Практикалық жұмы Санау жүйесі (2 сағ) Мақсаты


Шын мәнісінде сәтті және кең өріс алған ноутбук - Compaq LTE



бет16/22
Дата19.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460947
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Практикалы ж КОМПархитек

Шын мәнісінде сәтті және кең өріс алған ноутбук - Compaq LTE (Сурет 5). Ол бір жылдан кейін жарық көрді. Ол 8086 процессоры мен де (9,95 МГц) сол сияқты 12-мегагерцті 80С 286 мен де шығарылған. Сол сияқты ол қатты дискпен қамтылған. Монохромды СК экранның рұқсаты 640x200 тең болатын.



Сурет 5. Коммерциялық тұрғыдан қарастырғанда, алғаш ең сәтті ноутбук Compaq LTE

1990 жылдың басындағы жаңа енгізулер Apple компаниясының шығармашылығына тікелей байланысты болды. 1991 жылы шыққан PowerBook 100, 140 және 170 пернетақта алғаш рет корпустың түбіне жылжытылады, ал оның алдыңғы жағында трэкбол орналасты. 1993 жылы компания сенсорлы панелі бар алғаш ноутбукты ұсынды. Ол кейіннен партотивті компьютерлердің стандартты манипуляциларына айналды.


Бұл екі оқиға арасында 1992 жылы IBM компаниясы ерекшеленеді, ол алғаш рет TFT-түрлі - түсті дисплеймен қамтылған, диогналі 10,4 - ThinkPad 700с ноутбугын шығарды.



Сурет 6. Apple PowerBook 100 сериясында ноутбуктар қазіргі кездегі ноутбуктарға ұқсас болды.

Аталған жағымды ерекшеліктердің барлығы кейіннен нарықтағы барлық қатысушыларымен енгізілген болатын. Соның салдарынан даму процесі күшейе түсті де өнімділік сапасы жоғарылай берді, массасы керісінше азайып, одан әрі дамыған дисплейлер т.б. құрылғылар шығарылған болатын. Құрылғысы жағынан қарастырсақ, ақырғы 15 жылдың ішінде ноутбуктар кереметтей өзгеріске ұшырамады.




Қазіргі кездегі ноутбуктардың құрылғысы
Қазіргі кездегі ноутбук екі бөліктен тұрады: оның төменгі жағында көбінесе электронды толықтырулар, барлық коммуникационды порттар мен кеңею слоттары, басқару құрылғылары орналасқан. Жоғары бөлігінде қақпағында - экран орналасқан. Кейбір кездерде қақпағына динамика немесе микрофон орнатылады (бірақ олар корпусқа да орнатылуы мүмкін). Экранның үстіңгі жағында орнатылған веб - камераларды да кездестіруге болады.
Корпустың ішінде аналық тақша орналасқан, онда барлық электронды компоненттер бар. Олардың бір бөлігі тақшаның үстінде орналасып, ауыстыруға жатпайды. Басқа бөлігі бір тетікшілерге орнатылады. Берілген бөлу маңызды болып табылады. Себебі ол ноутбукты таңдауға үлкен әсерін тигізеді.
Басында ноутбуктар үстел компьютерінің қарапайым компоненті ретінде құрастырылған болатын. Бірақ кейіннен осы жолдың тиімсіздігі көзге түсе бастады, себебі осы жол батареймен жұмыс істеу уақытын қатты шектеп отырды - ол портативті компьютер көрсеткішінің ең негізгісі болып табылады. Сондықтан 1990 жылы мамандырылған компоненттер (тікелей ноутбуктарға арналған) шығарыла бастады. Біріншісі - Intel 386SL мобильді процессоры болып табылады. Оның көмегімен портативті компьютерлерді өңдірушілер жаңа кезеңге көшті - одан бұрын көшу процесі жоғары электрді қолданылу салдарынан қиынға түскен болатын (80836 процессоры).
Кейіннен компоненттер саны портативті мамандырылған болып шықты. Бүгінгі күнге олардың ноутбукқа қолданылатын барлық түйіндері арнайы соларға құрастырылып отыр немесе мобильді қажеттіліктерге сай оптималды негізделген. Олардың ең негізгілерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет