Пособие Көркем шығарманы талдау indd



Pdf көрінісі
бет24/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Көркем шығарманы талдау

Көршіңмен талқыла!
1. Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің? (қазақтың ұлы ағартушысы, ірі 
ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы, зерттеуші, 
бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы)
2. Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» топтамасына кімнің мысалдары 
енгізілген?
3. Ахмет қандай оқулықтардың авторы?
ахмет туралы бейнематериалды тамашалап, болжамдарыңмен сәйкестігін 
салыстыр!
1-тапсырма.
Ақынның екі өлеңін салыстыра отырып оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
қазақ қалпы
қазақ салты
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған?! 
Алаштың адамының бәрі мәлім:
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.
Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп
Киіздей шала басып, қарпылмаған. 
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.
Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік,
Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алты бақан дертпен кірдік.
Бейне бір құдіретті сынағандай,
«Сақтар деп, сақтар болса» – сертпен жүрдік.
Жат жақты Жаратқанға күзеттіріп,
Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік.
Білдірдік елдің сырын, ердің құнын,
Елеріп ерегіске екі-үш күндік. 


28
Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп,
Телміріп, бір тойғанын ар қылмаған.
Ақ көңіл, алаң-бұлаң адамдар бар
Есептеп азын көпке, аңқылдаған. 
Қайырсыз, неше сараң байлар да бар
Қайықтай толқындағы қалтылдаған.
Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп,
Ұмтылып талап ойлап талпынбаған. 
Солардың қатарында біз де жүрміз
Мәз болып құр түймеге жарқылдаған.
Не пайда өнерің мен біліміңнен,
Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған? 
Бұл бір сөз қасірет етіп, хатқа жазған,
Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан.
Кіреді тентек есі түстен кейін,
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.
Әлі де, саңылаусыз салтын бағып,
Түрі жоқ іс айтатын пәлен дерлік. 
«Ұлы той көппен көрген жалғыз мен бе? –
Деп отыр, – не болса да жұртпен көрдік».
1-тапсырма. 
1. Автор екі өлеңінде қазақ жұртының тұрмыс-тіршілігіндегі қандай кемшіліктерді 
сынайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет