ПОӘК 042. 18-24 03/03 2013 18. 09. 2013ж №1 басылым



бет4/6
Дата14.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#134230
1   2   3   4   5   6

Қан сарысуынды анықтау.

Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.

Қан сарысуындағы сілті қорын Кондрахин әдісі бойынша анықтағанда 0,5 мл сарысу құяды, сұйықтықтың қалған мөлшерін пипеткамен үрлеуге болмайды, тек бетін мықтап жауып қояды.

Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.

Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау.

Гематинді және гемоглобинцианидті әдістер қолданылады.

1. Гематинді әдіс (Сали әдісі). Градуирленген гемометр пробиркасына (ГС-3) көз пипеткасымен «2» белгісіне дейін 0,1 н тұзды қышқыл ерітіндісін қосады. Капиллярлық пипеткамен 20 мкл (0, 02мл) қан алады, пипетканың ұшын мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл ерітіндісіне үрлейді, онымен 2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады. Араластырып, 5 мин. қойып қояды (тауықтардың қанын зерттегенде –15 мин.). Тұзқышқылды гематин (хлоргемин) пайда болуының нәтижесінде пробиркадағы ерітінді қоңыр түске боялады. Тамшымен дистильденген су қосып, әйнек таяқшамен пробиркадағы сұйықтық қалыпты пробиркалардың түсімен теңескенге шейін араластырады. 100 мл. қандағы грамм көлеміндегі гемоглобиннің мөлшерін пробиркадағы сұйықтықтың деңгейімен сәйкес келетін шкаланы бөлу бойынша есептейді. Гемометр шкаласындағы гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтсе, гемоглобиннің (г/л) концентрациясын анықтауға болады.

Гемиглобинцианидті әдіс (М. Л. Пименова мен Г. В. Дервиз әдісі). Зерттеуге тәжірибелік және қалыпты сынама қолданылады.

Сау жануарлардың қанындағы гемоглобиннің мөлшері (г/ 100 мл): ірі қара малда-9,9-12,9; қойда-9-13, 3; ешкіде-10-15; жылқыда-8-14; шошқада –9-11; итте-11-17; тауықта – 8-12.

Гемоглобиннің (г/л) мөлшері мынадай болады: ірі қара малда-100-130; қойда-90-135; ешкіде-100-150; жылқыда-80-140; шошқада-90-110; иттерде-110-170; тауықтарда-80-120.


2.Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.

Қанның аталған жасушаларының санын есептеу үшін есептеу камералары мен электронды есептеу құралдарын пайдаланады. Эритроциттердің санын эритрогемометр және фотоэлектроколориметрлердің көмегімен есептеуге болады.

Есептеу камерасындағы эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.

Қандағы жасушалардың санын есептеу үшін әр түрлі есептеу камералары (Горяев, Предтеченский, Бюркер, Фукс- Розенталь және т.б.) пайдаланады.



3. Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.

Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.

Қан сарысуындағы жалпы ақуызды рефрактометр әдісімен анықтау.

Бұл үшін рефрактометрдің әртүрлі түрін қолданады (ИРФ-1, ИРФ-22, ИРФ-23, РЛУ, РЛ және т. б. ).

Рефрактометр РЛУ-мен жұмыс істеп тұрған кезінде алдымен нөлдік нүктесін тексеру үшін 1, 2 тамшы дистильденген суды өлшеу призмасының бетіне жағады; лупа шкаласы мен көру окулярының тұтқасын жөнге келтіреді, диспенсионды компенсатордың тұтқасын айналдырып, көру окуляр түтігінің дисперсиясын жоямыз;

Шкала лупасындағы сызықты 1,3333 ұзындығына, кілт арқылы визирлық сызықтың кесу нүктесін жарық кескіндеу шекарасын біріктіреді.

Құралды дайындағаннан кейін камерасын ашып, жоғарға және төменгі призманы алдымен сорғыш қағазбен, кейін жұмсақ салфеткамен сүртеді. 1-2 тамшы сарысуды төменгі призманың бетіне тамызады да, камераны жауып, айнамен жарықты оның терезесіне бағыттайдыжәне жарық кескіндеу шекарасын визирлы сызық кесу нүктесіне қойылғанша, камераны айналдырады және сарысу бөліну көрсеткішін шкала бойынша есептейді.

Сау малдардың сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшері(г/100 мл): ӘҚМ-7,2-8,6; қойда-6-7,5; жылқыда-6,8-7,8; шошқада-6,5-8,5, итте-5,9-7,6; тауықта-4,3-5,9.



ТАҚЫРЫБЫ: Қандағы жасушалардың санын есептеу. Лейкограмманың санын есептеу.

Жоспары:


  1. Қандағы жасушалардың санын есептеу

  2. Лейкограмманың санын есептеу.

  3. Жануарлардың қан түрлерінің профилі

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.


Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.

Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.



Жылқының қан түрлерінің профилі

3































2































1































М

80

НВ


8,5

ЭР.


8,9

Лей.


3

П


50

С


40

Лим.


3

Мон.


3,4

Эоз.


0,6

Баз.


1

Цп


-1































-2































-3


































10

1

мин


1

мын


1%

3%

3%

0,5%

1%

0,2%

0,1%

Мысалы: 1. Ауру малдың гемоглабин мөлшері 5,4 ед. Сали.

2. Сау малда ___»______»_______»_ 80 ед. Сали. /кестеге қара/

а/ НВ 54-80=-26

б/ -26:10= -2,6 /10-ға бөлу себеміз кестеде НВ әр

сигмасы 1 –ге тең/.

3. Гемоглабиннің нүктесі /-2/ мен /-3/ аралығында болады.
Қойдың гематология профиль кестесі

3































2































1































М

68

НВ


9,4

ЭР.


/МИК/

8,2

Лей.


мын

1,4

П


36

С


54

Лим.


3

Мон.


5,0

Эоз.


0,6

Баз.


1

Цп


-1































-2































-3


































4

0,6

0,8

0,4%

3%

4%

1%

1,5%

0,2%

0,1%

Мысалы: 1. Ауру малдың гемоглабин мөлшері 45 ед. Сали.

2. Сау малда ___»______»_______»_ 6,8 ед. Сали. /кестеге қара/

а/ НВ 54-68=-14

б/ -14:10= 3,4 /3-ке бөлу себеміз кестеде НВ әр

сигмасы 3-ке тең/.

3. Гемоглабиннің нүктесі кестеде /-3/ төмен аяғы нүктесі

/-3/ пен /-4/ аралығында болады.



Құстың қан түрлерінің профилі

3































2































1































М

75

НВ


3,5

ЭР.


30

Лей.


0,9

КТ


1Эоз.

псев.


25пал.

псев.


55

лим.


6

мон.


10

Эоз.


2,1

Б


-1































-2































-3


































8

0,5

7

0,4%

5%

8%

2%

4%

1%

0,3%

Мысалы: 1. Ауру құстың гемоглабин мөлшері 54 ед. Сали.

2. Сау құста ___»______»_______»_ 75 ед. Сали. /кестеге қара/

а/ 54 ед.сали =-21 ед.сали

б/ -21:8= -2,6 /8-ге бөлу себеміз кестеде НВ әр

сигмасы 8 –ге тең/.

3. Гемоглабиннің нүктесі /-2/ мен /-3/ аралығында болады.

Ірі қара малдың қанының құрамының торы(профилі)


3































2































1































М

65

НВ


6

ЭР.


8

Лей.


6

т/я


25

б/я


55

лим


7

мон


7

Эоз


0,7

Б


1

ттк


-1































-2































-3


































3

0,5

млн


0,5

мын


2%

5%

5%

2%

2%

0,2%

0,1%

Мысалы: 1. Ауру ірі қара малдың гемоглабин мөлшері 54 ед. Сали.

2. Сау ірі қара малда ___»______»_______»_ 65 ед. Сали. /кестеге қара/

а/ 65-54 ед.сали =-11 ед.сали

б/ -11:8= -1,4 /8-ге бөлу себеміз кестеде НВ әр

сигмасы 8 –ге тең/.

3. Гемоглабиннің нүктесі /-1/ мен /-2/ аралығында болады.

Тақырыбы: Зат алмасу патологиялық өзгерістерінің диагностикалық маңызы.

Жоспары:


1. Зат алмасуың жалпы сипаттамасы.

2. Белок алмасу бұзылуы. Белковый обмен.

3. Қөмірсутегі алмасу бұзылуы.

4. Май алмасу бұзылуы.

5. Су элитролит алмасу бұзылуы

6. Минерал заттар алмасу бұзылуы.


Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.
1. Зат алмасуы дегеніміз- организамінің өзіне тән тіршілігі мен өсіп-өнуін қамтамасыз етуін, невр жүйесімен және фермент гормондармен реттелетін аса маңызды қасиеті. Сырттаан келіп түскен және клеткада пайда болған заттардың химиялық жолмен құбылуы, осыдан туған энергияның /куаииың/сан қілы сарылуы сияқты процестердің біртұтас жиынтығы. Мұның негізі- қарама- қарсы, бірақ өзара жысдасқан екі реакция: ассимиляция, басқаша- анаболизм /фементтік құбылу және бұған жұмсалған энергия /қуат/ нәтіжесінде клетка құрамындағы заттардың түзілуі /синтезделуі/, сол клетканың сырттан келіп түскен қосындыларды бойына сіңіруі, қарапайым /жай/ молекулалардың күрделі молекулаларға айналуы/ мен диссимиляция, басқаша – катабализм /сырттан келіп түскен және клетка құрамындағы қосындылардың ыдырауы, осыған сәйкес энергия бөлініп шығуы/. Зат алмасуының негізгі аурулары: авитаминоздар, аллотрофагия/малдың қоректік қасиеті жоқ/, ацетонемия, диабет, остеомаляция т.б.

Зат алмасуының бұзылуынан болатын аурулар.

Малдарда зат алмасудың бұзылуынан болатын 30- дан астам аурулар белгілі. Бұл аруларды анықтаудың ерекшеліктері бар:

1. Қоректік заттардың / белок, көмірсутегі, май, витамин, минералды заттар және т.б./ организмге түскеннен бастап ақырғы болатын қалдыққа дейінгі алмасу процесін жете білу керек;

2.Зат алмасу процессінде организмге зиянды заттардың қалай түзлетінін және олардың ары қарай қалай ыдырайтының білу керек;

3.Әрбір заттың алмасуы жеке дара жүрмейтінің, олардың бір- бірімен тыгыз баланыста болатының естен шығармау керек;

4. Заттардың алмасуына көптеген ферментердің әсер ететіің, олардың нейроэндогринді жүйемен реттелетінің ескеру керек;

5. Заттардың алмасуының қалыпты деңгейде болып, организмде гомеостаздың сақталуы малдардың күтіміне, рационына, дұрыс пайдаланылуына байланысты екенін ұмытпау керек;

6. Бірнеше топты малдың ауратынына, оларды топтап емдеу әдісіне көніл бөлу керек;

7. Организмде зат алмасуының бұзылуының алғашқы сатысында аңықтау үшін баолық зерттеі әдістерін /әсіресе лабораториялық/ жан-жақты қолдана білу керек.

Заттардың алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды олардың себептері мен басымрақ клиникалық өзгерістеріне зәр қоя отырып 4 топқа жіктеіге болады:

1. Организмдегі негізгі заттардың /көмірсутегі, май, белок/ алмасуларының бұзлуының басымрақ болуы / майлану, алиментарлы дистрофия, кетоз, миоглобинурия, гипогликемия/;

2. Минералды заттардың асмасуының бұзылуының басымрақ болуы /сүйек дистрофиясы, гипомагнемия/;

3. Микроэлементтердің жеткіліксіздігінен немесе олардың организмге қалыптан тыс артық түсуінен болатын арулар. Бұл аурулар белгілі бір биогеохимиялық зоналарда кездеседі /гипокобальтоз, гипокупороз, еттің ағарып ауруы, цинктің, йодтың, марганецтің жеткіліксіздігі, бордың, селеннің, никельдің, молибденнің көп болуы/:

4. Гиповитаминодар/ретинолдың, кальцийферолдың, токоферолдың, аскорбин қышқылының, тиаминнің, цианкобаламиннің және т.б. витаминдердің жеткіліксіздіктері/.

2. Белок алмасуы- мал денесіндегі белоктың ұдайы, үзілместен сапырылысы құбылуы. Белок, протеин- амин қышқылдарынан түзілген көп молекулалы табиғи қосындылар. Тірі денеде қалыптастыратың, құрамында көміртегі /50-55%/, сутегі /6-7,5 процент/, өттегі /21-24 пр./, азот /15-18,5 пр./, күкірт /0,3-2,5 пр./, фосфор /1-2 пр./, сондай-ақ аз мөлшерде темір, натрий, калий, кальций, магний, мыс, қалайы, марганец, йод, кобальд, бром сияқты элементтер бар органикалық зат. Белок алмасуы бірнеше сатыдан түрады: 1/. Малдың асқазанына келіп түскен азық белогінің ыдырап, пептидтер мен амин қышқылдарына айналуы, бұлардың қанға сіңіп, тканьдерге ауысуы; 2/. Амин қышқылдары мен пептидтердің тканьдерде дәл сол организмге тән белоктарға, сондай-ақ гормон, кофермент, пигмент сияқты биологиялық заттарға айналуы /түзілуі/; 3/. Денедегі белоктардың амин қышқылдарына дейін ыдырап, одан әрі тотығып, аммиакқа, көмір тотығына және суға айналуы; 4/. Белок алмасуының ақырғы туындыларының аммиак, т.б. бейтарапталып, сыртқа шығуы сатыларынан тұрады.

Белок алмасуының бірнеше бұзылуынан түрады: 1.гипопротеинемия- белоктың қанда азаюі- цироз, кетоз, нефроз, нефрит, абцесс т.б.; 2. гиперпротеинемиядан- белок кобеюі, гепатит, сепсис, ірінді эндометрит; 3. Парапротеинемиядан- қанда анамольді белок кобеюі; 4. диспротеинемиядан – қанда белоктің мөлшері бүзлу- індетті, паразиттік ауруларда.

Белок алмасуы бүзлуында негізгі синдромдары:

Ацетонемиялық синдром- сүт қышқыл, ацетон иісі сезіледі, гипотония, кілегей қабықтары бозарған, сарғыш түсті, кетонемия, кетонурия, кетолактия, жүрек соғысы мен дем алысы жиі және т.б.

гепатотоксиқалық синдром- баурда дистрофиялық өзгерістер, көлемі ұлғайған, ауырсынғандық байқалады, ауру мал көбінесе жата береді, ынқылдайды, жүрек-қан тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздігінің белгілірі байқалады.

Гастроэнтералды синдром- күйыс қайыруы аз, кейде жоқ, месқарының жиырлуы әлсіз, кейде жоқ, ішектерде газ, жиырылуы әлсіз,нәжіс кейде қатып қалады, кейде іш өту байқалады. Нәжіс жығымсыз иісті, қышқылдығы жоғары, жалқаяқ аралас. Бауыр ұлғайған, агалактия, кетонемия, кетонурия, кетолактия.

Невротикалық синдром- бұлшық еттері тартылады, дірілдейді, мал алға ұмтылып басымен қабырғаға, не жем қорға тіреліп тұрады, тістерін шықырлатады, қалай болса солай қозғалады, кейде қозу процесі ессіз болады. Ауыр жағыдайда сиырлар бастарын артына қайырып жатады.

КЕТОЗ- организмде кетон заттарының шоғырлануы салдарынан гипофиз- бүрек үсті безі жүйесінің, қалқанша безінің, бауырдың, жүректің, бүйректердің және т.б. ағызылар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылуымен сипатталатың көбінесе созылмалы түрде кездесетін ауру.

ГИПЕРКЕТОНЕМИЯ- қан кетон заттарры көбеюы.

ГИПОГЛИКЕМИЯ- қанды қаныттын мөлшері азаюі.

ГИПЕРГЛИКЕМИЯ- қанда қаныттың мөлшері көбеюы

ГЛЮКОЗУРИЯ- несепте қантты көбеюі.

СҮЙЕК ДИСТРОФИЯСЫ- ірі малдардың организімде кальцийдің, фосфордың, кальцийферолдың асмасуларының бұзылуы салдарынын сүйектерде дистрофиялық өзгерістердің/остеомаляция, остеопороз, остеофиброз/ болуымен сипатталатын созылмалы ауру.


Тақырыбы: Несептің физикалық қасиеттерінің, құрамындағы белоктың, протеоздың, глюкозаның диагностикалық маңызы.

Жоспары:


Негізгі әдібиент:

1.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

2. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиент:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.

Несеп шығару органдары: бүйрек / жұп орган/, мочеточник- несеп түтігі /жұп орган/, қуық, несеп каналы/уретра/.Организмнен органикалық, у, заттар несеппен шығады. Несептін бөліну процессы бүйректін нефроныңда болады. Нефрон- мальпигий денешігі мен бүйрек каналшаларынан тұрады.

Несеп шыгару процесс екі бөлімнен түрады: 1.бүйректін түйіндлерінде қанның плазмадан ультра түзілеу бойынша бірінші несептің шығуы. 2. бүйректін жолдарыңда екінші несептің қалыптасуы.

Несеп жүйесінің органдары үш негізді қызметтерді орындайды : 1.організмін ішкі түрақтылығың қамтамасыз етеді.2 зат алма судың ақырғы заттарды жояды. 3. ішкі секрецияны қамтамасыз етеді.

Жоспар. Қуық - /vesica urinaria/ Несеп түтігі арқылы бүйректен келіп құйылған несеп жиналатын, жамбас құйысында орналасқан, кілегейлі, етті, сыртқы қабықтардан тұратын қап тәрізді етті орган. Осыған орай: тело М.П.- қуық белі; вершина М.п.- қуық төбесі; шейка М.П.- қуық мойыны. Қуықты нұқу арқылы терсереді. Ірі қара малдарда, қоймен, ешкіде қуықты тік ішек арқылы зертейді.

Қуықты қөру,сипауы, нұқу, катетеризация, рентгенография, цистоскопия арқылы тексереміз.

Несеп- /urina/ бұйректе түзіліп, несеп түтігі, қуық, несеп- жыныс каналы арқылы сыртқы шығарылып тастайтын сұйық зат /экскрет/. Тәулік бойы сыртқы шығатын несеп көлемі: ірі қарада- 6-12 л, жылқыда 3-6л, шошқада 2-4 л, түйеде 8-15 л.

1. поллакизурия /поллакиурия/. Күшеніп аз- аздан жиі-жиі зәр шығару. Мыңадай клиникалық белгілер уроциститте, қуықта тас боғанда, вагинитта, перитонитта, шаншуда болады.

полиурия - Көп мөлшерде, жиі-жиі несеп шыгару.

Олигурия- Аз мөлшерде несеп шыгаруы

Анурия- Несеп тоқтау

2. оликакизурия, олигурия - бүйректен шығатын несеп мөлшерінің қалыптан азаюы. Нефрит, гломерулонефрит, жүрек қызметінің әлсреуі, жиі-жиі терсеу, құсу,іш өту, ісіну, т,б, себептерден болатын қасірет.

3. странгурия - күшеніп, тынышсызданып, қынсылап аз-аздан несеп шығарудуы. Малдар уроциститпен, ісіп боғанда, простатитпен, уретра қабынғанда болады.

4. ИШУРИЯ Ischuria, грек. ischo-бөгеймін, тоқтатамын uron- несеп. Қуық байлану- ишурия. Сыртқа несеп шығара алмау салдарынан қуықтың кернелуі. Несеп жолының таспен, құммен бітеліп қалуынан болатын, малды тыпыршытып, қайта- қайта күшентетін, оның жанын кинайтын дерт.

5. ЭНУРЕЗ дегеніміз - мал әдісіне қарамай, күшенбей жиі-жиі несеп шығарады. Малдар бір әдіспен орналассып несеп шығарады. Жұлын мий жарақаттанып қабынуы, інднтті аурулар /ит обасы, листериоз/.

6. НИКТУРИЯ- ұйқтағанда жиі-жиі несеп шағаруды атайды.

5. Жоспар. Рентгенография- ұсақ малдарда женіл орындалады. Ірі малдарда жумсақ кассетаны тік ішекке кіргізіп орындайды.

КАТЕТЕРИЗАЦИЯ- КАТЕТЕР ҚУЫҚА ЕНГІЗУ. Катетерлар металды, резинке, пласмасс әртүрлі малдарға қолданылады. Ұрғашы малдарға- металды катетер қолданылады, еркек малға- эластикалық /резинке, пласмасс/ катетермен жүмыс сітейді /қолданылады/.

Малға катетризацияны қолданады - Қуықты кернеген несепті ағызып жіберу үшін, несеп жолына дәрі енгізу, қынап, жатыр, желін үрпісі сияқты органдарды ішін жуып-шаю үшін, т.б. мақсаттармен қолданылытын амал.

ЦИСТОСКОПИЯ- / грек. kystis- қуық, skopeo-қараймыз, зерттейміз/. Қуықтың ішін арнаулы аспап- цископпен зертеу. Ұрғашы малдарда цистоскопты қолданылады. Еркек малда қолданбайды.

Уретраны тексеру. Грек. Urethra - несеп каналы. Қуықтан шыққан несеп жүретін жол /түтік/. Уретраны қөру, сипау және катетеризация арқылы тексереді.

Қөру арқылы кілегей қабықтарына және бөлудың сипатына көңіл боледі. Қуық мойынан басталып, қасаның басында /еркек малда/не қынап пен қынап кіре берісінде аяқталатын несеп жол көніл боледі.

Несеп зертеу. 1. Мөлшерін.2.Цвет- түсі. 3. Түсін- Несеп мөлдір түсті. Прозрачность мочи. 4.Қурамы- Консистенция мочи. 5. Несептін ісі. 6. Относительная плотность мочи.7. Химиялық зертеу.- химические исследования.

Зәрдің тәуліктік мөлшері: ірі қарада – 6-12 л, жылқыда – 3-6 л, шошқада – 2-4 л, түйеде – 8-15 л, қой мен ешкіде – 1,5-2 л, итте – 0,5-1 л (адамда – 0,8 л).

Зәрде қанға қарағанда мочевина 70, аммиак 40, фосфаттар 30, зәр қышқылы 25 есе көп.

Бүйректердің мальпиги шумақтарында су мен миерал тұздар сүзіледі. Ирелеңдеген өзекті жолдарда мочевина, зәр қышқылы, аммиак сияқты ерекше заттар секрет ретінде бөлініп шығады.

Зәрдің 96 –ы су, 4 –ы құрғақ заттар. Олар органикалық және органикалық емес заттардан тұрады. Органикалық заттарға жататындар: мочевина, зәр қышқылдары, аммиак, аденин, гуанин, ксантин, гипоксантин, пурин неіздері; креатинин, гиппур қышқылы, эфир күкірт қышқылы.

Органикалық емес заттар: хлорлы, күкірт және фосфор қышқылды тұздардан құралған.

Зәрдің сарғыш түсі урохром, уробилин, уроэтрин пигменттеріне байланысты болады. Алғашқы түзілген зәр 1-ші – провизорлы несеп, ал реабсобциядан кейінгі 2-ші - дефинитивті несеп деп аталады.



3.Тәжірибелік-практикалық сабақтар
№ 1 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У

1 Сабақтың тақырыбы: «Ауру малға жақындау және оны ұстау» және техника қауіпсіздігі».

Керекті құрал-жабдықтар: бурау, жіп, мурын қысқышы мен шығыршығы.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой, шошқа, ит, қоян, мысық.

Сабақтың мақсаты: Малға дұрыс оң жағынан келуді және оларды ұстау әдістерін үйрету.

Лабораторияда жұмыс істеу алдында оқытушы жалпы қауіпсіздік ережелері, жеке құралдармен дұрыс жұмыс істеу, құрылғылар, химиялық реактивтер және өрттің алдын-алу шаралары бойынша нұсқаулар жүргізеді. Содан кейін студеттер нұсқауды жүргізілген күні мен оқутушының аты-жөні жазылған арнайы журналға қол қояды.

Құралдар мен құрылғылар жиналып, химиялық реактивтер мен сабақта қолданылатын ыдыстар тексерілгеннен кейін жұмыс істеуді бастайды.

Сабақтың соңыңда жұмыс орынын, құралдарды, құрылғыларды, химиялық ыдыстарды жинастырып лаборантқа өткізеді.

Сабақтың барысында студенттер қауіпсіздік ережелерін және санитарлық- гигиеналық нормаларды қатаң сақтаулары керек:


  • Клиника лабораториясында жұмыс істеудегі техника қауіпсіздік ережелеріне және еңбек қорғауға институттің мүдірі мен кафедра меңгерушісі жауапты;

  • Лабораторияда жұмыс істегенде міндетті түрде ақ халат пен қалпақ кию керек;

  • Шыны ыдыстармен абайлап жұмыс істеу керек;

  • Концентрациялы химиялық реактивтерді қолмен ұстайуға болмайды;

  • Сынық , жарылған ыдыстарды жұмыс істеуге болмайды;

  • Лабораториялық жұмыстарды жүргізіп болған соң барлық құрылғыларды тоқтан ажырату керек;

  • Студенттер нәтижесі белгілі және оқытушы рұқсат еткен лабораториялық эксперименттерді жасау керек;

  • Студенттер лабораторияда жеке бас тазалығы ережелерін сақтау керек;

  • Сабақ уақытында тамақ ішуге, темекі тартуға, арнайы киімді шешуге болмайды;

Лабораторияға арнайы киімсіз кіруге, киім аустыруға болмайды.

Ауру малға жақындау және оны ұстау ережелері.

Ауру малға өте қарапайым кішіпейілділікпен жайлап сипап, ұрмай-соқпай, үркітпей және айқай – шусыз жақындап ұстау керек.

Малға жақындау үшін әр малдың ерекшеліктерін білу қажет.

Жылқыға алдыңғы жағынан таяп келіп, жүгеннің алқымынан ұстайды. Егер жылқы тыныш тұрмаса онда жоғарғы ерніне немесе құлақтың түбіне бұрау не қамшының бауын салып бұраймыз, сондай – ақ аттың басын және алдыңғы бір аяғын бір аяғын жоғары көтеріп тұрамыз.

Ірі қара малына мойнының жанынан келіп екі қолмен мүйізден ұстайды, егер мал тынышсызданса онда мурын қуысының шеміршегінқолмен немесе мұрынға арналған қысқышпен қысылады.

Түйеге алдыңғы аяғының тұсынан өте сақтықпен таяп келіп ноқталап ұстау қажет.

Түйені шегеріп, алдыңғы және артқы аяқтарын жіппен буып тастау керек. Тынышсыз түйелерге мұрындық кигізеді.



Қой мен ешкілерді артқы аяғынан немесе мойнынан ұстайды .

Итті тексерген кезде, қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу қажет, егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің мойнынан байлау керек.

Үй құстарын тексеру үшін бір қолмен қанатынан, ал екінші қолмен аяғынан немесе мойнынан ұстау керек.

Лабораториялық жануарлармен жұмыс істеудің негізгі ережелері

Лабораториялық жануарларға операция жасағанда, инъекция енгізгенде, қансыздандырғанда, фистулалар мен датчиктер орнатқанда ауырсыну болмау үшін, жергілікті жансыздандырғыш немесе жалпы есірткі заттар пайдалану керек.



Бекіту әдістері. Ұсақ лабораториялық жануарларды бекіту үшін жәшіктер пайдаланады. Оның үлкендігі жануардың көлеміне сәйкес болады. Жануарларды қолмен ұстауға да болады. Қояндармен теңіз шошқаларын көмекші үстелдің үстінде, тізесінде немесе қолында жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта ұстайды. Итті тексерген кезде, қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу қажет, егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің мойнынан байлау керек.

№_____________бақылау парағы



Қауіпсіздік ережелері бойынша студентерге нұсқау жүргізу

Кафедра__________________________________________________

Курс_____________________________________________________

Нұсқауды жүргішінің аты-жөні мен лауазымы_______________


Нұсқауды жүргізген күн ________________________________________

Лабораторияда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың нұсқау __________________


Нұсқауды меңгердік:


реттік№

Студенттің аты-жөні

қолы




1










2










3










4










5










6










7









Қауіпсіздік ережесі бойынша жүргізілетін нұсқауды тексердім:__________________

(қолы)
«Ветеринариялық медицина»

кафедраның меңгерушісі

профессор м.а.:

№ 2 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У

ТАҚЫРЫБЫ: Клиникалық тексерудің жоспары. Тіркеу және анемнез. Жануарларға жақындау ережелері және бекіту әдістері.Термометрия

Құрал-жабдықтар: бұраулар, арқан жіптен жасалған ілгек, тұмсық қысқыштары және сақиналар.

Жануарлар: жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: жануарларды клиникалық тексерудің жоспарын талдау. Студенттерге жануарларды тіркеу ережелерін, анамнез жинауды, жануарларға жақындау және оларды бекіту ережелерін оқыту.

Жұмысты орындау методикасы.

1- тапсырма. Жануарлараға тексеру жүргізу үшін клиникалық тексерудің жоспарын міндетті түрде білу қажет. Бұл мақсатта әрбір студент тексеру жоспарын жаттап, оны практика жүзінде қолдануы керек.

Жануарларды клиникалық тексерудің жоспары төмендегідей:


  1. Ауру малмен алдын -ала танысу. а) тіркеу, б) анамнез.

  2. Өзіндік тексеру.

А) Жалпы тексеру.

Габитусты анықтау.

Көрінетін кілегей қабықтарды тексеру.

Тері және тері туындыларын тексеру.

Лимфа түйіндерін тексеру.

Дене температурасын өлшеу.

Б) Арнайы тексеру


  1. Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру.

  2. Тыныс алу жүйесін тексеру.

  3. Асқорыту жүйесін тексеру.

  4. Зәр шығару және жыныс жүйелерін тексеру.

  5. Жүйке жүйесін тексеру.

В) Ерекше тексеру

Физико-химиялық тексеру.

Микроскопиялық тексеру.

Бактериологиялық тексеру.

Серологиялық тексеру.

Аллергиялық тексеру.



2 – тапсырма. Клиникаға түскен жануарды тіркеу. Тіркеу жұмыстары жануар иесінің немесе күтушілердің айтқан мағлұматтарына, көрсеткен құжаттарына, сонымен қатар өзіндік тексеруге негізделіп жүргізіледі.

Жануарлары тіркеу кезінде амблуаториялық журналға келесі мәліметтерді жазады:

жануарлардың түскен күні

жануардың иесі

иесінің немесе шаруашылықтың мекен-жайы

жануардың түрі

тұқымы (порода)

жынысы


жасы

түсі және ерекше белгілері

таза салмағы немесе өлшемдері

10) жануардың лақап аты



3- тапсырма. Күтуші адамнан ауру жануар туралы мәлімет жинау (анамнез). Анамнез екіге бөлінеді: 1) Anamnesis vitae, 2) Anamnesis morbi. Ауру мал туралы мәлімет.

Жануар ауырғанға дейінгі мәліметке келесі сұрақтар кіреді: 1) шығу тегі; 2) ұстау және күту жағдайы; 3) суару және азықтандыру жағдайы; 4) шарушылықтағы атқарылатын жұмысы.

Жануар ауырғаннан кейін мәліметтерге келесі сұрақтар кіреді: 1) жануар қашан және қандай жағдайда ауырды?

2) аурудың қандай белгілері байқалды?

3) жануарға кім және қандай емдік көмек көрсетті.

4- тапсырма. Жануарларға жақындау ережелері және бекіту әдістері. Жануарлармен жұмыс істегенде айқайлауға болмайды. Баяу қозғалып, ақырын дауыстап бару керек.

Жылқыға алдынан және біраз бүйір жағынан жақындаған жөн. Жылқы малын ағаш бұрауды үстіңгі ерніне немесе құлақ қалқанына салу арқылы бекітеді. Сонымен қатар, алдыңғы аяғын тізесінен бүктіріп ұстаған немесе артқы екі аяғына тұсау салып қойған дұрыс.

Ірі қара малға адам ұстап тұрған бүйір жағынан бару керек. Бекітуді мүйіздің ұшын бас бармақпен басып ұстау арқылы және мұрын аралық шеміршекті саусақтармен немесе арнайы қышқыштармен (Гарис қышқышы, Кумсиев қысқышы), тұмсық сақинасы арқылы жасайды.

Түйеге абайлап алдыңғы аяғының маңына шеттен жақындаған жөн. Түйені арқан ілгектен артқы аяқтарын тұсау арқылы, ерніне немесе құлақ қалқанына бұрау салу арқылы, жағын жүгеннің ұшымен байлау арқылы бекітеді.

Қой мен ешкілерді мүйізден немесе мойнынан ұстау арқылы бекітеді.

Иттерді жақтарын бинтпен орау арқылы бекітеді.

Үй құсын қалыпты жағдайда ұстайды да, бір қолмен аяқтарын, екінші қолмен қанаттарын бекітеді.

Әрбір студент оқытушының бақылауы мен жануарларға жақындап, оларды бекітеді.



5- тапсырма. Клиникалық тексерудің жалпы әдістермен танысу (көру, сипалау, тыңдау, нұқу, термометрия).

Көру әдісі – тексерудің жай әдісі. Бұл әдісті күндіз қолданады. Көру арқылы жануардың басын, мойнын, көкірек клеткасын, ішін, аяқтарын алдымен оң жақтан және сол жақтан, содан соң алды-артынан тексереді.

Сипалау әдісі – жануар денесінің бөліктерін қолдың жұмсақ, жеңіл қозғалыстарымен сипау арқылы жүргізіледі. Сипалау беткі және терең болып бөлінеді.

Беткі сипалау –терінің тексерілетін бөлігіне алақанды қатты басып, терінің қызуын, ылғалдылығын, ауырсынуын анықтау үшін қолданылады.

Терең сипалау – құрсақ қуысының ішкі мүшелерінің көлемін, пішінін, конститутциясын және ауырсынуын тексеру үшін қолданылады.

Нұқу әдісі- дененің тексеру керек бөлігіне күші мен ырғалы бірдей соққылар жасап, сол жерден естілетін дыбыстар арқылы тексерілетін мүшенің, қуыстың жағдайын анықтау үшін қолданылады. Нұқу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.

Тікелей нұқуды дене бетіне тікелей саусақпен соққылар жасайды.

Жанама нұқуды дене бетіне тікелей емес, соққыларды қатты басылған саусаққа немесе плессиметрге жасайды. Нұқу дигитальды нұқу және құралдар арқылы нұқу болып бөлінеді.

Аускультация – мүшелерде түзілетін дыбыстарды тыңдау. Аускультация тікелей және жанама болып келеді.

Тікелей аускультацияда жануар денесіне таза бұл (дәке) жауып, құлақты төсеп тыңдайды.

Жанама аускультацияда фонендоскоп, статескоп арқылы тыңдайды.

Термометрия –максимальді термометрмен жануардың дене қызуын өлшеу. Барлық жануарларда дене қызуы термометрді тік ішекке салу арқылы өлшенеді. Құстардың қанатының астына салып өлшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет