Пособие Көркем шығарманы талдау indd


Градация – дамыту – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғыны асыра  айту. дастан



Pdf көрінісі
бет32/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Көркем шығарманы талдау

Градация – дамыту – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғыны асыра 
айту.
дастан – өлеңмен де, қара сөзбен де айтылатын эпикалық жанр түрі.
диалог – шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
ертегі – авторы белгісіз, халықтың дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-
ғұрпын, нанымы мен сенімін қиял тұрғысынан бейнелейтін ауыз әдебиетінің түрі.
Идея – жазушының өзі көтерген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы 
айтпақ ойы, танытпақ шындығы.
Ирония – көркем шығармадағы сырты сыпайы, іші толған ащы күлкі, мысқыл 
болып келетін өрнектеу тәсілі. 
Композиция – шығармадағы оқиғалардың белгілі бір заңдылықпен орналасып, 
тақырып пен идеяның үндесуін қамтамасыз ететін көркем шығарма құрылысы.
Кейіптеу – жансызға жандының қасиеттерін беріп суреттеу.
Көркем бейне – шығармадағы кез келген кейіпкерді бейнелеу.
қайталау өлеңде бір сөзді ерекше мән, екпін беріп қайталау.
лирика – адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін сыршыл өлең түрі. Лирика 
саяси лирика, азаматтық лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат 
лирикасы деп бөлінеді.
лирикалық кейіпкер – оқырман көңілінен шығып,дәл өзіндей сырласатын өлең 
кейіпкері. Лирикалық шығармада ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді.
литота – затты, құбылысты мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу.
мазмұн – шығармада өрнектелген шындық.
мақал – көлемі шағын, мазмұны кең, тілі өткір, мағынасы терең, тұжырымдалған 
ой,даналық қорытынды жасалған ауыз әдебиетінің түрі.


35
мәтел – жанамалап, нұсқай салу түрінде айтылған тұжырымды ой.
метафора – затты немесе құбылысты екінші ұқсас нәрсемен ауыстыру, балау, 
салыстыра суреттеу. 
метонимия – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына 
бірін алмастыра қолдану тәсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет