Постановление Правления алматы қаласы город Алматы



Дата29.06.2016
өлшемі213.5 Kb.
#164982
түріПостановление



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






Жоба

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы





город Алматы














Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі №358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:

жаңадан құрылатын банктер үшін:

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге мөлшерде;

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге мөлшерде;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге мөлшерде;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге мөлшерде;

тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерде.

Банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге мөлшерде;

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге мөлшерде;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге мөлшерде;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге мөлшерде;

тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерде.»;

2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, егер мұндай сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген кез келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға алып келмейтiн жағдайда ғана сатып алады.»;

3-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларынан басқа уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларын да таниды.»;

5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мерзiмсiз қаржы құралдарын шығарған банктiң бастамасы бойынша ғана мерзiмiнен бұрын, бiрақ оларды шығарған күннен бастап бес жыл мерзiм өткеннен ерте емес өтелуi тиiс, егер мұндай өтеу уәкілетті органның жазбаша растауына сәйкес соңынан банктің осы Нұсқаулықта белгiленген пруденциалдық нормативтердiң мәндерiн бұзуына әкелмейтiн жағдайда;»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Банктiң меншiктi капиталына қатысты мiндеттемелерi бойынша оның бiр заемшыға келетін банк тәуекелiнiң мөлшерiне қатысы:

бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші еншілес ұйымдарды (k3.1) қоспағанда, банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар қарыз алушылар үшін - 0,10 аспауы тиіс. Банкпен айрықша қатынастармен байланысты қарыз алушылар бойынша, күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші еншілес ұйымдарды қоспағанда, тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс;

басқа қарыз алушылар үшін (k3) - 0,25 (оның ішінде бланктік қарыздар, қарыз алушы алдындағы не банктің ағымдағы және содан кейінгі екі ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, осы Нұсқаулықтың 35-1-тармағында көрсетілген тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің бір тармағынан төмен болмайтын Standard&Poor's агенттігінің рейтингісі немесе одан басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard&Poor's агенттігінің «А» рейтингінен төмен емес рейтингісі немесе одан басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент еместерге талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының оффшор аймақтарда тіркелген немесе азаматтары болып табылатын резидент еместерінің міндеттемелері бойынша 0,10 аспайды) аспайды.

Әрқайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын банктің бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдерінің жиынтық сомасы бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымдарды қоспағанда, банктің меншікті капиталының мөлшерінен бес еседен аса аспайды.

«Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспайды.»;

45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45-1. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерi болған кезде, өтiмдiлiк нормативтерi орташа айлық негізде айқындалатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қарамастан орындалмаған болып есептеледi.»;

45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45-1. Өтiмдiлiк нормативтерi орташа айлық негізде айқындалатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қарамастан, мынадай жағдайларда:

1) банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерi болған кезде;

2) банк жеке тұлғалардың жаңадан тартылған (теңгемен және шетел валютасымен) депозиттері бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі белгілейтін және оларды сақтау үшін банктерге ұсынылатын ең жоғары (ұсынылатын) сыйақы мөлшерлемелерін асырған кезде орындалмаған болып есептеледi.»;

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы банктiң талаптарының (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы мiндеттемелерiнiң (талаптарының) шегiнен асып кетуi.

Ұзын валюталық позиция - бұл талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы мiндеттемелерiнiң (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.

Қысқа валюталық позиция - бұл міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.

Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының (тазартылған бағалы металдар құнының) өзгеруімен белгiленетiн, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) енгiзiледi.

Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен анықталатын, теңгемен көрсетiлген талаптар (активтер, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер, шартты және ықтимал мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның мейлiнше төмен лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.

Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған бағалы металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.

Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) валюталары (тазартылған бағалы металдары) бойынша валюта ашық позицияларын есептеу кезінде бірінші кезекте активтер шоттарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде және банктің міндеттемелері шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттардың сальдосы есептеледі.

Одан кейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан арнайы резервтерді шегергенде, шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттар сальдосы анықталады.

Міндеттемелерден (талаптардан) шетел валютасындағы (тазартылған бағалы металдағы) талаптардың (міндеттемелердің) асып кетуін көрсететін сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған нәтиже банктің шетел валютасы (тазартылған бағалы метал) бойынша ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.

Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясы банктің меншікті капиталы мөлшерінің 30 (отыз) пайызынан аспауы тиіс.

Банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін туынды қаржы құралдарының тізбесіне банктер жасаған мәміле споты енгізілмейді.

Туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарсы агенті болып табылатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық құралдармен операциялар, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық своптар операциялары, базалық активтері ұлттық валютадан тұрмайтын валюталық жұп болып табылатын туынды қаржы құралдары енгізілмейді.

Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталары (тазартылған бағалы металдары) және барлық шетелдік валюталар бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлiгiндегi валюта позициясы есебіне енгiзiледi.

Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.»;

53-6, 53-7 және 53-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«53-6. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының меншікті капиталдың орташа айлық шамасының, реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.

53-7. Банктің ішкі активтері активтерді (ақша) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.

Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын білдіреді.

53-8. Банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың жалпы сомасының, мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.

Меншікті капиталдың орташа айлық шамасы есепті кезеңнің әрбір жұмыс күніндегі жағдай бойынша меншікті капитал сомасының тиісті есепті кезеңнің жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.

Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін меншікті капитал бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, Казахстан Республикасының резидент емес еншілес ұйымдарына инвестицияларды қоспағанда, мынадай мөлшерлерде пайдаланылады:

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0,3-ке көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;

2015 жылғы 1 қазаннан бастап – 0,7-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні.»;

мынадай мазмұндағы 6-4-тараумен толықтырылсын:

«6-4. Банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың ең жоғары үлесінің лимиті

53-10. Банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың ең жоғары үлесінің лимиті к11 коэффициентімен сипатталады, 0,10-нан аспайтын мөлшерде белгіленеді және есепті күнге жұмыс істемейтін қарыздардың банктің несие портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.

53-11. Осы Нұсқаулықтың 53-10-тармағында көрсетілген коэффициентті есептеу мақсаттары үшін:

жұмыс істемейтін қарыздар ретінде есепті күнге олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде күнтізбелік тоқсан күннен жоғары негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (жеке кәсіпкерлерге берілетін қарыздарды, заңды тұлғаларға берілетін қарыздарды қоса, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін қарыздарды қоса, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жеке тұлғаларға берілетін қарыздар және «кері «РЕПО» операциясы) түсініледі;

несие портфелі ретінде есепті күнге ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (жеке кәсіпкерлерге берілетін қарыздарды, заңды тұлғаларға берілетін қарыздарды қоса, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін қарыздарды қоса, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жеке тұлғаларға берілетін қарыздар және «кері «РЕПО» операциясы) түсініледі.».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, егер мұндай сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген кез келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға алып келмейтiн жағдайда ғана сатып алады.»;

3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларынан басқа уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларын да таниды.»;

34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Банктің қарыз алушыға қоятын талаптарының жалпы көлемі олар пайда болған күні Нұсқаулықпен белгіленген шектеулер шегінде болған, бірақ соңынан соңғы үш ай ішінде банктің меншікті капиталының деңгейі бес пайыздан аспайтындай төмендеуіне байланысты не соңғы үш ай ішінде қарыз алушыға қойылатын талаптар он пайыз деп көрсетілген теңгенің шетел валютасына орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктің қарыз алушыға қоятын талаптарының өсуіне байланысты көрсетілген шектеулерден асып кеткен жағдайда бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі орындалды деп есептеледі.



Көрсетілген жағдайларда банк уәкілетті органды дереу хабардар етеді және ағымдағы және одан кейінгі айларда асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға арналған тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып кетуі көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.

35. Егер банктің қарыз алушысы банк алдындағы міндеттемелер пайда болған сәтте банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ соңынан сондай тұлға болса, онда Нұсқаулықтың 33-тармағының екінші абзацында белгіленген осындай қарыз алушыға арналған тәуекел мөлшері асып кеткен жағдайда егер банк қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе банк талаптарының бір бөлігін норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін орындау мүмкіндігін растай және осы бұзушылықты уәкілетті орган белгілеген мерзімде жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып, осы асып кету туралы уәкілетті органға дереу хабарласа, көрсетілген асып кету бұзылу ретінде қарастырылмайды.»;

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы банктiң талаптарының (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы мiндеттемелерiнiң (талаптарының) шегiнен асып кетуi.

Ұзын валюталық позиция - бұл талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы мiндеттемелерiнiң (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.

Қысқа валюталық позиция - бұл міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.

Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының (тазартылған бағалы металдар құнының) өзгеруімен белгiленетiн, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) енгiзiледi.

Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен анықталатын, теңгемен көрсетiлген талаптар (активтер, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер, шартты және ықтимал мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 47-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның мейлiнше төмен лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.

Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған бағалы металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.

Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) валюталары (тазартылған бағалы металдары) бойынша валюта ашық позицияларын есептеу кезінде бірінші кезекте активтер шоттарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде және банктің міндеттемелері шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттардың сальдосы есептеледі.

Одан кейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан арнайы резервтерді шегергенде, шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттар сальдосы анықталады.

Міндеттемелерден (талаптардан) шетел валютасындағы (тазартылған бағалы металдағы) талаптардың (міндеттемелердің) асып кетуін көрсететін сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған нәтиже банктің шетел валютасы (тазартылған бағалы метал) бойынша ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.

Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясы банктің меншікті капиталы мөлшерінің 30 (отыз) пайызынан аспауы тиіс.

Банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін туынды қаржы құралдарының тізбесіне банктер жасаған мәміле споты енгізілмейді.

Туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарсы агенті болып табылатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық құралдармен операциялар, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық своптар операциялары, базалық активтері ұлттық валютадан тұрмайтын валюталық жұп болып табылатын туынды қаржы құралдары енгізілмейді.

Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталары (тазартылған бағалы металдары) және барлық шетелдік валюталар бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлiгiндегi валюта позициясы есебіне енгiзiледi.

Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.

Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция бойынша валюталық позициялар осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес есептеледі.

Шетелдік және ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру осы Нұсқаулықтың 8 және 9-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.»;

51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«51. Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы k7, k8 және k9 коэффициенттерімен сипатталады.

k7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимиті 1 мөлшерде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.

Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:

Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;

Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;

кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімді және шартты депозиттері.

Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:

өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына (бұдан әрі – № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары – коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;

халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;

халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. және EuroclearBankSA/NV) болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемеле.»;

55, 56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«55. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының меншікті капиталдың орташа айлық шамасының, реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.

Коэффициент үтірден кейін үш таңбамен беріледі

56. Банктің ішкі активтері активтерді (ақша) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.

Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын білдіреді.

57. Банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың жалпы сомасының, мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.

Меншікті капиталдың орташа айлық шамасы есепті кезеңнің әрбір жұмыс күніндегі жағдай бойынша меншікті капитал сомасының тиісті есепті кезеңнің жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.

Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін меншікті капитал бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, Казахстан Республикасының резидент емес еншілес ұйымдарына инвестицияларды қоспағанда, мынадай мөлшерлерде пайдаланылады:

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0,3-ке көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;

2015 жылғы 1 қазаннан бастап – 0,7-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні.»;

мынадай мазмұндағы 10-тараумен толықтырылсын:

«10. Банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың ең жоғары үлесінің лимиті

59. Банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың ең жоғары үлесінің лимиті к11 коэффициентімен сипатталады, 0,10-нан аспайтын мөлшерде белгіленеді және есепті күнге жұмыс істемейтін қарыздардың банктің несие портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.

60. Осы Нұсқаулықтың 59-тармағында көрсетілген коэффициентті есептеу мақсаттары үшін:

жұмыс істемейтін қарыздар ретінде есепті күнге олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде күнтізбелік тоқсан күннен жоғары негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (жеке кәсіпкерлерге берілетін қарыздарды, заңды тұлғаларға берілетін қарыздарды қоса, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін қарыздарды қоса, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жеке тұлғаларға берілетін қарыздар және «кері «РЕПО» операциясы) түсініледі;

несие портфелі ретінде есепті күнге ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (жеке кәсіпкерлерге берілетін қарыздарды, заңды тұлғаларға берілетін қарыздарды қоса, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін қарыздарды қоса, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жеке тұлғаларға берілетін қарыздар және «кері «РЕПО» операциясы) түсініледі.».

3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күні туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясының лимиттерінен асып түскен екінші деңгейдегі банк үшін туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясына қойылатын талаптарды осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) айға дейінгі мерзімде орындау осы қаулының 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін іс-шаралар жоспарымен белгіленген мәндерді сақтау болып табылады.

4. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап келесі есепті күнге банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентінің нормативінен асып түскен екінші деңгейдегі банк үшін банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентінің талаптарын осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) айға дейінгі мерзімде орындау осы қаулының 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін іс-шаралар жоспарымен белгіленген мәндерді сақтау болып табылады.

5. Осы қаулының мақсаттары үшін іс-шаралар жоспарына мынадай талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мақұлданады;

2) нормативті мәндердің болжамынан, осы болжамның негіздемесінен және банк қызметіне теріс ықпалдардан тұрады;

3) іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты лауазымды тұлғалар бойынша ақпараттан тұрады.

6. Осы қаулы:

2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз төртінші – қырық тоғызыншы абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының он бірінші – жиырма тоғызыншы абзацтарын;

2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отызыншы – отыз үшінші абзацтарын;

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының елуінші – елу сегізінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының қырық бірінші – елуінші абзаңтарын;

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші – он алтыншы абзацтарын, елу тоғызыншы – алпыс төртінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының елу бірінші – елу алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осы қаулының 1-тармағының жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтары 2013 жылғы 28 тамыздан бастап 2014 жылғы 30 қыркүйек аралығында туындаған қатынастарға қолданылады.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет