ПОӘК 042. 18-24 64/02- 2015ж. №1 басылым 11. 09. 2015ж


Эпизоотиялық жағдайларға байланысты диагностикалық мәселелердің ветеринария ғылымында шешілуіне жалпы сипаттама



бет11/15
Дата14.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
#135362
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Эпизоотиялық жағдайларға байланысты диагностикалық мәселелердің ветеринария ғылымында шешілуіне жалпы сипаттама

  • Биопрепараттарды бақылау әдістері

  • Биопрепараттарды өндіру және тасымалдау жіне қолдану барысындағы бақылаудағы талаптар





    1. Эпизоотиялық жағдайларға байланысты микроорганизмдердің реверсиялық және диссоциациялық өзгеріске немесе ондағы ықтималдық салдарынан туындайтын диагностикалық мәселелердің ветеринария ғылымында шешілуіне жалпы сипаттама

    КІРІСПЕ: Иммунитет туралы ғылым - иммунология осы заманғы биологияның ең жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молекулалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал және егін шаруашылықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға  игіліктi ықпал етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммунология инфекциялық патологияның негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны инфекциялық; иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология, генетика, трансплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Бұл ғылымды осылайша жіктеу тым жасанды.

    Иммунология - ортақ мақсаты мен өзіндік әдістері (методикалары) бар бipтұтac ғылым. Оның серология, аллергология, иммуно­химия, иммуногенетика, өсімдіктер иммунитеті, жануарлар иммунитеті т.б. салалары бар. Сол сияқты медициналық және ветеринариялық иммунология қалыптасты. Ветеринариялық иммунология барлық ветеринариялық ғылымдармен тығыз байланысты. Оның негізгі бір мақсаты жануарлардың жұқпалы ауруларының иммунологиялық механизмдерін зерттеп, сол арқылы жұқпалы ауруларды балау, емдеу және дауалау жұмыстарын жүргізу болып табылады.

    Иммунитеттің қалыптасуына бүкіл организм біртұтас жүйе ретінде қатысады. Бұл - тipi табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының, табиғи сұрыптаудың паразит пен оның иесінің өзгергіштігінің нәтижесі. Жоғары сатыдағы организмдердің арнайы иммунитет органдары бар.



    Диагностикум - жануарлар ауруларын немесе физиологиялық жай-күйін диагностикалауға, сондай-ақ микроорганизмдерді, олардың тіршілік ету өнімдерін және басқа да биологиялық объектілерді индикациялау мен бірдейлендіруге арналған биологиялық немесе синтетикалық тектес құралдар;

    рентгенографикалық зерттеулерге арналған контрастық препараттар; ауруларға салуға арналған диагностикалық реагенттер

    Сондай-ақ, диагностикалық сары сулар жұқпалы аурулар қоздырғышын идентификациялау үшін ғана емес типін және вариантын да анықтау үшін пайдаланылады. Бұл үшін негізінен лабораториялық жануарлар сывороткалары қолданылады (қоян, теңіз шошқасы), әтеш және сирек жағдай да жылқы пайдаланылады.

    Диагностикалық глобулин – (мысалы құтырықты анықтауда иммунолюминесцентті микроскоп). Бұнда тазажоғарғы активті моноспецификалық антирабиалық жылқы сары сулы у-глобулин қолданылады.



    МЫСАЛЫ: Ауыл шаруашылық және үй жануарларындағы БРУЦЕЛЛЕЗ ауруының диагностикасына қатысты негізгі мәселелер (ге) немесе

    БРУЦЕЛЛА қоздырғышының диссоциациялық және реверсииялық жағдайларына байланысты ДИАГНОСТИКАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

    Ауру қоздырғышының 10 түрі мен әртүрлі биоварлары бар, 2008 жылы және кейінірек B.ceti, B.pinnipedialis, B.microti, B.inopinata аталмыш түрлері бруцелла тұқымына (рода) жатқызылды. Бұның соңғы екеуінің адам үшін патогенділігі дәлелденген. Br.melitensis,Br.abortus,Br.suis және B. neotomae – түрлеріне S – вариант (гладкая форма) тән, B. ovis және B. canis екі түрі R-вариант (шероховатая форма) болып келеді.

    Жалпы түсінікте ауруды (ең) негізінен – тегіс S және R бұдырлы (шероховатой) пішіндегі (формадағы) қоздырғыш тудырады деп есептеледі.

    Қоздырғыштың пішіндік түріне сәйкес - иммундық препарат (вакциналық штаммдар) әзірленіп, диагностикалық мақсатта антитаксинді (түзілетін) анықтау үшін соған тән антигендік диагностикум әзірленіп тәжірибеде пайдаланылып келеді...
    Диагностикалық мәселелер

    Қазіргі кезде (бізде) серологиялық зерттеу негізінен жануар организміндегі S-бруцеллезді антителаны анықтауға негізделген.

    Диагностикалық мақсатта ит және басқа жануарлардағы бруцеллезді анықтаудағы қиындықтың бірі қоздырғыштың антигендік түрінің (құрылымы) ерекшелігіне байланысты болып табылады. Мысалы итте (негізінен) бруцелла R-формалы түрінде болады. Осы мәселеге байланысты өзім танысқан ғылыми еңбекте 2009-2010 жылдары 160 итті R-бруцеллезді антигенмен тексерген кезде 56 жануар оң реакция берсе, осы сынамаларды РА және РСК арқылы S-бруцеллезді антигенмен тексергенде оң реакция байқалмаған.

    Сонымен қатар серологиялық диагностиканың күрделілігі кейбір микроорганизмдердің бруцелла антигенімен ұқсастығында деп есептеледі. Мысалы ішек иерсиниозы - Yersininia enterocolicia қоздырғышы. Бұған қоса жануар организміндегі антидененің түзілуін далалық культурасынан /полевые культуры/ және бруцеллездік вакцина штамынан ажырату (дифференциациялау) мүмкіндігін жетілдіру үнемі қарастырылмайды деуге болады. Осы себепті белгілі диагностикалық реакциялармен бір жол немесе алғашқы тексеру /однократном исследовании/ арқылы бруцеллезден қолайсыз шаруашылықтағы ауру малдарды бірден анықтау өте қиын. Яғни, иерсиниоз және бруцеллезді ажыратуды қолдану керек.



    Ғылыми дәйектемелер дерегіне қарағанда ішек иерсиниозы соңғы он жылдықта эпизоотиялық және эпидемиологиялық маңызға ие болып, адам мен жануарларлар арасындағы жұқпалы аурулардың қатарынан көрінуде.

    Қазіргі таңда Yersinia enterocolitica 0:9 серовары және Brucella abortus аралығындағы жанамалық серологиялық реакция (наличия перекрёстных серологических реакции) ветеринариялық тәжірибеде өзіндік мәселе күйінде қалып отыр. Осы себепті жануарлар бруцеллезін анықтауда - бруцеллезді антигенмен тексергенде, бруцеллездік этиологияға жатпайтын анителаның (антител небруцеллёзной этиологии) жиі байқалуына сәйкес бұл антитела Yersinia enterocolitica 0:9 –ке жатқызылуда.

    Осы жағдайға байланысты (жалпы) ветеринарлық тәжірибеде «Набор для выявления антител к иерсиниям и бруцеллам в сыворотках крови крупного рогатого скота методом иммуноферментного анализа» құрылымы ұсынылған. Бұл құрылым негізінен иммундаудан өтпеген бруцеллез ауруына қолайлы шаруашылықтағы мүйізді ірі қара малының қан сары суын бруцеллезді антигенмен тексерген кезде оң және күмәнді реакция берген жағдайда ішек иерсиниозы (Yersinia enterocolitica серовара 0:9). мен бруцеллездік этиологияны ажыратуға арналған.

    Бұл жетістік ветеринариялық ғылыммен тәжірибенің мүмкіндігін көрсетеді.

    Сонымен қатар жануар организміндегі Yersinia enterocolitica (S-»R) культурасының диссоциациялық және реверсиялық (R->S) үрдісте (жағдайда) болатындығы себепті, серологиялық реакцияда S-, және R- антителаны анықтау мақсатындағы антигенді қолдануды ұсынған.



    Яғни, бұл жағдай бруцеллез қоздырғыштарына да тән, осы себепті екі антителаны бірдей тексеру үшін - SR-формалық бруцеллезді антигендік диагностикумды қолдану қажет.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет