Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет28/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

48
 
 
Зақымданушыға суға малытылған дəке таңғышын немесе 5 
пайызды лимон қышқылы ерітіндісін, газға қарсы құрылғыны тағу; 
 
Зақымданған аумақтан алып шығу немесе жатқызу; 
 
Көзін сумен немесе 2 пайыздық бор қышқылы ерітіндісімен 15 
минуттан кем емес жуу.
Сынап – бұл ауыр сұйық металл, ағзаға түссе өте қауіпті. Сынап 
буымен тыныс алу ауыр улануға əкеп соқтырады.
 
Ғимаратта сынаптың төгілуі кезінде:
 
Басқа орындарға будың тарамауын қамтамасыз ету; 
 
Қауіпті мекеннен тез шығу жəне ТЖМ хабарлау; 
 
Киімді ауыстыру, тісті жуу, ауызды шаю, душ қабылдау. 
Егер қызу өлшегішті сындырып алсаңыз жəне сынап үстел үсті мен 
еденге шашырап кетсе, сүрткішпен еш сүртпеңіз, бұл сынаптың 
жағылуына жəне булануды көбейтуге əкеледі.
Шашылған сынапты жинау үшін беті жабылатын суға толы банка, 
жай қылқалам, резеңкелі үрімше, қағаздан жасалған конверт
жабысқақ пластырь, сулы газет, сүрткіш жəне марганец ерітіндісін
дайындаңыз. Қылқалам көмегімен сынаптың үлкен дөңгелектерін 
қағаздан жасалған конвертке жинаңыз, сосын резеңке үрімшесімен 
кішкентай дөңгелектерді сорыңыз, ал ең кішкентай сынап 
дөңгелектерін жабысқақ пластырьмен жинайсыз. Барлық жиналған 
сынап қалдықтарын банкке салып аузын тығыздап жабыңыз. Сынып 
қалдықтары тиген жерлерді сулы газетпен сүртіңіз, артынан марганец 
ертінісімен тазалаңыз жəне ғимарат ішін жақсылап желдетіңіз. 
Сынап қалдықтарын жинауда шаңсорғышты пайдалануға тыйым 
салынады. жиналған сынап қалдықтарын кəріз жүйесіне, қоқыс 
құбырларына тастауға болмайды. 
Егер барлық сынап қалдықтарын жинағаныңызға күмəн 
келтірсеңіз, 
құтқару 
қызметіне 
немесе 
Роспотребнадзорға 
хабарласыңыз. 
 
Химиялық апат туралы дабыл хабарын естігенде әрекет үлгілері: 
 
Дабыл хабарын естісеңіз, тез арада теледидар, радионы қосыңыз, 
əрі қарай нұсқаулықты тыңдаңыз; 
 
егер химиялық қауіпті объектілерде апаттық жағдайды жəне 
зақымданған аумақты хабарласа, жеке қорғану құралын тағыңыз; 
 
егер ғимараттан шыға алмасаңыз,герметизация жасаңыз, есік, 
терезені тығыздап бітеңіз; 


49
 
 
азық-түліктерді тоңазтқышқа салыңыз; 
 
егер сіздің көмегіңізге мұқтаж болса, көршілеріңізге көршіңізге 
көмектесіңіз.; 
 
су, газды жабыңыз, электр қуатын сөндіріңіз; 
 
нұсқау брйынша əрекет етіңіз. Белгіленген уақытта жиналатын 
орында болыңыз жəне сонда тіркеліңіз. Өзіңізбен алдын ала 
дайындаған алдын ала дайындалған заттарды алыңыз; 
 
Егер эвакуация белгілі себептермен болмаса, химиялық 
зақымданған аумақты өздігіңізше тастап шығуға тырысыңыз. 
Қозғалыс кезінде химиялық қауіпті заттарды таситын жел бағытын 
ескеріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет