Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Бағалау кезеңдері мен құралдары Практикалық оқыту нәтижелері: 1


Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідейнұсқаулық-әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі



бет2/4
Дата11.10.2023
өлшемі303.59 Kb.
#480394
түріСабақ
1   2   3   4
Практикалық сабақ 4

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідейнұсқаулық-әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім);
Оқу бағдарламасы;
Оқу жоспары;
Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалдыбағалауды өткізу тәртібі;
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойыншанұсқаулық;
Негізгі, жалпы орта мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берустандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМББС) бойынша:
• білім алушылардың дайындық деңгейін;
• білім беру мазмұнын;
• білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін;
• оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.
Бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер бойынша ҚР МЖМБС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды. Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтау жасауы және бағалауы анықталады.
Оқу бағдарламасы
Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді,мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.
Оқу жоспары
Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұнын пәндер бойынша оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген іс-шаралар түрлерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады. Мұғалім мен білім алушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет