Әдебиеттану терминдеріне түсінік
айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Айтыс сөз сайысының, өнер
жарысының жоғары түрі. Айтыс түрлері: бәдік айтыс, жануарлар мен адам айтысы,
жұмбақ айтыс, салт айтысы. Салт айтысының екі түрі бар: қыз бен жігіт айтысы және
ақындар айтысы.
ақын – поэзиялық туындыларды ауызша суырыпсалма түрінде немесе жазып
шығаратын сөз өнерінің иесі.
аллегория – ( пернелеу) – жан-жануарларға адамның мінез-құлық сипатын беру.
Қоян – қорқақ, түлкі – қу, арыстан – озбыр.
аллитерация – шығармадағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы.
анафора – өлең жолының немесе тармақтардың үнемі бір сөзден басталып
қайталануы.
антитеза – шендестіру – қарама-қарсылық, салыстыра суреттеу.
аңыз – тариха шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе көркем шығармаға
айналып кеткен әңгіме.
арнау – белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен
жазылған дербес поэзиялық туынды.
ассонанс – өлең құрылысындағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы.
Әдебиет – «үлгілі сөз», оқиғаны көркем сөзбен суреттеп жеткізетін өмір айнасы.
Әдебиет теориясы – әдебиетті, әдеби шығарманы зерттейтін ілім.
Әдеби кейіпкер – ақын, жазушының идеясын, ұстанымын жүзеге асырушы.
Әңгіме – көлемі жағынан шағын, баяндау түрінде қара сөзбен жазылған, оқиғаға
құрылған көркем шығарма. Әңгімеде оқиғалар қысқа суреттеліп, кейіпкерлер саны
шектеулі болады.
Әсірелеу – гротеск – әдеби шығарма оқиғасын шамадан тыс асыра суреттеу.
Баяндау – көркем шығарма оқиғасын желілі түрде әдеби тілмен көркемдегіш
құралдар арқылы әңгімелеп жеткізу.
Буын – өлең жолындағы дауысты дыбыстар саны.
Бунақ – өлеңдегі дауыс толқынының арасы, өлеңнің ырғағы.
Гипербола – кез келген нәрсені, оқиғаны шамадан тыс асыра, ұлғайтып көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |