Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Грабовский А.И. К вопросу о классификации видов детской одаренности //Педагогика, 2003,№8.- С.13 – 18.
2.Биология одаренности. Беседа с ученым – генетиком А.Седовым //Лицейское и гимназическое образование. – 2002, 3. – С. 41 – 52.
3.Куатова А.Проблемы формирования творческой активности одаренных учащихся в современной психолого – педагогической литературе //Поиск, 2001, №6. – С. 143 – 145.
Дәріс 2. Балалар мен жеткіншектерде дарындылық байқалуының ерекшеліктері
1.Дарындылық түрлері.
2.Шығармашылық – дарындылықтың көрінісі ретінде.
3.Оқушының оқу іс - әрекетінің мотивациясы дарындылықтың негізгі сипаттамасы ретінде.
4.Потенциалдық дарындылық.
Мақсаты: дарындылықтың әр түрлі формалары мен түрлері туралы түсініктің қалыптасуына қолдау жасау.
Міндеттері:
-
дарындылықтың әр түрлі сыртқы көрінуінің бар екендігін дәлелдеу;
-
дарындылықтың сыртқы көрінуінің түрлерін ажырата білу іскерлігін қалыптастыру;
-
дарындылықтың негізгі сипатының мазмұнын ашу.
Негізгі түсініктер: жалпы дарындылық, арнайы дарындылық, дарындылық компоненттері, дарындылық сипаттамасы, шығармашылық, креативтілік, жеке бастың мүмкіндігі.
Талабы таудай, қабілеті - қарым мол ізденімпаз жастар көбейіп адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, іліміз үшін абырой. Жалпы дарынды баланы таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі десек қателеспейсіз. Мектепке оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқупшлардың сана-сезімі, ақыл-ойын мақсат ететін болғандықтан олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Дарынды балаларға білім беруді әр ғалымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарыңдылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту — бүгінгі күіннің басты талабы.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. "Дарындылық, даныпшандық, қабілеттілік дегеніміз не?, "Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?", "Оқушы дарындылығын, оның әлеуетті қабілетін қалай анықтауға басады?", "Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек, қайсысы тиімдірек?", "Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гаус, Гете, Архимед, т.с.с.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі (Нъютоп, Гегель Дарвин, Менделеев, Декарт, т.с.с.) ересек жаста пайда болады?" Осы сұрақтарға талмай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алмақ. Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық[10].
Көбіне "Дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы" деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне, түсініспеушілік туғызатын, қиялы, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететіні және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін есте ұстағандары жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Өкінішке орай дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты әрі мақсатты қарастырмаған. Мектепте мұғалімдер мен психологтардың дарынды оқушылармен жұмыс істеу тәжірибелері жеткіліксіз. Дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады. Сондықтан арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынандай келеңсіз жағдайларға душар болады:
-
көптеген жағдайда дарынды оқушыларға немқұрайлы қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;
-
тіпті дарынды оқушыларды жақтырмайтын да жағдайлар кездеседі, себебі олар оның беделіне қауіп төндіреді;
-
дарынды оқушының ерекшелігін, қажеттілікітерін және онымен жұмыс жасаудың кешенді диагностикалық әдістемелерін білмегендіктен дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді;
-
олар дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыстар жүргізбейді, ал жұмыс жасаған күннің өзінде оған тапсырма берген кезде оның қиындығынан, яғни сапасынан гөрі көптігіне көңіл бөлу арқылы қателіктер жібереді;
-
дарынды оқушылар мұндай мұғалімдер үшін тек қана оқу жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбие саласында да қиындықтар туғызады;
-
олар оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми-зерттеу жұмыс қажеттігін сезінбейді.
Ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:
-
дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады;
-
олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;
-
жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді таба біледі және жұмыстың мақсатын нақты қоя алады;
-
оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуына көмек жасай алады;
-
педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады;
-
дарындылықты анықтауда әр түрлі психодиагностакалық әдістемелерді, ал дамытуда оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана біледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Одаренные дети. Пер. с англ. М.: Прогресс,1990. – 381с.
-
Савенков А. Одаренный ребенок в массовой школе //Нач. Школа. Прил. К газ. «Первое сентября» , 2004, № 4.- С. 16 – 20.
Дәріс 3. Балалар ұжымындағы дарындылардың жай – күйіне психологиялық – педагогикалық талдау жасау
1.Дарынды балалардың психологиялық – физикалық даму ерекшеліктері.
2.Дарынды балалардың психологиялық – жастық дамуының сипаттамасы.
3.Дарынды балалардың ұжыммен өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық жетекшілік жасаудың міндеттері.
Мақсаты: ғылыми психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау арқылы дарынды балалардың балалар ұжымымен өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық жетекшілік жасаудың қажеттігін дәлелдеу.
Міндеттері:
-
дарынды балалардың психологиялық-физикалық даму ерекшеліктерін қарастыру;
-
дарынды балалардың психологиялық-жастық дамуының ерекшеліктеріне сипаттама беру;
-
дарынды балалардың құрдастарымен өзара әрекетінің түрлеріне талдау жасау.
Негізгі түсініктер: психикалық даму, жастық даму, дамудың озуы, қарым-қатынас, өзара әрекет, балалар ұжымы, ұжымдағы қарым-қатынастың комфорттілігі және дискомфорттілігі.
Ертедегі Қытайда дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет.
Жалпы педагогика-психология ғылымында «дарындылық» мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық - ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін - адам.
И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті. Олар:
1. Ақыл –ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқлатын балалар.
2. Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне қабілетті балалар,
3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар[1;56].
Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.
Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық адам баласының даму барысында тәрбиеге байланысты дейді. Сонымен дарынды бала - ол кім?
Психологиялық педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі анықталды.Олар:
1. Интеллектуалды және ақыл-ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарлығымен, ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының беріктігімен т.с.с қасиеттерімен ерекшеленеді.
2. Бейнелеу өнері бар бала - сурет салуға көп уақыт бөлінуінен, көргенін есте сақтауымен, сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.
3. Әнге қабілеті бар балалар - ән сабақтарына аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.
4. Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді.
Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.
Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады.Сондықтан балалар дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған.Кейде біз, баланы дарынсыз дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуімізде мүмкін.
А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін ұсынды:
1. Кешенді бағалау принципі. Баланы зерттеу жан-жақты және кешенді болуы керек. Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен басқа психо-физикалық қасиеттері мен құбылыстарының мүмкіндігінше кең аймағын зерттеуіміз қажет. Зерттеуші үшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды. Кешендік бағалау принципіне тікелей қатынасы бар бағалаудың сапалы жақтарында есте ұстау қажет. Бұл арада бала психикасының құрылымындағы жеке функциялары мен қабілеттерінің даму деңгейінің сәйкестілігін анықтау туралы сөз болып отыр.
2. Ұзақ мерзімдік принцип. Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикалық зерттеулердің бір уақыттық шара болуы мүмкін емес. Бұлай жасауға осы мәселенің теориялық жағынан қарастырылу деңгейі ғана емес,сонымен қатар осы үрдістің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу деңгейінде мүмкіндік бермейді.
3. Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану принципі. Бір реткі зерттеуге арналған кәдімгі диагностикалық әдістемелердің кемшілігіне баладан арнайы стандартты тапсырмалар арнасын шешуді талап ету және оның нәтижесі бойынша бағалау жатады. Сонымен қатар,бір реткі тапсырмалар бір уақыттық диагностиканың қызметін атқарады, олар кейбір жағдайларда балаларда табиғи стресстен туған қателіктердің алдын алуға да мүмкіндік бермейді. Тренингтік әдістемелер диагностиканың мақсатын өзгертуге, яғни оларды ең әуелі бала қабілеттілігін коррекциялау мен дамытуға бағыттауға мүмкіндік жасайды. Тренингтік әдістемелерді қолдана отырып, ұзақ мерзімдік диагностиканы жүзеге асыруға сол арқылы бір реттік зерттеуде міндетті түрде болатын кейбір психологиялық бөгеттерді шектеу мүмкін болады. Тренингтің көмегімен ұзақ зерттеуге алынған бала біртіндеп қысымнан құтыла отырып, өзінің табиғи қабілетін көрсете бастайды.
4. Баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру принципі. Көптеген мамандар баланың дарындылық деңгейін бағалауда қанша актуальды жағын бағаласақ, сонша потенциалдық мүмкіндігін бағалау керек дегенді айтады. Бұдан басқа, педагогикалық және әлеуметтік жағынан баланың сол сәттегі істегені емес, одан болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ болады.
5. Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету принципі. Экологиялық әдістерді баланың жасанды, зетханалық жағдайда емес кәдімгі жағдайдағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау әдістері жатады. Дегенмен, бұл арада біздің мүмкіндіктеріміздің шектелетінін ұмытпау керек.
6. Әр түрлі мамандардың қатысу принципі. Диагностикалық зерттеулерде психологтардан басқа педагогтар, физиологтар, ата-аналар және балалар қатысуы қажет. Балалар тек зерттелуші арналған арнайы өңделген, әдістемелік құралдары болуы керек. Тек осы мәліметтерді қатар қойып салыстыру ғана шынайы көріністі бере алады.
7. Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу принципі. Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтседе дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ[2;258]. Балалар дарындылығының диагностиалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, келесі ретпен жүзеге асыруға болады:
1. Ұйымдастыру деңгейі. Алдын-ала ізденіс кезеңі. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері. Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы», «интеллектуалдық портрет» және т.б. Мұғалімдер үшін баланың бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық портрет».
Практикалық психологтар интеллектуалдық даму деңгейін анықтау (Д.Венслер,Дж.Равен), шығармашылық ойлауды бағалау (Е.П.Торренстің, Дж.Пилфордтың тесттері) шығармашылық ойлаудың қысқа тұлғаның бағыттылығын анықтаудың дәстүрлі әдістемелерін қолдана отырып, баланың психикалық ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасын ұсынады.
Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің
дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.
2. Бағалаушылық - коррекциялық кезең. Бұл кезең диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Олар продуктивті ойлауды психо-әлеуметтік аймақты физикалық мәліметтерді дамытуға бағытталған.
Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.
3. Өзін бағалау кезеңі. Бұл кезеңде балаға өздігінен қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген ғалымдар дарынды баланың ерекше қасиеттерінің бірі деп есептейді. Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға қатысады.
4.Қорытынды іріктеу кезеңі. Жұмыс барысындағы ақпарат деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың дамуына болжам жасалады.
Қорыта айтсам,жоғарыда аталған балалар дарындылығын диагностикалаудың принциптеріне сүйене отырып, біз балалар ерекшелігін зерттеуге нақты әдістемелер ұсынамыз.Ұсынылған әдістемелер 6-9 жастағы балаларды зерттеуге арналған. Сонымен қатар, авторлар бұрынғы бар тесттерді қолданбайтынын айта кету керек. Балалар дарындылығын зерттеуге арналған стандартты тесттер қазіргі ғылыми әдебиеттерде жан - жақты берілген.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Байтукова Б.У. Развитие творческого мышления учащихся как основная задача современной школы //Дарын, 2004,№1. – С.90 -94.
2.Одаренные дети. Пер. с англ. М.:Прогресс, 1990. – 381с.
3.Савенков А. Одаренный ребенок в массовой школе //Нач. Школа. Прил. К газ. «Первое сентября», 2004,№8. – С. 21 – 22.
Дәріс 4. Дарындылық диагностикасының концептуалдық бағыттары
1.Балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық мүмкіндіктерінің диагностикасы дарындылықты зерттеп – білудің негізі ретінде (тест IQ).
2.Ойлаудың «шапшаңдығын» зерттеу.
3.Баланың іс-әрекетінің мотивациялық саласын дарындылық диагностикасының негізі ретінде зерттеу.
4.Шығармашылық белсенділік дарындылықтың пайда болуы ретінде.
Мақсаты: дарындылықты зерттеудің әр түрлі концептуалдық бағыттарының бар екендігін дәлелдеу, олардағы ортақтық пен жекені анықтау.
Міндеттері:
-
зерттеушілердің дарындылықты зерттеу әдістемелерін меңгеруінің қажеттігін дәлелдеу,
-
дарындылықты анықтау бойынша педагогикалық іс - әрекетті құралдандыру іскерлігін қалыптастыру;
-
дарындылықты ерте диагностикалаудың педагогикалық қажеттігін ашу;
Негізгі түсініктер: диагностика, диагностика әдістері, кешендік әдістеме, зерттеу нәтижесі, нәтижені өңдеу.
Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.
Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған. Кейде біз, баланы дарынсыз дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуімізде мүмкін.
А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін ұсынды:
1. Кешенді бағалау принципі. Баланы зерттеу жан-жақты және
кешенді болуы керек. Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен басқа психо-физикалық қасиеттері мен құбылыстарының мүмкіндігінше кең аймағын зерттеуіміз қажет. Зерттеуші үшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды.
Кешендік бағалау принципіне тікелей қатынасы бар бағалаудың сапалы жақтарында есте ұстау қажет. Бұл арада бала психикасының құрылымындағы жеке функциялары мен қабілеттерінің даму деңгейінің сәйкестілігін анықтау туралы сөз болып отыр.
2. Ұзақ мерзімдік принцип.
Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикалық зерттеулердің бір уақыттық шара болуы мүмкін емес. Бұлай жасауға осы мәселенің теориялық жағынан қарастырылу деңгейі ғана емес,сонымен қатар осы үрдістің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу деңгейінде мүмкіндік бермейді.
3. Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану принципі.
Бір реткі зерттеуге арналған кәдімгі диагностикалық әдістемелердің кемшілігіне баладан арнайы стандартты тапсырмалар арнасын шешуді талап ету және оның нәтижесі бойынша бағалау жатады. Сонымен қатар,бір реткі тапсырмалар бір уақыттық диагностиканың қызметін атқарады, олар кейбір жағдайларда балаларда табиғи стресстен туған қателіктердің алдын алуға да мүмкіндік бермейді.
Тренингтік әдістемелер диагностиканың мақсатын өзгертуге, яғни оларды ең әуелі бала қабілеттілігін коррекциялау мен дамытуға бағыттауға мүмкіндік жасайды. Тренингтік әдістемелерді қолдана отырып, ұзақ мерзімдік диагностиканы жүзеге асыруға сол арқылы бір реттік зерттеуде міндетті түрде болатын кейбір психологиялық бөгеттерді шектеу мүмкін болады. Тренингтің көмегімен ұзақ зерттеуге алынған бала біртіндеп қысымнан құтыла отырып, өзінің табиғи қабілетін көрсете бастайды.
4. Баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру принципі.
Көптеген мамандар баланың дарындылық деңгейін бағалауда қанша актуальды жағын бағаласақ, сонша потенциалдық мүмкіндігін бағалау керек дегенді айтады. Бұдан басқа, педагогикалық және әлеуметтік жағынан баланың сол сәттегі істегені емес, одан болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ болады.
5. Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету принципі.
Экологиялық әдістерді баланың жасанды, зетханалық жағдайда емес кәдімгі жағдайдағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау әдістері жатады. Дегенмен, бұл арада біздің мүмкіндіктеріміздің шектелетінін ұмытпау керек.
6. Әр түрлі мамандардың қатысу принципі.
Диагностикалық зерттеулерде психологтардан басқа педагогтар, физиологтар, ата-аналар және балалар қатысуы қажет. Балалар тек зерттелуші арналған арнайы өңделген, әдістемелік құралдары болуы керек. Тек осы мәліметтерді қатар қойып салыстыру ғана шынайы көріністі бере алады.
7. Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу принципі.
Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтседе дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностиалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, келесі ретпен жүзеге асыруға болады:
1. Ұйымдастыру деңгейі.
Алдын-ала ізденіс кезеңі. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері.
Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы», «интеллектуалдық портрет» және т.б.
Мұғалімдер үшін баланың бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық портрет».
Практикалық психологтар интеллектуалдық даму деңгейін анықтау (Д.Венслер,Дж.Равен), шығармашылық ойлауды бағалау (Е.П.Торренстің, Дж.Пилфордтың тесттері) шығармашылық ойлаудың қысқа тұлғаның бағыттылығын анықтаудың дәстүрлі әдістемелерін қолдана отырып, баланың психикалық ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасын ұсынады.
Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |