күнтізбелік күндердің (уақыттың) сәйкестігіне және мөртабандардың сақталуын қамтамасыз етуге бақылау жүргізіледі.

11. Почта мөртабандарын қолдану тәртібінің орындалуына бақылауды белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес почта операторының лауазымды тұлғалары және өндірістік объектілерінің (құрылымдық бөлімшелерінің) басшылары жүзеге асырады.

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет