Пособие Көркем шығарманы талдау indd


мәтіндік талдауға арналған құралдар



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Көркем шығарманы талдау

мәтіндік талдауға арналған құралдар
Тақырып, проблематика, жанрсыз ешқандай көркем туынды жоқ. Солар – 
шығармаға ұйытқы, шығарманың стильдік элементтерінің қазығы, өзегі. Соның ішіндегі 
ең бастысы – шығарма проблематикасы. Проблематика – тек форманы ғана емес
форманы тудырушы жанрды да айқындайды. Идеясын жүзеге асыру үшін жазушы соған 
лайық жанр іздейді. Автор оқырманды қызықтыру және әсер ету үшін жазады. Алдымен 
автордың мәтінді құрастыруда қандай кезеңдерден өтетіндігіне тоқталып кетейік.
Көркем шығарманы құрастыру процесі
Автор 
мәтін құрастырудағы мақсаты
жазба жұмысына сай келетін жанрды (роман, өлең, пьеса) таңдайды
автор өз оқырманының талғамына сай мәтін құрастыру формасын ойлай бастайды және 
ізденеді.
ол форма/көлемді таңдауға мүмкіндік береді (14 жолды өлең, 100 беттік шығарманы)
көркемдік шешімдерге әкеледі
үн, тіл, грамматика/синтакс (сөйлемдердің құрылу жолы), кейіпкер, оқиға, құрылым/
композиция
Осы процесс арқылы көркем шығарманы құрастырады.
Бұл процестің көп аспектілері бір уақытта жүзеге асып жатады. Алайда бұл 
процесті қадам-қадаммен бөліп қарастыру арқылы жазушы сөзбен-сөзді, сөйлеммен-
сөйлемді байланыстыра отырып, мәтін құрастырады және көлемді шығарма құрастыруда 
көптеген стратегияларды қолданады. 
Үн және көзқарас
Барлық авторлар үшін ең басты нәрсе – оқырман немесе аудиториямен қарым-
қатынас орнату. Бұл сырт қарағанда оңай боп көрінгенімен, өте қиын. Автор өз үнін, 
тұлғалық ерекшелігін шығарма арқылы көрсетуді мақсат етеді және оны оқу барысында 
түсінуге болады. 
Таныс емес мәтіннен үнді анықтау жолы төмендегідей:
Өзіңе сұрақ қой.
Сөйлеп тұрған кім?
Қандай пікір тұрғысынан сөйлеп тұр?
Бұл үн қалай жасалған?
Не мақсатпен?
Бұл сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің қандай мағына беретінін түсінуге 
болады. 
Жалпы айтқанда, жазушылар мәтінге үн қосу арқылы белгілі бір нәрселерді 
ерекше көзқараспен ұсынады. Кей жағдайда олар «мен» сөзін қолданып отырады. Бұл 
бірінші жақтан әңгімелеу деп аталады. Яғни, автор оқиға туралы, одан кейін не болатыны 
туралы біледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет