VI. Практиканың қорытындысын шығару тәртібі
Студенттің оқу практтикасының нәтижесі жөніндегі есебі, мінездемесі, күнделігі практика жетекшісімен тексеріліп, кафедра меңгерушісі өкімімен бекіген комиссия мүшелерінің алдында қорғалады да, есебі кафедраға өткізіледі. Есептің қоғау нәтижесі балдық-рейтингтік әріп жүйесіндегі дифференциалдық есеппен бағаланады.
VII. Білімді бағалау тәртібі:
Қорытынды баға қойылғанда төмендегі критерийлер ескеріледі:
- практика есебінің жазылу сапасы;
- берілген материалдардың орналасу логикасы мен реттілігі;
- есеп көлемінің берілген межеге сәйкестігі;
- есепті қорғаудың сапалық деңгейі;
- қойылған қосымша сұрақтарға жауабы.
Практика есебі бойынша біліміне қорытынды баға беру:
- берілген талап бойынша есепті жазуға- 30 балл;
- есепті қорғағаннан кейінгі біліміне баға беру- 60 балл;
- қосымша сұрақтарға берген жауабына-1 балл.
VIII. Білімді бағалау критериилері:
Бағаларды шкаламен бағалау білімді өлшеу құралы болып табылады. Бағаларды шкалалық бағалау балды-рейтингтік әріп жүйесіне негізделген.
Баллдың сандық эвивалентіне, бағаның пайыздық құрамы және дәстүрлік бағаға сәйккес бағаларды әріптік жүйеде көрсететін балды-рейтингтік әріп жүйесі он бір баллдық шкаладан тұрады.
Әріптік жүйенің бағасы болып білім деңгейіне байланысты A(ең жоғары баға) -дан F (ең төменгі баға)-ға дейін. ағылшын тіліндегі әріптер алынған.
Баллдың сандық эвиваленті болып 1,0-ден 4-ке дейін есептептелетін дұрыс және 0- қанағаттанарлықсыз бағаларға сандық жүйедегі арап сандары алынады.
Бағаның пайыздық құрамы пайызбен анықталады. Бұл үшін дұрыс бағалар 50% -тен 100%-ті , қанағаттанарлықсыз баға –0- ден 49%-ті алады.
Дәстүрлік баға төртбалды шкалада «өте жақсы», «жақсы»,
«қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» бағадан тұрады.
Студенттерге ақырғы нәтиже емтихан өткен күні емтихан комиссиясы мүшелерінің кеңесінен кейін жарияланады.
- егер алған баллы 90 – 100 –ді құраса «өте жақсы» бағасы қойылады;
- егер алған баллы 75 – 89- ды құраса «жақсы» бағасы қойылады;
- егер алған баллы 50-74-ті құраса «қанағаттанарлық» бағасы қойылады; - егер алған баллы 0-49 –ді құраса «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |