«Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Пошта байланысы бөлімшелері



бет3/3
Дата11.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#127778
1   2   3

37-бап. Пошта байланысы бөлімшелері

1. Пошта байланысы бөлімшелері Ұлттық пошта операторы мен пошта операторлары инфрақұрылымының негізін құрайды. Пошта байланысының бөлімшелерін ашу және күтіп ұстау бойынша міндеттілік пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерімен белгіленеді.

2. Пошта байланысы бөлімшелері пайдаланушыларға қызметтер көрсетілетін өндірістік объектілер болып табылады.

3. Ұлттық пошта операторы мен пошта байланысының операторы пошта байланысы бөлімшелерінің мына типтері жұмыс істеуін қамтамасыз етеді:

1) орналастырылуы уәкілетті орган бекіткен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асыралатын, пайдаланушыларға қызметтер көрсетуге арналған стационарлық пошта байланысы бөлімшесі;

2) пайдаланушыларға қызметтер көрсету үшін көлік құралдарының базасында, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттар бойынша құрылатын жылжымалы пошта байланысы бөлімшесі.

4. Пайдаланушыларға жылжымалы пошта байланысы бөлімшелері арқылы қызмет көрсету елді мекендердің орталық бөлігінде және жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алмай-ақ жүзеге асырылады. Жылжымалы бөлімшелердің немесе пошта байланысы пунктерінің көмегімен көрсетілетін қызметтермен пайдаланушыларды қамтамасыз ету нормативтерін пошта операторы белгілейді.

5. Заңды тұлғалармен жасалған шарт жағдайларында ашылатын мамандандырылған пошта байланысы бөлімшелері пошта байланысы бөлімшелерін орналастыру нормативтері орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде стационарлық пошта байланысы бөлімшелерімен бірдей болып есептеледі.

6. Пошта операторлары өз пошта қызметінде пошта байланысы бөлімшелерінің қажетті типтерін дербес анықтайды және пайдаланады.
38-бап. Пошта жәшіктері

1. Пошта жәшіктерін пошта операторлары уәкілетті орган бекіткен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін сақтай отырып, пошта байланысы қызметтерін пайдаланушылар үшін қолжетімді орындарға орналастырады.

2. Пошта операторының қалауы бойынша және меншік иесімен келісім бойынша пошта жәшіктері жылжымайтын мүлік объектілерінде, сондай-ақ олардың аумағында жеке тұрған ретінде де тікелей орналастырылады.

3. Пошта жәшіктерінен пошта жөнелтілімдерін жинап алуды пошта операторлары уәкілетті орган бекіткен нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырады.

4. Пошта операторының пошта жәшіктерінде басқа пошта операторының пошта жәшіктерінен ерекшелеу мақсатында логотип болуы керек.
39-бап. Абоненттік пошта жәшіктері

1. Абоненттік пошта жәшіктері қызметтерді пайдаланушылар мен пошта операторларының пошташыларына қолжетімді болуы үшін ыңғайлы жерлерде, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын ғимараттарда, жеке тұрғын үйлерде, тұрғын ғимараттардың және тұрғын емес ғимараттардың тұрғын емес үй-жайларында орнатылады және олар уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес абоненттік пошта жәшіктерінің орналастырылуын және олардың тиісті түрдегі жай-күйде күтіп ұсталуын қамтамасыз ететін меншік иелеріне тиесілі болады.

2. Көп пәтерлі тұрғын ғимараттардың, жеке тұрғын үйлердің, тұрғын ғимараттардың және тұрғын емес ғимараттардың тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері пошташылардың (курьерлердің) абоненттік пошта жәшіктеріне кедергісіз қолжеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Абоненттік пошта жәшіктері болмаған немесе ақау болған жағдайда пошта операторы пошта жөнелтілімін өндірістік объектіден беруді жүзеге асырады.

3. Көп пәтерлі тұрғын ғимараттардың, тұрғын ғимараттар мен тұрғын емес ғимараттардың тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің шешімі бойынша абоненттік пошта жәшіктерінің орнатылуын, күтіп ұсталуын және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме шарт бойынша кондоминиум субъектілеріне берілуі мүмкін.

4. Электрондық абоненттік пошта жәшіктері Ұлттық пошта операторымен жасалған абоненттік шарт негізінде пайдаланушыларға ұсынылады.

5. Ұлттық пошта операторы әрбір жылжымайтын мүлік объектісіне электрондық абоненттік пошта жәшігін береді, сондай-ақ кез келген пайдаланушыға өзі өтініш білдірген жағдайда өтеусіз негізде жеке электрондық абоненттік пошта жәшігін ашады және оның тиісінше қолданылуын, сондай-ақ пайдаланушының жеке хат алмасу құпиясы сақталуын қамтамасыз етеді.

6. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі пошта жөнелтілімдерінің электронды түрде жіберілуін, оның ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық құжат айналымы шеңберінде қамтамасыз ететін Ұлттық пошта операторының баршаға қолжетімді ақпараттық жүйесі болып табылады.

7. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесін қолдану және пайдаланушыларды авторластыру тәртібін уәкілетті орган анықтайды.


40-бап. Пошта бағыттары

1. Пошта операторларының пошта бағыттары пошта желісінің құрамдас бөлігі болып табылады және көлік құралдарын және (немесе) пошташыларды (курьерлерді) пайдалана отырып пошта жөнелтілімдерін тасымалдау және жеткізу схемасын білдіреді.



2. Пошта бағыттарын пошта операторы қаларалық-облысаралық, қаларалық-облысішілік, қалалық, қала маңы бойынша қолданыстағы бағыттарға, сондай-ақ елді мекендерді аудан немесе қала орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) қосатын бағыттарға сүйеніп жоспарлайды.

3. Пошта бағытын және көліктің қозғалыс кестесін жасауды Ұлттық пошта операторы мен пошта операторы қолданыстағы пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне, пошта жөнелтілімдерін өңдеу, тасымалдау және жеткізудің ішкі нормативтері мен бақылау мерзімдеріне сәйкес жүргізеді.



4. Пошта бағыттары туралы мәліметтер құпия ақпарат болып табылады. Мұндай ақпарат бөтен адамдарға Қазақстан Республикасының заңнама талаптары сақталып ашылады.
41-бап. Пошта операторларының атаулы заттары

1. Пошта операторлары өндірістік объектілерді пошта жөнелтілімдерін жіберу барысында қолданылатын өзіндік атаулы заттармен қамтамасыз етеді.

2. Пошта операторларының атаулы заттары осы пошта операторының атауын көрсету арқылы Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері үшін белгіленген атаулы заттардан ерекшеленуі тиіс.

3. Атаулы заттарға қойылатын талаптар мен оларды қолдану тәртібі Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларымен анықталады.


 42-бап. Көлік құралдарын пайдалану

1. Пошта операторларына пошта операторы жұмыскерлерінің ілесіп жүруімен теміржол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігінің барлық бағыты мен желілері бойынша пошта жөнелтілімдерін шартты жағдайларда тасымалдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тасымалдау үшін пошта жөнелтілімдерін беру құқығы беріледі.

2. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн және басқа да қызметтерді ұсынатын пошта операторының автомобиль көлiгiнiң және басқа да механикалық көлік құралдарының автомобиль жолдары, автомобиль, темiржол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне, пошта жәшіктеріне, сондай-ақ теміржол станциялары мен вокзалдарының перрондары мен платформаларында пошта вагондарымен пошта жөнелтiлімдерiнің барлық түрімен алмасу үшiн өтуi бiрiншi кезекте және ақысыз жүзеге асырылады. 

Поштамен уақтылы алмасу үшін теміржол станцияларына (темір жолдарға) темір жол құрамдарын беру кезінде пошта операторының автомобиль көлігі мен басқа да механикалық құралдарының пошта вагонына еркін өтуі қамтамасыз етілген болуы керек.

3. Ұлттық пошта операторына тиесілі көлік құралдарының арнайы символикасы болады және оның келісімінсіз пошта саласындағы қызметке жатпайтын қызметтерді ұсыну және жұмыстарды орындау үшін пайдаланылмайды.



7-тарау. Пошта операторларының қызметтерін пайдаланушылар

 

43-бап. Пошта операторлары қызметтерінің сапасы

1. Пошта операторлары пайдаланушыларға осы Заңмен және Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларымен белгіленген сапа мен нормаларға, сондай-ақ қызметтерді ұсынуға жасалған шарт талаптарына сәйкес келетін қызметтерді ұсынуға міндетті.

2. Қызметтерді пошта операторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық пайдаланушыға тең жағдайларда көрсетеді.

 

44-бап. Пайдаланушылар

1. Пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар пошта жөнелтілімдерінде, пошталық ақша аударымында мекен-жайды ресімдеу, сондай-ақ олардың ішіндегісіне қойылатын тәртіпті белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтай отырып, пошта жөнелтілімдерін тапсыруды және алуды жүзеге асырады.

2. Пошта операторынан пошта төлемінің белгілерін сатып алған жағдайда, пайдаланушы пошта жөнелтілімін жіберуге бұдан бұрын жасалған төлемді растау мақсатында, пошта төлемінің көрсетілген белгілері сатып алынған операторға оған тиесілі операциялық терезе немесе пошта жәшігі арқылы пошта жөнелтілімін тапсыруға міндетті.

Пошта жөнелтілімі қате қабылданған немесе пошта жәшігінен қате алынған жағдайда, пошта операторы пайдаланушыға кешіктірмей кері қайтаруға немесе көрсетілген пошта операторының пошта төлемінің белгілері жапсырылған пошта жөнелтілімін пошта операторының жақын маңдағы өндірістік объектісіне жіберуге міндетті.

3. Мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар атынан қызметтерді пайдаланушылар жазбаша хат-хабарды тіркелетін пошта жөнелтілімдері түрінде жіберуге міндетті.

45-бап. Қызметтерді пайдаланушылардың құқықтарын қорғау


  1. Пайдаланушылардың пошта операторлары тиісті сападағы қызметтерді ұсынуына, қызметтер көрсету туралы ақпаратты алуына арналған құқықтарын қорғау, сондай-ақ осындай құқықтарды іске асыру механизмі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

  2. Пошта операторы пошта байланысының әмбебап қызметтерін көрсетуі кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жүргізіледі.

  3. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін қоспағанда жөнелтушінің пошта жөнелтілімін жіберуі пошта операторының пошта жөнелтілімдерін қабылдау пунктіне жөнелтуші өзі келіп, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі немесе пошта жөнелтілімін пошта операторының пошташысынан және (немесе) курьерінен беріп жіберуі арқылы жүргізіледі. Жөнелтуші дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беруден бас тартқан жағдайда, пошта операторы жөнелтушіге пошта жөнелтілімін қабылдаудан бас таруға міндетті.

  4. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қабылдау кезінде пошта операторы алушының дербес деректерін оның келісімінсіз жинауды, өңдеуді жүзеге асырады. Пошта операторы алушыға тіркелетін пошта жөнелтілімін табыс ететін кезде алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді және пошта операторына дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді. Алушы дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беруден бас тартқан жағдайда, пошта операторы алушыға пошта жөнелтілімін табыс етпейді және жөнелтушіге пошта жөнелтілімін кері жіберуге міндетті.

  5. Пошта операторлары және дербес деректерге рұқсат алған үшінші тұлғалар талаптарды сақтау арқылы құпиялылықты қамтамасыз етеді және субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз олардың таралуына не өзге заңнамалық негіздеменің болуына жол бермейді.

  

6-тарау. Пошта байланысы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету


46-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бақылау шаралары

  1. Пошта операторлары қызметтерді көрсету кезінде өз құзыреті шегінде пайдаланушылар мен жұмыскерлердің денсаулығының, өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

  2. Жеке тұлғалардың тіркелетін пошта жөнелтілімдерін пошта операторлары жіберуге ашық күйінде қабылдайды. Пошта операторлары пошта жөнелтілімдеріндегі салымдардың сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қолданады.

Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қабылдау кезінде пошта операторы белгіленген тәртіпте жөнелтушіні сәйкестендіруге және оның деректерін тіркеуге міндетті. Поштоматтармен жабдықталған объектілерде пошта жөнелтілімдерін қабылдау және табыс ету жөнелтуші мен адресатты сәйкестендіруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ рұқсатсыз кіруді болдырмауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар қолданылып жүзеге асырылады.

  1. Пошта операторлары пошта жөнелтілімдерін жіберу процесінде оларда тыйым салынған заттар мен бұйымдарды анықтауға бағытталған шараларды қабылдайды. Пошта операторлары пошта жөнелтілімдерінде тыйым салынған бұйымдар мен заттарды анықтау мақсатында, пошта жөнелтілімдерінде тыйым салынған бұйымдар мен заттарды оларды ашпай анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды, жабдықты және бейне фиксация жүйесін қолданады.

Пошта жөнелтілімдерін жіберу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынған салымдар анықтаған жағдайда, пошта операторлары уәкілетті органға хабарлауға міндетті. Пошта жөнелтілімдерін ашуды анықталған жерде уәкілетті органдардың өкілдері пошта операторы жұмыскерлерінің қатысуымен жүзеге асырады.

  1. Пошта жөнелтілімін жөнелтуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пошта жөнелтіліміндегі салымдар үшін белгіленген тыйым салу мен шектеулер бұзылғаны үшін және шектеулер тізбесіне кірмейтін, бірақ жасырын қауіпті қасиеттері бар салымдар қауіпсіздігі үшін жауапкершілікте болады.


47-бап. Ұлттық пошта операторының пошта қауіпсіздігі жүйесі

  1. Ұлттық пошта операторының пошта қауіпсіздігі жүйесі жазысқан хаттардың, пошта, телеграф арқылы және өзге де жолдармен алысқан хабарламалардың құпиялылығы сақталуын, банктік, қызметтік және коммерциялық құпияны, пошта жөнелтілімдерін рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғауды қамтамасыз етуге, пошта жөнелтілімдері мен ақшаның жоғалу және ұрлану жағдайларын болдырмау шараларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымдарды жіберу бойынша шектеулерді сақтауға бағытталған, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің және деректер базасының (мекен-жай тізілімі) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

  2. Қауіпсіздік режимін шарт негізінде тартылатын жеке күзет ұйымы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық пошта операторы құрған күзет ұйымы сақтайды.

Жеке күзет ұйымдары немесе Ұлттық пошта операторы құрған күзет ұйымы пошта байланысы инфрақұрылымы объектілерінің, пошта көлігінің, қызметтер көрсету кезінде жұмыскерлер мен пайдаланушылардың қауіпсіздігін және қорғалуын, пошта жөнелтілімдерін рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ пошта жөнелтілімдері мен ақшаны бөтен адамдар ұрлауын болдырмайды.
7-тарау. Пошта байланысы саласындағы халықаралық қызмет
48-бап. Халықаралық ынтымақтастық

Пошта байланысы саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.


49-бап. Тағайындалған оператор

1. Тағайындалған оператор:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы бүкіл елді мекендерде барлық пайдаланушы үшін пошта байланысының сапалы қызметтерін тұрақты негізде көрсетуді;

2) жазбаша хат-хабарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді;

3) салмағы 20 килограмға дейінгі сауқаттарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді;

4) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабарды қайтаруды;

5) халықаралық қайтарым купонына төлем қабылдауды;

6) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа да елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етуге міндетті.

2. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне және осы Заңға сәйкес пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асырады.

3. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен және осы баптың 1-тармағынан туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде, уәкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кері қайтарып алады.

4. Тағайындалған оператор Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орындарын (орталықтарын) құрады және Дүниежүзілік пошта одағы актілерінде және халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орындары (орталықтары) құрылатын шетел мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайларда осындай қызметті жүзеге асырады.
50-бап. Халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта транзиті

1. Халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта транзиті Дүниежүзілік пошта одағы актілеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Уәкілетті орган Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес пошталық қызметтерді пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында пошта операторын тағайындалған оператор етіп тағайындауды жүзеге асырады.

3. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес Дүниежүзілік пошта одағы органдарында халықаралық пошта алмасу орындарын (мекемелерін) ресми тіркеуді жүзеге асыруға міндетті.

4. Қазақстан Республикасы тарапынан халықаралық пошта алмасуды және халықаралық пошта транзитін тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағы актілеріне, Еуразиялық экономика одағының заңнамасына, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

5. Халықаралық пошта алмасу мен транзиті жеке қаражаты есебінен тағайындалған оператор құратын халықаралық пошта алмасу орындарында (мекемелерінде) жүзеге асырылады.

6. Дүниежүзілік пошта одағының мүшелері болып табылатын шет мемлекеттердің басқа тағайындалған операторлары халықаралық пошта жөнелтілімдерімен алмасу және өңдеу орындарын (орталықтарын) Қазақстан Республикасының аумағында құруы уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
8-тарау. Қорытынды ережелер

 

51-бап. Пошта байланысы қызметтерiн көрсету кезiнде мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілік

1. Пошта операторы пошта жөнелтiлімiнің жөнелтушіден қабылдап алған сәттен бастап алушыға берген сәтке дейiн сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Пошта операторы:

1) салым жоғалған, жетiспеген немесе тiркелетiн пошта жөнелтiлімi зақымданған (бүлiнген);

2) пошта жөнелтiлімiн жiберудiң бақылау мерзiмдерi бұзылған жағдайларда жауапкершілікте болады.

3. Жіберуге тыйым салынған және шектеу қойылған бұйымдар мен заттар пошта жөнелтілімінде жіберілгеніне кінәлі, қызметтерді пайдаланушылар, егер осылай жіберудің салдары қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жауапкершілікте болады.

4. Салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе пошта жөнелтiлімінің зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн пошта операторы мынадай мөлшерде:

1) құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімі жоғалғаны немесе түгелдей зақымданғаны (бүлінгені) үшін - жарияланған құндылығы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде;

2) тізімдеме бойынша жіберу кезінде салымы жетіспегені, жоғалғаны немесе құндылығы жарияланған пошта жөнелтiлімдері салымдарының бір бөлігі зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн – жөнелтуші тізімдемеде көрсеткен, құндылығы жарияланған жетіспеген зат, жоғалған немесе зақымданған (бүлінген) салымның бір бөлігі мөлшерінде;

3) салым тiзiмдемесiнсіз жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған пошта жөнелтiлімдерi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн – жетіспеген, жоғалған немесе зақымдалған (бүлінген) салымының бір бөлігінің массасы оның нақты құнына қарай жіберілетін салымның (пошта жөнелтілімі тысының массасынсыз) массасына қатынасы пропорционал белгіленетін пошта жөнелтілімінің құндылығы жарияланған мөлшерінде;

4) өзге де тiркелетiн пошта жөнелтiлімiн жоғалтқаны немесе зақымдағаны (бүлінгені) үшiн - төленген тарифтiң екi еселенген сомасы мөлшерiнде;

5) салымдарының жетіспеушілігі немесе салымдарының бір бөлігі жоғалғаны немесе өзге тіркелетін пошта жөнелтілімі салымының бір бөлігі зақымданғаны үшiн – төленген тарифтің бір реттік сомасы мөлшерінде;

6) пошталық ақша аударымын жоғалтқаны үшiн - пошталық ақша аударымының сомасы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде жауапты болады.

5. Пайдаланушылардың пошта жөнелтiлімдерi мен пошталық ақша аударымын жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн пошта операторы кешіктірілген әрбiр күн үшiн төленген тарифтiң үш пайызы мөлшерiнде, бiрақ көрсетiлген қызмет үшiн төленген тариф сомасынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

Пошта жөнелтiлімiн әуе көлiгiмен жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн пошта операторы пайдаланушыға әуе және жер үстi көлiгiмен жiберу үшiн төлем тарифтерiнiң арасындағы айырмашылықты төлейдi.

6. Егер мiндеттемелерiн орындамау немесе тиiсiнше орындамау еңсерілмейтін күштiң немесе пошта жөнелтiлімiндегi салымның ерекше қасиеттерiнің салдарынан болғаны дәлелденсе, пошта операторы салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе тiркелетiн пошта жөнелтiлімiнiң зақымданғаны (бүлiнгенi), пошта жөнелтiлімiн жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауапкершіліктен босатылады.

7. Пошта операторы пошта байланысы қызметтерiн көрсету жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздемелер бойынша жауапкершіліктен босатылады.

8. Пайдаланушылар:

1) ерекше қасиеттерiне орай пошта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды  пошта жөнелтiлімiне салудың салдарынан;

2) пошта желiлерi арқылы жiберуге қабылданған салымның тиiсiнше буып-түйiлмеуi салдарынан туындаған, пошта операторына келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілікте болады.

9. Пошта операторының жұмыскерлері пайдаланушыларға қызметтерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікте болады.


52-бап. Пошта туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершілік

Пошта туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады. 


53-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі туралы

  1. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 46-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

  2. Осы Заң қолданысқа енген күннен бастап «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат) күшін жойды деп танылсын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет