Практическая работа по развитию способности к выразительному чтению через произведения разных жанров по «Литературному чтению»



Pdf көрінісі
бет86/100
Дата19.07.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475729
түріПрактическая работа
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100
4. Развитие навыков выразительного чтения

Ханның қызы: Əке, саспа, ол адамдарды маған жібер!  
Автор: Содан кейін үшеуін хан қызының сарайына алып барады. Қыз 
қонақтарды күтеді. 
Қыз: Əңгіме айтыңыздар!  
Тұрсынханның үш ұлы: Сіз айтыңыз!  
Қыз: Мен айтсам, айтайын. «Баяғыда бір ханның қызы бар еді, өзі 
асқан данышпан адам еді. Оны бір күні байдың баласы алады. Əлгі қыз бір 
күні сейілге шығады, қасында нөкерлері бар. Сейілде жүріп, бір кезде жеміс 
егісіне келеді. Танысып, ағаш аралап жүріп, қыз таңдаған жемісін алғызып 
жеп жүреді. Бір жерге келіп, қыз бағбанға: 
– Ана бір жемісіңізді беріңіз, – дейді. 
– Менің сұрағанымды берсең, əперейін, – дейді жемісші. 
– Жарайды, айт сұрағаныңды, – дейді қыз. 
– Əкең сені бір байдың ұлына берген еді, сол енді келеді. Ол келетін 
күннен бір күн бұрын маған келіп жолығып кетсең болады, – дейді жемісші. 
– Жарайды, – деп, қыз жемісті алып кетеді. 
Сол күні кешке жақын күйеу қалыңдық көруге келеді. Жеңгелері қызды 
күйеуге апарады. Қыз күйеуінің жанына барып отыра беріп: 
– Ойбай! – деп, жамбасын бір салады.
Оған күйеу: Оның қалай, неменеге өкіндің, жамбасыңды ұрғаның не? – 
деп сұрайды.
Қыз: Бір жерге бір адам осы күні кел! – деп еді, мен соған бара алмай 
ұмытып кетіппін. Сол жаңа есіме түсіп отырғаны, сізден рұқсат болса, 
барамын да келемін, – депті. 
Е, ондай болса, «уағдаға опа» деген барып кел! – деп, күйеу 
қалыңдығын жіберген екен. Қыз кетіп бара жатқанда, жолда үш ұры ұстап 
алады. Қыз барлық сырын айтқан соң, ұрылар да еш нəрсесіне тимей қызды 
қоя береді. Қыз сол бетімен жемісшіге барады. Жемісші келгеніне разы 
болып: Жарайды, рақмет сізге, еш қиянат қылмаймын. Үйіңізге барыңыз. 
Сізге кел деген себебім, күйеуіңізді сынайын деп едім, – деп қызды қоя 
береді. 
– Міне, əңгіме айт десеңіздер, осылардың қайсысы жомарт, табыңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет