ПОӘК 042. 18-24 64/02- 2015ж. №1 басылым 11. 09. 2015ж


Бұл жауап реакциялары гуморальды және торшалық сипатта болады. Осы реакциялар негізінде коптеген диагностикалық препараттар ашылған



бет10/15
Дата14.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
#135362
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Бұл жауап реакциялары гуморальды және торшалық сипатта болады. Осы реакциялар негізінде коптеген диагностикалық препараттар ашылған.


 Тарихи тұрғыдан қарастырғанда адамзат алғашында вакцина ретінде өзгертілмеген уытты ауру қоздырушы микробтарды пайдаланған. Адамзат сүт ашытатын микробтарды білмей тұрып-ақ айран ұйытуды үйренгені сияқты ауру қоздырушы микробты білмей-ақ адамдар мен жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы еге білген. Көне дәуірдің өзінде Азиялық көшпенділер адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға ала өкпені егіп, аурудан сақтандыра білген. Бұл ауруларға қарсы егу үшін құрамында ауру қоздырушы микроб бар әр түрлі патологиялық материалдар пайдаланылған.

Адамға шешек егу вариолау деп аталады. Іс жүзінде бұл адамнан адамға шешекті қолдан жұқтыру еді. Ал қойдан қойға шешекті егу овиналау деп аталады. Кейін (1902 ж.) қойға егілген шешек сөлі - овина өндірістік әдіспен алына бастады. Қазір бұл дәрмектің негізінде аллюминий гидрототықты фармолвакцина даярланады. 1796 ж. ағылшын дәрігері Э.Дженнер халық тәжірибесіне сүйеніп, адамға сиырдың шешегін егуді ұсынды. Бұл әдіс вакциналау (вакцинация, латынша vасса - сиыр) деп аталды да, бұдан былай жұқпалы ауруға қарсы егу әдістерінің барлық түрлері осылайша аталатын болды.

Ескеретін бір жағдай әлсіретілмеген тірі вакциналарды егудің өзіндік ерекше әдістері бар. Бұл дәрмектер әдеттегіден тыс микробтың денеге табиғи жолмен енуіне керағар организмдегі белгілі бір орындарға егіледі. Мысалы, овинаны қойдың құйрығының жүнсіз тақыр жеріне тері ішіне, ала өкпе сөлін сиырдың құйыршығының ұшының сырт жағына, кебенек сөлін ешкінің маңдайына, құс шешегін құстың балақ қауырсынының ұясына (фолликуласына) жібереді. Вакцинаны бұлай еккенде орны шектелген патологиялық процесс өрбіп, ақыры сәтті аяқталып, ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.

Соңғы уақытта әлсіретілмеген тірі вакциналарды қолданудың тағы бір әдісі пайдаланыла бастады. Бұл - гетерологиялық иммунитетті (гетероиммунитет) пайдалану нәтижесі. Бұндай иммунитетті айқын иммунитет деп те атайды, оның негізінде микробтардың антигендік ұқсастығы жатыр. Ортақ антигендері бар микробтардың біріне қарсы иммунитет екінші ұқсас микробқа да қарсы әсер етеді. Жоғарыда көгершін шешегінің вирусын тауық шешегіне қарсы вакцина ретінде қолданылатындығы айтылды. Сол сияқты күрке тауықтың герпес вирусын Марек ауруына қарсы, Роус вирусын тауық лейкозына қарсы, Шоуп фибромасының вирусын үй қоянының миксоматозына қарсы, балалардың қызылшасының вирусын ит обасына қарсы, шошқа обасының вирусын сиырдың вирустық диареясына қарсы, бактериялық обаның вакцинасын теңіз тышқанының псевдотуберкулезіне қарсы пайдалануға болады.

2 Дауалау биопрепараттарын пайдаланудағы ветеринариялық негіздеме және организмнің иммунологиялық икемділігі

 Иммунологиялық икемділік (иммунологиялық реактивтілік), иммундік жауап немесе иммунитет реакциялары дегеніміз организмнің өзінікі мен бөтенді ажыратып, генетикалық бөтен антигендік ақпарды өңдеп, оған имму­нологиялық жауап реакцияларын беру қабілеті. Бұл иммунологиялық жауап реакциясына жататындар:

антидене тузу;

жедел типті сезімталдық;

баяу типтi сезімталдық;

иммунологиялық жады;

иммунологиялық толеранттылық;

идиотип-антиидиотип қатынасы.

Иммундік жауаптың себепкері антиген болып табылады. Яғни иммундік жауап антигендік әсерден барып туындайды. Ipi молекулалы (белоктар, полисахаридтер, липидтер) тегі бөтен заттар антиген болып табылады. Олар­дың антигендік детерминанттары болады. Химиялық құрамы жағынан антигендік детерминанттары 1-4 пептид немесе 1-4 сахаридтерден тұратын олигопептид немесе олигосахаридке жатады. Тек қана антигендік детерминанттан тұратын қарапайым заттарды гаптен деп атайды. Гаптен антиденемен әсерлеседә, бipaқ антидене түзілте алмайды. Егер гаптенге басқа бip курделі затты (белок, полисахарид) қосса, ондай қосылысты организмге енгізгенде гаптенге қарсы антидене пайда болады.

Организмнің бөгде антигенді ажыратуын комплемент қамтамасыз етеді. Комплементтің үшінші компонентінің СЗЬ фрагменті кез келген субстанциямен (микроб болсын, иммунді кешендер болсын) бipiгeдi де, бөгде заттарды залалсыздандыратын иммунологиялық, реакцияларды icкe қосады. Организмнің өз жасушаларымен СЗЬ әрекеттеспейді.

Антидене түзу. Антидене (иммуноглобулин) қорғаныс қызметін атқарып, токсиндер мен вирустарды бейтараптайды, антигенмен қосылган соң комплемент жүйесін icкe қосады, микроорганизмдерді тұмшалап, оларды фагоцитозға дайындайды. Антиденелер 5 түрлі иммуноглобулиндерге жатады (IgG, IgM, IgA, IgD және IgE). Олардың iшінe IgM молекулалық массасы жағынан ең ipici және антигендік әсерден кейін бipiншi пайда болады. Кейінірек қанда IgG пайда болады, ол ұзағырақ сақталады және оның қорғаныс қабілеті де жоғары. Әр түрлі секреттерде (сүт, уыз, сілекей, ішек cөлi) негізгі антидене IgA болып табылады. Иммуноглобулиндердің қалған екі түpi: IgD және IgE жануарлар организмінде өте мардымсыз мөлшерде кездеседі және де олар аз зерттелген [5,6,7,8].

Антиденелерді В-лимфоциттерден пайда болатын плазмоциттер бөліп шығарады. Әpбip нақтылы антиген антидене түзетін тиісті жасушаларды ғана icкe қоса алады. Нақтылы антигенге қарсы телімді рецепторлары бар жасу­шалар иммундеуден бұрын организмде болады. Антигенмен кезіккен соң олар көбейіп, тиicтi плазмоциттердің клонын қалыптастырады. Бұл процеске со­нымен бipгe макрофагтар мен Т-лимфоцйттер де (Т-көмекшілер, Т-супрессорлар) қатысады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Иммунологиялық препараттардың иммундық жүйеге әсері

  2. Иммунологиялық реактивтілік

  3. Антидене түзу үрдісі

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен Дәріс №7
Модуль 1 Ветеринариялық биопрепараттар мен диагностикалық заттардың биологиялық анықтамасы
Тақырыбы: Микроорганизмдер немесе генетикалық түрлендірілген нұсқаларының патогендік қасиеттері, реверсиялық ықтималдығы және патогендік микроорганизмдермен генетикалық ақпарат алмасуына сипаттама
Жоспар: Кіріспе



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет