2.3 Қондырғыны таңдау және есептеу
Экструзия
Экстру́зия (лат. extrusio — итеріп шығару, итеру) — материал балқымасын арнайы формадағы тесіктер көмегімен итеру арқылы бұйымдарды алу технологиясы. Экструзия әдісі арқылы жабысқақ материалдардан бұйымдар алу ежелгі Қытай кезеңінен ұлттық тағамдарды (вермишель, ұн) дайындауда қолданыла бастаған. Кейін бұл процесс түсті металдардан (көбінесе қорғасыннан), құрылыс материалдарынан (кірпішке арналған сазбалшық) бұйымдар және сабын дайындауға қолданылған. Осы мақсаттар үшін адамның бұлшық ет күшін қолдану арқылы поршенді үлгідегі престі пайдаланған. Осы әдісте материалдың кейбір бөлігі машина цилиндріне бекітілген, содан поршен (плунжер)көмегімен аспап арқылы итеріледі.
XIX ғ. ортасында Англия мен Германияда престердің қолдық келтірулерінің орнына механикалық және гидравликалық престерді қолдана бастаған. Және де бұл престер гуттаперчей (вулканизациондық емес резина қоспасы) сымдарының және теңіз кабельдерін жабуға арналған. Поршнді престің қозғалысы периодты болғандықтан, көптеген қйындықтар туындатты. Сондықтан поршнді престі шнек құрылғысымен алмастырылды, осының нәтижесінде гуттаперчалық массалы кабельдерді үздіксіз престеу мүмкіндігі пайда болды. Осы кезден бастап шнекті престер резина қоспаларын өңдеуде кеңінен қолданыла бастады.
Алғашқы кезде полимерлерді өңдеуде резина қоспаларын өңдеуге арналған, тек шнек диаметрі үлкен болатын шнекті машиналарқолданыла бастады. Бірақ полимерлердің спецификалық қасиеттеріне байланысты (тұтқыр аққыштық, эластикалық, тұтқыр серпімді, тұтқырлықтың температура және қозғалу жылдамдығымен байланысы) арнайы шнекті машиналардың пайда болуына әкелді. Бұл машиналар полимерлерді өңдеуге арналған экструдерлер деп аталды.
Әдетте полимерлік (резиналық қоспалар, пластмасса, құрамында крахмал және ақуыз бар қоспалар), ферриттік бұйымдар (өзекшелер) өндірісінде, және де тамақ өнеркәсібінде (макарон, сорпа және т.б.)материал балқымасын арнайы формадағы экструдер тесіктері көмегімен итеру арқылы қолданылады.
Экструзия бұл жоғарғы тұтқырлықты сұйық күйдегі материалдарды арнайы формадағы инструментпен (экструзионды головка, фильер) итеру арқылы, көлденең қималы қажет формадағы бұйымдар алу мақсатымен жүргізілетін үздіксіз технологиялық процесс болғандықтан,полимерді өңдеу өндірісінде экструзия әдісімен әртүрлі погонажды бұйымдар, құбырлар, листтар, үлдірлер, кабель қабықтары, оптикалық жүйелердің элементтері шырақтар және т.б.секілді бұйымдар дайындалады. Полимерлерді экструзия әдісімен өңдеу үшін қолданылатын негізгі қондырғылар бір червякты, екі червякты, поршнды және дисктты экструдерлер болып табылады.
Экструдер – пластикалық материалдарды форма беру арқылы профильді құрылғымен (экструзионды головка) экструзия процесіне әкелетін, қалыптастыруға арналған машина.5, 6-суреттерде тамақ және пластикалық плинтус өнеркәсібінде қолданылатын экструдерлер бейнеленген.
Экструдер қыздыру элементтерінен құралған корпустан, корпуста орналасқан жұмыс органдарынан (шнек (Архимед бұрандасы), диск, поршн), өңделетін материалдың тиеу түйінінен, күш беруші приводттан, тапсырма жүйесінен және бақылау, есептеу, реттеу құрылғыларының температуралық режимін сақтаудан құралған. Экструдер негізгі жұмыс органына түріне қарайбір шнекті, екі немесе көп шнекті (червякты), дискті, поршенді (плунжерлі) және т.б болып бөлінеді. Екі шнекті экструдерлер шнек конфигурациясына байланысты параллельді немесе конустық болып келеді. Ал айналу бағытына байланысты екі шнекті экструдерлер шнек айналымына бағытталған немесе қарама-қарсы бағытталған болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |