ПОӘК 042-18-18 31/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет4/8
Дата23.02.2016
өлшемі1.34 Mb.
#11605
1   2   3   4   5   6   7   8

2-сұрақ: Тайманұлы Исатай (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.

Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді.

Күн санап ел арасында беделі асып бара жатқанын көре алмаған хан төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін түрлі жала жауып, ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас аяғы 4-5 жылдың ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген, екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның алғашқысынан ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара жатқан жерінде, есебін тауып, қашып кетеді.

Бұл кезде Қазақ хандығының ішкі ісіне тікелей араласа бастаған Ресей отаршылары қазақтардың құнарлы жерлерін тартып алып, өздерін сыртқа қуады. Орал казак-орыстары Жайық бойын иемденіп алады. Мұндай қысымшылықты Исатай старшыны болып жүрген беріш руы да көреді.

Осы кезде Жәңгір ханның Жайық бойындағы руларды екіге бөліп, бірін қайын атасына, екіншісін жұртқа зорлық-зомбылығымен аты шыққан саудагер Қарауылқожаға басқартып қоюы жоқшылықтан ашынған шаруалардың ашу ызасын тудырды. Исатай ханнан Қарауылқожаның озбыр билігіне тиым салуын талап етеді. Оған жауап ретінде хан бес жүздей әскермен Қарауылқожаны аттандырып, оған Исатайды 200 жігітпен оған қарсы шығады. Бетпе бет келгенде Исатайдың батыр жігіттеріне шамасы келмейтінін біліп, Қарауылқожа кейін қайтады.

Осыдан кейін Каспий жағалауындағы халық Қарауылқожа мен Балқы биге бағынудан қашып, Исатай мен Махабеттің төңірегіне тұс тұстан келіп жинала бастайды. Мұның аяғы тарихтан белгілі 1836-37 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалардың феодалдық қанау мен патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көтерілісіне ұласады. Көтеріліске Исатай мен Махамбет басшылық жасайды. Көтеріліс бүкіл халықты қамтиды. 1837 жылдың қазан айында Исатай 2000 жауынгермен келіп, хан ордасын қоршап алады. Бірақ көтерілісшілерге қосылғанымен, ханнан қол үзгісі келмеген билердің ықпалымен Исатай орданы бірден басып алмай, хан мен орыс полковнигі Геккемен пайдасыз келіссөз жүргізіп уақытты өткізіп алады. Осы уақытта ханға көмекке жіберілген казак орыс отрядтары ордаға жетіп үлгіреді.

Қараша айында Тастөбе деген жерде шешуші шайқас болады. Қанша ерлікпен шайқасқанымен, көтерілісшілер орыстың отты қаруына төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырайды. Жазалаушылар көтерілісті аяусыз басады. Тұтқындарға 500-ден 2000- ға дейін дүре соғып, Сібірге айдайды.

Аман қалған жігіттермен Исатай Жайықтан өтіп кетеді. Хиуаға хан болам деп жүрген Қайыпқали сұлтанмен уақытша келісім жасап, Исатай 1838 жылы Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында қалып, қаза табады.

Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен он ұл, Шыбынтайдан төрт ұл, Қобылайдан үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі.

Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.

Махамбет Ресей отаршылдығының барша ауырлық тауқыметін көзімен көріп, оның барша зорлық-зомбылығын басынан өткеріп, ғұмыр кешкен адам. Сондықтан да 1836 жылы әбден шыдамы таусылған халық теңіздей толқып көтерілгенде, осынау тегеурінді дүмпудің дем берушісі Махамбет болды. Ол Исатай батырмен бірге арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Азаттық үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтік теңдігін Махамбет жеріне жеткізе жырлаған әйгілі ақын. Ол поэзияда қандай дара болса, күй өнерінде де сондай дара.

Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып келіп, жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді. Шыны да сол. Егер, қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Қорқыттан Асанқайғыға дейін, Асанқайғыдан Махамбетке дейін, Махамбеттен Абайға дейін, Абайдан бүгінге дейін деп төрт кезеңге бөлуге болар еді. Махамбет заманы көшпелілер рухының айының батып, күнінің тұтылған кезі. Сондықтан да, көшпелілер мәдениетіндегі эпикалық синкреттілік Махамбет болмысымен түйінделеді. Бұдан былай өнер қоғамдық құбылыстарды реттеушілік міндетінен айрылып, эстетикалық алданыш болуға көшкен. Махамбеттің әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі жырау, әрі күйші болуында осындай тарихи әлеуметтік сұраным болған.


3-сұрақ: Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген ноянның қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы.

1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.

Кенесары көтерілісін жер жерден қолдаушылар көбейеді. Өйткені патша әкімшілігі қазақтардың жерін тартып алып, әскери бекіністер сала бастайды. Көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын жаңа жер іздеуге мәжбүр болды.Оның үстінен патша үкіметінің алым салығының ауыртпалығы да оларды діңкелетіп біткен еді. Осының бәрі қазақ қауымының наразылығын күшейтіп, оларды Кенесары бастаған көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі. Көпшіліктің қолдауымен Кенесары 1841 жылы Қазақ хандығының ханы болып сайланды.

Патша өкіметі кесіп алған жерлерді заңды иесіне қайтару жолындағы күресте Кенесары әскери күштерді ұйымдастыру барысында Орта Азия хандықтарының тәжірибесіне сүйенеді. Ол өз әскерін жүзге, мыңға бөліп жүзбасылар мен мыңбасыларды тағайындады. Әскер тәртібін бұзғандар қатал жазаланды.

Кенесарының сыртқы саясатының басты мақсаты Тәуелсіз Қазақ хандығын құру болатын. Ол осы мақсатын жүзеге асыру үшін Орта Азия хандықтарынан өзіне сүйеу іздейді, олардың ішкі ісіне араласып, билеушілерін өз жағына тартуға күш салады. Хиуа ханы мен Бұқар әміріне өз елшілерін жіберіп, байланыс орнатады. Орта Азия мемлекеттерімен сауда көлемін ұлғайтып, олардан өздеріне қажетті қару жарақ, оқ дәрі алып тұрады.

Нұрмұхаммедұлы Жанқожа (1771-1860) – қазақтың азаттығы жолында арыстандай алысқан атақты батырларының бірі. Шыққан тегі – Кіші жүздің Әлім тайпасының шекті аталып кеткен Жаманақ руынан. Атасы - Киікбай Әбілқайыр ханның батыры, әрі биі болған. Ал әжесі - Тәжі қалмақпен де, орыспен де шайқасып өткен, өлгенде де «табаным тіреп жатсын» деп аяғын Орынборға қаратып көмуді өсиет еткен атақты тама Есет батырдың жалғыз қызы екен. Жанқожа - осы Киікбай мен Тәжіден туған Нұрмұхаммедтің баласы. Ел ауызындағы деректерге қарағанда, Жанқожаның батырлық даңқы тым ерте шыққан. Сыр бойының Қылышбай ханы хиуалықтармен соғысқанда, қазақ батырлары Хиуаның Тықы деген батырын жекпе-жекте жеңе алмай іркіліп қалған бір тұста, 17 жасар Жанқожа өзі сұранып шығып, оны найзамен түйреп түсіреді. Осыдан бастап оның «батыр» атағы жалпақ елге жайылып кетеді. Жанқожа зорлық-зомбылықты білмеген, қара қылды қақ жарған әділ кісі болған. Біреудің біреуге жасаған қиянатын кеше алмаған. Біреудің азғыруына еріп, жазықсыз Бұхарбай батырдың ауылын шабам деп, тілін алмай кеткен інісі Жауқашарға « барғаныңнан оралма» деп бата беруі, артынан қаза тапқанда оның сүйегін ауылына әкелдірмей қоюы соның дәлеліндей. Оның бүкіл мағыналы өмірін Хиуа мен Қоқан бақыншыларына, орыс отаршыларына қарсы күреске арнауы да сол зорлық – зомбылыққа, қиянатқа төзе алмайтын қасиетіне негізделген елін, жерін сүйген алып жүректілігі де себеп болса керек. Ел аузында Жанқожа батырдың Созақ қамалын алмаққа келген қазақтың соңғы ханы – Кенесары қолымен бірігіп жасаған шабуылдары жөнінде біраз әңгіме сақталған. Батыр осы жолы әуелі өзінің жігіттерімен Созақ қамалына көмекке келе жатқан Қоқан әскерінің алдынан шығып, оларды талқандап, кері қуып жібереді. Содан кейін Созаққа қайта оралып, Кенесары қолымен тізе қосып, қамалды алысады. Қамалдың қақпасын бұзып, алдымен ішке кірген осы Жанқожа батырдың сарбаздары болыпты. Елін, жерін азат ету жолына бар өмірін арнап, сырт жаумен арыстандай айқасқан есіл ер қартайған шағында, ауыл сыртындағы төбенің басында намаз оқып, құдайға құлшылық етіп тұрған жерінде өз қандастарының қолынан қапылыста қаза табады.
Әдебиеттер:

1.Қасымбаев Ж. Кенесары хан. Алматы, 1993

2.Жайнақов Е.Ұлы дала мемлекеттері Алматы 2006

3.Қазіргі Қазақстан тарихы Алматы-2010


Тақырып 9.ХІХ ғ. бірінші жарт. Қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы

1.Шаруашылықтағы өзгерістер

2.Хандық биліктің жою

3.Қазақ өлкесінің Ресей империясы құрамында


1 сұрақ: ХІХ ғ. 1-ші жартысы – жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа саласы пайда болды. Түсті метелдар, тас көмір өндіретін кен орындары Шығыс пен Орталық Қазақстанда ашылды. 57 су, жел диірмені, 34 ұста дүкені, 11 кен және май, былғару зауыттары салынды. 70 мыңнан астам сомның тауары өндірілді.

Ол орындарды қазақ-орыс еңбекшілері жалданып жұмыс істеді. Олар «жатақтар » деп аталды , яғни жалдамалы еңбекпен күн көргендер. Ертіс, Жайық өзендері мен Каспий теңізі, Зайсан көлі маңайындағы қазақтар балық аулаумен күн көрді. Қазақстанның батыс және солтүстік-шығыс аудандарында тұз өндіру және оны сату дамыды.

ХІХ ғ. бірінші жартысында Қазақ елінің Орта Азия хандықтарымен, Сібір және Цинь империясымен сауда қатынасы дамыды. Ірі сауда ортылақтары: Петропавл (Қызылжар), Ақмола, Орал, Семей, Бұқтырма, Орынбор, Омбы болды. 1855 жылы Семейде 2 қалалық жәрмеңке ашылды. Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда Петропавл қаласы ерекше болды. Сауда байланысының ұлғаюы Қазақ өлкесіндегі шаруашылық жүйесінің біртіндеп Ресейдің экономикалық дамуына бейімделуіне жол ашты.
2 сұрақ: ХІХ ғ. басында Кіші жүзде-Бөкей (1815 ж) екінші рет хан болып, 1817ж қайтыс болды., Уәли (Абылайдың баласы) (1819 ж.) Орта жүздің ханы қайтыс болды. Осы тұстағы жағдайды пайдаланып қалғысы келген Ресей патшасы қазақ даласының саяси билігіне өзгерістер енгізуге бар жанымен қимылдады. Нәтижесінде 1822 және 1824 жж. Уставтар қабылданды. 1822 жылы «Сібір қырғыздарының жарғысы» қабылданды. Авторы: Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский, оған қатысқан декабрист Г.С.Батеньков еді. Мақсаты: солтүстік-шығыс өңірде әкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту. Байлар билігін әлсіретіп, Орта жүздегі хандық билікті жою еді. Осылайша Орта жүздің әкімшілік құрылымы өзгерді. 3 буынды билік пайда болды.

Жарғы бойынша сот ісі 3-ке бөлінді:



  • Қылмыстық

  • Талап ету

  • Шағым айту

Хандық билік жойылып, әкімшілік-саяси реформалар жүрді. Отаршыл саясат күшейді.

Ендігі хан билігін жою Кіші жүзге қарай ауысты. 1797 жылы қарт Айшуақ ханнан кейін Жантөре хан сайланды. Осындай хандық таққа ұмтылғандардың бірі-Арынғазы Әбілғазыұлы. Ел ішінде сыйлы еді. Сондықтан Орынбор генерал- губернаторы П.К.Эссен одан қорқып, 1821 ж. Петербургке шақыртып, жолда Калугаға айдалды, 1833 жылы қайтыс болды. 1824 жылы «Орынбор қырғыздарының жарғысы» қабылданды. Оларда 3 буынды болды. Жарғы бойынша Кіші жүздің әкімшілік құрылымы мынадай болды.



Реформаның салдары.

  • Орталық басқару нығайтылды

  • Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкнідік туды

  • 1824 жылы соңғы хан Шерғазы Орынборға қызметке шақырылды, Кіші жүзде хандық билік жойылды

  • 1845 жылға дейін Бөкей Ордасындағы хандық билік сақталды.

3. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ұлы жүз ру-тайпалыр Ресей қол астына кірді. ХІХ ғ. 50 ж. соңы-60 ж. басы Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздық пайда болды. 1860 жылы Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский әскері Ұзынағаш шайқасында қоқандықтарды жеңіп Жетісу Қоқан озбырлығынан құтылды. Осылайша Патша үкіметі жеткен табыстар мынадай болды.

* Қоқан билігіне қарсы қазақ-қырғыздардың қарсылығын күшейтті.

*Ресей құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат, 5 мың шаңырақ бестаңбалы рулары кірді.

*1864 жылы патша әскері Мерке, Әулие-ата, Түркістан бекіністерін алды.

*1865 жылы Ташкентті 3 күндік шайқастан кейін алды

*1866 жылы Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.

*1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түрксітан генерал-губернаторлығына бағындырылды.

1873 жылы Хиуа хандығының жеңілістері қазақтардың оларға тәуелділігін жойды.

Қазақ елінің Ресейге қосылу процесі ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарынан бастап 1,5 ғасырға созылды. Бірақ бұл процестің басты маңызы сол- шаруашылық пен саяси қоғамдық қатынаста феодалдық-патриархалдық билік жойылып, ұлттық сананың оянуына әсер еткен жайттар пайда болды.
3 сұрақ: 1812 жылғы соғысқа қазақтардың қатысу себептері:

-әлеуметтік жағдайдың төмендеуі;

-Орта және кіші жүздің қазақтары Ресейге өтіп, башқұрттар деп өзгертілді;

- қазақ елінің шикізат көзі орыс үшін көп пайда әкелді;

1812 жылғы соғысқа қазақтар қатысудағы мақсаты: жерді қайтару еді. Осылайша қатысушы қазақтар мынадай атақтарды иеленді.


Атақ алған

қазақ есімі



Алған атақ

Қандай ерлігі үшін?

Майлыбайұлы, Зындағұлұлы

Көгілдір ленталы медаль

Бородино шайқасының Ертіс шебінің полкіндегі ерлігі үшін

Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы

Хорунжий атағы

Болото, Левия ұрыстарында

Сағит Хамитұлы

3-дәрежелі «Қасиетті Анна» ордені

Вязьма ұрысындағы ерлігі үшін

Нарынбай Жанжігітұлы, ақын-Әмен Байбатырұлы

«Георгий» орденімен, император әскері

Лейпциг, Глогау, Веймар, Франкфрут шайқасындағы ерліктері үшін

Шоқынған қазақ -Яков Беляков

жасауыл

Польша т.б. әскер бөлімдерінде партизан корпусында болған

Француздар қазақ мергендерін «Азиялық амурлар» деп атаған
Тақырып 10. ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақ жері

1.1867-1868 жж реформа

2.ХІХ ғғ соңындағы Қазақ жеріндегі отаршылдық реформалар
1 сұрақ:. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822-1824 жж. Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. ХІХ ғ. 60 ж. қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Ондағы мақсат қазақ даласын 2 обласқа бөлу еді. Батыс-орталығы-Торғай, Шығыс-орталығы-Сергиополь немес Қарқаралы. Ұсыныс қабылданды. 1865 ж. «Дала комиссиясы» құрылды. Басқарған –ішкі істер мнистрліліг кеңесінің мүшесі Гирс болды. ІІ Александр патша бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды. Бұл мәселені зерттеуге Ш.Уалихановта қатысып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ұсынды:

*халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде қайта құру

*әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу

Алайда ол ұсынытар енгізілмеді. Осылайша жаңа ережелер бекітілді. Олар: 1867 жылғы 11 шілде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. Осылайша қазақ даласын басқарудың жаңа әкімшілік басқару құрылымы пайда болды.




ІІ. ОБЛЫСТАР

(басқарушы-әскери-губернатор-атаман) (Кесте -13)



ІІІ.УЕЗДЕР (6 )

(Басқарушысы-уезд бастықтары)
ІҮ. БОЛЫСТАР

(1-2 мың кейде 3 мың шаңырақ)

(басқарушысы-болыс сұлтаны)
Ү.АУЫЛДАР

(100-200 шаңырақ)

(басқарушысы- ауыл старшыны)
Осылайша 5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Реформаның түйінді жері-әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы еді. 1867-1868 жж. реформалар бойынша сот ісінде басқарудың жаңа құрылымы құрылды. Оған жатады: Әскери - сот комиссиялары

1.Уездік соттар

2.Билер мен қазылар соты

Реформаның нәтижесі мен салдары:

*Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар туды

*капиталистік құбылыстар ене бастады

*жатақтар пайда болды

*отарлық басқару мен билік күшейді.

*Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.

*орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды

*реформа екі жылға белгіленседе ол 20 жылға созылған «тәжірибе» болды.

1867-1868 жж. реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті. Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін көтерілді. Земство салығы 3 сом 50 тиынға жетті. Осындай шаралармен басқа да саяси қоғамдық жағдайларға байланысты қазақ даласында азаттық көтерілістер орын алды. 1869 жылы Жамансай көлі маңында 20 мың көтерілісші қатысқан 7 күнге созылған фон Штемпель тобына қарсылық байқалды. Сол жылы 3 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Әрине қарулы патша әскерлері мен жергілікті ақсүйектердің қарсылығынан көтерілісшілер талқандалды. Себеп қарудың аздығы, ауызбірліктің немесе бірдей қимылдың болмауы, түпкі мақсатты шаруалардың жете түсінбеуі.

1870 жылы Маңғыстауда шаруалар көтеріліс болды. Жетекшілері: Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы. Түрткі болған оқиға – жаулаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы. Әрине бұл көтірілсте жеңіліспен аяқталды. Себеп нашар ұйымшылдықтың болуы. Осындай оқиғалардан кейін қазақ даласына орыстардың қоныстандыру саясаты басталды.



2-сұрақ:.ХІХ ғасырдың соңында қазақ өлкесіндегі саяси-экономикалық ахуал мынадай болды.

Тау-кен өндірісі

Кен орындары-Шығыста, Орталық Қазақстанда ашылды. Ірі өнеркәсіп орындары : Спасск мыс қорыту зауыты, Успен кеніші, Екібастұз, Риддер кәпісшілігі құрылды.1822 ж. Шымкентте сантонин зауыты, химия өнеркәсібінің бастамасы болды. Еңбек ететін әйелдер саны-12 пайызыды құрады. Балалар еңбегі пайдаланылды.

Темір жол

1893-1895 жж. Сібір темір жолы, Рязань-Орал, 1899-1905 жж. Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. 30 мың жұмысшы болды. Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану кең етек алды. Ұлт-азаттық күрестер кезінде Ресейден қарулы күштерді тез жеткізу үшін темір жол қызмет етті.

Ауыл шаруашылығы

Балық аулау кәсіпшілігі-Каспий, Арал теңіздерінде, Балқаш көлінде пайда болды. Тұз өндіру, 1875, 1900 жылдары Верныйда темекі кәсіпорындары ашылды. Семей облысында 13 былғары, 9 сабын, 1 шарап, 1 май, 2 сыра ашытатын, 23 кірпіш зауыты пайда болды. Көкпекті, Семейде, Павлодарда тон зауыты жұмыс істеді. Жәрмеңкелер ашылды. Ресей мемлекеттік банк бөлімшілері пайда болды.

Сауданың дамуы

Сібірлік 57 сауда бөлімшесінің 7-уі қазақ өлкесінде жұмыс істеді. Кредиттік мекеме-Ақмола облысы. Қарқара уезінда жәрмеңке пайда болып, онда әнші Әміре Қашаубаев жиі барған. Қытаймен сауда жүргізетін іті орталық-Құлжа қаласы , Монголиямен сауда жасайтын орталық Семей болды.


Тақырып 11. ХХ ғасыр басындағы өлкенің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы

1.Қазақ АКСР-і және С.Меңдешев.

2.Т.Рысқұлов және Түркістан Автономиялы Кеңестік Республикасы

3.20-30 жылдардағы қазақ интелегенциясы: С.Садуақасов, С.Қожанов; Т.Жүргенов және т.б. саяси- тарихи рөлі туралы



1 сұрақ: .Елдің шығысында бірінші Кеңестік ұлттық республика Түркістан кеңесінің 5 съезінде қабылданған Түркістан АССР болып табылды. 1918 ж.30 сәуірде қазіргі Қазақстанның оңтүстік облыстары Түркістан республикасының құрамына енді.

1918 ж. аяғы мен 1920 ж. басында Қазақ Кеңес Автономиясын құруға интенсивті дайындық жүріп жатты. 1919 жылы 10 шілдеде Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды. Бсашысы- С.Пестковский болып тағайындалды. Мүшелеріне қазақ зиялылары: а.Байтұрсынов, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, В.А.радус-Зенкович, Б.Қаратаев, Ә. Әйтиев, Х.Ғаббасовтар енді. Казревком міндеттері:

*контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу,

*өлкеде мемлекеттік шаруашылық, мәдени құрылыс үшін жағдай жасау,

*өлке Кеңестерінің құрылтай сьезін әзірлеу,

*1920 жылы Алашорданы тарату,

*мәдени құрылыстағы іс-шаралар: - «Ұшқын» газетін шығару, - 300 мектеп ашу, -мұғалімдер даярлау, т.б. мәселелер қаралды.

1920 ж.қараша айының басында Ақтөбеде Түркістан және Сібір қазақ аудандарының депутаттары қатысқан өлкелік кеңестік конференциясы өткізілді. 1920 ж. тамыз айының басында ұлттық істер халық комиссариаты жанында Қазревком, Сібір ревком және Турцик өкілдерінің жиналысы өтті, мұнда Ақмола және Семей облыстарын Қазақстанға беру мәселесі түбегейлі шешілді. Қырғыз (қазақ) Кеңес Автономиялық Социалистік Республикасын құру жайлы деректің үлгісі 17-тамызда қаралып, РСФСР ХКК қолдады, ал 1920 ж. 26 тамызда бұл деректер бекітіліп, заң күшіне енеді.

1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декрет қабылданды. Астанасы-Орынбор қаласы болып бекітілді. Халық саны -5 млн. жуықтады.

1920 ж. 22 қыркүйекте бүкіл ресейлік орталық атқару комитетімен жаңа деректері бойынша КАССР-інің құрамына Орынбор губерниясы қосылды. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда Кеңсетердің құрылтайы өтті. Жоғарғы өкімет органдары сайланды. Орталық Атқару комитетінің төрағасы болып С.Меңдешев, Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В.А.радус-Зенкович бекітілді. С.С.Мендешев басшылық еткен орталық атқару комитетінің және В.Радус-Зенькович басқарған халық комиссарлар кеңесін сайлаған Қазақстан кеңесінің құрылтай съезін өткізіп Қырғыз (қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы айтылды.



1.Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрнісі,

2.отаршылдыққа қарсы күресі нәтижесі

3.Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деген тарихи баға берілді.

Түркістан құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындаған. Бұл облыстарының қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырған. 1921 жылы елде ЖЭС (жаңа экономикалық саясат ) басталды. 1924 ж. ТАССР жойылып Өзбек және Түркімен республикаларына бөлінді.Оңтүстік облыстар Қазақстанға қосылды.Қазақстанның астанасы болып Қызылорда жарияланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет