Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Бағалау кезеңдері мен құралдары Практикалық оқыту нәтижелері: 1


Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі



бет3/4
Дата11.10.2023
өлшемі303.59 Kb.
#480394
түріСабақ
1   2   3   4
Практикалық сабақ 4

Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі
Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім берудің оқу бағдарламасына енгізілетін және апробацияланатын Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады және төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі:
• қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;
• тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізу рәсімдері;
• тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері;
• білім алушылардың портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар.
Бастауыш, орта, негізгі орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Критериалды бағалауға арналған бұл нұсқаулық жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Жинақта оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар үлгілері дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, бейімдеуге болады.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген.
Құжатта төмендегідей ақпараттар берілген:
• бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар;
• бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балмен, дескрипторлармен бірге берілген тапсырмалар үлгілері;
• тапсырмаларды құрастыру, рәсімдерді өткізу бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы;
• тоқсандық жиынтық бағалаудың балл қою кестесімен бірге тапсырмалар үлгілері.
1-сүретте Критериалды бағалау жүйесін жасақтау кезеңдері көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет