Балаға ат қою рәсімі, көбінесе, шілдехан ойын-сауық кезінде орындалады. Ертеде нәрестеге ат қою рәсімін, негізінен, жанұядағы ең үлкен ұлағатты кісі орындаған. Мұсылман дінінің рәсімі бойынша балаға “Азан шақырып ат қою” рәсімін қарт діндардан қажыға дейін құдай жолына берілген, иманы кәміл, адал жанды, ардақты адам орындайды. Тұрмыстық және әлеуметтік жағдайға байланысты, балаға ат қою рәсімін ата дәстүрінен аумай, салтанатты түрде өткізудің мєні зор,. Жанұяда балаға ат қою рәмімін орындаушылар кезегі: баба, ата, әке, ана, т.б. Егер баланың бабасы бар болса, ол-үлкен бақыт. Батасын беріп, бабасы ат қойған ұрпақ, кейін бабасын мақтанышпен еске алады, оның бауырмашылдығы, үлкен адамды құрметтеуі басқалардан басым болады.
Балаға ат қоюда қазақ халқы, көбінесе,атақты адамдардың атын қойды дәстүрге айналдырған. Мысалы: елін сүйген ерлердей болсын деп халық ұл балаларын: Алпамыс, Төлеген, Бауыржан,Тоқтар деп атаса, қыз балаларын: Мәншүк, Әлия деп атайды, мөлдір махаббат пен асқан сұлулықты қастерлеген халық қыз балаларын көбінесе: Баян, Жібек, Ақтоқты,Қарашаш, Айгерім, Ақбала деп атайды.
Ертеде баласы тұрмай, шетіней берген соң ата-ана ырым етіп, балаларына-Итбай,Байбөрі, Итемген, Күшікбай, т.б. ат қойѓан.
Аттыњ атау кезінде жан-жүйеге әсер ететін, әдептілікке бейімдейтін қасиеттері сол аттыњ өз мәніне байланысты болады.
Балаға ат қоюда ұлағаттылық пен жауаптылық қажет. Кейде баланың бастапқы аты ол өсе келе түрлі себептерден “дуалы” ауыздардан шыққан қосымша атаулармен өзгеріп отырады (Әбілмәмбет-Сабалақ-Абылай, Ыбраим-абай, Сәдуақас-Сәкен, т.б.).
Әрбір адам есімінің өзіне лайық мағынасы болатындықтан, ат қоюда сол ат қоюшы есімінің түпкі мәнін, болашақтағы маңызын жақсы білуге тиісті. Қазақ есімдерінің көбісі көне түрік, араб сөздерінен болғандықтан, есімдердің мәнін кез-келген адам біле бермеуі мүмкін (мысалы: Ықлима-асыл, Ахмет-мақтаулы, Әбдікерім-мейірман,Баян-айқын, Ғабит-Бас июші, Ғали-бай, Зәкір-ес, Сәбит-берік, Перизат-әдемі, Ләззат-тәттілік, Мәрзия-сүйкімді, Медет-жәрдем, Рахат-тыныштық, Уәли-әкім, Тағай-нағашы, Талғат-өң, рең,
Бесік тойы дәстүрінің ұлттық мәні
Қазақ баласының бесігі-құс төсек, жастық, жаялық, жөргек, қол бау, тізе бау, тізе жастық, бесік көрпе, шүмегі мен түбегі тазалық үшін ыңғайлы нәрселерден даярланған, екі басы доғаша иіліп жасалынған, құрау шабақтары нығыз қиюластырылған, екі қос аяқтары дөңес табанды, арқалығы өрнектелген жанұә.
Бесікке салу рәсімі көбінесе, баланы қырқынан (қырық күннен соң шілде шашын қырқып, суға күміс теңге салып шомылдыру) шығарған соң кішігірім той ретінде өтеді. Бесікке салу рәсіміне шақырылған ауыл-үйдың әйелдері шашуын, жол-жорасын ала келеді. Баланы алғаш рет бесікке бµлеу рәсімі ұрпақ өсірген үбірлі-шүбірлі әйелге тапсырылады. Бесікті жабдықтау, Бесік шашуын жасау, түбек үстін отпен аластау, баланы бөлеу ырымдары мен дєстүрлерін орындау мерейлі, өнегелі түрде жүргізілуге тиіс. Баланы бесікке салушыға жәнге оның көмекшілеріне ата-ана атынан көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі бола беруіне тілектестік білдіреді. Ана қуанышы, аналар мейірімі, ырымдағы имандылық пен ізеттіліктер, бата беру дєстүрі аналардың аналық махаббатын арттырып, мерейін тасытады.
Беташар.
Беташар-қазақ халқының келін түсіру салтанаты кезінде, келінді құрметтеп, оған әлім бере айтылатын дәстүрлі салт жыры. Беташар келін түсіру тойы ортасынан ауған кезде басталатын. (Қазіргі салт бойынша беташар жыры жар-жар жырынан соң айтылады). Бұрын той асы ішіліп,сауық қызған кезде, бұған дейін оң жақта шымылдық ішінде жаңа жұрт алдынан жүз тасалап отырѓан келінді басына шєлі бүркеп, екі келіншек ( екі жеңгесі) екі жағынан қолтықтап көпшіліктің алдына алып шығады. Әуелі үшеуі қоса келіп, қалың көпке тізе бүгіп сәлем береді. Осы кезде келіннің бетін ашатын кісі ( жыршы, ақын немесе ауылдың осындайға бейімі бар әнші жігіті) бұлардың қасына барып тұрады. Келіннің енесі ақша, теңге түйілген жібек орамалды қамшының сабына, немесе таяқтың ұшына байлап, бет ашатын кісінің қолына ұстатады. Ол қамшының сабымен (таяқтың ұшымен) келіннің кеудесіне дейін түскен шєліні желпіп тұрып беташар жырын айтады. Жаңа түскен келіннің моралдық (өнегелік, адамгершілік) (заңы) кодексі іспетті болып табылатын бұл беташар жыры үш бµлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жыршы келінніњ көрік келбетін мақтайды.
Беташардыњ екінші бөлімінде жыршы әндетіп тұрып келінді жаңа жұртпен – ауылдың ақсақалдарымен, өзінің атасымен, енесімен, қайнағалары-мен, абысындарымен, қайындарымен жеке-жеке (өлеңмен) таныстырады.
Келін сәлем қылатын әрбір адамның мінез-құлқын суреттеп, әрқайсысына арнайы сәлем еткізеді. Бет ашушы “Пәленге бір сәлем!”
деген сайын екі жағындағы екі келіншек келінніњ бетін ашып, қайта жабады, келін иіліп, аталған адамға тағзым етеді. Сөйтіп, ол түскен жеріндегі адамдармен әрі танысып, әрі олардың жақсы қылықтарынанүлгі-өнеге естіп, тәлім алады.
Беташардың үшінші бөлімінде жыршы келінніњ жүзін көргендері ұшін үлкендерден көмек сұрайды.
Осы арада жыршы кейбіреулердің сарањдығын шенеп, әжуа-күлкіге айналдырып жұртты да, келінді де күлдіреді. Сөйтіп, ол келінге тойға келген қалыњ көптен мал жинасып береді. “Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық” деген мәтел осыдан туған. Беташар жыры арқылы халық жас келінді келін боп түскен күннен бастап тәрбиелейді.
Сыңсу.
Сыњсу-қазақ халқының қыз ұзату әєстүріндегі рәсімнің бір түрі. Бұл рәсім бойынша ұзатылған қыз ењәєуелі ұзатылар алдында бір жаулық-ты жамылып, ең жақын жеңгесімен, не сіңлісімен сыњсып (жылай қоштасып) өзінңњ мұңын айтады. Сыңсудың мұңлы әуені, мұңайып айтылатын сөздері, көбінесе, ескі замандағы бойжеткеннің “еріксіздігін” бейнелейді.Ұзатылған қыз “ауылмен қоштасу” рәсімінде туған туыс-қандарымен қоштасу ретінде өзінңњ құрбы-құрдастары мен тетелес сіңлілерін және жас жеңгелерін ертіп жүріп, ауыл арасында (Сыңсу-қимай жылау деген мағынаны білдіреді.
Сыңсудың негізгі мақсаты ұзатылған қызды кµп жылатпай, оның қоштасуы арқылы еліне, жұртына, ата-анасына деген сүіспеншілігін бейнелеу, сол арқылы “өзі болған қыз төркінін танымас” болып кетпей ата-анаға, туған-туысқандарына мейір-шапағатын, сағынышын арттыра түсу, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Ұзатылған қыз сыңсу арқылы ата-ананың, туған-туысқандарының, аға-жеңгелерінің жақсылығын, ел-жұртының қайырымдылығын, туған жерінің тамаша табиғатын сүйсіне жырға қосып, күйіне әндетеді.
Сыңсуда ұзатылған қыздың жек басының мұңы әлеуметтік мәселелермен (“Бермедің әке теңіме”, “Сатылып кетіп барамын”) ұштасады да, ескі әдет-ғұрыптың келеңсіз жайларын ашық айту жиі кездеседі.
Неке қияр
Неке қияр (неке қию)-қазақ халқының үйлену дєстүрінің міндетті рәсімі. Бұрын неке қияр рәсімі діни (шариғат) жолымен жүргізілсе, қазір әрі дін жолымен, әрі жаңа замандық құқықтық жолмен ұйымдастырылады. Бұрынғы тұрмыс-салттың рәсім бойынша үйленушілердің ата-аналарының және неке қиятын молданың таңдауымен үш жігіт жас жұбайлар некесінің куәгері болады.
Молда бір алланың атынан үйленушілердің ризашылығын сұрайды. Үйленуші жігіт: “Мен (өз атын атайды) өзім таңдаған (атын атайды) өзіме өмірлікке жар етуге ризамын, татулықты бұзбай, адал жар болып, өнегелі өмір сүруге бейілмін” деп серт береді. Жар болуға келіскен қыз: мен (атын атайды) өзім ұнатқан (атын атайды) өзіме баспе етуге ризамын, әрқашан адал жарлық қызмет етуге бейілмін” деп, некелік серт береді.
Куәлікке даярланған жігіттер, өздерінің куәгер екендіктерін айтады.
Содан кейін рәсімдік дұға оқылған неке суын молда жас-жұбайларға, куәгерлерге, қатысып отырғандарға бір-бір ұрттатып, неке суына салынған сақиналарын жас жұбайлардың қолына салып, некені батамен бекітеді. Ата-ана батасын беріп, екі жастың некесімен құттықтайды.
Жөн-жоралғы, кәде рәсімдердің тәрбиелік мәні.
Қазақ халқының әдептілігі тарихи қалыптасқан мәдени үлгі болып табылады әдептілік негіздері: әдеп, рәсім, дәстүр, әдеп-ғұрып, салт-сана . Халқымыздың салт-санасы-ұрпағына берген үлгі-өнегесі, мәдени мұрасы. Халқын сүйген адам сол халқының салт-санасын қастерлеп, үйреніп, оны өнеге тұтуға тиіс.
Жақсы әдеттер дағдыға , дағдыдан әдепке айналады. Әдеп-әрбір адамның тәртібі мен инабаттылығын көрсететін салт-сананың ұлттық белгісі.
Әдет, әдет-ғұрып, әдеп, дәстүр, ғасырлар бойы қалыптасып жаңаша жақсылықтармен толысып, салт-санаға сіңген. Яғни мүлтіксіз орындалатын заңдылыққа айналып, халық санасына сіңіп қастерлі қасиетке айналған Мысалы, сен кіші адам екенсің, үлкен адамды құрметтей біл, инабатты болу-парыз, иманды болу-борыш, т.б. Айыпты мойындау, айып төлеу, жылу беру , сауға беру т.б. рәсімдер-елдің тәртіптілік салты.
Халықтың салт-дәстүрлері сан алуан ырымдар мен тыйымдар, кәделер мен жоралғылар арқылы іске асырылады. “Құдыққа түкірме”-ырым әрі тыйым сөз.
Ырым- жақсылыққа (игілікке)құштарлық, жақсылыққажету ниетімен жасалынған әрекет, игі сенім; тыйым –жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім-тәрбиелік заңды нұсқау, тәртіптілікке үйрету; сенім- дінге, болашаққа, игі іс-әрекеттің келешек жемісіне сену, көргендікке бейімделу; обал-әрбір заттың, тіршіліктің қадірін білу, оның бағасын ардақтап аялау, олай болмаса обалболатынын сезіну; сауап-игілікті нәрсеге, кіріптарлыққа қарт адамға, жан-жануарларға жақсылық жасауды міндет санап, ол міндетті орындау; ар-қасиетті сезім, жеке тұлғаның қозғаушы күші; намыс-арлы адамның намысы ата-тектік, ұжымдық рулық, ұлттық намыспен жалғасып, қоғамның қозғаушы күшіне айналады. Этнопедагогикаға сал-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы-салт –сана деп аталады Ұлттық санаға сіңіп, қалаптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Нәрестенің дүниеге келуінен байланысты салт- дәстүрлер.(шілдехана, сүйінші, сұрау ат қою,бесікке салу т.б.)
2. Халықтық салттар мен дәстүрлердің адам өміріндегі ролі.
3. Адамның өмірінің қуанышы мен қайғысына байланысты салт, ырым,өлең мен жырлардың, тыйым сөздердің тәрбиелік мәні.
4. Ұжымдық тәрбиеде жастардың қалыптасуына ауыл аймақ, жұртшылық, халықтың ықпалы.
5. Студенттің үй тапсырмасы.
1. Халықтық салттар мен дәстүрлердің адам өміріндегі роліне талдау
2. Әр студент өз ауылын есте сақтау арқылы дәстүрлерін айту.
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.
1. Жөн-жоралғы, кәде рәсімдердің тәрбиелік мәні.
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі .
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. А., 1987.
2. Ахметова З. Кәусар бұлақ. Алматы, 1993.
3. Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1995.
4. Волков Г.Н: Этнопедагогика. Чебоксары, 1990.
5. Виноградов Г. Народная педагогика. Иркутск, 1997.
8- семинар
1. Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасындағы рухани мінез-құлықтық тәрбиесі.
2. Сабақтың жоспары:
1. Халық педагогикасындағы рухани тәрбие
2. Рухани мінез-құлықтық тәрбиесі.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:
Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан, отбасы тәрбиесі халықтың ой – арманымен, әр түрлі іс - әрекетімен, мол тәжірибнсімен және ұлттық дәстүрімен байланысты дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тарихи мұра.
Отбасы туралы халықтың түсінігі бірнеше ғасырлар бойы күнделікті тұрмыс және өмір тәжірибесіне сүйену негізінде пайда болған.
Отбасы ең алғашқы жастарды тәрбиелеу ортасы. Оның негізгі мақсаты – балалар тәрбиесі. Отбасыдағы ең басьты тұлға ана мен әке, ата мен әже. Оларды қазақ халқы өте жоғары бағалайды, сыйлайды, ізет етеді. Мұның мәні – үлкен кісілердің даналығын, олардың ғасырлар бойы тұрмасын, өміріндегі еңбек және қоғамдық іс - әрекетінің барысында жинақталған мол тәжірибесін бағалау.
Қазақ халқының тарихы дәстүрге өте бай. Отбасы үшін ежелден келе жатқан тән қасиеттің бірі баласын жанындай көруі.
Әрбір отбасында балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, денесін шынықтыру, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа өкілдермен достық,ізгілік қатынастар жасау осының бәрі қазақ халқының салт джәстүріне байланысты болған. Отбасында әрбір ана өз баласын кірлі көйлек кигізбей, дәмсіз тамақ ішкізбей, ыстыққа күйгізбей, суыққа тоңғызбай, қатты жерге жатқызбай өсіріп, баласын өнегелі жігіт, озат мал өсіруші, он саусағынан өнер таматын шебер етіп тәрбиелеуді арман етті. Ал бала туу ана мен әке үшін үлкен оқиға, отбасылық салтанат болып, жақсы ниет, мерекемен аяқталу дәстүріне айналған.
Жастардың өнегелі тәрбиелілігінің басты бір белгісі – үй және мал шаруашылығының басқару тәсілдерін, жеке адамның ізгі қасиеттерін білу. Олар: ұйымдастырушылық қабілет, еңбеккерлік, табандылық, тапқырлық, қамқорлық, ерлік т.б.
Ата - аналардың әржақты іс - әрекекттерінің түрлерін талдап жинақтасақ, отбасында тәрбиенің екі саласы халықы педагогикасында үлкен орын алады. Олар: ана мен әке тәрбиесі, ата мен әже тәрбиесі.
Ана мен әке тәрбиесі – бұл өзара ынтымақтастық, тілектестік мақсатқа сәйкесті тәрбие, дене тәрбиесін іске асырудың жолдары мен тәсілдерін іздестіру арқылы ұлдары мен қыздарын адалдыққа, кішіпейілдікке, инабаттылыққа, қарапайымдылыққа, қайырымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұстамдылыққа, төзімділікке, өмірдегі табиғаттағы сұлулықты сүюге, қазақ халқының ерлік дәстүріне тәрбиелейді.
Ана мен әке жасөспірімдерге әр уақытта толық сенімділікпен қарап, ер балалар мен қыздар арасындағы қарым – қатынастың, махаббаттың дұрыс дамуына басшылық етсе, онда жастардың өмірге деген көзқарасы, адамгершілік сезімі қалыптасып , қоғам алдындағы жауапкершілігі артады.
Халық педагогикасында отбасы тәрбиесінің екінші бір саласы - ата және әже тәрбиесі. Қазақ отбасында ана мен әкеден басқада тәрбие міндеттерін атқаратын және басшылық ететін дана адамдар ата мен әже.
Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский аталар мен әжелерді тәрбиені нәзік түсінетін «Табиға педагогтар » деп санады.
Ш.Айтматов өз әжесін үлкен тәрбиешім деп санайды.
Ата мен әже отбасының ұйытқысы, отбасы мүшелерінің тірегі, үлгісі өнеге көрсетуші, ақыл айтушы, балаларын, немерелерін өсіріп тәрбиелейді, өмірге еңбек етуге жолдама береді, дайындайды.
Қазақ халқы «Отан отбасынан басталады» дейді. Олай болса отбасы тәлім тәрбиенің негізгі көзі, түп қазынасы. Қанша заман өтсе де бабаларымыздың мол тәжірибесіне, тағлымы мен дәстүрлеріне және отбасы тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған.
Отбасы тәрбиесінде әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.
Қазақстан Республикасының «білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық азыналар негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдай жасау туралы айтылған.
Отбасы тәрбиесінде толып жатқан ұлттық үдемелі дәстүрлерге тоқтаған жөн. Олардың бірі - еңбек және имандылық тәрбиесі.
Еңбек тәрбиесі – ескі заманнан келе жатқан халықтың қажеттігін қанағаттандырудың көзі. Осыған орайбалаларды еңбекке тәрбиелеу ата – аналардың парызы болған. Халық еңбекті адам үшін табиғаттың өте құнды таратуы деп атаған. Сондықтан да еңбекті және еңбек адамын құрметтеуді дәріптеген.
Қазақ және басқа да Шығыс халықтары еңбек тәрбиесіне үлкен мән берген. Әрбір қазақ отбасында баланы жастайынан еңбек етуге үйретіп, дағдыландарған. Баланы жастайынан кәсіптік жұмысқа үйрету ата – аналардың мақсатты ісі болған.
Халықтың еңбекке және еңбек тәрбиесіне көзқарасы қазіргі кезде педагогикалық принциптерге жуық. Бұл жөнінде атақты педагог ғалымдардың ойларын еске түсірген жөн.
Н.К.Крупская өзінің педагогикалық шығармаларында Кеңес өкіметінің лағашқы жалдарынан бастап, еңбек тәрбиесіне қойылатын бағдарламалық талаптарды қалыптастырады. Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың қажет екендігін айтады.
А.С.Макаренко отбасында еңбек тәрбиесінің маңызын айта келіп мынадайц құнды пікірлерді ұсынды.
-
Адамға әртүрлі еңбек қасиеттерін табиғат бермейді, олар оның бүкіл өмірінде, әсіресе жас кезеңдерінде тәрбиеленеді.
-
Ескі заманда таптық теңсіздік жағдайында адам еріксіз жұмыс күші есебінде еңбек етті. Біздің елімізде әрбір адамды еңбекке үйретіп дағдыландыру - тәрбиешілердің ерекше міндеті.
-
Баланың еңбек ету барысында басқа адамдарға дұрыс қатынасы тәрбиеленеді, - бұл енді адамгершілікке дайындық.
-
Еңбек тәрбиесінде баланың бұлшық еттері, көру мүшесі, сезім, түйсігі, саусақтары т.б дамып қана қоймайды, еңбек тәрбиесі әсіресе, адамның рухани және психикалық дамуына зор әсер етеді.
-
еңбектің қоғам - өндірістік маңызымен бірге, жеке адамның өмірінде де маңызы зор. Еңбекшіл адамның әр нәрсені орындау қолынан келеді, қызғылықты бақытты өмір сүреді.
В.А. Сухамлинскийдің пікірі бойынша еңбек тәрбиесін баланы күнделікті еңбек дағдыларына дарытудан бастау қажет. Оның анықтамасы бойынша «Еңбек тәрбиесі бұл, бейнелеп айтсақ үш ұғымның үйлесушілігі, керек, қиын және тамаша». Бұл үш ұғым отбасы және мектеп өмірінің негізі болуы тиіс.
Имандылық тәрбиесі - бұл халық педагогикасында дәстүрге, әдет – ғұрыпқа, байсалды мінез – құлыққа айналып адам баласының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық тәрбиесі адам бойындаға адамгершілік қасиеттердің жиынтығы.
Адам бойындағы ұнамды және қымбатты қасиеттердің бірі – достық.
Достық дегеніміз татулықтың, сенімділіктің, көзқарастың бірлігі, бір – біріне қайырымдылық, қамқорлық жасау, рухани және моральдық көмек көрсету.
Қазақ халқының ертегілерінде, ақын – жырауларының шығармаларында көптеген достық туралы мақал – мәтелдерді, өлеңдерді еске түсіруге болады:
«Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» т.б.
имандылық тәрбиесі жеке адам бойындағы қасиеттердің жиынтығы. Жағымды қасиеттердің адамның рухани, психикалық дамуына болымды әсер ететіні белгілі. Солардың ішінде өз Отанын сүюшілік оны жан – тәнімен қорғау, халқына берілгендік – адамның өмірінде өшпейтін, имандылық қасиеттердің бірі.
Отбасында теріс әрекеттерді болдырмаудың жолдары.
Қазақ халқы өз ұрпағын инабаттылыққа, адалдыққа, жақсылыққа, қайырымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеген. Бұлар ата – бабаларымыздың тарихи дәстүрімен бірге жасасып келген имандылық қасиеттер.Осы сияқта жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, бала бойына егу отбасының борышы болды. Қазақ отбасын, атап айтсақ ата мен ана өз балаларын, керек десе немерелерін тәрбиелеуде бар күш – қуатын, бүкіл өмірін сарып еткен адамдар. «Баламды жанымдай көремін, баламның баласын баламдай көремін» деген нақыл сөздер босқа айтылмаған.
Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата – аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің бір – бірін түсінушілігіне, өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ата – аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударады, тәрбие процесінде теріс қылықтарды болдырмаудың жолдарын іздестіреді. Отбасында тәрбие процесін шебер басқару үшін ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Теріс қылықтарды, әрекеттерді болдырмаудың қандай жолдары бар?
Отбпасында ата – аналар тарапынан үстемдік жағдайында балалардың өз бетімен іс - әрекетін жасауына жол берілмейді, өз өміріне немесе отбасына байланысты бірден бір мәселені шешуге үй – іші кеңесіне қатыспайды. Осының нәтижесінде бала отьасында болып жатқан әлеуметтік өмірге, еңбекке, білімге, мәдениетке, саясатқа байланысты мәселелерге қатыспай сыртта қалады. Бұл жағдай баланың танымдық қабілетін дамуына , рухани және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына бөгет болады.
Теріс қылықтардың бірі – қақтығысулық. Бұл отбасы мүшелерінің арасындағы қақтығыстардан туады. Олар бір – біріне наразылық білдіреді. Кейде сәл нәрседен ашуланып, орынсыз сөгудің нәтижесінде бір – бірінің беделіне нұқсан келтіреді. Осындай шиеленісу, қақтығусылық пайда боладыОлардың бірлігі бұзылады. Бұлардың барлығы бала тәрбиесіне зарарлы әсер етеді. Сондықтан ересек отбасы мүшелері ұстаздық міндетті ұмытпай, бала алдындағы өзінің жауапкершілігін толық сезініп, егесуді болдырмаудың мүмкіншілігін жасайды.
Балалар тәрбиесіндегі әке мен ананың, ересек отбасы мүшелерінің тарапынан қойылатын біріңғай талаптың және көзқарастың маңызы өте зор. Барлық тәрбиені дұрыс басқармаудың негізінде кейбір отбасында бір – біріне қарсы көзқарастар, қарсылық қақтығыстар туады. Бұл отбасы мүшелерінің бірлігіне, тәрбие жөніндегі ынтымақтастығына кері әрекет етеді.
Отбасы тәрбиесінде кейбір әке мен ана өз балаларына үнемі жеткіліксіз көңіл аударады, жылы қамқорлық жасамайды. Ал жақсы салт – дәстүрлері қалыптасқан сәтті отбасы балалардың өміріне, ақыл ойының дамуына, іс - әрекеттеріне басшылық етеді.
Отбасында болатын маскүнемдік, ұрыс – керіс, неке бұзушылық сияқты теріс әрекеттердің болуы тікелей әке мен анаға байланысты. Осынлдвай өрескіл қылықтардың негізінде ата – ана бір –біріне дөрекілік өкпе сөздер айтады, бірін бірі кемсітіп абыройларын төгеді, өз қадірін түсіреді. Кейде олардың ұрыс – керісі төбелеске әкеліп чсоқтырады. Бұл жағдай балалардың жанын тебірентеді, өз үйінен жиіркенеді, ата – аналар үшін олардың сенімі болмайды.
Отбасы тәрбиесінде әр түрлі сәтсіздіктен мейірімсіздіктен, жауапсыздықтан туатын кешірілмейтін қателіктерден отбасы және мектеп өмірінде «тәрбиесі қиын балалар» кездеседі.
Қиын балалар – бұлар жаны шатынаған, жүрек сезгіштігі дертті, өзінше оларға басқа адамдардың әділетсіздік жасайды деп қарайтиын балалар. МҰндай балалар оқуға үй іші тіршілігіне және мектептегі сынып өміріне ықыласын жойған, нойыс, тәртіпсіз, түрлі дөрекілік істерге бейімді келеді.
Қазіргі білім және тәрбие беру жүйесінде қайта құру саласында кезек күттірмейтін мәселелердің бір «тәрбиесі қиын балалар » болып отыр.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы «Білім беру туралы» Заңында: «Балардың отбасында тәрбиеленуі, олардың білім беру мекемелерінде тәрбипеленуімен ұштасып жатады» - деп жазылған.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Халықтың ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық педагогикада алатын орны.
2.Отбасы тәрбиесінде әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.
3. Халық педагогикасындағы рухани тәрбие
2. Рухани мінез-құлықтық тәрбиесі.
5. Студенттің үй тапсырмасы :
1. Халық педагогикасындағы рухани тәрбие
2. Рухани мінез-құлықтық тәрбиесі.
Достарыңызбен бөлісу: |