Миграция және тиесілі гендер ағыны кейде бір бағытта жүруі мүмкін.Мысалы, ХIII-XIY ғасырларда көптеген еуропа елдерін монголдар жаулап алғанда,гендер ағыны шығыстан батысқа қарай бағытталған.Қазіргі кезде байқалатын В(III) қан тобының Еуропа елдеріндегі жиілік градиенті,яғни Азиялықтардағы 25% жиіліктің бірте-бірте азайып Францияда,Скандинавия елдерінде 10-%-ға дейін төмендеуі осының айғағы болуы мүмкін.
Мутациялық үдеріс
Ағзалардың жыныс жасушаларында үнемі гендік,хромосомалық не геномдық мутациялар пайда болып тұрады.Олар жыныс жасушаларының тұқым қуалаушылық материалын өзгертеді.Осы мутациялардың ішінен жиі кездесетіні және маңыздысы гендік мутациялар.Гендік мутациялар көптеген аллельдерінің пайда болуына алып келіп биологиялық ақпараттың көптүрлілігін қалыптастырады.Адамдарда да мутациялық құбылыс басқа тірі ағзалардағыдай болады.Бірақ,қазіргі кездері адам генофондында мутациялық құбылыстың қысымы күшеюде.Оған бірден-бір себеп-ғылыми техникалық революция жағдайларында адамдардың қызметтік-кәсіб іс-әрекеті нәтижесінде индукцияланған мутациялардың көптеп пайда болуы.
Жоғарыда қарастырылған популяциялар динамикасының факторлары-панмиксияның шектелуі,гендер дрейфі,миграция,мутациялық үдеріс,популяция гендерінің жиілігін өзгертіп,популяцияларға кездейсоқ және бағытсыз әсер етеді.Ал,табиғи сұрыптау-популяция гендерінің жиілігін мақсатқа сай өзгертетін бірден-бір фактор болып табылады.
Сұрыптаудың түйінді тұжырымдамасы болып дарвиндік бейімделушілік саналады.Дарвиндік бейімделушілік (W) дегеніміз белгілі бір генотиптер мен фенотиптердің тіршілік ету және ұрпақ қалдыру мүмкіншілігінің салыстырмалы ықтималдығы болып табылады.
Гомозиготалыларға қарсы сұрыптауға мысал ретінде кейбір гемоглобинопатияларды-орақ жасушалы анемия(HbS),гемоглобин E (HbE) және альфа-талассемияларды келтіруге болады.
Гетерозиготалыларға қарсы бағытталған сұрыптауға мысал ретінде Ph антигенінің синтезделуін келтіруге болады.Еуропа тұрғындарының 85%-ның эритроциттерінде Rh антигені болып оң резус тобын құрайды,ал популяцияның қалған мүшелерінің эритроциттерінде Rh антигені болмағандықтан теріс резусты болып келеді.
Гетерозиготалылар пайдасына сұрыптау популяцияларда аллельдер жиілігінің тұрақты және теңдігіне және баланысты полиморфизмнің түзілуіне алып келеді.Бұған мысал ретінде орақ пішінді анемияның НвАНВS кейбір Азия және Африка елдерінде жиі кездесуін келтіруге болады.