Популяциялық генетика негіздері. Генетикалық полиморфизм



бет5/6
Дата21.11.2023
өлшемі376.48 Kb.
#483924
1   2   3   4   5   6
Мырзабай, Жабықбай, Полатова. Методология

Харди – Вайнберг заңы популяциялардың генетикалық тұрақтылық жағдайларын сипаттайды. Бірнеше ұрпақтар бойына генефондтары өзгермей, тұрақты болып келетін популяцияларды Мендель популяциялары деп атайды. Мендель популяциялары эволюция құбылысынан тыс қалып отырады, себебі табиғи сұрыптау болмайды. Харди-Вайнберг заңында популяциялардың генофондтарын өзгертетін жағдайлар келтірілген. Популяция генофондының өзгеруіне алып келетін құбылыстар мен оқиғаларды эволюциялық факторлар деп атаймыз.

Эволюциялық факторларға мыналар жатады:

1) мутациялық процесс;

2) популяциялық толқындар;

3) оқшаулану;

4) миграция(гендер ағыны);

5) гендер дрейфі;

6) табиғи сұрыптау.

Гендер дрейфі


Гендер дрейфі (шайқалуы) немесе генетикалық автоматты процестер популяциядағы аллельдер жиілігіне әсер етеді. Бұл құбылысты 1931 жылы бір-біріне байланыссыз түрде бұрынғы Кеңес одағында Н.П.Дубинин мен Д.Д.Ромашов және Англияда С.Райт анықтады. Гендер дрейфі дегеніміз кездейсоқ себептерден, мысалы, популяция санының азаюына байланысты болатын, келесі ұрпақтарда қайталанып отыратын аллельдер жиілігінің өзгерісі. Гендер дрейфінің мәні популяция мөлшерінің генотиптік құрылымына әсер ете алатындығында, популяцияның саны күрт өзгерген жағдайда, мысалы қыста қатты суық болғанда, дарабастар жаппай қырылған кезде, кездейсоқ себептермен сирек кездесетін кейбір ауытқуларды алып жүретіндері сақталып қалуы мүмкін. Олар популяция санының одан ары қарай артуы үшін бастама болып табылады және дарабастардың сыртқы ортаға кеңінен таралып бейімделуіне ықпал етеді.

Миграция

Табиғи популяциялар,әсіресе адам популяциялары ,еш уақытта да абсолютті оңашаланбайды.Популяциялар арасында үнемі миграциялық (көші-қон) үдерістер орын алып отырады.Бұл,популяциялардың генетикалық өзгеріштігін күшейтеді және гендер жиілігінің өзгеруіне алып келеді.Осылайша,миграция (көші-қон)өз эффекттері бойынша гендер дрейфіне қарама қарсы әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет