Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учебного заведения



бет4/15
Дата13.06.2016
өлшемі1.66 Mb.
#131888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Білім сапасыбасты мақсат
Дулатбекова Т.С. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, оқыту үрдісінде оны ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін» атты Қазақстан халқына жолдауына еліміздің жастарына білімді, парасатты, елжанды және кәсіби қызметке дайындығының жоғары болуын талап етеді. Тәуелсіздіктің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өрлеу жолына түсті. Осы орайда, еліміздегі кадр дайындау мәселесінің маңызы арта түсті. Қазіргі студенттің алдында өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу, күнделікті ақпаратты өздігінен табу, оны талдай білу, керекті жерлерінде шеберліктерін арттыру міндеттері тұр.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңның 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей қазіргі кезеңдегі әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық тенологияны меңгеру.

И.П.Вемков «Педагогикалық технология бұл жоспарланған оқу нәтижесіне жету процесінің нұсқауы, дидактикалық жүйенің негізгі процессуалдық бөлігі» - деп атайды.

Қазіргі таңда еліміздің оқу орындары мен педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауын сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадаға мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізднлген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жаз және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адамзаттық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді: а)тұжырымдық негізі; ә) оқыту мазмұндық бөлімі (оқытудың нақты және жалпы мақсаты және оқу материалдарының мазмұны); б)үрдістік бөлім - технологиялық үрдіс (оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары, мұғалім жұмысының әдістері мен формалары, мұғалімнің материялды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті және оқу үрдісінің диагностикасы).

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:



  • әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

  • оқушылардың қабілеттіліктері мен шығармашылықтарын арттыру;

  • оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру .

Жаңа педагогикалық технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, мәселелік оқыту технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, түсіндірі басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ деп қарасақ, осы мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық, шығармашылық бірлескен еңбегі екені белгілі. Адамдар арасындағы қарым- қатынас, біріккен әрекет қоғам мүшелерінің өзара ой, пікір, идея алмасу арқылы жүзеге асатын болса, интерактивті қарым–қатынас кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабілеттері де көрінеді. Интерактивтік әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы – кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып бірін–бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін. Қарсы таптан болғандықтан ол сұхбатқа сұрағымен немесе екі оқушының сұхбатында айтылмаған тақырыпқа қарасты тың дерегімен кіре алады. Мұны «полилог» дейді. Бұл үйреніп жүрген өзге тілді меңгеруді жеделдетеді, өзге тілді үйрену барысында кездескен қиындықтарды жеңуге көмектеседі және әдет–дағдылары қалыптасады. Оқу–тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс–тәсілдерін пайдаланғанда оқушыны субьект тұрғысынан қарастырғанда оқытудың нәтижелі, білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығушылығы күшейеді, оқушының өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянып, оның ізденушілік- шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері артады.

Интерактивті әдіс - күрделі құрылымды тәсіл және біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгеруші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Интерактивті әдістің дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс–тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде; оқу үрдісінің мүшелерінде әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып–білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде т.б.

Сабақ барысында ұйымдастырылатын жұмыстың мазмұны мен мақсатына қарай біріншіден, мұғалімде алдымен жаңа ой туындайды. Екіншіден, оқушының ойлау қабілеті дамып жетіледі, үшіншіден, оқушы да мұғалім де тәжірибемен алмасады. Осы тұста қолданылатын жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: оқыту мен тәрбиенің бірлігі, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау, өздігінен орындайтың іс-әрекеттердің әдістерін меңгеру, әр оқушының қабілетіне орай оқыту, оқу үрдісін оқушының өзі сезіну, оқушылардың білімділігі үшін жүйелі жұмыс істеу. Егер осы көрсетілген талаптар жүйелі түрде қолданылса ғана оқыту технологиясы өз мақсатына жетеді.

Оқу–тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту (С.Лесенкова); іс әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектері арқылы оқыту (В.Шаталов); саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы, т.т.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Каманованың, Ж.Қараевтың, Ш.Таубаева-ның, Қ. Қабдыкайыровтың, С.Лактионованың, М.Жанпейісованың, Ә.Жүніспек пен Қ.Нағымжанованың, С.Көшімбетованың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады. Педагогикалық технологияны пайдалану арқылы сабақ құрылымын түсіну оқыту үрдісін ұйымдастыру, мұғалім мен оқушының өзара байланысын оның өзіндік әрекетін жүзеге асыратын оқушының ішкі дамуын қамтамасыз ететін нақты жұмыс болып табылады. Бұл арқылы сабақ үстінде жаңа білім алып қоймай өздігінен жұмыс орындау арқылы білімді саналы игеріп, ізденіп пікір таластыру деңгейіне дейін жетеді. Осы салада профессор Ж.Қараевтың технологиясы тиімді оқыту әдісі ретінде кеңінен қолданылады. Ол технология бойынша білім берудің мына мәселелері жүзеге асады: оқушыларға сенімділік білдіру; пәнге қызығушылығын арттыру; оны дамыту. Осы арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуі көзделген. Мұғалімнің негізгі мақсаты тек тақырыпты түсіндіру ғана емес, оны оқушының іс-әрекетімен ұйымдастыру болып табылады. Шебер мұғалім өзінің педагогикалық үрдісімен, ұстаздық шеберлілігімен, білімділілігімен, жоғары қызмет істеу деңгейімен оқушыға үйрету қабілетімен, шығармашылық әрекетімен өмірге деген талпынысымен де көзге түседі. Мұндай мұғалім әр уақытта білім деңгейі жоғары ұрпақ тәрбиелейді. Бүгінгі мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің болашағы ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасындағы тығыз педагогикалық үрдіске байланысты. Оқыту әдістерін жіктеп ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып оның ең тиімділерін өзінің іс тәжірибелеріне пайдалануға тырысады.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық – педагогикалық бағыттағы негізгі ой тұжырымдарды төмендегідей сипатталады:

- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

- оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламалардан жекелеп, саралап оқыту бағарламасына өту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу оқу үрдісін интенсивтендіруді қолға алу, оқушылардың өздік әрекетін күшейтіп немғұрайлықты назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын жете түсіну, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыру үнемі басшылыққа алу болып табылады. Жалпы жаңа технологияны енгізудің саналылығы білім беру ісінің дұрыс жолға қойылып оны ақпараттандыру білім берудің тиімді шарттардың бірі ретінде қарап отыр. Олай болса сабақ үрдісін үштастыру білім беру мекемелерінің қай түрін алсақ та (колледж, институт, университет, мектеп т.б.) оны ақпараттандыру мен тиімді жаңа технологияны қолдануға баса көңіл бөлу әрбір мұғалімнің міндеті.

әдебиеттер

1. ЛихачевБ.Т. Педагогика. Курс лекций: Учебное пособие для студентов педогогических учебных заведений и слушателей ИПК и ФПК – М.: Прометей. Юрайт. 1998.

2. Білім туралы - Об образавании: Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы. «Литера». 1999.

3. БеспалькоВ.П. Слагаемые педагогической технологий учебно–воспитательного процесса. Усть – Каменогорск, 1982.

4. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз. ТарМУ, 2003.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адамзаттық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына, өзін-өзі дамытуына игі әсерін тигізетін, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру мәселелері қарастырылған.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются вопросы необходимости освоения новых технологий, способствующих саморазвитию и оптимизации учебного процесса.




Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда көрнекілік әдістерді қолдану
Жаспанова Т. К. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Теориялық математиканың нәтижесін практика жүзінде қолдану шешілуге тиісті мәселе есептің жауабын сан түрінде алуды талап етеді. ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап елімізде бастауыш оқыту жүзеге асырылды. Бастауыш сыныпта негізгі пәндердің бірі ретінде - арифметика оқытылды. Бұл пән қарапайым сандарды үйрету қосу-алу амалына негізделді. ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап педагог-ғалымдар В.А.Сухомлинский мен жаңашыл педагог В.Шаталов бастауыш сыныпқа математика пәнін енгізуді ұсынды. Мұндағы ең басты мақсат - арифметиканы одан әрі теориялық негізде толықтыру. Екіншіден, математика ғылымының ойындар теориясы; кибернетика, информация теориясы, бағдарламалап оқытудың қарапайым элементтерін бастауыш сыныптан бастап үйрету және теориялық негізде жүзеге асыру көзделген.

Бастауыш сынып математикасы Қазақстанда “Есептеу математикасы” негізінде жүзеге асырылды. Мұның негізін қалыптастыруға М. Әмірбаев, Ө.М.Сұлтанғазин ықтималдықтар теориясы, математикалық лингвистика - Қ.Б. Бекетаев, математика тарихы - Ф.Д. Крамер, А.Көбесов, т.б.ғалымдар үлес қосты. Сондай-ақ, математиканы оқыту әдістемесі бойынша зерттеулер жүргізілді, бастауыш сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазу қолға алынды. Қазақстанда ХХ ғасырдың 60-80 жылдарында М.О. Ысқақов, Х. Ибрашев, М. Әмірбаев, Ш. Еркеқұлов, Б. Төлегенов сынды матиматик - ғалымдар қазақ тілінде оқулықтар жазды, оның кейбір салалары бастауыш сынып математикасын қамтыды.

Математика гректің mathematike деген сөзінен шыққан білім, ғылым - деген сөз. Математиканың анықтамасын Лобачевский, «ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым» - деп берген. Осы негізде математиканың әдістемесін зерттеген ғалымдар көрнекілік әдісін бірінші орынға қойды.

Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар бастауыш сынып математикасын оқытуда қолданылатын көрнекіліктің үш түрін ұсынды, олар: демонстрация, иллюстрация, тәжірибелік әдістер.



Демонстрация (көрсету) оқушыларды нақты есептеуге үйрету, көрнекілік көрсету, процестер мен заттардың нысанасымен табиғи түрде таныстыру. Әдістің бұл түрі математикалық теңдеулер негізінде есептеуге арналған. Сондай-ақ, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен байланыстыруды көздейді.

Табиғи математикалық нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады: көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы, т.б. Келесі кезекте, оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрылымы көрсетіледі. Заттың үлгісі (математи-калық моделі), математикалық туындылар оқушылар тарапынан біртұтастықта қабылданады.

Демонстрациялау көбінесе оқушыларды практикалық оқыту әрекетімен ұйымдастырыла жүргізіледі. Демек, демонстрациялаудың табысты болуы бірнеше жағдайларға байланысты:


  • көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс және ол оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келуі ескеріледі;

  • көрнекі құралды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмыс істеуі тиіс;

  • оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тасталуы керек;

  • көрсету кезінде математикалық негізгі құралдар көрінісі анық әрі ашық баяндалып, кейбіреуі тақтаға сызылып қойылады;

  • оқушыларды осылай демонстрациялық бақылау жұмыстары нәтижесінде қорытынды жасай білуге дағдыландырады;

  • көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және математикалық ұғымдарды терең түсінуге мүмкіндік береді.

Оқытуды демонстрациялық негізде ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың математикалық құбылысты және танымдық процесті, өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқыту процесінде проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді. Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерін қолдануда кодоскоп, музыкалық орталық, үнтаспа, теледидар, видиофильм секілді техникалық құралдары қолданылады.

Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (суреттер, сызбалар, портреттер, модельдер) көрсету қолданылады. Иллюстрация әдісінің нәтежиелі болуы мұғалімнің бұл әдісті қаншалықты меңгергеніне байланысты.

Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сыныпқа иллюстрациялы материалды жиі қолдану математикалық нақтылық пен дәлдікке үйретеді. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалім көрнекі құралдың математикалық көлемін, білімділік мазмұнын, математикалық ықпал теориясына сәйкестігін ескеруі қажет.

Бұл әдістің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерінің ішінде математикалық нақтылау, пысықтау, көрсету әдістерінің негізі болып есептеледі. Сондай-ақ, мұны бастауыш сыныптың барлық пәндеріне қолданады. Бақылау әдісін математикада қолданудың тиімділігі мынадай тәсілдерге байланысты:


  • байқаудың мақсатын анықтау (математикалық түбірін негіздеу және есептеу мәтінін түсіну);

  • қабылдайтын математикалық құбылыс пен жүйенің негізін түсіндіру;

  • математикалық жүйені топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау.

Математикалық бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері: математикалық бақылау, лабораториялық бақылау, техникалық бақылау, оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.

Оқушылардың ойлау, зерттеу, үйрену дағдыларын арттырудың күшті құралы математикалық бақылау екендігін Н.И.Лобачевский атап көрсеткен.

Математикада, оның ішінде бастауыш математикасында бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары төмендегілер:

1) көрсетілген заттың әртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, көру, есту иіс т.б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге, бағыт берудің маңызы зор. Бақылау тек көру т.б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау, әрекетімен тығыз байланысты. Яғни, есепке, математикаға бейім баланың педагогикалық және физиологиялық ойлау ерекшелігіне тікелей байланысты шешіледі;

2) мұғалім бақылауда оқушыға талдау мен жинақтау арқылы заттардың негізгі қасиеттерін таныстыру, ажырату, қорытындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық етуі қажет.

3) мұғалім бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен бақылаудың мақсатын, байқайтын заттың мөлшерін (математикалық өлшемі мен теңдігін) немесе көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек.



Тәжірибелік немесе математикалық есептеу техникасын жетілдіру әдісі. Математикалық есептеу техникасын жетілдіру әдісі жиі қолданылады. Оған тәжірибелік әдіс көмекке келеді, толықтырады. Ең бастысы, бұл әдіс оқушының, әсіресе, математикадан алған алғашқы бастауыш негіздегі теориялық білімдерін, біліктілігі мен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың математикалық және практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.

Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар бастауыш сыныптың педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін, оның математикалық негізде техникалық әдістермен үйлестірілуі мұғалімнен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.

Математикалық есептеу техникасын жетілдіру әдісі - бастауыш сынып математикасында жиі қолданылады. Олар біріншіден, математикалық қарапайым санаудан, теңдеулер құрастыру деңгейіне дейін көтеру. Екіншіден, сандық бөлшектерді күрделендіру. Педагогикадағы қарапайымнан күрделіге көшу тәсілін қолдану. Техникалық құралдардың қарапайым, жай нұсқаулары арқылы оқушылардың математикалық есептеу, өлшеу, санау, көбейту, т.б. амалдарын үйрену, оны қолдана білу. Үшіншіден, тәжірибе жасағанда сыныптағы оқушылар әртүрлі бейімділік көрсетеді. Мұғалім олардың әрқайсысының жұмыс тәжірибесін жинақтайды. Сондай-ақ, математикалық қаблеттерін ұдайы жетілдіріп отыру қажет.

Педагогикалық шеберлік тұрғысынан қарағанда, математикадағы тәжірибелік әдісті мынадай төрт кезеңде немесе бағытта өткізеді - дайындау, өткізу, қорыту кезеңі және алдағы әдістерді қабылдау немесе нұсқау дәрежесі.

Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды кажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады. Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.

Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Алайда тәжірибелік әдістің бұл үш кезеңі болашақ бесінші сыныпқа дайындық түрінде төртіншісі эксперименттік сыныпта өткізіледі. Бұл сатылы кезеңде, біріншіден әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды. Екіншіден, ұжымдық түрде орындаған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізеді. Үшіншіден, тәжірибелік әдістің нақты қорытындысын мұғалімнің өзі анықтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды.

Тәжірибелік әдістің ішінде жиі қолданылатыны - жаттығу әдісі. Бастауыш сынып үшін ең пайдалысы осы әдіс болып табылады. Қазақ мектептеріндегі бұл әдісті академик О.Жәутіков еңгізді. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұл әдіс оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында техникалық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Сондықтан бұл әдісті бастауыштың барлық пәндеріне қолдануға болады. Мысалы, есеп сабағында (математика) жазбаша есеп шығару, тіл сабақтарында диктант жазу, грамматика және фонетика жұмыстарын орындау, т.б. Сондай-ақ, сурет салу, сызбалар сызу, диаграммалар құру, математикалық сызбалар сызу, т.б. жатады.

Бастауыш сыныптың жас ерекшелігіне байланысты жаттығу әдісінің артықшылығы оқушының өздігінен орындау белсендігін арттырады. Өзіндік жұмыстар математикалық есептер құрастыру арқылы жиі орындылады. Бұл математиканың негізгі түрі болып саналады, мұны ғалымдар әр пәнде қолданатын болғандықтан жазбаша жаттығу деп атаған.

Математикада пайдалы әдістің бірі ауызша баяндау. Біріншіден, математиканың ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу. Екіншісі - математикалық ережелердің мазмұнын ауызекі баяндау. Үшінші, қолданбалы математиканың кейбір теориялық қағидаларын жатқа айту.

Математикада қолданылатын әдістер - математикалық процестердің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі мақсат, міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталады. Сондықтан, математика-дағы таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару қажет.

Бастауыш сыныпта математикаға, оның әрбір тақырыбына сәйкес, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы мынадай белгілі шарттарға байланысты болып келеді:


  • оқыту әдісін, оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшелігіне сай қолдану;

  • қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру;

  • мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен іс-тәжірибесінің шығармашы-лық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру;

  • тәжірибе көрсеткеніндей, математика пәнінің бастауыш сыныптағы нәтижелі болуы, мақсаттың жүзеге асуына байланысты. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ең алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс.

әдебиеттер

1. Әбенбаев С.Ш.,. Құдиярова А.М, Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -А., 2003.

2. Нысанбаев Ә. Математика және дүние тану. -А.,1973.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілікті пайдаланудың демонстрация, иллюстрация, тәжірибелік әдістері қарастырылған. Математикада қолданылатын әдістер - математикалық процестердің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі мақсат, міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталғаны көрсетілген.


РЕЗЮМЕ

В статье показана необходимость применения на уроках математики начальной школы таких методов обучения как демонстрация и иллюстрация, которые способствует развитию познавательной деятельности и усвояемости материала.



Бастауыш сынып оқушыларына технологиялық білім берудің педагогикалық аспектілері

Жиенбаева С.Н. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Егемен елімізде табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, оның парадигмасының өзгеруі, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. 12-жылдық білім берудегі өзгешеліктердің бірі баланың мектепке 6 жастан қабылданып, технологиялық білім беруді бастауыш мектептен бастау болып табылады. Бұның өзі ғылыми-техникалық прогрестің даму бағытындағы, ғылым мен технологияның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінде өмір сүре алатын және соны жасайтын ұрпақ дайындауды көрсетеді.

Философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларды талдай келе, «Технология» ұғымы көп қырлы екендігі анықталды. Ағылшын тілінен аударғанда «техника», ал грек тілінде «шебер немесе шебер туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Философиялық тұрғыдан «қозғалыс, дамуға бағытталған, жаңа сапалық деңгейге өту, адамның әрекеті» деп түсіндіріледі. Сол сияқты әдебиеттерде технологияның механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік, геологиялық, планетарлық, ақпарттық, педагогикалық және басқа түрлері кездеседі.

В.П.Беспальконың пікірінше, кез келген әрекет не технология, не өнер болуы мүмкін, «Өнер интуицияға, ал технология ғылымға негізделеді. Барлығы өнерден басталып, технологиямен аяқталады» деп тұжырымдаған. С.А.Смирнов технологияның өндірістік және әлеуметтік түрлерін бөліп көрсеткен. Автордың пікірінше, өндірістік технологияға табиғи шикізат өнімдерін қайта өңдеу немесе одан дайын өнімдер алу, өндірістік технологияны «материалды, шикізатты өңдеу, дайындау, қасиетін, формасын өзгерту әдістерінің жиынтығы, оның өндіріс өнімін шығару үрдісінде жүзеге асуы» жатады.

Әлеуметтік технологияға бастапқы және соңғы нәтижесін адамның бір немесе бірнеше қасиеттерін өзгерту жатады. Педагогикалық әдебиеттерде технологияға бірнеше анықтамалар берілген.



Технология – бұл егжей-тегжейі ойластырылған бірлескен педагогикалық әрекет, мұғалім мен оқушы үшін толық жабдықталған оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізу моделі (В.М.Монахов). Педагогикалық технология – бұл жоспарланған оқу нәтижесіне жету үрдісін сипаттау (И.П.Волков). Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жетуде қолданылатын барлық жеке тұлғалық, инструментальдық және әдіснамалық құралдардың жұмыс істеу реті және жүйелі жиынтығы (М.В.Кларин). Педагогикалық технология – бұл тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйелердің жобасы (В.П.Беспалько). В.М.Казакевич технологияны жабдықтар, құрал-саймандарға, техникалық білім, дағдымен сәйкестендірілген әдістер жиынтығы деп анықтама берген. Дегенмен, В.Д.Смирновтың зерттеуінде технология ұғымының көп қырлы екендігі әдіснамалық тұрғыдан түсіндіріліп, ғылым ретінде алмасу және қайта жасау құралы, қоғам, өндіріс және адам дамуының көрсеткіші ретінде, таным көзі ретінде, білімді жинақтау және талдау, индукция және дедукция, теория мен тәжірибе, тұрмыс пен сананың бірлігін қамтамасыз етеді, мәдени ұғым ретінде материалдық және рухани мәдениеттің бірлігі ретінде түсіндіріледі. Автор осыларды негізге ала отырып, бірнеше аспектілерін бөлген: әлеуметтік (технология және қоғам), антропологиялық (технология және адам), экологиялық (технология-табиғат), мәдениетану (технология және мәдениет). В.Д.Смирнов технология ұғымын зерттей келе, төмендегідей үш топқа топтастырды:

  1. Материалдық өндіріс технологиясы, оған энергетикалық технология, металлургиялық технология, құрылыс технологиясы,т.б.;

  2. Өндірістік емес технологияға педагогикалық технология, ғылыми зерттеуді жүргізу технологиясы, медициналық технология, сауда технологиясы, тұрмыс технологиясы, көркем және ақпараттық қызмет жасау технологиясы және т.б.;

  3. Тіршіліктегі түрлі технологияға танымдық әрекет технологиясы, еңбек әрекеті технологиясы, көркемдік және техникалық шығармашылық технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, ойын әрекет технологиясы, ақпараттық технологиясын жатқызған.

В.С.Степина, П.С.Гуревич, Д.Б.Крылов, т.б. авторлар технологияның құрылымы мен жүзеге асу механизмі адамның тарихи дамуымен және мәдениетімен тығыз байланысты екендігін айтқан. Бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаһандану мәселелері, өркениетті елдер қатарына қосылу қарсаңында, жаңа мәдениетті енгізуді талап етіп отыр. Атап айтсақ, адамның табиғатқа, қоғамдық-тарихи, мәдени, экономикалық, технологиялық өркендеуге қатынасының өзгеруі, технологиялық мәдениетін қалыптастырады. Бұл жөнінде ғалым П.С.Гуревич технологиялық мәдениет жалпы адам мәдениетінің басты аймағы, жоғары технологиялық қоғамның феномені, адамның қабілеті, шығармашылық күшін, білім, білігін іске асырып, технологиялық әлемді игеруі деп түйіндеген. Аталған ғалымдардың теориясын негізге ала отырып, бастауыш сыныптан бастап, технология пәнінен бастапқы технологиялық білім беріп, технологиялық мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларын технологиялық мәдениеттің әлемдік құндылықтарына тарту, қоршаған ортаны зерттеу тәсілдерімен таныстыру, еңбекте шығармашылық деңгейде білім және біліктілігін қолдану, жеке тұлғаның моральдық-этикалық сапаларын қалыптастыру, мамандық таңдауға қызығушылығын ояту жүзеге асады.

Адамзат қоғамының дамуының барлық кезеңінде жас ұрпақты еңбекке дайындау негізгі әлеуметтік-педагогикалық мәселелердің қатарында жетекші орын алып келеді. Еңбекке баулу өз мүддесі және болашақ қоғам үшін еңбектене білетін, ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, дамыған адам даярлау мақсатына бағытталады. Адамның адам болып қалыптасуындағы еңбектің маңызын ескерсек, баланы еңбекке баулудың қаншалықты құндылығын түсіну қиын емес.

Еңбекке баулудың отандық және шетелдік педагогикалық тәжірибесін талдай келе еңбек баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін орасан зор алғышарт екендігін тұжырымдаймыз. Бұл проблеманың мазмұндық және процессуалдық аспектісі қоғамның әлеуметтік-саяси, экономикалық, технологиялық даму деңгейіне және психологиялық-педагогикалық білім аймағына да байланысты.

Педагогика теориясы мен практикасында 1884 жылдан бастап жас ұрпақты өздігімен еңбектену әрекетіне дайындауды жалпы білім беретін мекемеде еңбекке баулу арқылы шешу ұйғарылған. 1886 жылы Швециялық мектеп директоры Сант-Илер «Қол еңбегін оқыту негіздері» атты еңбек жазды. Ресейде 1901 жылы «Қол еңбегі мен сызу пәндерін оқыту» деп аталатын бағдарлама ұсынылып, онда жас ұрпақты еңбекке дайындау, кәсіби бағдар берілуі керектігі көрсетілген.

Елімізде тұңғыш рет Ы.Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс-қазақ мектебін алғаш ашқанда сабақты еңбекке баулудан бастаған. 1881 жылы Н.И.Ильминскийге жазған хатында «Сізде қол өнерін, бау-бақша, огород істерін,

мал шаруашылығын және егіншілік кәсібін үйретуге арналған практикалық жеңіл оқу құралы жоқ па?» - деп сұрауынан-ақ қалам ұстап, сауатын аша бастаған қазақ баласының еңбек дағдыларын меңгеріп, өнермен белгілі бір кәсіппен шұғылдануын армандағанын көреміз. 1882 жылы Торғай облысындағы оқу жұмысының жайы туралы есебінде: «Қарапайым халықтың тұрмысына қажетті, киім тігу, киім пішу, шәлі, түбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қылшық секілді материалдардан өрмек тоқу, киіз басу және тақыр кілемдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретіледі» - деп жазған. Дегенмен, еңбекке баулудың оқытылуының өзіндік тарихы бар.

Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңдерінде болашақ ұрпақты еңбекке баулу К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, К.Ю.Цирюля, И.А.Стебута, П.А.Кропоткин, А.С.Макаренконың гумманистік идеяларының негізінде дамыды. Кіші мектеп оқушыларын еңбекке баулу мәселесі И.Я.Рожнева, Е.П.Тонконова, С.Ф.Трифонова, И.Г.Майорова, И.П.Фрейтаг, М.И.Гусакова еңбектерінде теориялық тұрғыдан негізі қаланып, мазмұны анықталған. Л.П.Заречная, А.В.Леонтьев, В.Д.Симоненко, Д.А.Махотиннің зерттеулерінде еңбекке баулудың барлық тарихи, әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары анықталып, төрт кезеңге бөліп көрсетілген.

Бірінші кезеңі - революцияға дейінгі және 1917 жылдары мектепте еңбекке баулу арнаулы пән ретінде жүргізілген, бұл экономикадағы қолөнер жұмысшы кадрлардың қажеттілігінен туындаған. Бұл кезеңде «қол еңбегі» ( К.Ю. Цироль) ұғымының енуіне байланысты болып, оқу шеберханасында материалдарды өңдеп практикалық сабақ түрінде өткізілді. Пәннің мазмұнына қолөнер түрлеріне бағытталған (ағаш өңдеу, етікші, т.б) еңбектер енді және матералдарды көркем өңдеу, қол еңбегі, ауыл шарауашылық еңбектері қамтылды. Қол еңбегіне үйрету үлгіге қарап бұйымдар дайындаудан басталды. Мұндағы педагогикалық мақсат оқушылардың қол еңбегі арқылы жалпы еңбек және арнаулы білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды көздеді.

Бірте-бірте қол еңбегіне баулу әдістемесі қалыптасып, 1915 жылы типтік бағдарламасы қабылданып, онда тек ұйымдастырылу ғана емес, әдістемелік жағынан көрсетілді. Онда сабақта практикалық сабақтан басқа «түсіндіру» сабақтары жүргізілуі керектігі айтылды. Мұғалім тақтаға жасалатын бұйымның сызбасын көрсетіп, орындау жүйелігін, жолдарын және құрал-саймандарды қалай қолдануды түсіндіреді.

Екінші кезең - 1918-1937 жылдардағы тарихи, саяси, экономикалық , әлеуметтік өзгерістерге байланысты еңбекке баулудың мазмұнында өзгерістер болды. Сол кездегі экономиканы тез қалпына келтіру және өндірістің тез дамуы, социалистік қоғамның құрылу жүйесіне қарай мектепте оқытудың политехникалық принципі енгізілді. Еңбекке баулудың басты мақсаты: өндіріс саласының қажеттілігіне қарай түрлі еңбектің негізінде оқушыларды әлеуметтік-еңбекке бейімдеуге бағытталды.

1919 жылы қол еңбегі бойынша бағдарлама жарияланып,ол «Өнегелі қол еңбегі бағдарламасы» деп аталды. 1925-1927 жылдары қайта өңделіп, ол «Қол еңбегі бағдарламасы» деген атпен шықты. Оқушыларды ғылыми принцип негізінде материалдармен және құрал-саймандармен таныстыру, ең маңызды өндіріс салаларымен таныстыру, индустрияландырудағы еңбекке саналық көзқарасын тәрбиелеу көзделді. Оқыту мазмұны ағаш және металл өңдеу, электормонтаж жасау, түптеу жұмыстары, үй шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кешенді бағдарламасы және жобасы бойынша жүргізілді. Бұл оқыту мазмұны 1932-1933 оқу жылдарына дейін орындалып кейінгі бағдарламаларда еңбектің политехникалық жағы күшейтілді. Бірақ 1930 жылдары маманданған кадрларды дайындау қажеттілігіне байланысты еңбекке баулу пәнінің практикалық жағына ерекше мән беру мен мектепте ғылыми білімді күшейту қажеттілігінің арасындағы қарам-қайшылықтың тууы, еңбекке баулу пәнін алып тастады. Елімізде 1922 жылы халық ағарту комиссариаты мектептегі оқу жоспарына еңбекке баулуды арнаулы пән ретінде екі сағаттан оқу жоспарына енгізді.

Үшінші кезең - 1952-1990 жылдар арасында қоғамдық өндіріске жаппай жұмысшы күші қажеттлігіне қарай мектепте білім беру мазмұнына пән ретінде қайта енгізілді. Тек 1954-1955 оқу жылынан бастап, еңбекке баулу бастауыш сыныптан бастап пән ретінде қосылды. Пәннің мазмұнында қол еңбегі қағаз, қатырма қағаз, матамен жұмыс, ағашпен, металмен қарапайым жұмыстар, құрастыру, электортехника негіздері үйретілді. Бұл кезең оқушыларды жалпы еңбекке дайындауды күшейтумен сипатталып, кәсіби бағдарын қалыптастыруға оның ішінде бейіндік алпыс бағытта жүргізіліп, кәсіби оқытуға дейінгі жұмыстар жүргізілуімен ерекшеленеді.

Төртінші кезең -1993 жылдан бүгінгі күнгі тәуелсіз елдердің қатарына қосылып, нарықтық экономика және технологиялық революция қарсаңын қамтиды. Қазақстанда 1997 жылы «Еңбекке баулу» 1-4 сыныптарға арналған жаңа буын оқулығы, оқу-әдістемелік кешен тұңғыш рет жарыққа шықты. Еңбекке баулу оқулығының теориялық негізін жасауға П.Р.Атутов, В.Д.Симоненко, Ю.Л.Хотунцев, О.С.Сатқанов, С.Қаңтарбаевтың зерттеулері басшылыққа алынды.

Жаңа буын оқулығының ерекшелігі: көп деңгейлілігі, кешенді құрылуы және дамыта оқыту технологиясына негізделіп, ұлттық еңбек сипаттары қамтылған. Осы кезеңде «технологиялық білім», «технологиялық мәдениет» жаңа ұғымдарының шығуына байланысты еңбекке баулу «Технология» деп аталып отыр. 1998 жылы «Технология» пәнінің орта білім стандарты жазылып, 2002 жылы толықтырылу енгізілді. Стандарт мазмұнында оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген.

12-жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасында «Технология» 1-сыныптан бастап жүргізіліп, мазмұны төмендегідей негізгі міндеттерді шешуге бағытталады:


  • оқушыларға технологиялық білім және біліктілік негізінде технологиялық құзырлылық қалыптастырып, жасампаз және түрлендіре алатын әрекеттің негізі қаланады;

  • оқушыларда ішкі қажеттілігін және үрдіске, оның нәтижесіне құрметін қалыптастыру;

  • оқушыларды түрлі кәсіби әрекеттермен таныстыру және өзін кәсіби тұрғыда анықтауын жағдай жасау;

  • оқушыларда еңбек, графикалық, кәсіпкер, экологиялық, ақпараттық, этикалық, эстетикалық мәдениеті қалыптасады;

  • оқушыларды өзін-өзі таратушы, өзін-өзі таныту және әлеуметтендіру мүмкіндігімен қамтамасыз ету.

Шетел тәжірибесінде Ұлыбританияда, Францияда, АҚШ, Австралиядағы жалпы білім беру жүйесінде технологиялық білім беру бөлек “Технология”пәні ретінде жүргізіледі. Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайванда бастауыш мектеп оқушыларына міндетті, ал жоғары сынып оқушыларына таңдаулы пән болып саналады. Оның мазмұны жобалау процесіне, ақпараттық технологияға, ақыл-ой күшін талап ететін проблемалық тапсырмаларды шешкізіп, өндірістік процестер қамтылады.

Ғалым М.Б.Павлов салыстырмалы талдау барысында Австралия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресейдің технологиялық білім берудегі өзіндік бағыттарын анықтаған. Ресейдегі білім беру бағыттарының сипаты: топқа бағдарлану; делдалдық және тұтастық; білімдегі энциклопедизм, кең көлемді білім; моральдық сұрақтар жоғары интеллектуалдық деңгейде көзқараспен келу; ғылыми зерттеулерге теориялық тұрғыдан қарау қамтылады. Англиядағы білім беру бағыттары: баланың даралығына ізгілендіру тұрғыда бағдарлану, жеке дара қажеттілігіне қарай терең білім, кәсіптендіру; моральдық сапалар: парызына сенім, қайырымдылық, басқаның пікірін ескере білу қабілеті, әрекетке сүйену қамтылады.



Біздің елімізде 1998 жылдан бері “Технология ” пәнінен орта білім беру міндеттері, мазмұны жетілдірілді. Еңбектің әлеуметтік-экономикалық мәнін, қоғам мен жеке адамның дамуындағы орнын түсіндіру, еңбек адамы өндіруші еңбектің иесі екендігін үйрету арқылы еңбекке қабілетін, біліктілікке, шеберлікке баулу көзделген. Жоғарыдағы шетел және еліміздегі технологиялық білім берудегі теориялар мен тәжірибелерді саралай келе, мынадай дәстүрлі еңбекке баулудағы кемшіліктер жіберілмеу керек деп есептейміз. Мәселен, бастауыш сыныпта және басқа сатыларында:

  • оқытуда оқушылардың тек орындаушы қызметін атқарып, шығармашылық және жобалау қызметтерін дамытуға, бағдарлану және бақылау-бағалау әрекеттеріне мән берілмеуі;

  • еңбекке баулу мазмұнында оқушылардың жеке қызығуын, икемділігін, қажеттілігін ескермеу, пәнге деген мотивациясының төмендеуі;

  • еңбекке баулу мазмұнындағы әлеуметтік тәжірибенің аздығы, оқушылардың әлемдік технологиялық мәдениет құндылықтарына қатысын тоқтатады;

  • еңбекке баулудың дәстүрлі ұйымдастыру формасы, әдіс-тәсілдері оқушыларға зерттеу, жобалау, шығармашылық әрекеттеріне белсене араласуына тежеу болды. Дегенмен, еңбекке баулудың көп жылдық тәжірибесі оқушыларды еңбекке сүйгіштікке, еңбекке дұрыс қатынасын тәрбиелеуде, әртүрлі материалдарды өңдеуде практикалық біліктілік пен дағды қалыптастыруда, политехникалық көзқарасын кеңейтуде және мамандық әлеміне түсініктеме беруде маңызы ерекше.

Міне, осы жетістіктерге сүйене отырып, бастауыш сыныптан бастап технологиялық білім беруді жаңа сапалық мазмұнда қайта құруға болады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында “Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдық тұрғыдан ескірген. Мектепте оқушының өмірлік жолын, мүдделері мен болашаған таңдауға нақты дәлелдемелер бермейді... Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, өздігімен дұрыс адамгершілік тұрғыда шешім қабылдай білуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру”,- делінген. Сондықтан бастауыш мектептен енгізіліп отырған “Технология” пәнінің мазмұнына жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Соңғы психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді негізге ала отырып, мынадай бағыттарды:

  • білім мазмұнының көлемі баланың психологиялық және дене дамуына және шамасына сай келуі;

  • бастауыш білім беру сатысындағы балалардың жас ерекшелігі даму заңдылықтарына, ерекшелігіне, мүмкіндігіне сай келуі;

  • білім беру және тәрбиелеу мазмұны жеке тұлғаға бағдарлана жүргізілуі;

  • білім беру нәтижесі өмір сұраныстарына сәйкес келуі;

  • оқу-танымдық, коммуникативтік, практикалық, шығармашылық әрекеттік сипатта жүргізілу арқылы білік, дағдыны меңгерту;

  • пәнаралық байланыспен білім беруді кешенді жүргізу;

  • білім берудің мектепке дейінгі сатысынан жоғары сатыға дейін сабақтастықпен жүргізуді басшылыққа алғанда технологиялық білім беруді оңтайлы жүзе асыруды қамтамасыз етеді.

әдебиеттер



    1. Концепция развития образования в РК до 2015. -Астана, 2004.

    2. Кенжебеков Б., Құтпанбаев Ә. “Технология” пәнін оқыту тұжырымдамасы. // Қазақстан мектебі.– 1999. №6. 30-34 б.

    3. Атутов П.Р. Технология и современное образование. //Педагогика.– 1996. №2.

Түйіндеме

Мақалада бүгінгі таңдағы технология пәнінің бастауыш мектептен бастап жүргізілу қажеттілігі, оның қалыптасу тарихы ашылған
Резюме

В статье рассматривается вопрос необходимости изучения предмета технология в начальном классе общеобразовательной школы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет