Практика өту жөніндегі Форма бағдарлама және әдістемелік ф со пгу


V. Студентке есеп құжаттарын жазуға қойылатын талаптар



бет6/8
Дата15.12.2022
өлшемі219 Kb.
#467314
1   2   3   4   5   6   7   8
V. Студентке есеп құжаттарын жазуға қойылатын талаптар
Студенттің міндеті:
- жеке тапсырмаларды орындау, практика күнделігін жазу;
- - ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау;
- ЖОО-ғы практика жетекшісіне мекеме жетекшісінің қолы қойылған жеке тапсырманы орындағаны жөніндегі практика күнделігін, жазбаша есебін, баға қойылған мінездемесін өткізуі керек;
- практика нәтижесі бойынша есебін кафедра мәжілісінде қорғау.
Практиканы өту мерзімі кезінде студент орындаған қоғамдық, өндірістік жұмыстарының нәтижесі, мазмұны жазылған белгілі бір түрдегі күнделік толтыруы керек. Күнделік әр уақытта практика жетекшісіне көрсетіліп отырады. Студент өндірістік практиканың аяғында практикаға жазған есебіне, күнделігіне қол қойдырады. Практика күнделігі, есебі, мінездемесі шаруашылықтың қолдарымен расталады. Есептің алғашқы бетіне практика жөніндегі құжаттар (іс-сапар куәлігі, жолдама түбіртегі, күнделік), одан есептің мәтіні тігіледі. Әдебиет тізімінен кейін, парағының саны көрсетілген практика мазмұны тіркеледі.
Есепке практика жөніндегі негізгі құжаттардың көшірмесі және нұсқасы, фотосуреттер тіркеледі. Есепке ауыл шаруашылық мекеме жетекшісінің сын пікірін міндетті түрде тігуі керек. Өндірістік практика есебі сол жағынан 30 мм, оң жағынан 10 мм, астыңғы және үстіңгі жағынан 10 мм қалдырылып, А4 формат бетіне жазылады. Есеп түсінікті қолжазбамен, біркелкі сиямен, парақтың бір жағына ғана жазылуы керек. Есептің барлық парағы, кесте, иллюстрациялар араб санымен, оң төменгі бұрышына жазылады. Тақырыпшалар қою шрифтімен бөлектеніп жазылады. Мәтінде жазылған кестелер бөлек араб санымен номірленеді, № белгісі қойылмайды. Оң жаққа «Кесте» номірімен жазылады да, оған симитрично кестенің аталуы жазылады, содан соң Кесте өзі орналастырылады. Мәтінде кестенің номірі көрсетіліп, оған түсініктеме беріледі, кестенің ішінде міндетті түрде қайталанбайтын сан арқылы мәтіндік талқылау жазылмауы керек.
Жазылған есеп 25 беттен кем болмау керек және төмендегі бөлімдер көрсетілуі керек:

    1. Кіріспе

    2. Шаруашылыққа сипаттама

    3. Негізгі бөлім

    4. Қорытынды

    5. Қолданылған әдебиеттер тізімі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет