Пособие Көркем шығарманы талдау indd



Pdf көрінісі
бет20/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Көркем шығарманы талдау

(журналист
 
Ж. Қалыбайдың ақынмен өмірбаяндық сыр-сұхбатынан)


24
Бірінші оқиға: Б
арСелоНа. өГІЗБеН жеКпе-жеК
1982 жылы 40 жасымда маған Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 
Бұл сыйлықты орыстілді ақындардың ішінде Олжас Сүлейменов алғашқылардың 
бірі болып алса, ұлт тілінде жазатын Орта Азия мен Қазақстан әдебиетшілері арасынан 
мен иелендім. Ол шығармаларымның бүкіл Кеңес Одағы жастарына белгілі бола 
бастаған, орыс халқының арасында да өлеңдерімді жатқа айтушылардың бой көрсете 
бастаған шағы еді. Сол кезде Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік жастар одағы 
Орталық комитетінің арнайы қаулысымен бірнеше елді кемемен аралайтын сапар 
ұйымдастырылды. Оған Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен 700-дей еңбек озаттары, 
жас ғалымдар, студенттер, одақтас республикалардағы комсомол жетекшілері іріктеліп 
алыныпты. Ақын-жазушылар арасынан бұл топқа мені ғана ендіріпті. Ал Қазақстаннан 
ЛКЖО Орталық комитетінің бөлім бастығы Коломенцев деген жігіт қана болды. Қазір 
Президент аппаратында қызмет істейді (менің өгізбен жекпе-жегімді суретке түсірген 
сол). Сонымен бірнеше күн саяхат шегіп, алдымен Италияға, сосын Испанияның 
Барселона қаласына келіп тұмсық тіредік. Содан бәрімізді қала орталығындағы стадионға 
алып барды. Бұл арада жұрт, негізінен, өгізбен жекпе-жекті тамашалайды екен. Едәуір 
уақыттан кейін стадионға біреу шығып: «Сіздердің араларыңызда өгізбен айқасқа түсетін 
талапкер бар ма?» – деп сұрады. Стадионда біздің 700 адамнан бөлек, басқа жақтан да 
кемемен, өзге көліктермен келген саяхатшылар жетерлік екен. Ешкім тіл қатпады. Ана 
жігіт екінші, үшінші рет дауыстады. Ешкім қозғала қоймады. Сол сәтте желке тұсымда 
отырған бір әйелдің «Біздің арамызда еркек кіндік мүлде жоқ екен-ау» деген сөзіне 
намысым қайнап кетіп, алаңға секіріп түстім. Арқамнан шыққан дауысқа жалт қарасам, 
бізді басқарып келген БЛКЖО Орталық комитетінің хатшысы екен. Ол орнынан тұрып, 
менің кері қайтуымды талап етті. Өйткені сол күні кешкі сағат 7-де кемеде менің поэзия 
кешім жоспарланған-ды. Алған беттен қайтам ба? Жекпе-жекті ұйымдастырғалы 
тұрған жігіт қолыма қызыл матаны ұстата салды. Бұрын теледидардан қызыл шұғаны 
қалай ұстап, өгізді қалай алдау керектігін бірнеше рет көргенім бар. Әдетте қызыл мата 
өгіздің қанын қайнатып, жынын келтіреді екен. Теледидардан көргенімді жасамаққа 
бекіндім. Бір уақытта тайынша өгізді босатты. Ол көзін аларта маған қарай ұмтылды. Мен 
қолымдағы матаны біресе оң жағыма, енді бірде сол жағыма ұстап, өгізді алдап тұрдым. 
Зеңгі баба ұрпағы өршелене, ызалана бастағандай. Қызыл матаны тастай салып, қашып 
кетейін десем, еркектік намысым жіберер емес. Олай ету нағыз масқаралықтың көкесі 
болары хақ. Қысылғаннан терлеп кеттім. Бірте-бірте тәуекелге бел буып, ақырына дейін 
шыдауға іштей серт еттім.
Біздің арамызда Татарстаннан келген зор денелі, еңгезердей жігіт бар еді. Сол 
алаңға секіріп түсті де: «Қане, енді матаны маған беріңіз», – деді. Мен қуана-қуана қызыл 
матаны соған ұстаттым да, шетке шықтым. Жұрттың бәрі маған ерекше құрметпен қарап, 
шулап, шапалақ соқты. Нақ бір ұлттық батырдай қошемет көрсетіп, қызық болды. Татар 
жігіті де өгізді ары-бері алдаусыратып тұрды. Бір кезде оқыстан бұрыла соққан өгіздің 
мүйізі жігіттің арқа жағына кіріп кетіп, үстіндегі аппақ көйлегі қызыл қанға боялды. 
Бірақ әлгі жігіт те мықты екен, жарақат алғанына қарамастан, өгізді мүйізінен ұстап, 
жерге атып ұрды. Түптеп келгенде, нағыз еркектікті татар жігіті көрсетті. Іле-шала жедел 
жәрдем көлігі келіп, жігітті Барселона ауруханасына алып кетті. Біз оған ортадан қаржы 
жинап бердік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет