ПОӘК 042-18. 19-002-2013 Басылым. №1 03. 09. 2013



бет4/5
Дата26.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#159299
1   2   3   4   5

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Информация о Казахстанско – Британском университете //Дарын, 2004, №1. – С. 3 – 5.

2.Одаренные дети. Пер. с англ. М.: Прогресс, 1990.- 381с.

3.Тартарашвили Т.А. Подготовка интеллектуальной элиты в США //Вестник высшей школы, 1989, №1. – С. 84 – 87.

4.Школа для особенных. Беседа с психологом Н.Шумаковой //Лицейское и гимназическое образование, 2002, №2. – С. 25 – 30.
Дәріс 7. Дарындылықты қолдау мен дамытуға бағытталған педагогикалық технологиялар сипаттамасы

1.Дарындылықты дамытудың дәстүрлі технологиялары.

2.Дамыта оқыту технологиясы.

3. «Жеделдету» стратегиясы.

4. «Байыту» стратегиясы.

Мақсаты: Болашақ педагогтарды жалпы білім беретін мекемелерде дарындылықты дамыту бойынша жұмыстың адекватты жолдарымен оқыту.

Міндеттері:


  • дарынды балалармен жұмыс істеудің технологиясын теориялық негіздеу;

  • дарынды балалармен жұмыс істеудің педагогиялық технологиясын меңгеру;

  • болашақта дарынды балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іскерлігін жетілдіруге даярлықты қалыптастыру.

Негізгі түсініктер: технология, педагогикалық технология, педагогикалық стратегия, оқу-тәрбие жұмысының формалары мен әдістері, педагог бағыты.

Бүгінгі жаңа ғасыр мектептерінің алдында тұрған көп міндеттердің ең бастыларының бірі – дарынды балалармен жұмыс. Осы балаларға тән қасиеттер: зеректік, өз бетімен өсу, даму, біліктілік, білімділік. Сондықтан мұғалім дарынды балалармен жұмыс істеуге дайын болу керек, ол тек өз білімін, тәжірибесін беріп қоймай, жан-жақты болуға оқушыны икемдеу керек.Тіпті керек жерде мұғалім өз көзқарасын өзгертіп, дарынды оқушымен қарым-қатынас жасаудың жаңа түрлерін іздестіруі керек. Мұның бәрі мұғалімнің жеке қасиеттерінен басқа, кәсіптік өсуін керек етеді. Яғни, әдістемелік жұмыстың жаңа түрлерін іздеуге мәжбүр етеді. Дарындылықтың өз табиғатына тән ерекшеліктері болады. Ғалымдар дарындылықтың туа біткен сондай-ақ жүре пайда болатын сипаты жөніндегі көзқарасты қуаттайды.

Мамандардың пікірі бойынша дарынды балаларға арналған оқу бағдарламалары орта қабілеті бар балаларға арналған бағдарламадан өзгеше болуға тиісті. Сонымен қатар, бұл өзгешелік оқытылатын материалдың көлемінің үлкендігімен немесе білім-біліктілік процестің жоғары темпінен анықталмайды. Дарынды балалар әлемнің ерекше бөлігін құрайды, сондықтан оларға өзгеше оқыту процесі қажет екендігін ескерген дұрыс[5]. Көбінесе дарынды балалар өзіндік қабілеттері мен диапозондары және жеке мінездері бір-біріне ұқсамайды. Бағдарламада танымдық процестердің дамуы және таңдалынып алынған жұмыс стильінің кейбір дағдылары арасындағы айырмашылықтар ескеріледі. Дегенмен дарынды балалардың кейбір ортақ қасиеттері де бар, сондықтан оқу бағдарламаларында осы жағдайлар ескерілуге тиіс. Ортақ қасиеттерге, ерекшеліктерге мыналар жатады:

- принциптің, түсініктің жағдайдың мағынасын тез қабылдау қасиеті. Бұл ерекшелік пысықтауға арналған материалдың және тақырыптың кеңдігін талап етеді;



  • проблеманың ұтымды жағынан көңіл бөлу және оларды шешуге ұмтылу қажеттігі. Дәстүрлі оқытуда бұл қажеттілік сирек қанағаттандырылады, оған арнайы оқу бағдарламаларында өзіндік жұмыстар, ашық типтегі тапсырмалар, қажетті танымдық қабілеттерін дамыту арқылы жүзеге асыру қажет;

  • түсініктерді ескеру, талдау және ұсыну қабілеті арнайы оқу бағдарламаларында жоғары танымдық процестердің мақсаты түрде дамуы бұл қабілеттерді сапалы жаңа деңгейге көтерді және белгілі жағдайдың шексіз қайталануынан сақтайды;

  • өз замандастарына ұқсас еместігін түсінуден туған мазасыздық, қобалжу.

Оқу бағдарламасына аффектілік компоненттің кіруі балаға өзін және басқаларды түсінуге мүмкіндік береді, өзінің ойларын ашық көрсетуге сонымен қатар өзін және басқаларды қабылдауға үйретеді.

Дарынды балаларды оқытудың әртүрлі формада іске асатын сан түрлі стратегиялары бар.

Бұл үшін арнайы бағдарламалар жасалынады. Дарынды балаларды оқытудың негізгі бағыттарына темппен байытуды, толықтыруды жылдамдату жатады.

Дарынды баланы қарапайым сыныпта оқыту біршама уақыт өткеннен кейін оның сыныптастарының істеріне бейімделуі себепті олардан айырмашылығы болмай қалуға әкеліп соғады. Ол жұмыстарының сапасын және санын мұғалімнің күнделігіне сәйкес орындай бастайды.

Жылдамдату әдісін пайдаланып оқушыларды оқу бағдарламасына бағыттаудың негізгі талаптары болып мыналар саналады:


  • оқушының жылдамдату қызығушылығы, нақты қызығушылық және жылдамдату қолданылатын сферада жоғары қабілет таныту;

  • кемелденген әлеуметтік – эмоцианалдық жағдай;

  • ата-аналардың келісімі, бірақ олардың қатысуға белсенділік танытуы міндет емес;

  • жылдамдату математикаға және шет тілдерге қабілеті бар балаларды оқытудың ең жақсы стратегиясы болып табылады.

Жылдамдатудың бірнеше ұйымдастыру формалары бар:

Мектепке ерте бару, қарапайым сыныптағы жеке бағдарлама бойынша жылдамдату, басқа сыныптағы оқыту (өзінен жасы үлкен балалармен бірге оқыту), сыныптан-сыныпқа секіру, арнайы оқу бағдарламалары бар және таңдалынып алынған балалар тобынан құралған профильдік сыныптар.

Оқытудағы байыту стратегиясы білім кеңістігін кеңейтуге бағытталған. Дарынды бала тез дамып кетпейді, ол дәстүрлік курстарға қосымша материал алады, ойлау қабілетін, креативтілігін дамытады, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.

Дамыту стратегиясы бірнеше бағытты қарастырады: ой-өрісін кеңейтеді, өзін-өзі тану және қоршаған орта туралы білім; осы білімдерді тереңдету және білім алудың құрал – жабдықтарын дамыту.

Қосымша материал мен одан күрделірек мазмұнға арналған байыту бағдарламасы білімнің нақты көбеюіне және ақыл-ойдың дамуына бағытталады. Осындай бағдарламалардың мысалы ретінде тақырып, проблема немесе жеке дағдылар бойынша мини курстар болып табылады.

Оқытудың модулдік жүйесін пайдалану оқытудың дайындық сапасын жақсартып, оқушы білімін бағалаудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді және білім сапасын арттыруға ықпал жасайды.Бұл жүйемен оқыту барысында оқушы жыл бойы барлық тақырыптар бойынша үздіксіз жұмыс істеуіне мәжбүр. Сондықтан оқушылардың білімін бағалауда субъективті қателердің болуына жол бермейді.

Бағалаудың бір түрі – рейтинг. Рейтинг арқылы оқушылардың жұмыстың қандай түрімен айналысқандығы туралы толық мағлұмат алып отыруға болады. Рейтинг – білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы сапалылығының жиынтығы. Ұпайлар саны жинақтала бергенде қорытынды бағаның көтерілуіне мүмкіндік беріледі. Оқушының әртүрлі жұмыстарын саралап өткізу (тыңдап-түсіну, жазу, сөйлеу, оқу), оны рейтинг арқылы бақылау оқушының не жақсы, не нашар қабылдағанын бірден аңғартады. Мұғалім рейтингшілік жүйе арқылы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін, интелектілік деңгейін білуге болады.

Мұғалім сабақта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етуге, оқушыларды сұрақ қоюға, оған жауап іздеуге, бірлесе білім алуда жауапты бірігіп әзірлеуге, мәселені талқылауды үйретуге тиіс. Бұл әдістің бір түрі – жобалау. Жобалау жұмысы ойлана білуді үйретіп, белсенділікке баулиды. Соның нәтижесінде оқушы өз білімін, түсінгенін белсенді ойлау тұрғысына сөйлеу, жазу арқылы жеткізеді. Бұл мұғалімге оқушының жеке басына көбірек көңіл аударуға және оқушының тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Жеке ерекшеліктері анықталып болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құрылады[6].

Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру: оқу бағдарламасын жасау, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүзгізудің арнайы әдістері болуы, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетіндік білім алуға жетелу. Апталық жүктемеге міндетті түрде мән берілуі керек. Тапсырмалар бала жасына, деңгейіне сай болсын. Түпкі нәтижеге жету жолында білім мен тәжірибені ұштастыра білуі керек. Жалпы мектеп үшін қазір дарынды балаларды даралап, саралап оқыту әдістері қойылуда.

Ж.Қараевтың “Деңгейлеп оқыту” әдісі бойынша 4-ші деңгей тапсырмаларын берген уақытта мұғалім бала ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, баланың бөліп алынғаны басқаларға елеусіз болып қалады. Осы жерде мұғалімге үлкен міндет жүктеледі: мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементін пайдаланатындай етіп құруы керек. Тесттік формада тапсырма беруде де зерттеленуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет. Тапсырмалар ойлауға, талдап-жинақтауға, абстрактілеуге құрылады. Бұларды ақыл-ой гимнастикасы деп те атауға болады. Жеке тұлғаға баға берілетін сыныптан тыс шаралардың ұйымдастырылуы: пәндік олимпиадалар, байқаулар, клубтар, үйірмелер, секциялар. Жоғарыда айтып өткендей, түпкі нәтижеде оқушы өздігінен ізденеді, зерттеу жүргізеді, теорияны тәжірибе арқылы талдауға талпынады.

Оқу-тәрбие үрдісіне қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы мүмкін. Мұғалім оқушы өзгешеліктеріне зер сала білуі керек. Мұғалімнің жеке бір шығармашылық табысы болса тіпті жақсы. Мысалы : орындаушылық, сурет өнері немесе музыкадан.

Бала әрекетіндегі, қимылындағы саналы күштерді ақырын, нәзік түрде шақырып, оятып отыру керек. Мысалы: ол сурет салып отырғанда, бояумен жұмыс істегенде, баланың санасын оятатын мақсат қоя білген жөн. Қызыл түспен басымырақ сурет салынса, көгілдір түспен не салар едің деген сияқты сұрақтар қойып, жетелеген жөн.

Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі керек. Алдымен кәсіптік қабілеті күшті болуы керек:


  1. Бақылау жүргізу қабілеті. Тест анықтауда, бағдарлама құра білуі.

  2. Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс істеу бағдарламасын құра білуі.

  3. Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білу.

  4. Оқушының икем бағытын нақты ажырату, оған ықпал ету жолдарын сәтті талдаудағы ептілік.

  5. Арнайы оқу жоспарымен жұмыс істеуі.

  6. Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы.

  7. Ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі.

Мұғалім оқыту барысында кездесетін терминдермен, ұғымдармен таныс болуы керек.

Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. “Дарындылық, данышпандақ, қабілеттілік дегеніміз не?”, “Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?”, “Оқушы дарындылығын, оның әлеуметті қабілетін қалай анықтауға болады?”, “Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек, қайсысы тиімдірек?”, “Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гаус, Гете, Архимед, т.с.с.) қабілеті ерте жасынды байқалады, ал тағы басқа біреулердікі (Ньютон, Гегель Дарвин, Менделеев, Декарт, т.с.с.) ересек жаста пайда болады?”. Осы сұрақтарға талмай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алмақ.

Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Көбіне “Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін есте ұстағандары жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Қабілет деген не? Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттің өзі жалпы және арнаулы болып 2-ге бөлінеді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі икемдік пен дағды болуы керек. Қабілеттің дамуында адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі ерекше орын алады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің жоғарғы түрін дарындылық деп атайды.

Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы – дарындылық.

Баланың дарындылығы оның жоғарғы жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Балаға белгілі бір жұмысты ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды[7].

Сонымен талантты адам дегеніміз білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды бала басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савенков А., Беляева Н. Одаренные дети в обычной школе // Народное образование, 1999, №9.- С.183-185.


Дәріс 8. Дарындылықты анықтау, қолдау және дамытуға бағытталған білім беру мекемелері мен отбасының біріккен педагогикалық іс-әрекеттері

1.Педагогикалық процесте дарындылықты анықтау, қолдау және дамытудағы отбасының рөлі.

2.Дарындылықты қолдау бойынша отбасы мен мектептің біріккен жұмысының жүйесі.

3.Дарынды балалардың ата-анасын психо-педагогикалық қолдау.

4.Дарынды балалардың ата-анасын үйретуге бағытталған педагогикалық ағарту жұмысын ұйымдастыру.

Мақсаты: мұғалімдер мен ата-аналардың дарындылықты анықтау, қолдау және дамыту бойынша біріккен жұмыстарының педагогикалық іскерліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:


  • білім беру мекемелері мен отбасының дарындылықты анықтау, қолдау және дамытуға бағытталған біріккен іс-әрекеттерінің педагогикалық үрдісін теориялық негіздеу;

  • дарынды балалардың ата-анасын психо-педагогикалық қолдау бойынша практикалық іскерліктерді қалыптастыру;

  • дарынды және қабілетті балалардың ата-аналарының педагогикалық ағарту ісінде адекватты құралдарды меңгеруі.

Негізгі түсініктер: отбасы, білім беру мекемелері мен отбасының біріккен жұмысы, педагогикалық жалпыға бірдей оқыту, педагогикалық ағарту ісі, отбасын педагогикалық қолдау, отбасы мен мектептің біріккен педагогикалық үрдісі.

Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы

байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 котегориясын анықтап берді.

Бірініші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар. 


Ой - өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өзқатарластарын басып озады. Олардың ақыл - ойының кемеңгерлігі сонша – оларды байқамау мүмкін емес. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтарыда кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады. Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен: 
- арнайы психометриялық тест;

- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)

- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;

- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез - құлқын эксперттік бағалау; 

- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу; 

- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау; 

- арнай психодиогностикалық тренинг;

  Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбекетерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар – психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлекметтік дарындылық.

  Дарындылықты анықтау сауалнамалары балаланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз пстхологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Психоөлшеу сауалнамалары бала бойындағы қөайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол қабілетті балалар диогностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды балаларды «бір сәттік» іріктеу сатысынан оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диогностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диогностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі - теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диогностика моделін шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диогностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныптың сынып жетекшісімен және психологпен ата-ана пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.

Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер.

  Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:

- арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;

- баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау; 
- балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;

- түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;

- белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Одаренные дети. Пер. с англ. М.: Прогресс, 1990.-381 с.


Дәріс 9. Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыстың нормативті – заң шығарушы базасының сипаттамасы

1.Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының нормативті-құқықтық базасының жалпы сипаттамасы. Ондағы дарынды балалармен жұмысқа талдау жасау.

2.Дарынды балалар үшін арнайы мектептер туралы ереже.

3.Республикалық ғылыми-практикалық орталық «Дарын» туралы ереже.

4.Дарынды балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастыруға бағытталған нормативті құжаттар сипаттамасы.

Мақсаты: нормативті – құқықтық базада дарынды балалармен педагогикалық іс-әрекеттің іскерліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Міндеттері:


  • дарынды балалармен жұмыста қазіргі бар нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;

  • мұғалімнің осы құқықтық базада әрекет ету іскерлігінің қалыптасуына қолдау жасау;

  • нормативті - құқықтық құжаттардың ішкі мазмұнымен танысу.

Қазір әртүрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Дамыған елдерде, сондай- ақ біздің мемлекетімізде де дарынды балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Әрі мұндай жобалар жасалып қолданылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Педагог ерекше оқу бағдарламаларын игеріп қана қоймау керек, өз оқушыларының дарындылығына жекеленген қатынас тауып, оның әрбіреуінен жекедаралықты көру керек. Бізде осындай педагогтар көп пе, бізде олар дайындала ма? Дарындылықтың арнайы түрлерімен қатар, олардан едәуір ауқымды, ақылдың абыройы қажет болатын, бар жерде көрінетін ақыл- ой дарындылығы бар екендігін өмір үнемі көрсетуде. Енді, біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше интеллект белгілері бар  және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын балаларға көңіл бөлу мектептердің көкейкесті міндеті.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекеттік қолдау көрсету мен дамыту» туралы жарлығына сәйкес талантты жастарды қолдау мен дамыту мақсатындағы ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысымен Республикалық ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы ашылды. Осы мәселені шешу үшін стратегиялық бағдарлама жасалған.

 Соңғы жылдары қосымша білім беру мекемелерінің жүйесі арта түскендігін айта кету жөн. Аудандар мен қалаларда балалар шығармашылықтарының орталықтары, спорттық-демалыс орталықтары, туризм және экскурсия орталықтары құрылуда, қызығушылықтары бойынша құрылған үйірмелер саны да көбейіп келеді. Егер 2000 - 2003 оқу жылында 75 мектептен тыс ұйым болса, 2003 - 2004 оқу жылында олардың саны 85-ке жеткен. Қосымша білім берумен қамтылған балалар құрамы осы кезеңде 2,1 мың адамға артқан. Дегенмен, қосымша білім беру мекемелерінің мүмкіншіліктері оқушылар саны мен олардың сұраныстарын қанағаттандыра алмауда.

Облыстың қосымша білім беру жүйесінде де шешімін таппай отырған мынадай проблемалар бар:

- баланың демалысын, бейімділігін, дарындылығын, қызығушылығын т.б. қанағаттандыруға тегін қызмет көрсететін, кеңінен пайдалануға болатын мектептен тыс ұйымдар жүйесінің қысқаруы;

- мектептен тыс мекемелерде материалдық және ақпараттық базалардың жетіспеуі;

- көп жағдайларда қосымша білім беру мекемелері қызметтерінің мазмұндары мен технологиялары балалар мен жасөспірімдердің мүдделеріне, уақыт талабына толық сәйкес келе бермеуі.

 Психологиялық педагогикалық әдебиеттерге жүргізілген талдау балалардың дарындылығын дамыту мәселесінің өзектілікке 1975 жылы таланттар және дарынды балалардың Бүкіләлемдік кеңесі құрылды. 1988 жылы Еуропа Кеңесінде үкіметтік емес кеңестік ұйым статусына ие «Евроталант» ассоциациясы құрылды. Ол 22 мемлекеттің зерттеушілерін, педагогтарын, кәсіпкерлерін және мемлекеттік қызметкерлерін біріктіріп дарынды балалармен жұмыс принципі сәйкес заңдылық актылары және еуропа елдерінің білім беру тәжірибесінің негізі болуын қарастырады. Әлеуметтік тапсырысты шартты түрде қоғамдық, аймақтық, ұжымдық және индивидуалды деп бөлуге болады. 

Қазақстан үшін дарынды балаларға қамқорлық – тек қана психологиялық-педагогикалық емес сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Олардың қабілеттерін дамыту еліміздің болашақ кадрлық базисін, интеллеуалдық және шығармашылық потенциалын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады.

«Білім туралы» Заңнын 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принципіне: «тұлғаның білімділігін және дарындылықты дамытуды стимулдау» жатқызылған. Бұл – нағыз гуманизм принципі, әр тұлғаның  ерекшелігін, оның қайталанбастығын мойындауда көрінеді.

1989 жылы КСРО-да  «Дарынды балалар» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Одақтың  ыдырауына байланысты бағдарламаны ары қарай жүзеге асыруды Қазақстанда білім беру Министрлігінің білім беру Комитетіндегі «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталық Президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау» бұйрығына сәйкес үкіметтің 24.03.1998 жылғы қаулысына  байланысты өз басшылығына алды. «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталық дарынды балалармен жұмыс жасайтын  білім беру мекемелерінің  мәселенің теориялық  өңдеуін және іс-әрекетін бағыттап отырады. Аймақтық деңгей дарынды балалармен жұмыс жасауда факторлар кешенін  есепке алады: аймақтың экономикалық мамандануы тұрғындардың ұлттық құрамы, гемографиялық процестер және тағы басқалар жиынтығы аймақтың білім беру жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды.

Ақмола облысы балалардың дарындылығын дамыту жұмысына  зейінділікпен қарады.  Бұған жаңа типті оқу мекемелері, олардың іс-әрекетін ұйымдастырушылық әдістемелік қолдау, әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар нәтижелері дәлел бола алады.  Ұжымдық және индивидуалды тапсырыстар әртүрлі әлеуметтік топтардың, ата-аналардың және оқушылардың өздерінің білім қажеттіліктеріне деген айырмашылықтарымен шартталады. Бүгінгі күнде бұл қажеттіліктердің  құрылымы кейбір пәндерді тереңдетіп оқытумен көрінетін  лицейлер, гимназиялар, мектептер және сыныптарға деген сұраныстан байқалады[8].

Дарынды балаларға қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруда шешілмей жатқан бірқатар проблемалар бар:

- балалар дарындылығының құзыретті диагностика жүйесінің жоқтығы (әсіресе ауылдық жерлерде);

- дарынды балаларды оқытып, дамыту мазмұны мен технологиясының, ұйымдастыру негізінің әзірленбеуі;

- облыста «Дарын» эксперименталдық алаңдарының аздығы;

- балалардың дарындылығын дамытуда білім беру мекемелерінің қызметінде «балабақша-мектеп-жоғары оқу орны» жүйесінде сабақтастықтың жоқтығы;

- басқа елдердің осы бағыттағы іс-тәжірибелерін тиімді зерттеп, пайдаланудың жеткіліксіздігі.

Балалардың дарындылығын дамыту


  • әртүрлі әдістердің кең спектрі негізінде балалар дарындылығын анықтау мен диагностикалаудың кешенді ұстанымдарын іске асыру;

  • дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыруда үш түрлі нұсқаны кеңінен қолдану:

  • жекелей оқыту – дарынды балаларды оқытатын арнайы білім мекемелерін құру;

  • дәстүрлі оқу орындарында (балабақшада немесе мектепте) дарынды балалар үшін арнайы қоса-жекеше оқыту топтары (сыныптар);

  • қоса оқыту – дарынды балаларды «табиғи ортада», яғни өз құрдастарынан оқшауламай бірге оқыту;

  • жеделдетілген оқыту қарқынына бағытталған арнайы топтар мен сыныптар құру арқылы ақыл-ой, әлеуметтік және дене дамуының деңгейі жоғары балалар үшін нақты білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін есекеріп «жеделдету» стратегиясын қолдану;

  • дарынды балаларды дамыту проблемаларын шешуге бағытталған, дәстүрлі оқу жоспарын арнайы біріккен курстармен толықтыратын «көлденеңінен кеңейту» шаралар жүйесін енгізу;

  • дарынды балаларды оқытуда оқу процесін дараландыру, проблемалық оқыту, танымдық әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың бастамасын қалыптастыру мақсатында зерттеу ұстанымдары принципін іске асыру;

  • пәндер бойынша олимиадалар, интеллектаулдық-шығармашылық ойындар, конкурстар, зерттеу жобалар, фестивальдар мен жарыстардың рәсімі мен мазмұнын жетілдіру;

  • «балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» дарынды балаларды оқыту жүйесінде үздіксіздікті жүзеге асыру;

  • «Дарынды балалар» облыстық ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;

  • «Дарын» тәжірибелік алаңдарымен жұмыс түрлерін жандандыру мен жетілдіру және облыста олардың санын көбейту;

  • облыста дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау проблемаларын шешу аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет