ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013


Өзін өзі тексеру сұрақтары



бет5/5
Дата09.06.2016
өлшемі398 Kb.
#125136
1   2   3   4   5

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар кімдер?.

2. Қазіргі заманғы отбасылық-тұрмыстық өзекті мәселелер бейнеленген қандай драмалық, трагедиялық, комедиялық шығармалар бар?

3. Қазіргі казақ әдебиетіндегі көрнекті драматург-қаламгер Сұлтанәлі Балғабаевтың қандай драмалық шығармалары бар екен?



Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.

12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж.

Магистранттардың оқытушының басшылығымен

орындайтын өздік жұмысына әдістемелік нұсқау

І Реферат жазу.

Өздік жұмысының мақсаты: Дәріс, семинар сабақтардың ғылыми мәнін арттыру, студерттердің қабілетін дамытып, ойын шашыратпай, ғылыми тұрғыда жазуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: Реферат А4 форматта жазылады. Қолдан жазылған реферат көлемі 13-15 бет, ал компьютерден басылған реферат көлемі 10-12 бет болу керек. Реферат құрылымы: 1)жоспары; кіріспе; негізгі бөлім: қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай, комьпютерге басылған болуы тиіс.
ІІ Конспект жазу.

Өздік жұмысының мақсаты: Студенттерді жүйелі,мағыналыжазуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырыпты түсінікті етіп қысқаша, тұжырымдап,

ықшамдап, көшіріп жазу. Жазу барысында тақырыптан ауытқымай,жүйелеп жазу керек.Конспект қолмен жазылады.



IIІ Баяндама жазу.

Өздік жұмысының мақсаты:Қысқа,жүйелі сөйлеуге баулу.

Әдістемелік нұсқау:Тақырыпқа байланысты жүйелі түрде қысқаша

баяндау керек.




Магистранттардың оқытушының басшылығымен

орындайтын өздік жұмыстары.
1 МОБӨЖ Қазіргі қазақ прозасындағы адам және қоғамдық сана.

(Реферат 20-25бет)

Өздік жұмысының мақсаты: Қазіргі қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлығын таныту

Әдістемелік нұсқау: Прозаның гуманистік мазмұнының тереңдеуі. Адамның адамгершілік және іскерлік қабілеттерінің суреттелуі. Ауыл мен қала, өндіріс пен шаруашылық мәселелерінің көріністері. Тоғышарлық пен тоқырау белгілері. Жұмысшы, шаруа және интелегенция образын жасаудағы ізденістер, жетістіктер. Тартыс сипаты мен характер ерекшелігі. Заман тынысы мен замандас тұрғысы. Әлеуметтік-философиялық проза. Психологиялық проза. Публицистикалық проза. Лирикалық проза. Хроникалық проза. Биографиялық проза. Документальды проза. Прозаны бұлайша топтастырудың шарттылығы. Образ жасаудағы ізденістер. Сөз бен істің үндестігі мен қарама-қайшылығы және олардың характер шындығын танытудағы ролі. Жазушының портрет жасаудағы шеберлігі. Монолог пен диалог. Образ жасаудың амал-тәсілдерінің өзара байланысы. Ә.Нүрпейісов, Т.Ахтанов, Ә.Нұршайықов, З.Қабдолов, О.Бөкей, Қ.Жұмаділов, Б.Соқпақбаев, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Қ.Ысқақов,т.б. қаламгерлер шығармаларындағы көркемдік-идеялық ізденістер.
2 МОБӨЖ Қазіргі қазақ прозасындағы адамгершілік, имандылық

мәселелері ( Конспект 13-15 бет)

Өздік жұмысының мақсаты: Қазіргі қазақ прозасындағы адамгершілік, имандылық мәселелері туралы дәрістен алған білімдерін шыңдай түсу.
Әдістемелік нұсқау: Ар – ұждан, адамгершілік мәселесі қай заманда да, қай халықтың әдебиетінде болсын мәңгілік көтеріліп келе жатқан ауқымды тақырыптардың бірі екендігіне тоқталыңыз. Қаламгерлер өз шығармалары арқылы өздері өмір сүрген дәуірдің келбетін, шындығын нақты бір образдар бойына сыйғызып отырғандығ жайында сөз қозғау. Осы кейіпкерлері арқылы рухани жұтаңдықты, тоғышарлықты, аяр заманның азғын адамдарын, зұлымдықты, тағы басқа да жамандық атаулыны өлтіре сынағандығы туралы айту.
3 МОБӨЖ Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тұлға концепциясы.

(Ғылыми мақала әзірлеу 5-6 бет.)

Өздік жұмысының мақсаты: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тұлға концепциясы туралы дәрістен алған білімдерін ғылымиландыру.

Әдістемелік нұсқау: Қоғамды жасақтаушы адам тұлғасын, оның ішкі дүниесін, ой әлемін, барша жұмбақты болмысын зерттеп қана қоймай, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына, рухани игіліктерді бойына жинақтауға ықпал ететінімен ерекшелетіндігіне тоқталыңыз.

Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі екендігіне,. адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орнына, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар екендігі туралы айтыңыз. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алатындығы, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтитындығы жайлы сөз қозғау. «Тұлға» концепциясына тоқталған жазушылар турлы.
4 МОБӨЖ Адам және табиғат. (Баяндама 4-5 бет)

Өздік жұмысының мақсаты: Магистранттарды ғылыми мақала жазуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: Адам мен табиғат қоян-қолтық, тығыз байланыста, қатарластыра суреттеу – психологиялық параллелизм арқылы кейіпкердің басында әр түрлі көңіл күйін беру ауыз әдебиетінен келе жатқан тәсіл екендігі..

Адам мен табиғаттың ара қатынасының не түрлі шебер суреттеулерін әлем әдебиетінен мол кездестіретіндігіміз жайлы. Бұл кейіпкердің жан дүниесіне терең бойлаудың бір жолы. Қазақ әдебиетінде психологиялық паралеллизмнің классикалық үлгісі, әдебиеті алдағы елдердің дәрежесіне көтерілген түрі Абай поэзиясында тамаша шешім тапқан. Абайдың пейзаждық лирикаларына жасаған талдауларында Әуезов Абайдың осы тақырыпқа әр кезеңде соғып отырғанын айта келіп: «...Әрине ол тақырыптарына қайта соғып отыру Абайдың бір орында тұрып қалуы емес. Бір басқан ізін қайта басу емес. Әр кезекте сол тақырыптарды, әр алуан оймен, көркемдік жолда ізденумен, сападан сапаға қарай өрлеумен жыр етеді. Бұның бәрі сыншыл және талабы зор, ізденгіш, шабытты ақынның ерекшелігі»– дейді.



Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің және басының көңіл күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты суреттейді.
5 МОБӨЖ Адам және ұлттық рух. (Мақала әзірлеу 4-5 бет.)
Өздік жұмысының мақсаты: Магистранттарды өз ойын тұжырымдап айтуға баулу.

Әдістемелік нұсқау: Қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық характер және авторлық тұжырымдамалар туралы. Ұлттық характер даралаудың көркемдік принциптеріне тоқталыңыз. Ұлттық рух дегеніміз не сол туралы айтыңыз, мысалдар келтіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет