Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда


ІV. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ



бет20/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Полиэтилентерефталат печать

ІV. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ


4.1 Жалпы талаптар

Полиэфирлік талшықтар және техникалық маталар қондырылған тәртіпте санитарлы-эпидемиологиялық экспертизаға жіберілетін өнім түріне жатады. ГОСТ 30333-ға сәйкес(«Химиялық өндіріс қауіпсіздігі»).


Полиэфирлік талшықтардың адам денсаулығына әсерінің қауіпсіздігін бағалау комплексті зерттеулер(санитарлы-химиялық зерттеулер, токсикологиялық бағалау, физико-механикалық зерттеулер) нәтижесінде анықталуы тиіс.
Полиэфирлі талшықтардың санитарлы-химиялық көрсеткіштері кестеде (4.1-кесте) көрсетілген нормалар мен талаптарға сай болуы қажет.

4.1-кесте. Полиэфирлі талшықтардың санитарлы-химиялық көрсеткіштері және мәндері





Көрсеткіш атауы

Мәні

Экстрагирленген заттардың массалық үлесі, %

-

Майлағыштардың массалық үлесі, %

3

Роданистті натрийдің массалық үлесі, %

-

Шөгіндінің массалық үлесі, %

-

Тамақ өнімдерімен байланысқа түсетін полиэфирлік заттардан бөлінетін химиялық заттардың саны гигиеналық нормамен бекітілген шектен аспауы қажет.


Полиэфирлі талшықтар комнаталы температурада өз қасиеттерін (химиялық инерттілігі, тотығуға тұрақтылығы, суда ерімейтіндігі мен қоршаған ортаға әсер етпеуін ) жоғалтпайды.
Талшық қалдықтарын су қоймаларына, релефке лақтыруға болмайды, себебі олар биоыдырай алмайды; және де оларды ашық жерде өртеуге болмайды, себебі жану өнімдері қоршаған ортаға токсикалық қасиет көрсетеді.
Полиэфирлі талшықтар өндірісі кезінде шаң тәріздес қалдықтар (полимер аэрозолі, талшық шөгіндісі) пайда болады, оларды қаптық филтрлерде тазалайды.
Технологиялық қондырғыдан шығатын газдық күйдегі қалдықтар керек болған жағдайда регенерацияланады да қайта өндіріс циклына түседі немесе зиянды заттардың шектенаспаған концентрациясы атмосфералы ауада ыдыратылады.
Сұйық күйдегі қалдықтар (құрамында мономер бар, еріткіштер, майлағыш компоненттері) өндірістің технологиялық регламентіне байланысты қажет болған кезде регенерацияланады да, қайта өндіріс циклына жіберіледі немесе биологиялық тазаланады да су қоймаларына құрамында зиянды заттар концентрациясының шектен шықпаған мөлшері жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет