ПОӘК 042. 18-24 03/03 2013 18. 09. 2013ж №1 басылым



бет3/6
Дата14.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#134230
1   2   3   4   5   6

Гипотермия – дене қызуының қалыпты жағдайдан төмендеуі. 1° төмендеуді субнормальді деп атайды. Дене қызуының ең тез төмендеуі талу кезінде байқалады. Дененің қызуының 2° төмендеуін қалыпты талу дейді, ал 3-4° төмендеуін альгидтік талу деп атайды.


Әрбір студент оқытушы берген мәлімет бойынша дене қызуының әртүрлі төмендеуімен сипатталатын қызба қисығын салады.
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.

Тексеру техникасы. Жануарлардың бассүйегі мен омыртқа жотасын тексеру. Қарау арқылы бассүйектің пішіні мен көлеміне, бассүйектің болуы мүмкін деформацияларына назар аударады. Сипалау арқылы жергілікті температураның өзгеруін (менингитте, инфекциялық энцефалитте жоғарлайды), ауырсынуын (қой айналмасы, эхинококкоз, ми ісігі) және сүйек ұлпасының жағдайын анықтайды. Нұқу арқылы перкуссиялық дыбыстың өзгерістері бар, жоғын анықтау керек. Омыртқа жотасын тура жоғарыда айтылған әдістерімен тексереді, нәтижесін жұмыс дәптеріне жазады.

Сезім мүшелерін тексеру.көру аппаратын тексеру. Қабықты, коньюнктиваны, мүйізді қабықты, қарашықты және торлы қабықты қарау арқылы тексеріп, қабақта инфильтрациясының қарашықтың кішіреюінің, мүйізді қабықтың қабынуының торлы қабықтың лайлануының бар, жоғын т.б. анықтайды. Жануардың табиғи және жасанды бөгеттерден қалай өтетіндігін тексеру керек.

Есту аппаратын тексеру. Көру арқылы жануардың дыбысты қабылдауына (лақап атын айтқанда, шапалақтағанда) назар аударады. Сау жануарларда естуінің белгісі-құлағын қозғалтуы, тынышсыздану, қозу, шошыну болып есептеледі. Тексеру кезінде гиперэстезия мен гипоэстезияның бар- жоғына, есту қабілетіне назар аудару керек.

Иіс сезу мүшесін тексеру. Жануардың көзін орамалмен байлау арқылы көру аппаратының жұмысын тоқтатады. Көру арқылы жануардың әртүрлі азықтардың иісін сезуіне және мүсәтір спиртінің иісіне, реакциясына назар аудару керек. Жануарға азық пен мүсәтір спиртін, әртүрлі қашықтықта апару керек. Иіс сезу мүшесі қалыпты болса, онда жануар бірінші азықты жеуге ұмтылады, сол кезде мүсәтір спиртінің иісін сезсе алшақтап кетеді.

Тері сезімталдығын тексеру. Ауруға сезімталдығын тексеру. Жануар денесінің әртүрлі бөлігіндегі теріге иненің ұшын пісу арқылы оның ауруға сезімталдығын тексереді. Бұл кезде рефлекстен босату үшін тексерілетін тері аймағының үстіне қолды қойып тұрады. Сау жануарлар тынышсызданады, бұлшықеттерін жиырады, құлағын қозғалтады.

Тактильді сезімталдықты тексеру. Орамалмен жануардың көзін жауып, шоқтың аймағындағы жүнге ауамен немесе жіңішке қылқаламмен әсер еткенде, сау жануарлар тері асты бұлшық еттің жиырылуымен, тынышсызданып, құлағын қозғалтып, басын бұрып жауап береді.
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.

Жоспары:


1.Жануарлардың мінез-құлқын

2.Бас сүйегін,

3.Омыртқа жотасын

4. Сезім мүшелерін тексеру.

5. Рефлекстерді тексеру.

6. Қимыл жүйесін тексеру



Рефлекстерді және қимыл жүйесін тексеру.

Рефлекстерді тексеру.

Жануардың рефлекстерін тексергенде оның 2 көзін орамалмен жауып нұқу балғашығының сабымен терісіне тиіп, оның жауап реакциясын қарайды. Сау жануарларда тері асты бұлшық еттің жиырылуы, құйрығын артқы аяқтарының арасына кіргізуі, сыртқы сфинктердің жиырылуы т.б. болады. Рефлекстердің әлсіреуі немесе жоғалуы, күшеюі немесе қатуы, оның патологиялық өзгерістері болып табылады. Осы әдістемені пайдаланып, келесі рефлекстерді тексеріңіздер.



Беткейлі рефлекстер:

Шоқтық рефлекс.

Құрсақ рефлексі (алдыңғы, ортаңғы, артқы).

Құйрық рефлексі.

Аналь тесігінің рефлексі.

Тұяқтың рефлексі.

Кремастер рефлексі (еркек жануарларда).

Кілегей қабаттарының рефлекстері.

1. Кеңіредектің алдыңғы сақиналарын басқанда пайда болатын жөтелу рефлексі.

2. Мұрынның кілегей қабатын тітіркендіргенде болатын түшкіру рефлексі.

3. Корнеалдық рефлекс-көздің мүйізді қабатына жұмсақ затпен тигізгенде байқалады.



Тереңдік рефлекстер:

1. Тізе рефлексі - тізе ұршығының тік байланысынан балғашықпен ақырын соққы жасағанда байқалады.

2. Ахиллов рефлексі – ахиллов сіңірінен балғашықпен ақырын ұрғанда болады.

Қимыл жүйесін тексеру

1. Көру, сипалау арқылы дененің, аяқтарының және бұлшық ет топтарының бұлшық еттерінің напряжениесін аықтау. Гипотония мен гипертонияның бар, жоқтығына назар аудару керек.

2. Көру арқылы жануардың жүрісіне, жүру кезінде қатысатын бұлшық еттер мен мүшелерге назар аудару қажет. Статситикалық және динамикалық атаксияның бар-жоқтығына назар аудару.

3. Жүректің артқы шекарасы, бауыр, қабырға асты және омыртқа жотасы аймағын нұқу арқылы бұлшық еттердің жоғары қозғалғыштығын анықтау. Ол кезде ауырсыну, тынышсыздану, ыңырсу байқалады.

4. Көру арқылы жануарда салдануының, гиперкинез, тремор, тик, мүшелердің тартылуының бар-жоқтығына назар аударады.


Тақырыбы: Жүйке жүйесін зертеу. Жүйке ауруларының негізгі белгілері

Жоспары:


1. Сезім мүшелерін тексеру.

2.Рефлекстерді және қимыл жүйесін тексеру.

3.Вегетативті жүйке жүйесін тексеру.

4. Захарыш – хеда зоналары (бөліктері).

4. Жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын ауру белгілірі.

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.



Тексеру техникасы. Жануарлардың бассүйегі мен омыртқа жотасын тексеру. Қарау арқылы бассүйектің пішіні мен көлеміне, бассүйектің болуы мүмкін деформацияларына назар аударады. Сипалау арқылы жергілікті температураның өзгеруін (менингитте, инфекциялық энцефалитте жоғарлайды), ауырсынуын (қой айналмасы, эхинококкоз, ми ісігі) және сүйек ұлпасының жағдайын анықтайды. Нұқу арқылы перкуссиялық дыбыстың өзгерістері бар, жоғын анықтау керек. Омыртқа жотасын тура жоғарыда айтылған әдістерімен тексереді, нәтижесін жұмыс дәптеріне жазады.

Сезім мүшелерін тексеру.Kөру аппаратын тексеру. Қабықты, коньюнктиваны, мүйізді қабықты, қарашықты және торлы қабықты қарау арқылы тексеріп, қабақта инфильтрациясының қарашықтың кішіреюінің, мүйізді қабықтың қабынуының торлы қабықтың лайлануының бар, жоғын т.б. анықтайды. Жануардың табиғи және жасанды бөгеттерден қалай өтетіндігін тексеру керек.

Есту аппаратын тексеру. Көру арқылы жануардың дыбысты қабылдауына (лақап атын айтқанда, шапалақтағанда) назар аударады. Сау жануарларда естуінің белгісі-құлағын қозғалтуы, тынышсыздану, қозу, шошыну болып есептеледі. Тексеру кезінде гиперэстезия мен гипоэстезияның бар- жоғына, есту қабілетіне назар аудару керек.

Иіс сезу мүшесін тексеру. Жануардың көзін орамалмен байлау арқылы көру аппаратының жұмысын тоқтатады. Көру арқылы жануардың әртүрлі азықтардың иісін сезуіне және мүсәтір спиртінің иісіне, реакциясына назар аудару керек. Жануарға азық пен мүсәтір спиртін, әртүрлі қашықтықта апару керек. Иіс сезу мүшесі қалыпты болса, онда жануар бірінші азықты жеуге ұмтылады, сол кезде мүсәтір спиртінің иісін сезсе алшақтап кетеді.

Тері сезімталдығын тексеру. Ауруға сезімталдығын тексеру. Жануар денесінің әртүрлі бөлігіндегі теріге иненің ұшын пісу арқылы оның ауруға сезімталдығын тексереді. Бұл кезде рефлекстен босату үшін тексерілетін тері аймағының үстіне қолды қойып тұрады. Сау жануарлар тынышсызданады, бұлшықеттерін жиырады, құлағын қозғалтады.

Тактильді сезімталдықты тексеру. Орамалмен жануардың көзін жауып, шоқтың аймағындағы жүнге ауамен немесе жіңішке қылқаламмен әсер еткенде, сау жануарлар тері асты бұлшық еттің жиырылуымен, тынышсызданып, құлағын қозғалтып, басын бұрып жауап береді.

Рефлекстерді тексеру.

Жануардың рефлекстерін тексергенде оның 2 көзін орамалмен жауып нұқу балғашығының сабымен терісіне тиіп, оның жауап реакциясын қарайды. Сау жануарларда тері асты бұлшық еттің жиырылуы, құйрығын артқы аяқтарының арасына кіргізуі, сыртқы сфинктердің жиырылуы т.б. болады. Рефлекстердің әлсіреуі немесе жоғалуы, күшеюі немесе қатуы, оның патологиялық өзгерістері болып табылады. Осы әдістемені пайдаланып, келесі рефлекстерді тексеріңіздер.



Беткейлі рефлекстер:

Шоқтық рефлекс.

Құрсақ рефлексі (алдыңғы, ортаңғы, артқы).

Құйрық рефлексі.

Аналь тесігінің рефлексі.

Тұяқтың рефлексі.

Кремастер рефлексі (еркек жануарларда).

Кілегей қабаттарының рефлекстері.

1. Кеңіредектің алдыңғы сақиналарын басқанда пайда болатын жөтелу рефлексі.

2. Мұрынның кілегей қабатын тітіркендіргенде болатын түшкіру рефлексі.

3. Корнеалдық рефлекс-көздің мүйізді қабатына жұмсақ затпен тигізгенде байқалады.



Тереңдік рефлекстер:

1. Тізе рефлексі - тізе ұршығының тік байланысынан балғашықпен ақырын соққы жасағанда байқалады.

2. Ахиллов рефлексі – ахиллов сіңірінен балғашықпен ақырын ұрғанда болады.

Қимыл жүйесін тексеру

1. Көру, сипалау арқылы дененің, аяқтарының және бұлшық ет топтарының бұлшық еттерінің напряжениесін аықтау. Гипотония мен гипертонияның бар, жоқтығына назар аудару керек.

2. Көру арқылы жануардың жүрісіне, жүру кезінде қатысатын бұлшық еттер мен мүшелерге назар аудару қажет. Статситикалық және динамикалық атаксияның бар-жоқтығына назар аудару.

3. Жүректің артқы шекарасы, бауыр, қабырға асты және омыртқа жотасы аймағын нұқу арқылы бұлшық еттердің жоғары қозғалғыштығын анықтау. Ол кезде ауырсыну, тынышсыздану, ыңырсу байқалады.

4. Көру арқылы жануарда салдануының, гиперкинез, тремор, тик, мүшелердің тартылуының бар-жоқтығына назар аударады.

Вегативті жүйке жүйесін тексеру

Малдәрігерлік тәжірибеде вегативті жүйке жүйесінің жағдайын анықтау үшін арнайы рефлекстер әдістемесі қолданылады. Бұл мақсатта жануардың 30 секунд ішінде жүрек соғуын санайды. Содан соң Шатала аппаратын қолданып немесе қолмен көз алмасына сынап бағанасы бойынша 20-30 мм қысым түсіру арқылы көз-жүрек рефлексін түзеді. Құлақ – жүрек рефлексінде Шатала динамаметрін құлақ негізіне қойып немесе жылқылар үшін қозғыштық типті- 20 кг, қозғалғыш –25 кг, инертті –30 кг қысым күшін түзу үшін бұрау салады, сол кезде бір уақытта 30 секунд ішіндегі жүрек рефлексін анықтағанда үстіңгі ерінге бұрау салып, жүрек соғуын санайды. 1 минутта 4 реттен аз соқса, ол жануардың вегатоникалық жағдайда екенін, ал 4 реттен көп соқса, ол жануардың симпатикотоникалық жағдайда екенін білдіреді.



Захарыш-Хеда зоналарын (бөліктерін) тексеру.

Захарыш- Хеда зонасы – ішкі мүшелердің аурулары кезіндегі терінің сезімталдығы жоғарылаған бөліктерін анықтау.



Сезімталдығы жоғары бөліктердің клиникалық сипаттамасы. Сезімтал бөлік аймағын ақырын басқанда немесе нұқығанда ауру малда терінің ауырсыну реакциясы (гиперестезия) болады. Жоғары сезімталдық бұлшық еттің жиырылуымен, тердің көп бөлінуімен, ыңырсумен, арқасын бүгумен, тексерушінің қолынан қашқалақтаумен сипатталады.

Күн тию, күн өту, күнсу – Heliosis. Күн сәулесіндегі әсіресе инфрақызыл сәуленің малдың бас сүйегіне тікелей әсер етуінен бас ми қабының қызуымен сипатталатын ауру.

Жылқы мен ұсақ малдар жиі ауырады.

Клиникалық белгілері. Ауру мал әлсіз, аздап қозғандық байқалады. Тыныс алуы жиі, тершең. Жүрісі шатқаяқтанған. Бұлшық еттерінің тонусы нашар, кілегей қабықтары көгерген; жүрек, тыныс алу жүйелерінің қызметтерінің жеткіліксіздіктерінің белгілері білінеді. Комалық жағдайда ауру мал құлайды, рефлекс жоқ; зәр, нәжіс бөлу еріксіз жүріп жатады.

Ауруды індетті жіті аурулардан, уланулардан, жыланның шаққанынан ажырата білу керек.

Ыстық соғу – Hypertherrmia – Ыстықтың жалпы ортанизмге әсерінен орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауру.

Шошқа мен жылқыларда жиі кезедседі.



Клиникалық белгілері. Аурудың барысы жіті түрде. Бастапқыда ауру мал қозып, тынышсызданады. Көзінің қарашығы үлкейген, шөлдегіш, терлегіш келеді. Дене қызуы көтерілген, дем алысы жиі, жүрек түрткісі қатты, екінші сазы да қатты естіледі. Рефлекстер, сыртқы ортаның әсерлеріне реакция жоқ. Кілегей қабықтары көгерген. Мойын көк тамыры қанға толып, білеуленген, өкпе ісінген. Комалық жағдайда ауру мал өліп кетуі мүмкін.

Ми қарыншақтарына сұйықтың жиналуы – Гидроцефалия – Оглум – ми қарыншақтарында ликвордың жиналып, ми құрлысының семуімен сипатталатын, жылқыларда жиі кезедесетін созылмалы ауру.

Клиникалық белгілері. Ауру мал тез шаршағыш келеді. Рефлекстері төмен, ессіз терең ұйқыға кеткені байқалады. Алынған азық ұзақ уақыт аузында қалады. Ауру мал алдыңғы аяқтарын айқастырып қойғанда сол қалпында тұра береді.

Емдеу айтарлықтай нәтиже бермейді. Сондықтан ондай ауру малды уақытында шығысқа шығарып тастаған жөн. Уақытша малды ұстай тұру үшін жүрек жұмысын жақсартатын дәрілерді: глюкоза, хлорлы кальций; зәр айдайтын дәрілерді ұсынуға болады.

2.Организмге стимуляциялық функциясы (Стресс, оның синдромдары)

Стресс, оның синдромдары (Stress – ағылшынша - күш салу, зорлау) – организмге аса бір ерекше тітіркендіргіштің- стрессорлардың әсерінен ондағы бейімделу процесі ретінде гуморальды, неврогенді өзгеру комплексінің пайда болуы.

Стрессорлық жағдай бірқатар клиникалық, морфологиялық, гематологиялық өзгерістермен сипатталады. Онда болатын негізгі өзгерістер: малдың халінің нашарлауы, әлсіреуі, тершеңдік, дене қызуының төмендеуі, қан қысымының жоғарлауы, бұлшық еттерінің жирылуының нашарлауы; жүрек, ми, қан тамырлары, ас қорыту жүйелерінің қызметтерінің бұзылуы; тимус, көкбауыр, лимфа бездерінің өлі еттенуі; асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарының қанталауы; қандағы эозинофилдер мен лимфоциттердің, бүйрек бездері мен гипоталамустың гормондарының азаюы байқалады.

Аса бір ерекше, күшті тітіркендіргіштің әсерінен организмдегі гомеостаз – тұрақтылық процесі өзгереді. Ол өзгерістің ұзақтығы мен тереңдігі стрессордың күшіне байланысты.

Организмге стрессор әсер еткенде онда жалпы адаптациялық синдром пайда болады (ЖАС). Оны 3 сатыға бөлуге болады:



  1. Қамдану сатысы 2 күнге созылуы мүмкін. Ол үшін организмдегі глюкоза мен гликогеннің ыдырауынан туындайтын энергия қоры пайдаланылады. Орталық нерв жүйесі, эндокрин механизмі, симпатикалық жүйе белсенді түрде болып, жүректің, қан тамырларының, бүйрек бездерінің (катехоламиндер, адреналин, норадреналин босап гликогенді пайдаланады) жұмыстарын жақсартады. Гипофиздің гормондары бөлініп, қандағы глюкозаның деңгейін арттырады. Бұл сатыда организмдегі өзгерістерді физиологиялық қалыптылыққа келтіруге болады.

  2. Резистенттік-адаптациялық сатысы бірнеше жұмаға созылады. Жүйке жүйесі мен гуморалды реакция; клиникалық, биохимиялық көрсеткіштер қалыптасады. Организмнің стрессорға қарсы тұру қабілеті қалыпты жағдайдағыдан жоғары. Ол организмнің резистенттілігіне байланысты.

  3. Әлсіреу, қалжырау, жүдеу сатысы күшті стрессор ұзақ уақыт әсер еткенде болады. Стресстің негізгі белгілері анық білінеді. Мал өлім-жітімге ұшырауы да мүмкін.

Стресстің бұл келтірілген сатыларын тек үлгі ретінде пайдалануға болады. Ал нақтылы организмнің резистенттілігіне, стрессордың күшіне байланысты, әрбір шаруашылықтарда әртүрлі болып кездесуі сөзсіз.

Жалпы стресстің біртұтас алынған жіктелуі жоқ. Малдәрігерлерінің тәжірибесінде оның себептеріне байланысты жіктеуді қолданған дұрыс сияқты. Ол бойынша: транспортты-тасымалдау; технологиялық – малды күтіп-бағу; ауырсынғандық; ауа райына байланысты; вакцина жасауға байланысты; температураға байланысты; малдың қозғалмай, бір орнында тұрып қалуына байланысты; жылқы, ит, маймылдарда көңіл-күйге (эмоционалды) байланысты т.б. түрлерін ажыратуға болады.



  1. Транспортты-тасымалдау стрессі. Малдарды тасымалдау кезіндегі ережелерді бұзудан болатын стресс. Бірнеше стрессорлар әсер етеді: мал таситын көлікті дұрыс дайындамау; жаңадан әкелінген малдарды бірінші күндері дұрыс күтпеу; ауа райының, температураның өзгеруі; т.б. қосымша әсерлер ретінде көп малды тығыз күйінде тасымалдау. Мұндай стресс асыл тұқымды, буаз малдарда, бұзауларда кездеседі. Малдарды ыстық күні, ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда тасымалдағанда жиі кездеседі. Су уақытында берілмей, рацион дұрыс болмағанда, әсіресе онда: кальций, магний аз, калий көп болғанда; арық малдарды тасымалдағанда; бұзауларды стресске қарсы дәрі беріп дайындамағанда да пайда болады.

Организмнің резистенттілігі нашарлап бұзаулар өкпе, ас қорыту жүйесінің ауруларына шалдыққыш келеді.

  1. Технологиялық стресс. Малдарды күтіп-бағуда жіберілетін кемшіліктерден туындайтын стресс. Оған жататындар:

  • малдардың жиі-жиі орнын ауыстырып, жиі-жиі жаңа топтарға бөлу;

  • төлдерді енелерінен ерте айыру;

  • малдарды байлап, қозғалыссыз ұстау – адинамия;

  • кенеттен жаңа күту әдістеріне ауыстыру.

Көбінесе стресс бірнеше факторлар қатарынан әсер еткенде пайда болады. Ауру малдардың өнімі азаяды, өнімінің сапасы төмендейді. Өсіп-өнуден қалады. Клиникалық белгілері, әсіресе шошқаларда, қамдану сатысында-ақ біліне бастайды.

3. Эмоционалды стресс. Малдарға қатты ауырту арқылы әсер еткенде, олардың көңіл-күйінің өзгеруімен сипатталатын стресс.

Нерв жүйесі тез қозатын спорт аттарының, декоративті иттердің, зоопарк және цирк малдарының арасында кездеседі.

Дайындықсыз, дұрыс ұйымдастырылмаған малдәрігерлік істер: қан алу, мүйізсіздендіру, пішу, өлшеу, косметикалық операциялар (құлаққа, құйрыққа т.б.) жасау стресс жағдайын туғызуы мүмкін.

Стресс жіті түрде тез өтеді. Болжамы нәтижелі. 5-10 күнде ауру мал қалыпты жағдайына келеді. Сақтандыру шаралары:


  • аттарды, иттерді, цирк малдарын дұрыс тренингке үйрету;

  • малдәрігерлік жұмыстарды жақсы дайындап, дұрыс жүргізу;

  • малдарды үйрету тобына аларда, олардың жоғарғы нерв жүйесінің түрін еске алу керек.


Тақырыбы: Қан элементтерінің патологиялық өзгерістерінің диагностикалық маңызы.

Жоспары:


  1. Қан алу.

  2. Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.

  3. Қан сарысуынды анықтау.

  4. Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.

  5. Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.

  6. Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.
Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.

Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойындырық тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.

Қан алатын жердің жүнін қырқып, терісін спирт немесе эфир спиртіне малынған мақтамен сүртеді.

Яремдік тамырдың қанын қан жіберетін инелер арқылы жоғары мойынның ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен, арнайы қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады. Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.



Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.

Қанның салыстырмалы тығыздығы мен ЭТЖ анықтаудың клиникалық маңызы өте зор.

Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау. Қанның салыстырмалы тығыздығын әрі плазмамен сарысудың салыстырмалы тығыздығын Филлипс әдісімен анықтайды. Мыстың қанық сульфатын дайындау үшін 900гр бес сулы сульфатын ұнтаққа айналдырып үгіп, 1250 мл дистильденген су құйып, әйнек таяқшасымен мұқият 5 мин араластырады. Ерітіндінің температурасын 0,5 С0 дейін анықтап сүзіп алады. Алынған ерітіндіден 1,100 салыстырмалы тығыздығы бар негізгі ерітіндіні жасайды Бұл үшін негізгі ерітіндінің 15гр С0 529 мл алып, дистильденген сумен 1л жеткізеді. Ерітіндінің мөлшері оның температурасына байланысты. Мысалы, 15,5 С гр 525 мл; 160 521; 190 496; 15,50 492гр; 200 488; 20,50 484; 210 480; 21,50 477; 220 473.

Негізгі қалыпты ерітіндіден тығыздығы 1,030 дан 0,075 дейін мыс сульфатының жұмысшы ерітіндісін жасайды. Өлшегіш колбаға дайындалатын ерітіндінің соңғы 2 сандарының тығыздығына сәйкес келетін қалыпты ерітінді құйып алады да, дистильденген сумен 100 мл жеткізеді. Мысалы, тығыздығы 0,050 ерітіндіні дайындау үшін 49 мл негізгі қалыпты ерітіндіден алып, 100 мл дейін су қосады. Ерітіндіні қақпағы жабылған қараңғы ыдыстарда сақтайды.

Анализ үшін гепаринмен, натрий оксалатымен, Б трилонымен қалыпқа түскен қанды пайдалануға болады, центрифугаланған қанды зерттеу үшін жарамсыз.

Пипеткаға зерттеуге алынған қанды алып, пробиркаға ауыстырады. Бұл пробиркада мыс сульфатының ерітіндісі болуы керек. Сақтықпен пипетканың ұшын ерітінді деңгейінен 1см қойып, 1 тамшы қан жібереді. Тамшы қан 2-3 см тереңдікке түсіп, одан әрі түбіне шөге бастайды не жоғары көтеріледі. Сөйтіп қан тамшыны, түбіне шөккен ерітіндіні табады. Бұл жағдайда қан тығыздығы ерітінді тығыздығына сәйкес келеді.

Сау ірі қара мал қанының салыстырмалы тығыздығы мынадай түрде ауытқып тұрады:

ІҚМ –1,047 –1,055; қойда 1,042- 1,052; ешкіде-1,044-1,053; жылқыда-1,045-1,055; шошқада-1,042-1,060; итте-1,044-1,056; тауықтарда-1,039-1,057.

Қанның салыстырмалы тығыздығының ұлғаюы оның қоюлануы, терлеу, полиурия, қан ауруы, нефрит, жылқының миоглобинурисы кезінде болады.

Қанның салыстырмалы тығыздығының азаюы, анемия, гемолитикалық сарыауру, кахексия, гидремияда болады.

Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау(ЭТЖ). Панчеков әдісін мынадай жолмен жүргізеді. Капиллярға «Р» белгісіне дейін 5 пайыздық натрий цитратының ерітіндісін алып оны сағат әйнегіне үрлейді. Осы капилляр мен қанды 2 рет «К» белгісіне дейін құйып алады да, 2 рет қанды натрий цитратының ерітіндісімен араластыра отырып, сағат әйнегіне үрлейді. Алынған қоспаны капиллярға «К» белгісіне дейін алып, штативке қояды. ЭТЖ- ны 1 сағаттан кейін есептейді.

Сау малдарда ЭТЖ (мм/ с): ІҚМ-0,5-0-1,5; қойда-0,5-1; ешкіде-0,3-1; жылқыда-40-70; шошқада-2-9; итте-2-6; тауықта-2-3.

Неводов әдісі: Эритроседиометрге скальпельдің ұшымен (0,02гр жуық) натрий оксалатын кіргізеді де тамыр қанын «о» белгісіне дейін алады, резеңке қақпақпен жауып, мұқият пробирканы 5- 10 рет төңкере отырып, қанды антикоагулянтпен араластырады. Пробирканы штативке қояды. ЭТЖ-ны плазма бағанының биіктігімен 15, 30, 45, 60 мин. кейін не 24 сағатта есептейді.

ЭТЖ-ның бәсеңдеуі шаршағанда, қатты терлегенде, полиурияда, іш өтуде, шаншуде гастроэнтеритте, механикалық және парехиматоздық сарғаюда, механикалық илеус, инфекциялық энцефаломиелит, стахиботритоксикозде және т.б. болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет