Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне қарай біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орындалады. Операторлар бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы бөлініп жазылады. Бір жолға ораналасатын операторларды құраушы символдар саны 256 символдан артпауы керек.
Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін (меншіктеу, шартсыз көтеру, процедура шақыру) операторларды айтады.
Құрама операторлар бірнеше операторлардан құралады, оларға: шартты операторлар, таңдау операторы, қайталау операторлары жатады.
Операторлардың жіктелуі
Практикалық жұмыс №8
Тақырыбы: Айнымалылар. Тұрақтылар. Деректер.
Теорияға шолу
Паскаль тілінің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Атау – идентификатор программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б белгілеп жазу үшін қажет. Идентификатор – міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені, атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Мысалы, x, X1, cymma, DT3.
Идентификатор стандартты және бейстандартты болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы өзі тағайындайды. Пайдаланушы қойған бейстандартты атауларға қойылатын талаптар:
Атау тек латын әріптермен басталуы тиіс. Тек белгілер атауы ғана цифрдан да әріптенде бастала береді.
Атаудың алғашқыдан кейінгі символдары әріптерден, цифрлардан немесе астын сызу белгісінен тұруы мүмкін.
Қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос орын белгісі болуы қажет.
Атаудағы символдар саны 127 –ден аспауы қажет.
Атауда бас әріптер мен кіші әріптерді қатар пайдалануға рұқсат етілген, олардың ішкі кодтары әр түрлі болғанмен, транслятор үшін ешбір айырмасы жоқ болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |