25
сувенир алуға шыққалы тұрмын.
Қаласаңыз, бірге барып қайтайық», – деді. Екеуміз
такси ұстап, орталық супермаркетке соқтық. Төрт қабаттан тұратын үлкен супермаркетті
армансыз-ақ араладық. Бір кезде жан-жағыма қарасам, әлгі жігітім жоқ. Жүрегім аузыма
тығылды. Мыңдаған адам сапырылысқан төрт қабатты дүкенді түгел шарлап шықтым.
Жоқ! Енді қайттім? Ақыры үмітім үзіліп, кемеге жеке қайтуға бекіндім. Масқара болғанда
кеме тоқтаған жердің не деп аталатынын да сұрамаппын. Испанша бар білетінім екі ауыз
сөз – «Кванте квоста?» – «Бағасы қанша тұрады?» Басқа дым сызбаймын. Бір кезде кеме
тоқтаған порттан өз заманында Америка құрлығын ашқан атақты саяхатшы Христофор
Колумбқа қойылған ескерткішті көргенім есіме сап ете түсті. Яғни, сол ескерткіш арқылы
портты тауып алуға мүмкіндік бар.
Сағатыма қарасам, кеменің порттан аттануына 35-
ақ минут қалыпты. Өмірімде мұндай қысылмаған шығармын. Санасам, қалтамдағы бар
қаржым 40 доллар ғана екен. «Кванте квоста?» – «Бағасы қанша тұрады?»
деген сауда
сөзінен басқа дым ұқпайтын басыммен миллиондаған халқы бар Барселонада жападан-
жалғыз қалу қандай азап екенін сезіне бастағанымда қаным басыма шапшыды.
Тосын
қимылға көшуге бел будым. Кез келген ересектеу адамды тоқтатамын да, орыс тілінде:
«Где памятник Христофора Колумба?» – деп бір қолымды көтеремін. Өйткені Колумбқа
қойылған ескерткіште ол бір қолын көтеріп тұрған болатын. Адамдар аң-таң күйде
маған одырая қарайды да, түсінбеген кейіп көрсетіп, иығын қомдаған күйі өте шығады.
Кейбірі
тіпті сөзге келмей, үркек мінез танытып, кілт бұрылып кетеді. «Мына
бейшара
өзін мен Христофор Колумбпын деп әйгілемек, яғни есі ауысқан біреу шығар» деп бара
жатыр ма деп қоям. Бірақ басқа амалым жоқ. Осылай жарты сағат әлекке түстім. Тек
бір кезде елулер шамасындағы еркек «А, монумент?» – деді. Әйелім ұл туғанда мұндай
қуанбаған шығармын. Монументтің халықаралық сөз екені сол кезде ғана есіме түсті.
Сасқанымнан: «Иә, иә, монумент, монумент!» – деп әлгіні құшақтай алдым. Жалма-жан
қалтамнан қаламым мен қағазымды шығарып, «мынаған испан, испан, испанша жаз»
деп ымдадым. Әлгі еркек қағазға мен баруға тиісті порттың атын, Христофор Колумбтың
ескерткішін де қоса жазып берді. Сол хатты жол жиегінде тұрған таксидің жүргізушісіне
беріп едім, ол
машинасын жеделдете айдап, мені портқа алып келді. 700-дей жолаушы
тиеген алып кеме менің келуімді 40 минут күтіп тұрыпты.
Амалы таусылған соң
шынжырын жинап, енді жүргелі жатыр екен. Тәртібі қатаң сақталатын кемені сапарынан
40 минут бойы кешігуге мәжбүрлеген менің сол кемеде орыс тілінде өткізген поэзия
кешім мен стадиондағы өгізбен жекпе-жегім екені көзге ұрып тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: