«Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Пошта байланысының жедел және курьерлік көрсетілетін қызметтері



бет2/3
Дата11.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#127778
1   2   3

18-бап. Пошта байланысының жедел және курьерлік көрсетілетін қызметтері

1. Пошта оператордың пошта байланысының жедел және (немесе) курьерлік көрсетілетін қызметтерін ұсыну бойынша қызметі тіркелетін пошта жөнелтілімдерін оларды жедел (экспресс) өңдеу, тасымалдау, жеткізу және (немесе) пошта жөнелтілімдерін табыс ету ескеріліп және (немесе) пошта операторының курьері мұндай пошта жөнелтілімдерін тасымалдауы және табыс етуі ескеріліп жіберуден тұрады.

2. Пошта байланысының жедел және курьерлік көрсетілетін қызметіне:

1) ұсақ пакеттер мен сауқаттар түріндегі тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қабылдау;

2) тіркелетін пошта жөнелтілімдерін өңдеу, сұрыптау, сақтау, тасымалдау және жеткізу;

3) тіркелетін пошта жөнелтілімдерін табыс ету;

4) жөнелтушіні тіркелетін пошта жөнелтілімі адресатқа табыс етілгені туралы хабардар ету кіреді.

3. Пошта байланысының курьерлік қызметін көрсету үшін пошта операторы тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қабылдау және беру пунктерін ұйымдастырады.


19-бап. Пошталық ақша аударымы

1. Пошталық ақша аударымы тіркелетін пошта жөнелтілімі болып табылады. Пошталық ақша аударымының тәртібі мен оған қойылатын талаптар, сондай-ақ пошта жөнелтілімдері жөніндегі бланкінің нысандары Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларымен белгіленеді.

2. Қазақстан Республикасының ішінде жіберілетін пошталық ақша аударымының сомасы, егер заңнамамен өзге көзделмесе, шектелмейді. Пошталық ақша аударымы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында және Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес басқа валюталарда қабылданады.

Пошталық ақша аударымын шетел валютасында жүзеге асырған жағдайда жөнелтуші (алушы) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес қосымша мәліметтер мен құжаттар ұсынады.


3. Пошталық аударымды жүзеге асыру үшін ақшаны қабылдау қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз тәсіл кезінде пошталық ақша аударымы пошта операторының банктік шотына ақша және комиссиялық сыйақы сомасы келіп түскеннен кейін жүргізіледі.
20-бап. Жазылым бойынша мерзімді баспа басылымдарын тарату

1. Жазылым бойынша мерзімді баспа басылымдарын тарату бойынша қызметтерді пайдаланушыларға ұсыну пошта операторы бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның уәкілетімен (жеке немесе заңды тұлғасымен) пошта операторының жазылым каталогына мерзімді баспа басылымын енгізу жөніндегі шарт жасасқаннан соң жүзеге асырылады.

Пошта операторы мерзімді баспа басылымының таратылу аумағына қарай, республикалық, жергілікті және шетелдік мерзімді баспа басылымдары жөніндегі бөлімдерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі немесе электронды нысандағы бірыңғай жазылым каталогын жүргізеді.

2. Жазылым бойынша мерзімді баспа басылымдарын тарату мына кезеңдерден тұрады:

1) бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелерімен немесе оның уәкілетті жеке немесе заңды тұлғасымен пайдаланушылардан жазылымды, оның ішінде Интернет ресурсты пайдалана отырып қабылдауды, ресімдеуді және мерзімді баспа басылымдарына пошта операторы қабылдаған жазылым бойынша ақпаратты өңдеуді жүзеге асыруға шарт жасасу;

2) пошта операторының мерзімді баспа басылымдарын қабылдауы, өңдеуі, тасымалдауы, пайдаланушыға жеткізуі не мерзімді баспа басылымын пайдаланушының электрондық абоненттік пошта жәшігіне электронды нысанда жіберуі.

3. Мерзімді баспа басылымдарына жазылуды республикалық, жергілікті және шетел басылымдарына арналған Интернет ресурстар арқылы пошта операторы немесе пайдаланушы жүзеге асырады. Жазылым бойынша республикалық мерзімді баспа басылымдарын тарату Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырылады, ал жергілікті мерзімді баспа басылымдарын тарату Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган беретін тиісті құжатта көрсетілген аумақта жүзеге асырылады.

4. Шетелдік мерзімді баспа басылымдарын тарату Қазақстан Республикасында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган беретін, шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы құжатта көрсетілген аумақта жүзеге асырылады.


21-бап. Мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сату

1. Пайдаланушыларға мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сату бойынша қызметтерді ұсынуды пошта операторы бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның уәкілетті жеке немесе заңды тұлғасымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.

2. Шетелдік мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сатуды пошта операторы Қазақстан Республикасында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган беретін, шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы құжатта көрсетілген аумақта жүзеге асырады.
22-бап. Пошта төлемінің белгілерін сату

1. Пошта төлемінің белгілері қолданыстағы тарифтерге сәйкес жазбаша хат-хабарды жіберу бойынша пошта операторы қызметтеріне ақы төленгенін растауға арналған.

Пошта төлемінің белгілерін қолдану жазбаша хат-хабар жөнелтілімдеріне ғана жүзеге асырылады.

2. Пошта операторы пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, уәкілетті органмен келісілген пошта төлемінің белгілерін қолданады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында пошта операторлары пошта төлемінің белгілері болған кезде ғана ішкі және халықаралық жазбаша хат-хабарды жіберуді жүзеге асырады.

4. Сатылған пошта төлемінің белгілері, оның ішінде мемлекеттік белгілер қайтарылмайды және ауыстырылмайды.

5. Пошта жөнелтілімінде пошта төлемінің белгілері болмаған немесе белгіленген тариф жартылай төленген жағдайда, пошта операторы мұндай пошта жөнелтілімін жөнелтушіге қайтарады.

6. Ластанған, бүлінген, пайдаланылған (штемпель таңбасы қойылған), айналымнан алынған пошта төлемінің белгілері, сондай-ақ пошта байланысы қызметтерін төлеу үшін басқа мемлекеттердің пошта төлемінің белгілері қабылданбайды.

7. Пошта байланысы қызметтерінің төлемін растайтын пошта төлемінің сатып алынған белгілері пошта төлемінің осы белгісін айналымға шығарған пошта операторында қолданылуы тиіс.

8. Пошта операторларына тиесілігіне қарай пошта төлемінің белгілерін сәйкестендіру мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінен басқа, пошта төлемі белгілерінің оң жағында пошта операторының атауы болуы керек.


23-бап. Қазақстан Республикасының пошта төлемінің мемлекеттік белгілері және филателиялық өнім

1. Қазақстан Республикасының пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін айналымға енгізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне және осы Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындайды.

3. Қазақстан Республикасының пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін шығаруды ұйымдастыруды және сатуды Ұлттық пошта операторы жүзеге асырады.

4. Заңсыз шығарылған пошта төлемінің мемлекеттік белгілері айналымынан қорғау мақсатында, Ұлттық пошта операторы Дүниежүзілік пошта одағының атына Дүниежүзілік пошта одағына мүше-елдердің түпнұсқа маркалары тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратпен бірге (шығарылған күні, техникалық сипаты және басқа да қажетті деректер) әр жаңа шығарылымның және әр номиналдың үш пошта маркасынан жіберіп отырады.

5. Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша уәкілетті орган филателиялық өнім ретінде қолдану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін пошта айналымынан алуды жүзеге асырады.

6. Пошта төлемінің мемлекеттік белгісінің пошта айналымы оны айналымға енгізген күннен кейін кемінде екі жыл жүзеге асырылады.

7. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінің түрлері мен көлемдерін бекіту, пошта айналымына енгізу және оларды айналымнан алу, сондай-ақ әзірлеуді, шығаруды және сатуды ұйымдастыру тәртібі Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, сату қағидаларымен реттеледі.


24-бап. Электрондық пошта қызметтері

Электрондық пошта қызметтеріне:



  1. электронды нысандағы хаттарды (хабарламаларды), оның ішінде пайдаланушының электрондық абоненттік пошта жәшігіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық құжаттарды жіберу;

  2. электронды нысандағы хаттарды (хабарламаларды), оның ішінде жеке кезеңде ақпараттық жүйелерді қолдану және тіркелмейтін немесе тіркелетін пошта жөнелтілімі (гибридтік жөнелтілім) түрінде жеткізу арқылы электрондық құжаттарды жіберу жатады.


25-бап. Гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер

  1. Гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша қызметтерді пошта операторының көрсетуі бастапқы кезеңде электрондық поштаны не электрондық жеткізгіштерді қолдану арқылы электронды хат (хабарлама) нысанындағы және тіркелмейтін немесе тіркелетін пошта жөнелтілімі түріндегі жөнелтілімді жіберу арқылы жүзеге асырылады.

  2. Бастапқы кезеңде жөнелтушілерден электрондық хаттарды (хабарламаларды) қабылдау шарт негізінде пошта операторының ақпараттық жүйесімен интеграция жасалатын, қолданатын ақпараттық жүйелерден ақпаратты беру арқылы жүзеге асырылады.

  3. Электрондық хаттарды (хабарламаларды) қабылдау мақсатында пошта операторлары жеке ақпараттық жүйелері мен байланыс желілерін немесе шарт негізінде үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелері мен байланыс желілерін қолданады.

  4. Кейінгі кезеңде пошта операторы немесе пошта операторымен жасалған шарт негізінде үшінші тұлға алынған электрондық хаттарды (хабарламаларды) басып шығаруды және конвертке салуды жүргізеді.

  5. Пошта жөнелтілімі түріндегі электрондық хатты (хабарламаны) жіберу осы Заңда белгіленген талаптарға және Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес жүргізіледі.


26-бап. Пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу

1. Пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

2. Пошта операторы қызметтеріне ақы төлеу мынадай тәсілдермен жүргізіледі:

1) қолма-қол ақшаны пайдаланып;

2) қолма-қол ақшасыз тәртіпте, оның ішінде электрондық ақшамен.

3. Пошта операторының пайдаланушыларға көрсететін қызметтеріне арналған шарт жасасуы кезінде қызметтерге ақы төлеудің бір немесе бірнеше тәсілі шарт талаптарында көзделеді.

4. Жөнелтушінің тапсырмасы бойынша пошта операторы адресаттан оған пошта жөнелтілімін табыс ету кезінде жөнелтуші айтқан үстеме төлем сомасын алуды және жөнелтуші көрсеткен мекен-жайға оны жіберуді міндетіне алады. Үстеме төлемді пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша және пошта операторларымен тиісті шарттар жасалған елдерге жіберу үшін қабылданады.

5. Адресат пошта жөнелтілімінен, оның ішінде үстеме төлемді пошта жөнелтілімінен бас тартқан жағдайда, пошта операторы пошта жөнелтілімін алған кезде жөнелтілім кері жіберілгені үшін соманы төлеуге міндетті жөнелтушіге пошта жөнелтілімін қайтарады.


27-бап. Пошта жөнелтiлімiн алғаны туралы хабарлама

1. Тіркелетін пошта жөнелтiлімiн жiберу кезiнде жөнелтушiге адресаттың пошта жөнелтiлімiн алғаны туралы хабарлама жiберіледі.

2. Пошта операторының адресат пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама жіберуі қағаз жеткізгіште және (немесе) электронды түрде жүзеге асырылады және жөнелтушіден төлем өндіріліп алынатын пошта байланысының қосымша қызметі болып табылады.

3. Адресат пошта жөнелтiлімiн алғаны туралы хабарлама үшін тарифті жөнелтушi алдын ала пошта операторының түбiртегiн ала отырып төлейдi.




28-бап. Пошта жөнелтiлімiн қайтару, мекен-жайды өзгерту немесе түзету

1. Жөнелтушi пошта жөнелтiлімi:

1) адресатқа берiлмеген;

2) тыйым салынған салымдар үшiн тәркiленбеген немесе жойылмаған;

3) жеткiзiлетiн елдiң заңнамасы негiзiнде алып қойылмаған жағдайларда пошта операторына пошта жөнелтiлімiн қайтару, мекен-жайды өзгерту немесе түзету туралы талаппен өтініш білдіреді.

2. Пошта жөнелтiлімiн қайтару, мекен-жайды өзгерту және түзету жөнелтушi қосымша ақы төлеген кезде жүзеге асырылады.


29-бап. Пошта операторлары

1. Пошта операторларында қажеттi материалдық-техникалық база мен бiліктi кадрлар, механикаландыру, автоматтандыру және ақпараттандыру құралдары болуы, пайдаланушыларға пошта жөнелтiлімдерiн Қазақстан Республикасының iшiнде және одан тыс жерлерге жiберу тарифтерi, мерзiмдерi туралы ақпарат, сондай-ақ өзге де ақпарат беруі тиiс.

2. Пошта байланысы қызметтерін көрсету бойынша пошта операторларының қызметі Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес бірыңғай нормативтер мен талаптарға бойынша жүзеге асырылады.

3. Пошта операторлары пайдаланушылардан алынған пошта жөнелтілімдерінің және пошталық ақша аударымының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

4. Пошта операторлары пошта жөнелтiлімдерi, пошталық ақша аударымы, жөнелтушiлер және адресаттар туралы мәлiметтердi тек жөнелтушiлер мен адресаттарға не олардың заңды өкілдерiне немесе сенiмхат негiзiнде сенiм білдірілген тұлғаларына бередi. Көрсетілген мәлiметтердi өзге жеке, заңды тұлғаларға ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

5. Пошта операторлары өндірістік объектілер, пошташылар мен курьерлер арқылы, сондай-ақ жеке пошта жәшіктері арқылы пошта байланысы қызметтерін көрсетеді және осы Заңмен белгіленген талаптарға сәйкес пошта төлемінің белгілерін қолданады.

Пошта операторлары пошта байланысының әмбебап қызметтерін көрсету кезінде уәкілетті орган бекіткен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс пошта желісін құрады.

6. Пошта операторлары арасындағы өзара іс-қимыл шарт негізінде жүзеге асырылады.

7. Пошталық ақша аударымын жүзеге асыратын пошта операторы экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға немесе құрылтайшысы немесе қатысушысы осындай жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар тұлға болып табылатын заңды тұлға не бенефициарлық меншік иесі осындай жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын заңды тұлға пошта операторы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (үлестерін) тікелей және (немесе) жанама иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) оларды басқара алмайды).
30-бап. Ұлттық пошта операторы

1. Ұлттық пошта операторы:

1) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін пошта байланысының әмбебап қызметтерін ұсынады;

2) арнаулы байланыс қызметтерін көрсетеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің пошта желісі мен өндірістік объектілерін пайдалана отырып банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді көрсетеді;

4) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларға сәйкес, жылжымайтын мүлік объектілеріне пошта индекстерін беруді жүзеге асырады;

5) осы Заңның 38-бабында белгіленген тәртіпте әкімшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы пошта жәшiктерiн орналастырады;

6) өз жұмыскерлерін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте нысанды киiммен қамтамасыз етуге құқылы;

7) қаржылық қызметтердің мына түрлерін жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіпте брокерлік, дилерлік және трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырады;

8) банктік операциялардың мына жекелеген түрлерін лицензиясыз жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін лицензия негізінде жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, олардың банктік шоттарын ашу және жүргізуді қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, олардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, буып-түю мен сақтауды қоса алғанда, оларды қабылдау мен беру;

аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымы жөніндегі тапсырмаларын орындау;



банкноттарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау;

қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоса алғанда, шетел валютасын  айырбастау операцияларын ұйымдастыру.

9) төлем карточкаларын шығарумен, сатумен және таратумен айналысуға құқылы;

10) осы Заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ұлттық пошта операторының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, олардың банктік шоттарын ашу және жүргізу жөніндегі қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттейді, соның ішінде жекелеген пруденциялық нормативтерді белгілеу және лицензиялар беру арқылы реттейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ұлттық пошта операторының қаржы қызметін жүзеге асыруы және қаржылық қызметтер ұсынуы кезінде оның Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.


  1. Мемлекет Ұлттық пошта операторы жедел депозиттерге тартатын халықтың салымдарының сақталуын оларды мемлекеттiк бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етедi.

  2. Ұлттық пошта операторы туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Ұлттық пошта операторы өзіне мемлекет жүктеген міндеттемелерді іске асыру және қызметтер көрсетуге қатысу мақсатында мәліметтер сұратады және алады не мемлекеттік органдардың және өзге де тұлғалардың ақпараттық жүйелеріне, деректер базасына, оның ішінде «Мекен-жай тізілімі» ақпараттық жүйесіне кіру рұқсатын алады.

Ұлттық пошта операторы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай базасын қалыптастырады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай базасын құруды, қолдануды және дамытуды Ұлттық пошта операторы қамтамасыз етеді.

  1. Ұлттық пошта операторы әрбір жылжымайтын мүлік объектісіне орналасқан жерінің мекен-жайы бар және «Мекен-жай тізілімі» ақпараттық жүйесіне енгізілген пошта индексін береді. Қазақстан Республикасының аумағында пошта индекстерінің бірыңғай базасын жүргізуді Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

  2. Ұлттық пошта операторы осы Заңның 13-бабында көзделген пошта және өзге әрекеттерді жүзеге асырады.

Ұлттық пошта операторы «Халық Үкіметі» мемлекеттік корпорациясымен жасалған шарт негізінде «Халық Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы жоқ елді-мекендерде «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

  1. Ұлттық пошта операторының басқа пошта операторларымен өзара іс-қимылы шарт негізінде жүзеге асырылады.


31-бап. Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары

Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:

1) пошта операторларының пошта желісін ұйымдастыруы және пайдаланушыларға қызмет көрсетуі жөніндегі, оның ішінде пошта байланысы қызметтеріне мүгедектердің кедергісіз қолжеткізуі жөніндегі талаптар;

2) пошта операторларының атаулы заттарын пайдалану тәртiбi;

3) пошта жөнелтiлімдерiн ресiмдеу стандарттары;

4) пошта жөнелтiлімдерiнiң түрлерi және олардың техникалық сипаттамалары;

5) пошта жөнелтiлімдерiн және (немесе) пошталық ақша аударымын қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру, жеткiзу және (немесе) табыс ету тәртiбi, сондай-ақ пошта жөнелтілімі/ақша аударымы бланкісінің нысаны;

6) халықаралық пошта жөнелтiлімдерiн қабылдау, өңдеу және табыс ету тәртiбi;

7) пошта жөнелтiлімдерiн алу, өңдеу және тексеру тәртiбi;

8) пошта жөнелтiлімдерiн сақтау мерзiмдерi;

9) пошта жөнелтiлімдерiнiң  қосымша жiберiлу және қайтарылу шарттары;

10) операциялық күндi өткiзу тәртiбi;

11) пошта жөнелтiлімдерiн кiдiрту, қарау және алу тәртiбi;

12) пайдаланушылардың өтiнiштерi мен шағымдарын қарау тәртiбi;

13) пошта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынатын және шектеу қойылатын бұйымдар мен заттардың тiзбесi;

14) пошта байланысы қызметтерiн ұсынуға байланысты, осы Заңда көзделмеген өзге де  ережелер болуы тиiс.

 

32-бап. Пошта байланысы қызметтерiн ұсыну кезiндегi


шектеулер мен тыйым салулар

1. Пошта жөнелтiлімдерiнде табылған, жiберуге шектеулер қойылған және тыйым салынған бұйымдар мен заттар сол жерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кідіртіледі және алып қойылады.

2. Пошта жөнелтiлімдерiн кiдiртуге, қарауға және олардан алып тастауға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жол берiледi.
33-бап. Пошта операторларының қызметінде тілдерді қолдану

1. Қазақстан Республикасының аумағында пошта операторларының қызметтік іс жүргізуі мемлекеттік немесе орыс тілінде жүзеге асырылады. Тағайындалған оператор басқа тағайындалған операторлармен және Дүниежүзілік пошта одағымен хат алмасуды Дүниежүзілік пошта одағы актілерімен белгіленген тілде жүргізеді.

2. Қазақстан Республикасының шегінде жіберілетін пошта жөнелтілімдерін жөнелтуші мен алушының мекен-жайы жөнелтушінің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде, ал Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жіберілетін елдің тілінде немесе Дүниежүзілік пошта одағы актілерімен белгіленген тілде ресімделуі керек.

3. Пошта ператорларының қызметіне қатысты ақпараттық, анықтамалық және басқа да мәліметтер, сондай-ақ бланк өнімдерінің үлгілері мемлекеттік және орыс тілдерінде қызметтерді пайдаланушыларға қолжетімді орындарда орналастырылады.


34-бап. Пошта байланысы саласында жергілікті уақытты қолдану

1. Пошта байланысы саласында қызметті жүзеге асыру кезінде пошта операторларының пошта жөнелтілімдерін жіберудің технологиялық процестерінде Қазақстан Республикасының аумағында олардың орналасқан жеріне қарай, жергілікті уақыт қолданылады.

2. Қызметтерді пайдаланушыларды қызметтерді ұсыну уақыты туралы ақпараттандыру жергілікті уақыт бойынша жүргізіледі.

 

4-тарау. Пошта желісі

 

35-бап. Қазақстан Республикасының пошта желілері

1. Пошта операторлары заңнамамен тікелей белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзіне өндірістік объектілерді және пошта бағыттарын қамтитын пошта желілерін қалыптастырады. Пошта желісіне сондай-ақ пошта жәшіктері, абоненттік пошта жәшіктері, поштоматтар және пошта операторы анықтайтын басқа да құралдар жатады.

2. Ұлттық пошта желісі инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында әрекет ететін және пошта саласындағы қызметтер пайдаланушыларға тікелей ұсынылатын, пошта байланысының стационарлы, жылжымалы бөлімшелері мен пошта бағыттарының жиынтығынан тұратын, Ұлттық пошта операторының пошта желісі болып табылады.

3. Ұлттық пошта желісі стратегиялық объекті болып табылады. Үшінші тұлғалардың құқықтарымен стратегиялық объектілерге ауыртпалық салу не иеліктен айыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелерде болуы мүмкін.

4. Ұлттық пошта операторының қызметтерді пайдаланушыларға тікелей ұсынбайтын ұлттық пошта желісінің жабдықталмаған өндірістік объектілері стратегиялық объектілер болып табылмайды.



36-бап. Пошта операторларының пошта желілерін жоспарлау және дамыту

1. Пошта операторлары пошта желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады.

Пайдаланушыларға пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін пошта желілерін дамыту Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тұрғын үйлер мен басқа да объектілерді салу кезінде құрылысқа тапсырыс беруші жеке қаражаты есебінен абоненттік пошта жәшіктерін жобалау және орнату бойынша міндеттемені алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет