Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда



бет24/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Полиэтилентерефталат печать

4.6. Қоршаған ортаны қорғау

«Қоршаған ортаның ластануы » ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық денгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:


• қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адаммен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
• қоршаған ортаны ластайтын заттар ( мысалы, химиялық заттар).


Атмосфералық ауаны қорғау
Ластаушылардың табиғаты бойынша былай бөлінеді:
• биологиялық ластану – экожүйеге, оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі;
• физикалык (радиациялык, жылулык, жарықтык, электромагниттік, шулық және тағы басқалар);
• химиялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы).
Атмосфералық ауаның ластануы адам ағзасына тікелей әсер етеді, ал атмосфераның ластануы (бүкіәлемдік деңгейде) жанама түрде климаттың өзгеруі арқылы, биосферадағы озон кабатының бұзылуымен қышқылдық жауынменен әсер етеді. Ауаны ластаушы заттардың негізгі түрлеріне: атмосфералық газдар (азоттың, көміртегінің газдары), көмірсутектер, фенолдар, альдегидтер, ауыр металдардың аэрозольдары мен басқа да органикалық және минералды заттарды жатқызамыз. Бұлардың көбісі улылығы мен канцерогендік қасиеттері арқасында онкологиялық ауруларға әкеледі.
Ауаны негізгі ластаушылар қатарына ауаға қорғасынды, көміртек оксидін, күкірт оксидін, альдегидтерді, шаңдарды, әр түрлі газдар мен ароматты көмірсутектерді (бензапирен, фенантрен) және тағы басқасын шығарып тұратын автотранспортты, жылу электростанцияларын, металлургиялық, мұнай өндіретін жэне химиялық өндіріс орындарын жатқызады.


Химиялық ластану
Химиялык ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи антропогенді және антропогенді процестер немесе тіршілік ортасында болып жатқан физикалық-химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз.
Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4-5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10 %-ға өсіп отырады. Адам ағзасына әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп отыратын ағзаға жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. Ксенос-жат, биос-өмір) деп атайды.
Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айырады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялык ластануды келесі түрлерге бөледі:
ауаның ластануы;
• тұрмыстық және өндіріс бөлмелердің;
• топырақтың;
• тамақтың және тағы басқалардың.
Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
• қоршаған ортаға сұйықтың, газды және қатты түрдегі өндіріс қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
• ластушы заттар шығаратын немесе оларды жинақтап сақтайтын шаруашылықтар;
• ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылжу) аймақтар;
• планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын-шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшаруашылық қалдықты сулар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет