Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет15/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. 
Болатын жер сілкінісін қандай болжамды белгілерден анықтауға болады? 
2. 
Жер сілкінісі кезіндегі негізгі зардап қандай? 
3. 
Жер сілкінісін болжамында азаматтардың əрекет үлгілері не үшін қажет? 
4. 
Ғимарат ішінде болғаныңызда жер сілкінісі кезінде қандай əрекет етуіңіз 
керек? 
5. 
Жер сілкінісі сіз көшеде жүрген кезде болса қандай əрекет етесіз? 
6. 
Қираған ортада қалып қойған адамдар əрекетінің маңыздылығы неде? 
№2 тапсырма. Жағдаяттық тапсырмаларды шешіңіз. 
1-
тапсырма. Жер сілкінісі туралы болжамы көпқабатты ғимараттың 
жанында болды. Сіздің қалай əрекет етесіз? 
2-
тапсырма. Жер сілкінісі кезінде сіз көпқабатты ғимараттың 3-
қабатында болдыңыз. Қалай əрекет ететіңізді сипаттап беріңіз. 
3-
тапсырма. Қираған ортада қалып қойдыңыз. Сіздің əрекетіңіз 
қалай болады? 
4-
тапсырма. Жер сілкінісіне сіз арнайы дорба даярлауыңыз қажет. 
Оған қандай заттар саласыз? 
№3 тапсырма. Су тасқыны кезіндегі əрекет үлгілерін оқыңыз жəне 
бақылау сұрақтарға жауап беріңіз. 
Су тасқыны көпірлер, көшелер, ғимараттар, мекемелердің 
қирауына əкеп соғатын, материалдық зардап көп болатын, ал су ағу 
жылдамдығында (4 м/с) жəне судың үлкен биіктіктен құлау (2 метрден 
жоғары) кезінде адамдар мен жануарлар өліміне себеп болатын апат 
түрі.
Қиратудың негізгі себебі су массасының ғимараттар мен паналарға 
гидравликалық қуат соққысы, мұз айдынының, əртүрлі қалдықтардың 


24
 
үлкен жылдамдықпен жүзуі болып табылады. Ең негізгі түріне су 
басу, өзен жағасынын желдің көтерілуі арқылы болатын апат жатады. 
Су тасқынына қалай дайындық жасалады: 
 
Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін 
болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік 
жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су 
басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа 
жолды біліп жəне есте ұстаңыз; 
 
Төтеннен жəне дауылды су тасқыны кезінде ұйымдасқан немесе 
жекешеленген эвуакуация болғанда отбасы мүшелеріне дұрыс 
əрекет ету ережесін түсіндіріңіз; 
 
Қайықтың, су салдарының жəне жүзу құралдарының дайындауға 
қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз; 
 
Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын 
құжаттардың, мүлік пен дəрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз; 
 
Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, 
суды, сондай-ақ дəрі-дəрмектерді арнайы шамаданға немесе рюкзак 
қапшыққа салып қойыңыз. 
Су тасқыны кезінде жасалатын әрекеттер: 
 
Су тасқыны қаупі жəне эвакуация жайлы дабыл хабарын естісеңіз 
бірден қауіпті аймақтан сыртқа шығып қауіпсіз аймаққа барыңыз, 
өзіңізбен бірге құжаттарды, құнды заттарды, керекті заттарды жəне 
екі күндік бұзылмаған тамақты ала шығыңыз. Эвакуацияланған 
қауіпсіз жерге тіркелуіңіз керек; 
 
Үйден шығарда электр жүйесін, газды өшіріңіз, пештердегі 
оттарды сөндіріңіз, суда жүзетін үй ішіндегі барлық заттарды бір 
нəрсемен бастырыңыз немесе оларды қосалқы бір орынға 
орналастырыңыз. Бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді 
жабыңыз, қажет болғанда жəне уақыт көтерсе терезелер сынбас 
үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп 
тастаңыз. Ұйымдасқан эвакуация көмегі келгенше немесе су 
төмендегенше жоғарғы қабатта, ғимарат шатырына, ағаштарға 
мініп немесе кез келген биік жерде күтіңіз. Сонымен қатар, 
құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп 
отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата 
іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз; құтқарушылар 


25
 
келгенде сабыр сақтап, сақтық ережелерін қадағалап жүзу 
құралына отырыңыз. Құтқарушылардың талаптарын орындап, 
қайыққа қауіп төндірмеңіз. Қозғалыс уақытында белгілеген 
орындарды тастап кетпеңіз, бортқа отырмаңыз.
Өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық 
көмек 
көрсету 
қажет 
болғанда, 
тамақтың 
жоқтығынан, 
құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай-күй 
нашарлағанда жүзеге асыруға болады. Өз бетінше көшіруде жеке 
қайықтар мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз. Өз 
бетіңізбен көшіру кезінде де апат дабылын хабарлауды тоқтатпаңыз. 
Суға батып жатқан адамға көмек көрсетудегі әрекет ережелері: 
Суға батып жатқан кісіге жүзе алатын затты лақтырыңыз жəне 
көмекке шақырыңыз. Зардап шегушіге жүзіп барып, су ағымымен 
жүзуіңіз керек. Егер батып жатқан кісі өз əрекет жасай алмаса арт 
жағынан барып шашынан тартыңыз, жағаға апарыңыз. 
Су қайтқаннан кейінгі әрекеттер ережесі:
 
үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді 
мұқият қарап шығу; 
 
Ғимаратты желдету (жиналған газдарды шығару үшін); 
 
Толықтай бөлме желденбейінше жарықтандыру үшін шырпыны 
немесе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру үшін 
электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады);
 
Үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтаныңыз. 
Мамандардың электр торабын тексергенге дейін электр 
құралдарын қосуға тыйым салынады; 
 
Ғимаратты толықтай кептіру үшін барлық есік пен терезелерді 
ашыңыз, едендер мен қабырғалардағы кірлерді тазарту, 
жертөледегі суды сору;
 
Суда қалып қойған азық-түлікті қолдануға тыйым салынады; 
 
Су басқан жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау 
қажет;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет