Кейіпкер Ең басында айтылғандай, бірінші жақтан сөйлеуші кейіпкерді сомдаған кезде автор
оқиғаны сипаттаушыға көбірек мән береді, кейіпкер сөйлеуші пікірімен ғана сомдалады.
Ал үшінші жақтан жазғанда кейіпкерді сипаттауға көп мүмкіндік беріледі. Автор:
• Тарихы мен кейіпкер туралы мәлімет
• Физикалық сипаттама
• Кейіпкер туралы автордың көрсеткен жасырын ойлары
• Кейіпкер мен ассоциация беретін символдар, суреттер (бейнелер)
• Кейіпкер ойы, сөзі және оның жазылуы
Сонымен қатар оқырман төмендегілерді негізге ала отырып баға береді:
• Кейіпкер туралы ойлары/сөздері;
• Кейіпкердің өзгелермен қарым- қатынасы;
• Кейіпкер не істеді/ кейіпкер қалай өзгерді.
диалог және сөйлеу Әңгімелерде шынайы өмірде болатын сөйлесу процесін қолданады, алайда оның
барлығын: кідіріс, қайталаулар, т.б. жазу барысында қолдану қиын. Сол себепті авторлар
диалогты қолдануда төмендегілерге баса назар аударады:
• Кейіпкерді көрсету
• Сюжетін дамыту
• Белгілі бір қарым-қатынас не жағдай туралы ақпарат беру
• Жақсы құрылған диалог кейіпкерді түсінуге мүмкіндік береді.
атмосфера және контекст Жазушы оқиғаны жазған кезде кейіпкерден емес, белгілі бір көңіл-күй не
атмосферамен бастайды. Автор оқиғаның белгілі бір жағдаяты, орнымен бастауы мүмкін.
Кез келген әдеби шығармада (проза, поэзия) ауа райына, табиғатқа назар аударады. Автор
ауа райын кейіпкердің көңіл-күйін көрсету үшін қолданады.
Автор мақсатын түсіну үшін кейіпкерлер іс-әрекетіне зерттеу керек.
Сыртқы конфликт
Ішкі конфликт
Жеке тұлғалар арасындағы конфликт
Кейіпкерлер арасындағы идеялар конфликтісі
Топтар арасындағы конфликт
Кейіпкерлер арасындағы құндылықтар
конфликтісі
Белгілі бір оқиға немесе жағдайдан
туындаған конфликт
Кейіпкер эмоциясы арасындағы конфликтісі
Қорытындылай келе, драма мен поэзияны оқыған кезде төмендегілерге назар
аудару керек.
• Автор үні
• Әңгімелеуші үні мен көзқарас
• Сөз, сөйлем және оның әсері, шақтарды қолдануда тілдік ерекшелігіне назар
аудару
• Көркемдегіш құралдар (метафора, эпитет)
• Кейіпкерді таныстыру
• Атмосфера мен оқиғаны жазу мақсаты мен таныстыруы
• Әңгімелеу құрылымы
• Мәтінге жауап беру, мағына мен форманы ажырату және интерпретациялау
• Әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, мәтінді талдау
13
• Мәтін мағынасын жасауда тіл, стиль, форманың қалай жұмыс жасайтындығын
анықтау
• Мәтін ішіндегі детальдар арқылы автор тақырыбы мен мақсатын анықтау.