Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет13/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

1-
тапсырмаЖер сілкінісі кезіндегі əрекет үлгілерін оқыңыз жəне 
бақылау сұрақтарына жауап беріңіз. 
Жер сілкінісі магнитудасының энергетикалық жіктемесі үшін 
интенсивті жер сілкінісі дүмпуі 12 балдық сейсмикалық шкаламен 
бағаланады. Жер сілкініс дүмпуі əлсіз (1-4 балл), қатты (5-7 балл) 
жəне апатты (8-ден жоғары балл) болып бөлінеді. Жер сілкінісі 
кезінде шынылар сынады жəне жан-жаққа ұшады, сөрелердегі заттар 
құлайды, кітап сөрелері қозғалады, шамдар шайқалады, төбелерден 
əктер үгітіледі, ал қабырғалар мен төбелерде сызаттар пайда болады. 
Бұның барлығында құлақ тұндыратын шу болады. 10-20 с кейін жер 
қыртысы тербелісі үдей бастайды, нəтижесінде ғимараттар мен 
мекемелер қирауына əкеп соқтырады. Онға жуық қатты сілкіністе 
барлық ғимараттар қирайды. Орташа жер сілкінісі 5 – 20 с созылады. 
Тербеліс қаншалықты ұзаққа созылса, зардаптар да соншалықты ауыр 
болады. 
Жер сілкінісінің жанама хабаршы белгілеріне:
 
Алдын-ала жер дүмпуі; 
 
Жердің сырт пішінінің өзгеруі; 
 
Құдықтар мен ұңғымалардағы су деңгейінің өзгеруі жəне жерасты 
суларының физикалық-химиялық құрамының өзгеруі; 


20
 
 
Бұрын ауасы таза аумақтардағы газ иісінің шығуы; 
 
Алыстан шығатын құлақ тұндыратын у-шудың шығуы; 
 
Жануарлар əрекетінің өзгеруі (негізгі қирау дүмпуіне 1 күн 
қалғанды сезетін үй жануарларының мазасыздануы, тышқандар 
мен егеуқұйрықтардың 15 күн бұрынғы мазасыздану əрекеттері) 
жатады. 
Бұл белгілер жер сілкінісінің басталуына бірнеше минут қалғанда 
белгілі болуы мүмкін. 
Адамдардың зардап шегу деңгейі жер сілкінісінің түрлеріне жəне 
ғимараттың сапасына, сонымен бірге уақытына (күндіз немесе түнде 
болған жағдайына) байланысты анықталады. 
Жер сілкінісі кезіндегі негізгі зардап түрлері: 
 
Бас, омыртқа, аяқ жарақаттары; 
 
Кеуде тұсы жасушаларының қысылып қалуы; 
 
Жұмсақ ет жасушаларының қысылып қалу синдромы; 
 
Кеуде жəне іш құрылысының іштен жарақаттануы. 
Жер сілкінісін болжам жасағандағы халықтың әрекеті: 
 
Барлық отбасы мүшелерімен келісіп дайындық жоспарын 
дайындау қажет. Әрбір отбасы мүшесі жер сілкінісі кезінде жəне 
одан кейінгі əрекеттерін айқын білу керек; 
 
Жер сілкінісінен кейін отбасы мүшелерін қосып жиналатын екі 
орынды белгілеу керек – қирамаған жағдайда үй жанында, 
эвакуация болған жағдайда үйден алыс жерде; 
 
Жер сілкінісі кезінде үйіңіздегі ең қауіпсіз жерді таңдаңыз, 
эвакуация болған жағдайда ыңғайлы шығу есікті жоспарлаңыз. 
Бұнымен қоса, көпірлерді, электр желілер жүретін сымдарды, 
көпқабатты биік үйлерді есепке алыңыз; 
 
Басқа тұрғын мекенде тұратын туысыңыздан немесе досыңыздан 
сізбен байланысып тұруын сұраңыз. Жер сілкінісі кезінде сіз жəне 
сіздің отбасы мүшелері оған хабарласып қай жерде екенін 
хабарлауға тырысуы қажет; 
 
Отбасы мүшелеріне, достарыңызға жарақат алғанда алғашқы 
медициналық көмекті қалай көрсету керектігін, жасанды дем беру 
жасауды, өрт сөндіргіш құралын пайдалануды, газды, суды, электр 
қуатын сөндіруді түсіндіріңіз. Балаларды құтқару қызметтіне 
хабарласуды үйретіңіз. 


21
 
 
Паспортыңыздың, туу туралы куəліктің, жүргізу куəлігінің, үй 
құжаттарының жəне басқа да маңызды құжаттардың көшірмесін 
жасаңыз. Оларды бөлек сенімді жерде сақтаңыз. 
 
Жер сілкінісіне арнайы дорба дайындау, оған салынатындар: үш 
күнге жететін су қоры (күніне адам басына 1,5-2 л есебімен); 
консервілер, герметикалық орамадағы жоғары калориялы азықтар, 
ақша, құжаттар, байланыс телефондарының тізімі, дəрілер, отбасы 
мүшесіндегі қариялардың жəне созылмалы аурулары бар 
адамдардың ауруларына ерекше көңіл бөліп, егер аурулары болса, 
қажетті препараттармен қамтамасыз етілген (инсулин, валидол 
жəне тағы басқа), таңғыш материалдар, жеке гигиена заттары, 
жылы киімдер, жай табанды ыңғайлы берік аяқ киім, брезент, 
радиоқабылдағыш жəне артық батареялары бар жарықшам.
Жер сілкінісі кезіндегі адамдардың əрекеті болған ғимараттарға 
(үй, мектепте, жұмыста) немесе ғимараттан тыс екеніне байланысты. 
Ғимарат ішінде болған жағдайда келесі ережелерді сақтау қажет: 
 
егер алғашқы дүмпу бірінші қабатта кезіңізде болса, тез арада 
көшеге шығу керек; 
 
екінші немесе келесі қабатта болсаңыз, пайда болған негізгі 
қабырғалар бұрышына немесе негізгі қабырғалар ойығына, тірек 
бағаналар қасына немесе есікті ашып тастап есік ойығына тұру 
керек; 
 
бөлмеде болса, үстел немесе кереует астына ұшып жатқан 
сылақтар, шынылар жəне басқа да заттар тимес үшін басыңызды 
қорғап тығылыңыз; 
 
шыны жарықшақтарына жарақаттанбас үшін терезеден жəне шыны 
қалқандарынан алшақ болу керек; 
 
бірінші қабаттан жоғары тұрсаңыз терезеден немесе балконнан 
секіруге болмайды; 
 
жеделсатыны қолдануға болмайды; 
 
баспалдаққа жүгіру керек емес, өйткені баспалдақ сенімді құрылыс 
емес: 
 
ғимараттың бұрышында болуды ұсынбайды, өйткені олар өте 
қатты бұзылуға жақын; 
 
Дүрлігуге болмайды жəне барынша дүрліккен кез келген адамды 
тоқтату; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет